ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ
1. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы
2. Жас кезеңдерінің психологиясы
3. Арнаулы, еңбек ,медициналык психология
4. Әскери, әлеуметтік, спорт, сауда психологиясы
5. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы
6. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология
7. Салыстырмалы, заң психологиясы

Психология ғылымының салалары мен тармақтары
Қазіргі кезде психология ғылымы -- көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.

Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннің, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.
Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.
I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні -- адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту психологиясы -- дидактиканың психологиялық негіздерін оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тәрбие психологиясы -- гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды.
II. Жас кезеңдерінің психологиясы -- әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология -- ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология -- саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология -- нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде "патос" -- зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопспсихология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дүниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
IV. Еңбек психологиясы -- адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Еңбек психологиясының мақсаты -- әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психология -- бұл негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің "ергон" -- жұмыс және "номос" -- заң дегел екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, "адам -- машина -- орта (еңбектену) жағдайын" қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.
Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология -- адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.) қатысты болып келеді.
V. Медициналык психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бөлінеді, әрбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Арнайы психология туралы
Психология ғылымының салалары мен тармақтары, зерттеу әдістері
Психология ұғымы
Психология ғылымының салалары
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Басқа ғылымдармен психологиямен бірігу мәселелері
Психология ғылымының салалары туралы
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Пәндер