Дарынды балалармен жүргізілетін түзету - дамыту жұмыстары жайында


Тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізілетін түзету - дамыту жұмыстары
(Психокоррекционно-развивающая работа)
Мақсаты:
белгілі жастағы баланың психологиялық қасиеттерін коррекциялау, дамыту және жетілдіру, қабілетті толық ашуға психологиялық көмек көрсету.
Психокоррекция дегеніміз
- адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.
Психокоррецияның мақсаты
- баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктесе жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді
:
1. әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2. балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту.
3. жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуының қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері:
1. Психокоррекцияға нанамнез (ақпарат) жинақтау;
А) әңгімелесу
Б) психодиагностика
2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)
3. Ықтимал немесе шартты - қалыпты болжам қою.
4. Психокоррекцияның іс-шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескерту)
5. Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асыру.
6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау.
7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.
Дарын дегеніміз - адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын - адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны одан әрі дамта білу қажет.
Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік береді.
Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:
1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.
2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасау
3. Жақсы есте сақтау.
4. Сөздік қоры үлкен.
5. Дайын шешімді қабылдамау.
Дарынды балаларда төмендегі қабілеттерді дамыту қажет:
1. Танымдық қабілеттері:
- үлкен көлемді ақпаратқа ие болу;
- үлкен сөз қоры;
- себеп-салдық байланыстарды табу;
- қорытынды жасай алу;
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу;
- күрделі идеяларды қолға алу;
- қарама-қайшылықты түсіне білу;
- жағдайларды талдау;
- талқылай алу;
- процестердің өзін және нәтижесін бағалай алу;
- идеяларды практикада қолдану;
- өз ойын сынай алу;
- бәрін білгісі келушілік.
2. Шығармашылық қабілеттіктері:
- тәуекелдікке бару;
- ойлау мен іс-әрекеттің жылдамдығы;
- тез ойлау;
- жаңа нәрсе ойлап таба алу;
- бай фантазия;
- күрделі заттарды қабылдай алу;
- эстетикалық құндылықтар;
- дамыған интуиция.
3. Эмоционалды ерекшеліктері:
- басқаларды сыйлау;
- басқа адамдардың ерекшеліктерін сыйлау;
- өзін-өзі талдай алу;
- сынға шыдау;
- тапсырмаларды орындауда алған бетінен қайтпастығы;
- ойлау мен іс-әрекеттерінде еркіндігі;
- әзілкештік;
- мораль проблемаларын талдай алу;
- өз күші мен қабілетіне сенімі;
- ішкі сезім.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге кеңес:
1. Баланың бейімдік жақтарына қарай сабақ жоспарын құру.
2. Ең күрделі сұрақтарға берілетін кеңестердің тақырыбын анықтау.
3. Баланы тексеру формасын таңдау (тест, сұрақтар, т. б. )
4. Балаға берілетін мәліметтер:
1. Тақырып аты.
2. негізгі сұрақтар
3. термин сөздер
4. әдебиеттер тізімі
5. бақылау түрі
6. өзін-өзі тексеруге тапсырмалар
5. Нәтижелерді талдау үшін кесте құру керек.
1. пән
2. кеңестің уақыты мен күні
3. негізгі қаралатын мәселелер
4. бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар
5. іс жүзінде кеткен уақыт
6. бағдарламаға кірмеген қосымша сұрақтар
7. анықталмаған сұрақтар
8. уақыттан ауытқу себептері.
Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар:
Танымдық процестерді түзету және дамыту тренингі:
(орта және жоғары буын оқушыларына арналған)
1. «20 сөзді есіңде сақта»
1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді еске сақтау ұсынылады. Сөздерді бірақ рет оқу керек:
1. сүлгі
2. қоян
3. теледидар
4. шам
5. жүзім
6. шелки
7. тесік
8. шемішке
9. дәрі
10. көңіл-күй
11. фантик
12. парта
13. ұя
14. жылан
15. қияр
16. күн
17. түбір
18. сағат
19. қалып
20. шелек
Сөздерді естеріңізге түсіріп жазыңыздар, сөз ретін шатастырмауға тырысыңыздар.
Жауабыңызды тізіммен салыстырып. Тексеріңіз. Егер сөз жоқ болса немесе өз орнында тұрмаса - қате деп біліңіз. Қателерді санаңыз. Неше ұпай жинағаныңызды қараңыз.
Қате жоқ - 10 ұпай
1-2 қате жоқ - 9 ұпай
3-4 қате жоқ - 8 ұпай
5-6 - 7 ұпай
7-8 - 6 ұпай
9-10 5 ұпай
11-12 4 ұпай
13-14 3 ұпай
15-17 2 ұпай
18-20 1 ұпай
2. «Сөйлемді аяқта» ойыны.
Мақсаты: Балада ойлауды дамыту.
Нұсқау: Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты жүргізушіге кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады. Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант . . .
Шөп жасыл, ал аспан . . .
Адамда екі аяқ, ал итте . . .
Сен ауызбен тамақтанасың, ал құлақпен . . .
Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Америкада . . .
Ағашты аралайды, ал шегені . . .
Балерина билейді, ал пианист . . .
Ит үреді, ал мысық . . .
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар . . .
Кеме жүзеді, ал машина . . .
Жүннен тоқиды, ал матадан . . .
Шиені жейді, ал шәйді . . .
Түнде қараңғы, ал күндіз . . .
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы . . .
3. жаттығу «Шын мен өтірік»
Мақсаты: Ойдың өзгешелігін, қиялды дамыту.
Жүргізуші: Ал енді келесі жаттығуымызға көшсек те болады, бір-бірлеріңізді танып-біліп алдыңыздар.
Қазір барлығымыз екі сөйлем айтамыз, біреуі шын, біреуі өтірік. Содан соң әр қайсысыларымыз бірінен кейін біріңіз дайындаған сөйлемдеріңізді айтасыздар. Тыңдап отырған қатысушылар осы бір сөйлейлемнің қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін айту керек.
Сөйлеп отырған қатысушының көзіне, сөйлеу барысына мұқият қараңыздар. Мысалы: бірінші сөйлем: Мен психолог Тамара Абзиқызын бұрынан танимын, ал екінші Тамара Абиқызы ел ордасы Астанадан келді.
Талдау: Қай сөйлемді ойлау оңай болды?
Шын немесе өтірік екенін анықтаңыздар. Не нәрсеге назар аудардыңыздар? Қандай байқаулар жасалынды? Кім тапты? Кім таппады? Неге?
4 жаттығу. «Тақпақ»
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.
«Ақын болмауың мүмкін, ал байқап көруге міндеттісің»
Тақпақ құру.
Төмендегі жолдарды жалғастыру қажет:
Қызықты, өзгеше, әзілмен де жалғастыруға болады.
1. Келді міне, наурыз
2. Келе жатып жолда мен
3. Тышқан күннен сұрапты
Орындау уақыты 5 минут.
Талдау. Өлең жолдарын құрастыру жеңіл болды ма? Қиындығы неде болды?
Тренинг - білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т. б.
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:
- жеке тұлғаны дамыту;
- қатысушылардың әлеуметтік - психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;
-қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;
- өзін-өзі және басқаларды толық тану;
- жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.
Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.
Үйрену - зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.
Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.
Дамыту - жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.
Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі - өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына жаттықтырушыға бірнеше талаптар қойылады:
- қоршаған жағдай туралы мағлұмат;
- қатысушылар саны қаншалықты үлкен;
- бөлме көлемі қандай;
- бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға түгелдей естіледі ме;
- жаттығудың негізгі құрылымы қандай;
- қандай оқу құралдары қолданылмайды;
- жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;
- плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;
- орындықтар қалай орналасқан;
- бөлмеде сағат бөлу қажет пе;
Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:
- білімдерді толық меңгеру;
- жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;
- табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;
- өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.
Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:
- Мен қандаймын?
- Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?
- Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?
Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:
- Сәлем беру рәсімі;
- Жаттығу тапсырмалары;
- Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;
- Тапсырманың негізгі құрылымы
- Өткен сабақтың рефлекциясы
- Қоштасу рәсімі
Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы - 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.
Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:
Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.
«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі.
«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.
«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.
Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы - тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.
Тренинг мақсаты - адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т. б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:
1. Белсенділік принципі.
2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.
3. Мінез құлық обьективтілік принципі.
4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.
5. Шындық принципі.
6. Қазір, осы жерде принципі.
«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» - деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік - психологиялық тренингтің басты жоспары - ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік - психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы - басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.
Әлеуметтік психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А. С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік - психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап көрсеткен.
Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде « Танысу » тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады. .
«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т. б) . Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
« Комплимент» ойыны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz