Психологиялық тренингтердің тарихы, түрлері, формалары және оны қолдану ерекшеліктері

Тренингтің индивидуалды формаларының ғылыми негізі ХХ ғасырдың басында пайда бола бастады. Тренингтің топтық формаларының пайда болуын 1945 жылдарға жатқызады. К.Левин, К.Роджерс, Л.Брадфорт, Р.Липпит есімдерімен байланысты. АҚШ-та топтық динамиканы зерттеуге арналған Орталық ашылады. 1947 жылы АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясы ашылады. Осыдан бастап т-топтары барлық психологиялық жұмыстардың бастаулары болды. 70-жылдары Лейпциг және ИЕН университеттерінде М.Форвергтің басшылығымен ғылыми негізделген әлеуметтік психологиялық тренинг өңделді. Ресейде әлеуметтік психологиялық тренингтер 80 жылдардың басында дами бастады. 1982 жылы осы елде әлеуметтік психологиялық тренингтердің теориялық және әдістемелік аспектілеріне арналған Л.А.Петровскаяның бірінші монографиясы жарияланды. Жұмыстың жетекші бағытына және тренингтік топтардың мақсаттарына сәйкес оларды 5 типке бөлінуі. Психологиялық жұмыстардың топтық әдістердің дамуының негізгі бағыттары:
1. Гуманистік бағыт.
2. Гештальт-модель.
3. Психодрамалық тұрғы.
4. Трансакті-модель.
Тренинг - жаттығу деген ұғымды білдіреді. Тренингтің басты мақсаты - әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу.
Психологиялық тренинг дегеніміз - қабілет арттыру, тез шешім қабылдау, қысылтаяңда жол таба білу, тіл табысу, ұғынысу, адамдармен санаса білушілікті белгілі бір әрекет, іс-қимыл үстінде жүзеге асыру.
Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары.
Тренингтерде әр үйренуші кәсіби қызметі мен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Тренингтер қатысушыларды (оқушыларға, студенттерде, қызметкерлерде) арнайы практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналады, мұнда жұмыстың жалпылама әдістемесі қарастырылмайды.
Тренингтердің басты мақсаты - үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. Сол себепті де тренингтер оқу мазмұны тек практикалық тұрғыдан қарастырылады. Мәселен, үйренушілер тренингтерде арнайы берілген жағдайлар мен ситуацияларды модельдейді, оларды қатысушы ретінде өздері "ойнап шығады". Осындай әрекеттер арқылы үйренушілер қажетті практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, өздерінің өмірлік тәжірибелері мен жұмыс тәсілдеріне өзгерістер енгізеді.
Тренингтердің соңында үйренушілер үйренген дағды және машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың тиімділігі мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, талқылайды. Мұндай жұмыс әр үйренушінің өз ойлары мен пікірлерін қағазға түсірумен аяқталады.
Сурет 1. Психологиялық тренингтерде қолданылатын интербелсенді тәсілдер.
Психологиялық тренингтерде қолданылатын интербелсенді тәсілдер
Іскерлік және рөлдік ойындар
Нақты
жағдаяттарды
талдау
Топтық пікірталастар
Презентациялар
Мысалы, оқушы топтарына практикада туындаған проблеманы шешудің, белгілі бір ситуациядан шығудың ең тиімді жолдарын табу немесе қандай да болмасын әрекетті жүзеге асыру тапсырмалары берілді делік. Мұндағы мәселе оқушылардың нақты дағды немесе тәжірибеге үйреніп, оларды практикалық әрекеттер арқылы бекітуінде. Сол себепті де оқушылар берілген уақыт ішінде өз әрекеттерін талқыға салып, жоспарлап алып, өз шешімдерін ситуацияны көрсету, оны рөлдерге бөліп ойнау арқылы басқаларға жеткізеді.
Мәселен, егерде оқушыларға фандрейзинг тұрғысынан тапсырма берілсе, оқушылар белгілі бір фирмаға қалай барып, оның басшылығын қалайша өз жобаларын қаржыландыру ісіне қызықтырып, жұмылдыратындығын көрсетіп беруі керек. Оқушылар өздерінің позициясы мен әркеттерін, сөйлеген сөздерін, тіпті мимика мен ишараттарын мұқият ойластырғаны абзал.
Тағы да бір мысал: топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаға сәйкес жоғары оқу орнын жаңадан бітірген жас маманның бірінші жұмыс күнінің ең маңызды мезеттерін ойлап шығуы ықтимал. Мұнда олар жас маманның мекеме басшысымен қалайша сөйлейтіндігін, қалайша жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазатындығын, ұжыммен қалай танысатындығын келтіріп, ойнап шығуы керек.
Әрбір топтың осындай әрекеттері тренинг аудиториясында талқыланады, басқа оқушылар өз пікірлерін келтіреді, сұрақтар қояды. Бұл жерде
Талқылау пікірталасқа да айналып кетуі мүмкін. Әңгіме аяғында сөз ситуациясына көрсеткен топқа екінші рет беріліп, олар өз әрекеттеріне қандай өзгертулер енгізгендігі туралы баяндайды.
Тренингтердің түрлері
Презентацияларды өткізу дағдыларын қалыптастыру тренингтерді қандайда болмасын ұсыныстарды баршаға тиімді таныстыру тәсілдерін қарастырады. Презентация - жариялау деген мағынаны білдіреді.
Мұндай тренингтерде оқушылар жеке немесе топтық жұмыстардың нәтижелерін басқаларға таныстырудың әдістерін меңгереді. Мәселен, бір топ бірлесе отырып қарастырған проблеманың шешімін плакатқа кесте, кластер, схема түрінде кескіндеп, өз ұстанымын топ өкілі (шешен, спикер) арқылы жария қылады.
Бұл жерде басты назар жариялаудың қандай әдістер мен тәсілдер аркылы нақтылы, ұтымды әрі баршаға анық болатындығына аударылады. Оқушылар осындай тәсілдерді іс жүзінде игереді.
Жаңа дағдыларға үйрену тренингі - оқушылар (немесе студенттер, кафедра, ұйым, мекеме, фирма, кәсіпорын ұжымдары, т.б.) мүшелерінің қандай да бір жаңа білік пен дағдыларға үйренуші үшін өткізілетін жаттығулар жиынтығы.
Мұндай тренингтің мақсаты - топтың жұмыс жасау денгейін (ұжымның басекеге қабілеттілігін) арттырып, оқушылардың (студенттердің, қызметкерлердің) оқу мен жұмыстың жаңа тәсілдеріне үйренуі.
Мәселен, бірінші сыныптың басында өткізілген мұндай тренингтерде оқушылар оқудың ерекшеліктерімен, қажетті құжаттармен танысып, интербелсенді әдістер мен тәсілдерге, жаңа компьютерлік бағдарламаларға, интерактивті тақтамен жұмыс жасауға үйренуі мүмкін.
Іскерлік қатынас дағдыларының тренингтері үйренушілерде түлға аралық қарым - қатынастың тиімді дағдыларын дамытуға бағытталады. Оқушылар мұндай сабақтарда топ құрамында бірлесе жұмыс жасаудың, өзгелермен тіл табысудың, ортақ мәмілеге келудің, жанжалдардың алдын алудың тәсілдерін меңгереді.
Келіссөз жүргізу дағдыларының тернингтері қарама - қарсы жақпен тиімді талқылау мен пікір алмасудың тәсілдерін ұсынады. Бұл тренинг те іскерлік катынас дагдыларын дамытатындыктан, мұнда да өзгелерiн (тiптi қарама - қарсы пiкiр ұстанушылармен) тiл табысудың, бiтiмге келудiң, жанжалдардың алдын алудың тәсiлдерi меңгерiледi.
Көшбасшылык (лидерлiк) немесе басқару дағдыларын қалыптастыру тренингтерi болашақ маман және басшы ретiнде студенттердiң көшбасшылық қасиеттерiн дамытуға бағытталады.
Мұндай тренингтерде тындаушылар ұжымды басқарудың кейбiр ерекшелiктерiмен танысып, ұжым қызметшiлерiн ынталандыру, бiрлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру, шешiм қабылдау және де басқа дағдыларды қалыптастыруға белсендi әрекеттер арқылы үйренедi. Бұл әрекеттердiң қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, iскерлiк және рөлдiк ойныдарды, пiкiрталастарды жатқызуға болады.
Үйрену нәтижесiнде қатысушылар басқару iсiне (жоспарлау, таңдау және шешiм қабылдау, бағалaу, бақылау, болжау, ынталандыру, т.б.) талдау жасап, басқару мәселелерiн тиiмдi шешудiң әрекеттерiн дамытады.
Мұндай тренингтерде Көшбасшы деген кiм?, Басеке және билік, Басшының қасиеттерi қандай болу керек?, Келiссөздердi жургiзу, Конфликтердi басқару тақырыптарын қарастыруға болады.
Соңғы кезде үйрену процесiнде видеотренингтердiң қолдануы күрт ұлғаюда. Олардың ерекшелiгi видео жазбаларды оқу мақсатында қолдануда.
Видеотренингтер ойын әрекеттерiне негіздеп, екi кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезенде берiлген тапсырма бойынша студент немесе студенттердiң шағын тобы проблема шешудiң жолдарын iс әрекет тұрғысынан көрсетiп бередi. Мәселен, мұғалім оқушыларға тұлға аралық немесе iскерлiк қатынаста туындайтын ситуациялар ретiнде жиналыс жүргiзу немесе онда сөз сөйлеу, тұтынушымен әңгiмелесу, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа тұру, бастықпен немесе қол астындағы қызметкерлермен сойлесу сияқты жағдаяттарды аудиторияда көрсетiп, рөлдерiң көмегiмен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшiн топ өз әрекеттерi мен диалогтарын бiрер уақыт талқылап, жоспарлайды.
Осыдан кейiн топ проблема шешiмiн өз түсiнiгiнен туындаған қалыпта көрсетедi де, олардың әрекеттерi видеоға түсiрiледi. Тoп қойылымы аяқталган соң, оқушылар оны бейне таспадан көредi. Мұнда ситуацияны "қоюшы" студенттер өз әрекеттерiн тағы да басынан өткерiп, басқа оқушылармен бiрге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап, өзгертулер енгiзу мүмкiншiлiгiн алады. Әрине бұл жұмыста мұғалім мен басқа оқушылардың сұрақтары, пiкiрлерi мен ұсыныстары тек позитивтi тұрғыдан болғандығы дұрыс.
Дайындық сыныбындағы балалардың психикасындағы жаңа құрылым - мотивтердің бір-біріне бағыныштылығы, ерікті әрекеттердің басымдылығы іс-әрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болады (В.С.Мухина, Д.Б.Эльконин ). Сондықтан да белгілі бір принциптерді қатаң сақтауды қажет ететін тренингтердің тиімділігі сөзсіз жүзеге асады.
Әр-түрлі топтық психологиялық жұмыстардың формаларын сипаттап, негіздегенде бірнеше ұғымдар қолданылады: топтық психотерапия, коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді топтық әдіс және т.б. Жағдайдың бұлай болуы, психологиялық әсері бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зерттеушілердің ғылыми позициясы да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.
Алайда, жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір негізде: психологиялық әсердің тиімділігі топ феноменологиясымен, ал, топтық жұмысты ұйымдастыру басты үш аспектілердің оқыту, психотерапия және психокоррекция киылысуымен анықталады.
Біз "тренингтік сабақтар", "тренингтік топ", "топтық әдіс" ұғымдарын әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге және өзіндік жетілуге, дамуға мүмкін болатын шағын топтың ерекше қарым-қатынас жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Біздің зерттеуде тренингтік топтардың әр түрлі саласында қарым-қатынас сферасына қажетті білім, біліктілікті және қабілетті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың бір формасы - әлеуметтік психологиялық тренинг (ӘПТ) қарастырылады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзара әрекеттесі және оқытушы мен оқушылар арасындағы үрдісінің нәтижесінде бірлескен пікірлестік танымдық іс-әрекет қалыптасатындығын С.М.Жақыпов көрсеткен. Ғалым мұндағы қарым - қатынас құрылымының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерешілігімен байланыстырады. Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігін бірлескен пікірлестік, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуымен анықталады.
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін басқалар қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Тренинг терминін ғылыми пайдалануды кезіндегі Германия Демократиялық Республикасында М.Форверг енгізген. Ол алғашқы кезде оқытудың бұл формасын ерлі -зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты коррекциялауда пайдаланған.
Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділікті туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзіңді бақылауға, байқағыштықты дамытуға қарым-қатынасқа, психолингвистикалық үйренуге, дамуға жол ашады.
Тренингтік топтық жұмыстың қарым-қатынастағы компентенттілікті жетілдірудегі орны мен маңызы Л.А.Петровская т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.
Тренингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың бір қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып, кез-келген іс-әрекетін игеруіне өзіндік белсенділік таныту, топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоционалдыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады (Н.Ю. Хрящева т. б.).
Сонымен қатар тренингтердің барысында жеке адам, топ дамуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарға негізделген үш сатысы:
1) бастапқы- "жұмсару";
2) жұмыс - "өзгеріс";
3) ақырғы-"бекіту" болады (АГ.Ковалев , Т.А.Яценко т.б.).
Л.А.Петровская, В.В.Синдоренко т.б. еңбектерінде тренингтің әртүрімен қоса, тиімділігі де оны ұйымдастырып жүзеге асырушының психологиялық әсер ету позициясымен, жеке бас ерекшеліктерімен, бағыттылығымен және стилімен байланыстырылады. Қазіргі кезде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz