Психологиялық педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Психологиялық педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы

Педагогикалық диагностика - 1. оқу-тәрбие процесін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңызды екенін негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие процесінің барысында оның алғы шарттары, жағдайы және нәтижесі зерттелетін іс-әрекет; 2. оның нәтижелерінің жағдайының себептерін анықтайтын іс-әрекет.
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз басқару нәтижесін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені мұнда тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер көзқарасы,ой қорытындысы бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика әдістемелері тек сандық жағынан сипатталатынын көрсетеді. Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. Диагностика оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.
Психодиагностика тарихы

Психологиялық ілім-білімдердің ілкі бастау, түп-төркіні ерте замандардан бастау алатыны белгілі. Жан туралы ілім есте жоқ ерте дәуірлерде, ежелгі дүние елдерінде (Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грекия т.б. ) пайда болып, тіршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие, т.б. негізгі мәселелер ретінде күн тәртібіне қойылып келген.
Жан мәселесіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Мәселен, жанға байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының синонимі ретінде қарастыратынын да ескеруіміз қажет.
Жан дүниесінің сан қилы теорияларын баяндау - сөз болғалы отырған 10 томдықтың басты мәселесі.
Мәселен, мұндағы бірінші томға кеңестік психологияның іргетасын қалаушылардың бірі, маркстік психологияның Моцарты атанған Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баяндайтын мәдени-тарихи теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары Мәскеудің "Педагогика" баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы; 2. Жасөспірім педологиясы; 3. Жалпы психологияның проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында - оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік мәселелері қарастырылған.
Тәуелсіз еліміздегі тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғаны белгілі. Осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мәселелері, көптілділіктің, соның ішінде қостілділіктің балалық шақта қалыптасуы бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі болғандықтан, оқырман қауымға пайдалы болады деп сенеміз. Сонымен қатар Л.С.Выготскийдің "Сөйлеу мен ойлау" проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, ара қатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар.
Екінші томға психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы, әйгілі кеңес психологтары С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Б. Ананьев және т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.
Іс-әрекет психологиясының теориясы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орында болды. Ол психологияны индивидтердің іс-әрекеті барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызмет етуі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Осы томда А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.Н. Ждан, В.В.Давыдов, А.А. Леонтьев, О.К. Тихомиров шәкірттерімен, В.И. Иванников, А.Б. Брушлинский, Б.С. Братусь, Т.В. Габай, Г.А. Суворова сияқты әйгілі психологтардың, сондай-ақ философтар И.Т. Касавин, Г.С. Батишев, В.Н. Сагатовскийдің осы теорияға байланысты идеялары көрініс тапқан.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, А.В.Забрамная, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т.с.с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.
Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған Положение о школьной психологической службе деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.
Психодиагностика (психо... және гр. diagnostikos - айырып тануға қабілетті) -- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.[1]
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Сихологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық - педагогикалық диагностикасы
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Педагогикалық және психологиялық диагностика
Педагогика пәнінен дәрістер кешені
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Психодиагностика туралы
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Пәндер