Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - үлттық жэне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жэне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дүрыс пайдалана білуі керек.
Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оку процесін психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.
Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.
Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана-сезімдеріне қандай эсер ететіндігін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің бірден бір көрінісі - өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен жэне басқа адамдармен қатынастары түрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мэдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу жэне студенттердің құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық.
Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын жэне тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған.
Студенттердің тұлғалық сапаларын калыптастырудағы оқытушы мен студент арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жакыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.
Кәсіби бағдар мен кәсіби даярлықты арттырудың психологиялық ерекшеліктері туралы (Е.М.Борисова, А.Т.Изақова, Г.М.Кәрібаева, Н.Н.Нечаев, З.А.Решетова, Е.Э.Смирнова, Н.Ф.Талызина, Ж.Т.Түрікпенүлы, жэне басқалар),
оқыту процесінде оқушылардың дамуын ұйымдастыру (Б.Ә.Әмірова, М.Мүқанов, Б.Х.Хамзин, т.б.) жоғары мектепте психологияны оқыту (Б.Ц.Бадмаев, В.Я.Ляудис, С.Д.Смирнов) жайлы зерттеулерге сүйене отырып, жогарғы оқу жагдайындағы психологияны оқыту процесі мен психологиялық кеңес беру тәсілдерін үйлестірудің мүмкіндіктері бар екендігін байқадық.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялық қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде жэне жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялық кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.
Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов, В.В.Столин кеңестік дэуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялық қызметтің, соның ішінде психологиялық кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.
Жоғары оку орнында психологиялық қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялық кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мәселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялық кеңес беруді психологиялық белсенді заттарға тэуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялық тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда әриксондық гипнозды қолдану) жэне т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.
Психологиялық кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялық тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялық кеңес беруді ұйымдастырудың маңыздылығы мынада:
бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оку жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек;
студенттердің ішінде бірыңғай үлттық тестілеу нэтижесіне қарай стресстік жағдайдан шыға қоймагандар кездеседі;
мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын пәнді таңдауга көбірек мэн береді. Соңында пән мен мамандықтың сэйкес келмеуінен туындайтын қиындықтарға тап болады;
жоғары оқу орындарындагы қазіргі замангы кредиттік жүйеде оқу ерекшеліктеріне төселудің қиындықтары жетерлік;
түлгалық ерекшеліктері мен қажет болатын кәсіби сапалары арасында пайда болатын сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді;
жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, жэне т.с.с.
Міне, осы себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігін келесі жағдайлар анықтады:
жоғары оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің элеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;
психология пәні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер кредиттік оку жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны таңдайтыны жиі кездеседі), дегенмен бұл пәннің студенттерге пайдалы тәжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мәселесі негізінен психодиагностикалық жэне психокоррекциялық әдістермен шектеліп отыр;
студенттердің тұлғалық дамуы мен кәсіби даярлығына психологиялық ыкпал ету мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес;
- жастарға психологиялық көмек көрсетуді оқыту үрдісі үстінде үйымдастыру тәжірибесі зерттелмеген.
Осы проблеманы шешу үшін психологиялық білім беруді үйымдастыруда психология ғылымының төл тәжірибелерінің бірі - психологиялық кеңес беруді колданудың қажеттігі мен студенттердің психологиялық білімін жетілдіру, әрі түлғалық дамуы мен кәсіби даярлығының сапасын арттыру бағытындағы психологияны оқытудың әдістемесі арасында қарама-қайшылық бар екені анықталды.
Біздің пайымдауымызша, психологиялық кеңес беруді тәжірибелік психологияның көлемінде ғана емес, оқыту іс-әрекетінде де қолдану мүмкіндіктерін табуға болады. Аталған мәселелер зерттеу жүмысының тақырыбын анықтап берді: Психологиялық кеңес беру тәсілдерін оқыту үрдісінде қолдану.
Зерттеудің мақсаты: студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу.
Зерттеудің нысаны: жогары мектептегі психология пәнін оқыту процесі.
Зерттеудің пәні: психологиялық білімнің студенттердің түлғалық дамуы мен кәсіби даярлығына ықпалы.
Зерттеудің болжамы: егер жогары мектептегі психология пәнін оқытуда студенттік кезеңнің ерекшелігіне сай психологиялық кеңес беру тәсілдері қолданылатын болса, онда оқытудың тиімділігі мен нэтижелілігі ғана артып қоймай, студенттің болашақ мамандығына даярлығы мен түлғалық сапасы да жетіле түседі, өйткені психологиялық білім олардың кәсіби бағдарына, өмір тәжірибесіне ықпал ететіндей деңгейде үйымдастырылғанда ғана нэтижелі болады.
Жеке болжамдар:
- егер де психология ғылымының теориялық мазмұны тәжірибелік көмекті аса қажет ететіндігі ескеріліп отыратын болса, психология пәні көлемінде психологиялық кеңес беруді ұйымдастырудың мүмкіндіктері мол бола түседі;
- психология ғылымы көлемінде қарастырылатын білім белгілі бір дәрежедегі тәжірибемен толықтырылып отыратын болса (психологиялық кеңес беру тәсілдерін қолдану арқылы), студенттің тұлға, әрі болашақ кәсіби маман ретіндегі өзіне-өзіиіц сенімділігі артады.
Зерттеудің мақсатына, нысаны мен пәніне, жасалған болжамына сэйкес келесі міндеттер белгіленді:
оқытудың психологиялық мәселелеріне талдау жасап, жоғары мектептегі психологияны оқыту мен психологиялық кеңес беру іс-әрекетін байланыстырудың әдістемелік негіздерін анықтау;
психологиялық кеңес берудің мазмұнын студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кәсіби бағыттарына қатысты талдау;
психология сабақтарына енгізілетін психологиялық кеңес беру тәсілдерін анықтау жэне жүйелеу;
психологиялық кеңес беру тәсілдері арқылы студенттердің психологиялық білімінің, түлғалық дамуы мен кәсіби даярлығының сапасы арта түсетінін эксперименттік зерттеу жэне нэтижелерін талдау.
Студенттерге психологиялық білімді меңгерту тиімділігін арттыруда оқыту процесі мен психологиялық кеңес беру іс-әрекетін байланыстыру - зерттеудің жетекші идеясы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері жеке адамның қалыптасуы мен дамуы туралы теориялар (Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Г.Олпорт, А.В.Петровский, К.К.Платонов, З.Фрейд, Э.Әриксон, т.б.), оқыту процесі туралы теориялар (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, И.И.Ильясов, А.Н.Леонтьев, Й.Лингард, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин), психологиялық тәжірибені, оның ішінде психологиялық кеңес беруді қолдану қағидалары (В.Г.Бурменская, И.В.Дубровина, А.Н.Елизаров, Е.В.Копьев, Р Мэй, Р.С.Немов, К.Роджерс, т.б.) жэне болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жеке адамның қүрылымдық мазмұны жайлы тұжырымдамалар (А.Адлер, А.Маслоу, К.Юнг, т.б.), сондай-ақ қазақстандық ғалымдар Ә.Алдамұратов, М.Мүқанов, Т.Тәжібаевтың ой-пікірлері мен С.М.Жақыповтың оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет туралы зерттеулері, Ж.Ы.Намазбаеваның тұлғаның даму ерекшеліктері жайлы еңбектері, Қ.Б.Жарықбаевтың түлғаның этнопсихологиялық мэні туралы тұжырымдары, С.Қ.Бердібаеваның адамның творчестволық іс-әрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу нэтижелері окытуға ықпал ететін факторлар тұрғысынан қарастырылды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналган мемлекеттік бағдарламасы, философтар мен психологтардың, педагогтардың жэне т.б. ғалымдардың еңбектері, психология пәнінің оқу жоспарлары мен типтік бағдарламалары, автордың жинақтаған тәжірибесі мен зерттеу материалдары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу жүмысының максаты мен міндеттерін шешу барысында психологиялық, педагогикалық, философиялық эдебиеттерді, диссертациялар мен монографияларды оқып-үйрену арқылы теориялық талдау жасалды, ғылыми негіздері түжырымдалды. Тәжірибе жүзінде тексеру әдістері (студенттердің психология пәніне қатынасын анықтау сауалнамасы, түлганың оку іс-әрекетіне қатысты автономдық-тэуелділік сипатын анықтау әдісі (Г.С.Прыгин), кәсіби іс-әрекет мотивациясын анықтау әдісі (К.Замфир), өзін-өзі бағалау әдісі (Б.А.Сосновский), тұлғаның бағыттылығын зерттеу әдісі (В.Смекал, В.Кучер), тұлғалық даму тенденцияларын зерттеу әдісі (Т.Лири), жэне сабақтар барысында студенттермен топпен, жеке жүргізілген эңгімелесу, бақылау әдістері) пайдаланылып, автордың іс-тәжірибесі жалпылап қорытын дыл ан ды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жоғары мектептегі психологияны оқыту процесі мен психологиялық кеңес беруді байланыстырудың әдістемелік негіздері құрастырылды;
- студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кәсіби бағыттарына қарай үйымдастырылатын психологиялық кеңес берудің мазмұны аныкталды;
алғаш рет психология сабақтарында қолдануға болатын психологиялық кеңес беру тәсілдері жүйеленіп, психологияны оқыту әдістемесіне енгізілді;
студенттердің тұлғалық дамуына, кәсіби даярлыгына жэне білім сапасына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді ықпалы анықталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Педагогикалық психологиядағы оқыту туралы теориялар психологиялық мәселелер тұргысынан жүйеленіп, психологияны оқытудың міндеттеріне психологиялық кеңес берудің мүмкіндіктерін қолдану мәселесі енгізілді. Психологиялық кеңес беру іс-әрекетінің тиімді деген тәсілдерін психологияны оқыту процесінде пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері құрастырылды.
Зерттеудің практикалық қүндылығы: Болашақ мамандардың психологиялық білімін кеңейтіп, түлгалық дамуы мен кәсіби даярлығының сапасын көтеруге бағытталған Психологиядан тапсырмалар мен жаттығулар оқу-әдістемелік қүралы қүрастырылды. Студенттердің өз қалауы бойынша психологиялық білімін көтеруіне негізделген Жеке адам жэне түлғалық өсу проблемасы бойынша арнайы курстың жүмыс жоспары мен мазмұны, әдістемелік жүйесі жасалды.
Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы мен негізделгендігі алынған қорытындылардың теориялық жэне әдістемелік түжырымдарға, қағидаларға негізделуімен, зерттеу мазмұнының қойылған мақсат пен міндеттерге сай келуімен, эксперименттік жұмыстардың нэтижелерінің математикалық-статистикалық түрде өңделуімен жэне ұсынылып отырған мәселенің тәжірибеге енгізілуімен қамтамасыз етілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қагидалар:
- психология ғылымының теориясын меңгерту процесі мен психологиялық кеңес беру іс-әрекетін байланыстыру жоғары мектепте оқытудың психологиялық мәселелерін шешуге көмектеседі;
- студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кәсіби-түлгалық даму бағытына сайұйымдастырылған психологиялық кеңес берудің тиімділігі жогары болады;
психологиялық кеңес беру тәсілдері психологияны оқытудың әдістемелік мазмұнын жетілдіреді;
психологиялық кеңес беру тәсілдерінің көмегімен студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығының сапасы артады, әрі психологиялық білімі жоғарылайды.
Ғылыми-тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері мен негізгі идеялары
Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық университеті мен Еуразия гуманитарлық институтындағы психологияны оқыту процесінде пайдаланылды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (1998-2002 жж.) - зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, ғылыми аппараты қүрастырылды. Жоғары мектептегі оқыту процесі жайлы теорияларға талдау жасалып, психологияны окытудың қазіргі замангы әдіс-тәсілдеріне баға берілді. Психология пәнінің оқытушысы үшін қажет болатын педагогикалық-психологиялық білімдер мен түлғалық сапалар талданды. Психологиялық кеңес берудің мазмұны мен білім берудегі міндеттері, студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен мамандығына қарай қалай қолдануға болатыны қарастырылды. Ол үшін жас ерекшеліктері мен дамудың психологиялық теориялары, болашақ мамандардың кәсіби даярлығы мәселелері зерттелді.
Екінші кезенле (2002-2007 жж.) психология пәні сабақтарына енгізуге келетін кеңес беру тәсілдері нақтыланып, жинақталды. Бұларды сабақтарда қолдану жолдары белгіленді. Жеке адам жэне түлғалық осу атты арнайы курс тәжірибеден өтті. Ғылыми болжамдарды тексеру үшін эксперименттік жүмыстар жүргізілді. Эксперимент нәтижелерінің шынайылыгын тексеруге арнайы әдістемелер тандап алынды. Экспериментке катысушылардың бақылау жэне эксперименттік топтары анықталып, зерттеудің міндеттеріне сай жүмыстар жүргізілді.
Үшінші кезең (2007-2009 жж.) - зерттеу бойынша алынған ғылыми-теориялық жэне тәжірибелік нэтижелерге талдау жасалып, психологияны оқытуда қолдануга болатын психологиялық кеңес беру тәсілдері жүйеленді. Психология пәнінің әдістемелік негіздеріне жаңа тәсілдердің енгізілуі студенттердің білімі мен түлғалық дамуын, кәсіби даярлыгын жетілдіретіндігі дәлелденіп, түжырымдалды.
Зерттеу жүмыстарының жүргізілу барысы мен нәтижелері Қазақстан жоғары мектебі халықаралық ғылыми-педагоги кал ық басылымында, ҚР Білім жэне Ғылым министрлігінің ғылыми журналы Ізденіс, Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық универитетінің Хабаршысы жэне Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы ғылыми журналдарында жарияланды. Сонымен бірге, Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының психология, педагогика кафедраларының мэжілістерінде, эл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университетінің жалпы жэне этникалық психология кафедрасының отырыстарында жэне Астана (2003, 2005, 2009 жж.), Қарағанды (2004 ж.), Тараз
(2005, 2009 жж.), Өскемен (2007ж.) қалаларында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, сондай-ақ республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияларда талқыланып, республикалық баспасөзде жарық көрді.
Диссертацияның қүрылымы мен көлемі: Диссертация жүмысы зерттеу тақырыбының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, зерттеу нысаны мен пәнін ашатын, теориялық жэне тәжірибелік құндылығымен таныстыратын кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, қорытындыдан, эдебиеттер тізімінен, қосымшалардан жэне кестелер мен суреттерден тұрады.
Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі қарастырылып, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, теориялық жэне практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы мазмұндалып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар белгіленді.
Оқытуға психологиялық кеңес беру тәсілдерін енгізудің теориялық-әдістемелік негіздері атты бірінші бөлімінде оқытудың психологиялық мәселелерінің шешілу барысы талданып, психологияны оқыту әдістемесінің қазіргі жағдайында кеңес беру тәжірибесін студенттік кезеңнің ерекшеліктеріне сай пайдаланудың негіздері айқындалды.
Психологиялық кеңес беру тәсілдерін оқыту процесінде қолдануды эксперименттік зерттеу деп аталатын екінші бөлімде эксперименттік тексеру жүмыстарының жүргізілуі баяндалып, психологиялық кеңес беру тәсілдері қолданылган эксперименттік топтардағы психология сабақтарының тиімділігі мен мэні дәлелденді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының теориялық жэне тәжірибелік нэтижелері түжырымдалып, психологияны оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары ұсынылды.
Қосымшада эксперименттік жүмыстардың мазмұнын қүрайтын материалдар көрсетілген.
Негізгі бөлім
Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі -студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мэн беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық.
Бірінші бөлім Оқытуға психологиялық кеңес беру тәсілдерін енгізудің теориялық-әдістемелік негіздері деп аталып, алғашқы сұрағында оқытудың психологиялық мәселелерін қарастыратын теорияларға талдау жасалды.
Оқыту процесін үйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен көрінумен бірге, психологиялық мәселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері айтылып келе жатқанымен, дәл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Психологиялық сипаттағы мәселелерді ескеру жэне оларды шешудің нэтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оку іс-әрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді
қабылдаушылардың түлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні жэне т.б. осы сипаттағы зерттеулер психолог галымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов жэне баска да зерттеу ші л ер дің еңбектерінде баяндалған.
Окытудың психологиялық мазмұнын қарастыратын теорияларда мэн берілген басты мәселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың әдіс-тәсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мәселелері, окытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оку мотивациясы, оку тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау жэне өзін-өзі бақылау, бағалау жэне өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының түлғалық жэне дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-әрекеттің қалыптасуы жэне тағы басқалар кіреді.
Аталған мәселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялық мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім, оқушы) мэні мен мақсаттары, оқу пәнінің құрылымдық мазмұны, оқу пәнінің мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту процесінде элеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен оқушылар арасындагы жэне оқушылардың өзара оқу әрекетінің жүйесі, жэне осы аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пәндік мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оку әрекеттерінің өзара байланысын қалыптастыру.
Оқытудың психотерапиялық қызметі жайлы мәселеге бірінші болып назар аударған В.Н.Мясищев. Психотерапиялық бағыттың тар мағынасы дәрігерлік емдеуге жақын түсіндірілсе, кең мағынасы жалпы гуманитарлық бағыттылығымен сипатталады. Педагогтың психотерапиялық қызметі -студенттің стресс жағдайына түспеуін қадағалау. Н.В.Жутикова атап көрсеткендей: Адамның әрбір әрекеті мен әр сөзі не жақсылыққа, не жамандыққа экеледі. Әрекетсіздік те өзінің ықпалын тигізбей қоймайды. Оқытушының жылы сөздері емдік қасиетке ие. Әкесінің жолын қуған атақты психотерапевт Н.Роджерс былай деген екен: Егер тұлға өзін еркін сезінетіндей қауіпсіз, сенімді жағдайды қалыптастырса, ол өзінің ішкі психикалық дүниесін зерттей бастайды, бұл жағдайда адам өзінің түлғалық дамуына тиімді бағытты таңдай алады. Тіпті дидактиканың өзі педагогтың сабақты мейіріммен, жылы жүзбен бастауын міндеттейді.
Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді игертудің психологиялық механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді психологиялық жағдайларын қарастыру білім беру әдістемесінің ғылыми негізін қүрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте оқытудың әдістемесін жетілдіруде пән оқытушысының кәсіби мүмкіндіктерінің атқаратын рөлін анықтауга мүмкіндік берді.
Психология пәнінің әдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың пікіріне Караганда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, В.Я.Ляудис, В.Н.Карандашев, Е.А.Климов, К.Н.Корнилов, Т.В.Наумова, А.А.Немцов, З.М.Панибратцева т.б.) психологияның пәндік жэне іс-әрекеттік мақсатына келесі мақсаттар кіреді:
жаңа психологиялық білімдерді қарастыру;
психологиялық білімдерді тәжірибелік мәселелерді шешуге қолдану;
психологиялық білімді беру жэне тарату.
Аталған зерттеушілер психологияны оқыту әдістемесін педагогикалық училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жогары оқу орындарында (В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев, Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту (Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту бағыттарында қарастырады.
Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі біздің зерттеуіміздің негізін қүрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шыгармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.
Психологияны оқыту әдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:
- психологияны оқытуда белсенді әдістерді пайдалану;
- психология пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, ягни ғылыми-теориялық мәселелерге өмірлік тәжірибелер призмасы арқылы қарау;
- психологиялық теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде пай - далану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.
Психологиялық кеңес беру тәсілдерін қолдану арқылы оқытуда аталган бағыттардың барлық белгілері байқалады.
Әдетте, студенттер психология пәнінің оқытушысынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz