Теміреткі ауруы жайында


Теміреткі - (грекше lіchen - жұқпалы) - этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі - денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 - 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады. Оның беті жылтыр, түйіннің (папуланың) ортасы ойыс, қызғылт күңгірт немесе алқызыл түсті, диаметр 2 - 3 см болады. Түйіннің жылтыр бетіне жарық түсірсе, оның реңі балауыз тәрізді екені анық көрінеді. Бірте-бірте түйіндер бір-бірімен қосылып, бетін ұсақ қабыршақтар жапқан, кішкентай қатпарлы табақшалар құрайды. Осы қатпарлы табақшалардың бетін өсімдік майымен сүрткенде терінің мүйізді қабатында ұсақ, ақшыл түсті нүктелерді және шырматылып жатқан өрмек торын көруге болады (Уикхем симптомы) . Дерт жазылып кеткеннен кейін де ауру ошағының орнында тұрақты гиперпигментация (пигменттің шамадан тыс бөлінуі) сақталып қалады. Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам, әсіресе, түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Теміреткі адамның қолтығы мен шабына, ауыздың кілегей қабатына, білегіне, білезік буындарына, санның ішкі жағына, балтырға жиі шығады. Жазылып кеткен теміреткі адам ашуланса, ренжісе, та жағдайларда қайта шығуы мүмкін. Емі: ең алдымен асқазан-ішек жолын, жүйке-психикалық жағдайын тексерістен өткізеді; диета сақтап, витаминге бай тағамды жеу керек; транквилизаторлар, антидеприссанттар, антигистаминдер, вирусқа қарсы препараттар, иммунды модуляторлар қолданылады, тері қабынуын қайтаратын стероидты майларды (синофлан, лоринден, фторокорт, флюцинар) жағу қажет.
Теміреткі медицинада лишай деп аталады. және оның түрлері көп. Олар мыналар:Розовыйлишай. Опоясывающий лишай, отрубевидный лишай. Алғашқы аталған екеуінің қоздырғышы вирустар және бұл түрімен иммунитеті нашар адамдар ауырады. Таратушылар да осы аурумен ауырып жүргендер. Ал соңгысының қоздырғышы микроскопиялық саңырауқулақтар. Олар да түр түрге бөлінеді мысалы: трихофития, микроспория, эпидермофитоны; осылардың бөрін қосып ДЕРМАТОМИКОЗ аурулары деп бір топқа кіргізеді. Сіз айтып отырған теміреткі осылардың біреуі болуы мүмкін, Ол көп жағдайда ит мысықтардан, малдардан, жұғуы мүмкін. Бұдан басқа бассейнде моншада санитарлық нормалар бұзылған кезде де жұқтырып алуы мүмкін. Қоздырғыш адам терісінде микроскопиялық зақымданған жерлер арқылы терінің ішкі қабатына өтіп, көбейе бастайды. Кейбіреулер газетті жағып, соның майын жағатын себебі типографияларда бояу етіп әлі де қорғасын
қоспасын пайдаланады, ал қорғасын ол у болғандықтан кей жағдайда жазылып кетіп жататыны да содан. Бірақ, кейде жазылған сияқты болып,
біраз уақыт откен соң, қайталап мазалауы мүмкін
Қазір осындай ауруларды емдеу үшін, ішуге және теріге жағуға арналған дәрі дәрмектер көп. Сондықтан бұндай дерттен құлан таза жазылып кету үшін дәрігерге қаралып дұрыс ем абылдаған дұрыс!!!
Теміреткі - ауру адамнан адамға, ауру үй жануарлар мен жабайы жануарлардан адамға жұғатын терінің жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғыштары қарапайымдар тобына жататын саңырауқұлақтар. Терінің ылғалдылығы аурудың қоздырғыштары үшін қолайлы қоректік орта болып табылады.
Теміреткімен науқастанған адамның немесе жануардың түскен терісі, шашы, түгіндегі аурудың қоздырғыштары бірнеше жылға дейін қатты аяздарда да, аптап ыстықтарда да өмір сүруге бейім келеді. Аурудан кейін залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда бөлменің шаңында, науқастың киімдерінде, бас киімдерінде төсек орын жабдықтарында, ойыншықтарында және басқа да науқас пайдаланған заттарында аурудың қоздырғыштары өмір сүре береді. Шаштараздарда ауру адамға пайдаланған қайшы, тарақ, алмас, тырнаққа күтім жасау үшін арналған құрал-жабдықтар, сүлгілер талапқа сай залалсыздандырылмаған жағдайда ауруды жұқтырудың көзі болып табылады. Егер ауру адамнан кейін қырқылған шашты өртеп жібермесе ол да ауруды жұқтырудың бір көзі болып табылады. Ауру көбінесе адамдардың бетінде, бастың шашты бөлігінде, мойындарында, қолында, яғни дененің ашық жерлерінде кездеседі. Сонымен қатар, киім жауып тұратын бөліктерінде де жиі кездеседі. Ауру адам шомылған бассейндерде, моншада, ашық су көздерінде сау адам шомылса, науқас пайдаланған сүлгі, мочалкасы т. б. заттарын пайдалану арқылы ауруды жұқтырып алу қаупі бар. Ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринарлық дәрігерлерге көрсетіп, емдету қажет. Ауру адам және жан- жануарлар уақтылы емделмеген жағдайда өмірінің соңына дейін ауру көзі болып жүре береді.
Ауру жұқтырған күннен бастап 2-3 аптадан кейін аурудың белгілері басталады. Алғаш белгілері диаметрі 0, 3-0, 5 мм көлемінде басталатын таңғылдақтар ақшыл қабыршақтанып, үлкейіп, әр түлі формалы болып келеді. Науқас аздап қышуды байқайдайды. Зақымданған тері қызарып, кейде іріңдейді. Іріңдеу көбінесе бастың шашты бөлігінде кездеседі. Бастың шашты бөлігінде теміреткі шыққан жағдайда науқастар ем қабылдап жүріп, жұқа мақтадан тоқылған орамал тастамау қажет. Теміреткі денеге шыққан жағдайда киім-кешектерін, төсек-орнын міндетті түрде залалсыздандырып отыру қажет. Науқас адаммен киім алмастырып киюге болмайды және де қарым-қатынастағылардың барлығы 30 күнге дейін қадағалауға алынады. Дер кезінде емделмесе ауру созылмалы түріне ауысуы мүмкін.
Ғ. А. СЫДЫҒАЛИЕВА,
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша МСЭҚБ бас маманы.
Теміреткі - (грекше lіchen - жұқпалы) - этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі - денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 - 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады. Оның беті жылтыр, түйіннің (папуланың) ортасы ойыс, қызғылт күңгірт немесе алқызыл түсті, диаметр 2 - 3 см болады. Түйіннің жылтыр бетіне жарық түсірсе, оның реңі балауыз тәрізді екені анық көрінеді. Бірте-бірте түйіндер бір-бірімен қосылып, бетін ұсақ қабыршақтар жапқан, кішкентай қатпарлы табақшалар құрайды. Осы қатпарлы табақшалардың бетін өсімдік майымен сүрткенде терінің мүйізді қабатында ұсақ, ақшыл түсті нүктелерді және шырматылып жатқан өрмек торын көруге болады (Уикхем симптомы) . Дерт жазылып кеткеннен кейін де ауру ошағының орнында тұрақты гиперпигментация (пигменттің шамадан тыс бөлінуі) сақталып қалады. Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам, әсіресе, түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Теміреткі адамның қолтығы мен шабына, ауыздың кілегей қабатына, білегіне, білезік буындарына, санның ішкі жағына, балтырға жиі шығады. Жазылып кеткен теміреткі адам ашуланса, ренжісе, та жағдайларда қайта шығуы мүмкін. Емі: ең алдымен асқазан-ішек жолын, жүйке-психикалық жағдайын тексерістен өткізеді; диета сақтап, витаминге бай тағамды жеу керек; транквилизаторлар, антидеприссанттар, антигистаминдер, вирусқа қарсы препараттар, иммунды модуляторлар қолданылады, тері қабынуын қайтаратын стероидты майларды (синофлан, лоринден, фторокорт, флюцинар) жағу қажет.
Теміреткі-жұқпалы тері ауруы. Теміреткімен жасы үлкен адамдар, балалар және жануарлар да ауырады. Бұл ауру адамнан сау адамға киім, бас киім, төсек, тарақ арқылы, ал балалар арасында ойыншық арқылы жұғады.
Аурудың негізгі белгілері, қызғыш бөріткендер шығады. Кейін ол сұр түске ауысады. Кей кезде адамның ыстығы көтеріліп, мазасызданады. Бұл ауру негізінде шаштың түбінде, ер адамдардың сақал-мұртында және бет, қолдарында, кеудесінде болады.
Алдын алу шаралары: Бұл аурумен ауырған адамдарға көпшілік жерге-бала бақшаға, мектепке, моншаға, шаштаразға баруға болмайды.
Ветеринар дәрігерлер аурудың алдын алу үшін мал қораларын, тышқан мен көртышқандардың індерін залалсыздандыру керек. Ауруға шалдыққан адамның жанұясындағы отбасы мүшелері де дерматологтың кеңесінен өту керек.
Ауру адамдарды қоршаған ортадан оқшаулау ұстау керек. Ауруға шалдыққандар тері дәрігеріне тез арада, ауруды асқындырмай қаралу керек. Дер кезінде емделмесе, онда созылмалы ауруға ұшырайды. Сол үшін ауруға шалдыққан адам немесе бала дәрігердің кеңесін тыңдап, емделгені дұрыс.
Қабыршақты теміреткі
Бұны медицина тілімен псориаз деп атайды. Теміреткі көбіне терінің, тырнақтардың және буындардың тұқым қуалайтын созылмалы, бірақ жұқпалы емес ауруы. Ол жүйкенің қатты күйзелістерден кейін пайда болады. Дұрыс тамақтанбау, асқазан-ішек ауруларына шалдығу, алкогольге үйірлік, бауыр, ұйқы бездерінің де аурулары псориазды өршіте түседі. Ауру күз және қыс айларында дамиды да жазда бәсеңдейді.
Псориаз алғаш рет 18-30 жаста пайда болады, қартая келе бір жерге орнығады немесе жоғалады.
Сау тері Ауру тері
Терінің кез келген жері теміреткімен зақымдануы мүмкін, көбіне терінің ұдайы үйкелетін жерлерінде болады. Теріде іріңсіз бөртпелер (папулалар) пайда болып, олар бір-біріне қосылып, ірі түйіндақтарға айналады. Олардың сыртында ақ түсті, оңай сыдырылатын қабыршақтары болады. Қабыршақтардың түсі күміс түсті де болады, оны сыдырып алған кезде жылтыр қызыл дақтар байқалады. Олардан ұсақ қан тамыр нүктелері көрінеді. Бұлардың бәрі де осы теміреткіге тән белгілер. Теміреткіде тырнақтар қалыңдап, сарғаяды, тырнақ өзінің табиғи жылтырлығын жоғалтады. Анда-санда алақан мен табан да зақымданады.
Ауру біртіндеп, баяу дамиды. Кейде барлық тері мен буындар зақымданады, мұндайда ол тез дами бастайды. Осындай клиникалық әртүрлі псориаз эпитродермия деп аталады. Сырқат ұзаққа созылады және ауыр болады, тері тартылып ауырады, науқас қалтырайды, денесі қызады. Сондықтан мұндай ауруы бар науқастар дерматологтың бақылауында жиі болып, оның алдын алу шараларын жасап отыруы керек. Кейбіреулері тез жазылады, ұзаққа созылатын кездері де, қайталанатын кездері де болады.
Емі
Емді дәрігер-дерматолог, яғни тері ауруларының дәрігері тағайындайды. Бұл көбіне жүйке жүйесінің қызметіне байланысты туындайтындықтан, ауыр жағдайларда науқасты тыныштандыратын новопассит, валериана сияқты дәрілер және ұйықтатқыш, жүйке жүйесінің қозғыштығын басатын дәрілер беріледі. Бромкамфора деген дәрі де жақсы жәрдемдеседі. Оны 14 күн бойы күніне 2-3 рет 1 түймедақтан қабылдайды. Шүйгіншөп (валериана) тамырын ұнтақтап, оның екі ас қасығын бір құты салқын суға салып, 5 минуттай қайнатып, сүзіп алады. Алынған тұндырманы бір ай бойы күніне 2 рет 1 ас қасықган ішеді. Бәрінен бұрын таза ауада серуендеу, дене жаттығуларымен айналысу науқастың күш-қуатын нығайтады. Тыныштандырғыш дәрілік өсімдіктерден тұндырма дайындап ішуге болады. Ұйқыға мезгілінде жатып, тұру керек. Көңіл-күйді жақсы ұстау қажет. В тобы дәрумендерін, А дәруменін және биотин қабылдауға болады. Дәрумендер жиынтығының, мысалы, ундевит, гендевит, декамевит сияқты түрлерін пайдаланудың жәрдемі мол.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz