Ресейдегі білім беру жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ресейдегі білім беру жүйесі

Жалпы білім. Оқу бағдарламаларының деңгейіне сәйкес үш сатыдан тұрады.

1. Бастауыш жалпы білім (ереже бойынша, оқытудың стандартты ұзақтығы 4 жылды құрайды) .

2. Негізгі жалпы білім (оқытудың стандартты ұзақтығы 5 жылды құрайды) .

3. Орта (толық) жалпы білім (оқытудың стандартты ұзақтығы 2 жылдан 3 жылға дейін) .

Бүгінгі уақытта жалпы білімнің бағдарламалық ұзақтығы 11 жылды құрайды, ал 1985 жылға дейін мектепке қабылдау 7 жастан) . Оқушылар ереже бойынша, орта (толық) жалпы білімді 17 жастан алады. Кешкі мектептер және өнер мектептерінде оқыту ұзақтығы 12 жыл. Бүгінгі уақытта жалпы білім жүйесіне 66909 білім орындары кіреді. Онда 20825000 оқушы оқиды. Соңғы жылдары 607-дей жеке мектептер ашылған. Жалпы білім мектептерінің ресми атауы - жалпы білім беретін орта мектеп. Соңғы жылдары жаңа типті мемлекеттік және жеке (гимназия, лицей) мектептер салынуда. Гимназия мен лицейлерде оқыту ұзақтығы жалпы білім беретін орта мектептегі оқыту ұзақтығы жоғарылап, оларда білім беру бағдарламалары жоғарғы деңгейде болуы мүмкін. Жалпы білімнің оқу бағдарламасы жылына 34 оқу апталығын қарастырады. Ереже бойынша оқыту аптасына 27-ден 38 сағат оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және маусымның басына дейін созылады. Мектептегі емтихандар маусым айына өтеді. Оқушылар жеке категориялары үшін белгіленген оқыту сатысы. Нақты мемлекеттік білім стандартына сай өзгертілуі (базалық) негізгі оқу бағдарламасы жасалынды. Негізгі оқу бағдарламасы міндетті пәндік көлемін (гуманитарлық бағыт) онда орыс тілі, әдебиет, қоғамдық ғылымдар және денешынықтыруға ерекше көңіл бөледі, жаратылыстану ғылыми бағыт, онда бірінші математика пәніне және технология қатысты пәндер қарастырылады. Қоғамдық ғылымға шет тілдері, ресей тарихы, әлем тарихы, экономика және география, құқықтану, саясаттану, экономика және т. б. Жаратылыстану ғылымына биология, физика, астрономия, химия, экология т. б. пәндер кіреді. "Технология" деп аталатын біріктірілген пәндерге бейнелеу, сызу және үй шаруашылығы, тігін, тағам даярлау, металл өңдеу, ағаш ұсталық істерді қамтитын пәндер кіреді. Ал жоғарғы сыныптарда - нақты мамандықтың базалық дағдылары жатады. Негізгі оқу бағдарламасы көрсетілген міндетті пәндерден басқа қосымша пәндер қатарын оқушының қызығушылығын есепке алып не болмаса мектептің орналасу аумағын ескере отырып қарастырады. Әрбір мектеп тәжірибеде негізгі оқу бағдарламасының базасында өздерінің жеке бағдарламасын жасайды. Ресей Федерациясында 18 білім ордаларының барлық түрлері бар. Жыл сайын еліміздің әртүрлі оқу орындарында шамамен 35млн. адам оқиды, яғни бұл тұрғындардың 23%-ын құрайды.

Франциядағы білім беру жүйесі

Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады: а) бастауыш сынып (5жыл) ; б) колледж (4 жыл) ; в) лицей (3жыл) . Бастапқы екі саты, яғни бастауыш сынып пен колледж бәріне бірдей міндетті (9 жыл) . Бастауыш мектептің ролі 20ғ. басында жоғары деңгейде болды. Себебі, халық арасында сауатсыздар саны азая түсті. Бұнда білім алу міндетті және ақысыз. Бастауыш сынып 2 циклдан тұрады: 1) фундаментальды оқыту; 2) тереңдетіп оқыту. Аптасына 5 күн оқиды. Әр сыныпта 22-24 бала болады. Емтихандар жоқ. Сабақ аптасына 26 сағат болады. Оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді: 1-топқа: француз тілі, тарих, география, азаматтану, шаммамен оқыту мерзімі 40 пайыз; 2-топқа математика, жаратылыстану, технология 35 пайыз. ; 3-топқа дене тәрбиесі, бейнелеу музыка 25 пайыз. 80ж басында бастауыш сыныпта шет тілін оқытуға эксперимент жүргізіледі.
Бастауыш сыныпты бітірген 11-12 жасар бала колледжге түсе алады. Бастауыш сыныпты бітірген барлық бала толық емес орта мектепке яғни 4 жылдық колледжге өтеді. Колледждің негізгі міндеті базалық тұрғыдан жалпы білімге дайындау мен мамандық бойынша білім беру. Колледж негізінен мектеп сияқты ұйымдастырылған, бірақ онда полупансион және кейде интернат деп бөлінуі кездеседі. Полупансинода балалар түс мезгілінде түскі тамақ ішеді. Ал, интернатта оқыса, апта бойы колледжде болып, тек аптаның соңында ғана үйлеріне барады. Колледжде білім 2 циклден тұрады, аралары 2 жыл: 6-5 сынып; бақылау немесе обзорный цикль; 4-3 сынып бағыт көрсету. Обзорный циклда бастауыш білімді толықтырылап, орта білімнің алғашқы сатысын бастайды. Бұл цикл оқушылардың бәріне ортақ. Ал цикл ориентации 2 бағыттан тұрады: 1) білімдік дайындық сыныптары, 2) технологиялық дайындық сыныптары. Колледжді бітірушілерге бітірді деген куәлік тапсырылады. Оқушылар үш пән бойынша яғни француз тілінен, математикадан, тарих пен географиядан жазбаша емтихан тапсырады. Лицей толық орта білім (3 жыл) . Лицейде жалпы және технологиялық білім тереңдетіліп өтіледі. 2-класта (10 сыныпта) өтілетін сабақтар: міндетті пәндер: француз тілі, математика, шет тілі, тарих-география, физика-математика, биология-геология, дене тәрбиесі аптасында 23, 5 сағат. Факультатив пәндер (3сағат) . Бұл екі топқа бөлінеді:

1) экономика және социологиятану, екінші шет тілі, эстетикалық циклдегі пәндер, арнайы спорт түріне дайындау;

2) лабораториялық технология. Бір факультативті таңдау міндетті.

Бірінші, бітіруші сыныптар арнайы секциялардан тұрады: А секция. Бұл іштей секцияларға бөлінеді. А1-гуманитарлық математика; А2 - шет және ежелгі тілдер; А3 - гуманитарлық өнер; В секциясы; S секциясы;

20ғ. 60ж. дейін Франция бірінші орында гуманитарлық пәндер болды: әсіресе көне тілдерді оқыту болатын. Ал қазір бірінші орында математика жетік дамыған С секциясы болды. Яғни түлектер жалпы бакалавр дәрежесіне немесе технологиялық бәілім алу үшін емтихан тапсырады. Лицейді бакалавр дипломымен жақсы бітірген талапкер университетке емтихансыз түсуіне құқылы. Емтихандар арнайы бекітілген мемлекеттік комиссия алады. Франция немесе ресми түрде Француз Республикасы - Еуропадағы ең байырғы мемлекеттердің бірі. Ол тарихи ескерткіштердің, түрлі мәдениет және өркениеттің нағыз шоғырланған жері. Францияның көркемсурет өнері, әдебиеті мен сан

қилы музыка мәдениеті әлемде кеңінен танымал. Франция - оқушылар мен студенттер елі.
Мұндағы оқушылар мен студенттердің саны 15 миллионнан асып, жалпы елдегі халық санының төрттен бірін құрап отыр. Оның 13 миллионы мектеп жасындағылар.
Қазіргі Француздық оқыту жүйесі соңғы екі жүз жыл бойына қалыптасып келді. Бүгінде ол әлемдегі ең алдыңғы қатарлы оқыту жүйелерінің бірі болып саналады. Бұл елдегі жүйенің бір ерекшелігі: астанасы мен шет аймақтарындағы білім беру сапасының бірдей болуында. Елде 7000 колледж, 2600 лицей бар. Жыл сайын білім беру саласына мемлекеттік бюджеттің 30%-ы жұмсалады.
Бастауыш білім беру Францияда міндетті және ақысыз. Көпшілік балалар 2-3 жастан бастап «аналық мектепке» ( ecoles matemelles ) барады. Онда мұғалімдер және психологтар 3-4 жыл оларды мектепке дайындайды.
Мектепте оқу 1967 жылдан бастап 6 жастан 16 жастағы дейінгілерге міндетті болып енгізілді. Францияның мектептік білім жүйесі ресейлік жүйеден артықшылығы - үш блокқа бөлінуінде. Алдымен балалар дайындық курсын қосқанда, 5 жыл бастауыш сыныпта оқиды, колледждерде оқу 4 жылға созылады, ал лицейлерде бұл мерзім 2-3 жыл. Бастапқы екеуі, яғни, бастауыш сынып пен колледжде оқу - міндетті болып келеді. Одан кейін орта білім алу үшін 11 жас пен 15 жастағылар төрт жыл ( 6-сыныптан 3-сыныпқа дейін ) колледжде оқиды. 1975 жылдан бастап бұл колледждер бірыңғай колледж деп аталады, 3-сыныптан кейін оқушылар таңдауы бйынша, жалпы (филология, экономика, жаратылыстану ғылымдары) ; кәсіби; технологиялық (медицина, социология, ғылыми және өндірістік технология) лицейлердің біріне түсуге дайындалады. Жалпы білім беретін лицейлерде оқу мерзімі үш жыл, мұны бітіргендерге университеттерге оқуға түсуге жол ашылмақ.
Лицей - орта білімді аяқтаушы жүйе және сонымен қатар жоғарғы білімге жетелеуші орда. Лицейде өз дәрежесінде білім алып, сынақтарды оқушылар 18 жасында тапсырады. Францияның университеттеріне, институттарына түсу үшін, міткердің бакалавр дипломы болуы міндетті. 1808 жылдан бастап, бакалавр дипломы ұлттық нышан тәрізді, ол ойдағыдай орта білім алғаны туралы куәләндірәді, жоғары оқу орнына түсуге жол ашады. Франциялық лицейдің ресейлік орта мектептен екі айырмашылығы бар: біріншіден, бұл бағытта мамандық таңдау ерте басталады, екіншіден, орта білім туралы аттестатты барлық лицей оқушыларына берілмейді, тек жақсы оқыған оқушылары, яғни 80 пайызы ғана ала алады. Сонымен қатар, Францияның өзінде мекен етпейтін шет ел балаларын да тек жеке меншік оқу орындарына ғана емес, мемлекеттік білім орындарына да оқуға түсуіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Оқушылардың бағыт-бағдар таңдап алуы ( екінші жылға қалдыру, келесі сыныпқа көшу, білім алудың басқа бағыты ) екі жақтың: сол оқу орындарының өкілдері ( оқытушылар, әкімшілік ) және ата-анасы мен оқушы арасындағы әңгімеден кейін болады. Оқу орындарында дұрыс бағытты таңдауға көмектесетін арнайы кеңесшілер болады. Францияда колледжді бітірушілер сыныбы - 3-сынып мамандық таңдаудың ең маңызды, алғашқы баспалдағы болып саналады.
Францияның жоғары білім беру жүйесі бойынша, білім алудың 2 түрі ұсынылады: қысқа ( les formations courtes) және ұзақ ( les formations londes) . Оқудың қысқа түрі көбінесе 2 жылды қамтиды және өндіріс, қызмет көрсету, коммерция салслары секілді практикалық тәжірибелермен байланысты. Бұл түрдегі білім беру жүйесіне мына оқу орындары жатады: Les Instituts universitaires de technolodie ( IUT ), Les sections de technicians superieurs ( STS )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Мектептің өзінің мақсаты табиғи ресейліктерден мамандар мен құрылысшыларды даярлау
Қазақстандағы саяси - партиялық жүйені заңдастыру
Психология ғылымының тарихы
Педагогика тарихы ред
Саясаттанудың әдістері
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика
Шет елдегі мектеп жүйесі
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz