Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Серикова Жұлдыз
Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050103- «Педагогика және психология»
Түркістан 2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Жалпы психология»
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., профессорТорыбаева Ж. З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру
050103- «Педагогика және психология»
Орындаған: Серикова Ж. Б.
ППП-911
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. д., профессор: Оспанова Б. А.
Түркістан - 2013
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның теориялық негіздері
1. 1 Шет ел және педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі рефлексия жайлы теориялық зерттеулерге талдау . . . ……. 6
1. 2 Тұлға дамуындағы өзіндік таным мен рефлексия мәселелері . . . 17
1. 3 Cтуденттердің оқу-танымдық белсенділігін арттырудағы рефлексияның ролі . . . . 31
2 Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудың ерекшеліктері
2. 1 Студенттердің оқу мотивтерін қалыптастырудағы рефлексияның алатын орны . . . 38
2. 2 Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіру . . . . . . 45
2. 3 Студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру мақсатындағы тәжірибелік жұмыстың нәтижелері . . . . 50
Қорытынды . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ұрпақ алдында «Қазақстан -2050» стратегиясында «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеу қауіпсіздіті мен әл ауқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жаупкершілігі туралы ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. [1]
Студенттерді оқудың соңында алынған білімнің маңыздылығын ұғынуы, қарапайым болжамдар қоя білуі және олардың шешемдерін, дәлелдеу жолдарын табуы, өз қызметін талдай білуі, табысын бағалай алуы, қателіктер мен кемшіліктердің себебін анықтай алуы керек. Бұл егер студентке оқу қызметі қалыптасқанда, оқыту үрдісі студентті субьектіге айналдырса, яғни оқушыны өзін-өзі оқтуға үйретсе, оқу нәтижесіндегі өзінің жауапкершілігін сезінсе, өзін-өзі дамыту мен оқытудың білік пен біліктілігін игерсе ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру маңызды.
Соңғы жылдары психология ғылымында психолог маманының қоғамдық ортадағы орны, зерттеуге деген қызығушылығы өсіп отыр. Бұл жұмыс ғылымдағы теориялық және практикалық базаның екі негізгі мәселесіне бағытталады, яғни рефлексия және кәсіби іс-әрекет. Бұл қазіргі адамдардың өмірлік іс-әрекетінде болсын, кәcіби іс-әрекетте болсын рефлексияның маңызы зор екендігімен түсіндіріледі. Бірақ бұл мәселе толығымен зерттелмеген, бұл әдістемелік құралдардың жетіспеуімен тікелей байланысты.
Бұл жұмыста «рефлексия» түсінігінің әлеуметтік - психологиялық интерпретациясы қолданылады, бұл процестің перцептивті жағын көрсетеді: қарым-қатынастағы серіктестер өзін қалай қабылдағаны жайлы индивидтің өзінің түсінігінің пайда болуы.
Рефлексия процесі барлық жас ерекшелік кезеңдерінде жүреді. Маңызды кезеңнің бірі ерте есею кезеңі болып саналады, өйткені бұл жас ерекшелік кезеңде қоршаған орта бағалауына көп көңіл бөледі де, сезімділік пайда болады. Абсолютті адекватты рефлексия болуы мүмкін емес, өйткені бұл процесте күйзелістерден арылу мүмкін емес, ол қабылданатын адам жайлы нақты пікірлерінің болмауына тікелей байланысты. Кейбір тұлғаларда бұл процесс толығымен қалыптаспаған болса, онда оларды басқа адамдар қалай қабылдағаны жайлы нақты пікірлерінің болмауына әкеледі.
Қазіргі ғылыми таным негізінде рефлексия мәселесінің екі көрініс белгілерін ажыратуға болады:
- адамның өзін-өзі танып білуінің көп ғасырлық тарихының болуы.
- рефлексия дәрежесінің көп аспектілі мазмұны
Рефлексвиті мүмкіндіктерді психикалық қасиетке жатқызу және кәсіби іс-әрекеттегі рефлексия мәселесінің туындауының маңыздылығымен байланысты. Қазіргі кезде рефлексия мәселесіне қатысты жетістіктерді көрсетіп, жүйелеп, сәйкестендіріледі. Рефлексия психологиясының даму тенденциялары мен кезеңдері сипатталып көрсетілді.
Зерттеу жұмысы көптеген авторлардың еңбектеріне сүйене отырып жүргізілді. Атап айтқанда В. А. Лефевраның еңбегі ол рефлексия ең алғаш философиядан бөліп алып, пән аралық деңгейге шығарған. Г. П. Щедровицкий рефлексия мәселесінің дамуы мен қалыптасуын зерттеген. С. Ю. Степанов пен И. П. Семенов рефлексияны жеке даму қасиеттерінің механизмдері ретінде карастырылды. [2, 3]
Рефлексияны іс-әрекет бағытында зерттеген Л. С. Выготский мен Л. Н. Леонтьев теорияларына сүйенуге болады. [4, 5]
В. Лушпаева «қарым-қатынастағы рефлексия мәселесін» теориялық зерттеген еңбектері, кәсіби іс-әрекет мәселесі бойынша Л. И. Божовичтің еңбектері қарастырылды. . [6, 7]
Кәсіби іс-әрекеттегі рефлексия мәселесінің қалыптасуы қазіргі қоғам жағдайына байланысты өзгеше болатындығы анықталады. Кәсіби іс-әрекетте рефлексияның туындауы қызығушылығы мол, білімді маман алуға әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеті тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады», - деп көрсетілген. Осы бағытта әдістемелік жұмыстарды жүргізуде тек қана пәнді терең әрі мазмұны игеріп қана қоймай, өз ісіне сын көзбен қарай алатын, өз әрекетін бақылай және бағалай білетін ұрпақ тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндеті әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, жауапкершіліті мол, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын тұлғаны қалыптастырудағы оқу-танымдық белсенділігіндеті рефлексия ісіне ерекше мән берілуде.
Ендеше болашақ мамандардың дүниетанымын кеңейтуде рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы ролін дамытып, білім біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор дегенсөз.
Оқу үрдісінде рефлексия арқылы оқытушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы мәнін, жолдары мен тәсілдерін, танымдық белсенділігін қалыптастыру туралы жазған еңбектерді атап өтсек: Ы. Алтынсарин, Н. А. Половникова, Т. И. Шамова, В. В. Давыдов, М. В. Кларин, И. Н. Семенов, А. В. Петровский, М. П. Ярошевский, У. Найссер, Б. М. Величковский, Д. Р. Андерсон т. б. . [8, 9, 10, ]
Елімізде әлемдік білім кеңістітіне ену мен білім беру стандарт талабына сай жоғары оқу орындағы білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын рефлексия арқылы оқытушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы проблемасы әліде зерттеуді қажет етеді.
Оқу-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі танымдық белсенділікті қалыптастырудағы рефлексия төңірегіндегі тұжырымдамалар мен пайымдаулар сондай-ақ зерттеу жұмыстарының мәліметтері рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру деген қажеттіліктің интеллектуалды еріктілік, төзімділік сияқты бір-бірімен өзара байланысты бөліктерінің бірлігі өзін-өзі тануға, ізденімпаздығын қалыптастырып, болашақ мамандар бағытын анықтаушы фактор ретінде қарастыруға болатынын анықтап берді. Олай болса рефлексия арқылы оқытушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттілітіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның қалыптасу деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын: «Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орны үрдісі
Зерттеу пәні: студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның алатын орны.
Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орындағы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның мәнін ғылыми тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
• студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастыру;
• студенттердің оқу-танымдық қабілетін арттырудың рефлексияның ерекшеліктерін анықтау;
• болашақ педагог-психолог мамандардың оқу-танымдық қабілетін арттырудың рефлексиялық әдіс тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: талдау кезеңі теориялық әдістер бойынша іске асады:психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттер, диссертациялық зерттеулерді талдау, зерттеу мәселесі бойынша материалдарды салыстыру, жалпылау мен жүйелеу, үлгілеу, жобалау.
Дипломның құрылымы: диплом кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шет ел және педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі рефлексия жайлы теориялық зерттеулерге талдау
Теориялық талдауды құрайтын жұмыстың бұл бөлімінде психология ғылымындағы кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияның рөлі, шет елдік және кеңестік "психологиядағы рефлексия мәселелерінің зерттеулері қарастырылады.
Зерттеу жұмысы педагогикалық психология саласында кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияны анықтауға және кәсіби өзіндік анықталуды, өзін-өзі бағалауды зерттеуге арналған. Бұл зерттеу мәселесін қарастыру қажеттілігі бірнеше жағдайларға байланысты. Көптеген уақыттар бойы философия мен психологияда адамзатты қоғамдық құбылыс ретінде түсініп келді. Бұл адамзаттың қоғамдық өзгерістерге байланысты жеке тұлғалық дамудың бастамасынан тұрады. Сондықтан қоғамнан тыс, қоғамның дамуынан өзгешелеп тұлғаның өзгеруін қарастыру кез-келген зерттеудің өзектілігін тудырады. Екінші жағынан, бұл мәселенің өзіне тән ерекшелігі кәсіби іс-әрекеттегі рефлексия маңызын анықтайды.
Тұлға мен оның іс-әрекетінің күрделілігі, көп мәнділігі адамның белсенділігінің психологиялық реттеу ерекшелігі мен іс-әрекетінің өзіне тән сипатымен шарттанады.
Адамның кәсіби іс-әрекетті меңгеруі мен таңдауы оның қоғамдық, жекелік тәжірибесіне байланысты. Сондықтан кәсіпті меңгеру тек қандай да бір когнитивті жүйелерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар адамның жеке тұлғалық құрылымының қайта құрылуы мен субъективті тәжірибесін терең қарастыруды қажет етеді.
Соңғы кезде психологияда рефлексия мәселесін зерттеуге деген ықылас күрт өсті. «Рефлексия» термині (латынша - геflectere, ағылшынша - геflection, французша - геfleхion) оптикадан алынды, оны Р. Гоклениус философиялық сөздікке енгізген. . [11] Рефлексия білімдердің сенімділігін тексеру үшін, методологиялық функцияның рөлін орындады, «бастапқыға оралу», «артқа бұрылу» деген мағынаны береді. Г. Ф. Гегельдің еңбектерінде де рефлексия физикалық бейнелеумен, сынумен байланысты екендігі көрсетілген. Латын тілінен рефлексия «артқа майысу», «бейнелеу» (жарықты, дыбыс толқындарын) дегенді білдіреді. Ал XVII ғасырдан бастап бейнелеу сөзімен қатар ойлану, ойлау (яғни ойдың өзіңе қарай бұрылуы, өзінді бейнелеуі) деген мәндерде айтыла басталады.
Рефлексия ұғымы қаншалықты маңызды болғанымен ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін психологияда оған қатысты зерттеу жұмыстары болмады. Осы ұғымды анықтаған көптеген анықтамалар рефлексияны, өз ақыл ой әрекетінің немесе психикалық күй туралы ойлану деп қарастырады.
Мұнда рефлексияға тән ойлау процесінің ерекшелігі көрсетілмейді, бағыттылығын ғана сипаттайды. Психологияда бұдан басқа рефлексияны «басқа адамдардың ой пікірлерін имитациялау» деп түсінген бағыттар да болды. Рефлексия психологиядан бұрын, философияда ұзақ зерттелініп, дамыды. Философиялық көзқарастарда рефлексия, теориялық танымның негізі, өзіндік санаға деген бейімділік, адамның өзіндік даму құралы деп түсінілді.
Психологияда рефлексивті жолдың орнының өсуі гуманитарлы және жаратылыстану ғылымдарында - синергетика ретінде, яғни ғылымдарда перспективті бағыттың жақындасуын В. Е. Лепский байқаған. . [12]
Рефлексия мәселесін өңдеу бағытында «ойлау іс-әрекетінің жүйесі» жолын айқындауға болады. Осымен келісе отырып рефлексия ойлау әрекетінің формасы деуге болады. Рефлексия мәселесін практикалық жоспарда толығымен зерттеген В. А. Лефевр болды. Бұл бағыттың өкілдеріне В. А. Лефевраның жұмыстарын жатқызуға болады. В. А. Лефевраның негізгі сіңірген еңбегі рефлексияны философиядан бөліп алып пән аралық деңгейге шығарды. Сонымен қатар, ол «рефлексивті жүйе» түсінігін енгізді, оның көмегімен рефлексивті жолдың дамуы жүрді. «Даму бойынша» зерттеу жүйесін салыстыру (1969), «Рефлексивті ойын және рефлексивті басқару логикасы» (1967), «Конфликтілеу структурасы» (2000), жұмыстарында автор рефлексия процесін феномен ретінде көрінуін қарастырды . [13]
Келесі рефлексия мәселесінің дамуы мен қалыптасуын зерттеген Г. П. Щедровицкий болды. Оны рефлексия философиялық көзқараста қызықтырды яғни «құрастыруды басқаратын нақты ережелер немесе табиғи іс-әрекеттердің даму заңдылықтарының механизмдерінің көрінуі» болды. Г. П. Щедровицкий рефлексияны түсіндіру үшін «рефлексивті шығу» түсінігін енгізді, ол «индивид үшін қажет» іс-әрекеттің әткен көзқарасынан шығып жаңа жаңа көзқарасқа өту, сырттай қарағанда жасалған әрекеттерге қатынасымен және болашақ жоспарланған әрекетке катынасы.
С. Ю. Степанов пен И. Н. Семенов рефлексияны жеке даму қасиеттерінің ламу механизмдері ретінде қарастырылады. Сонымен бірге рефлексияны өзіндік ұйымдастырушы мен өзіндік даму механизіміне жатқызады.
Рефлексия іс-әрекеттің бағытында, оның мәні оны іс-әрекет құрылымының компоненті ретінде қарастырудан тұрады. Осы бағыттағы өкілдерге Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев жатады.
Практикалық қатынаста Л. С. Выготский психикалық дамуда рефлексияның теориялық рөлін ескерген. Ол «байланыстың жаңа типтері мен функцияның бірлестігі санадағы өзіндік процестің бейнесі ретінде болжамды» деп есептейді. Мұның негізінде сыртқы әлемдегі жағдайларды өзінен кез-келген кайғыруды өткеру деп түсініледі.
Сонымен қатар Л. С. Выготский онтогенез процесінде адамның рефлексивті мүмкіндіктерінің игеруімен жеке психикалық актіде тұлғаның қатысуы байкалады деген ойы да маңызды. Бұл тұжырым ішкі тұлғалық белсенділіктің психикалық актісі арқылы байқалу мүмкіндігін меңгереді. Выготский рефсивтіліктің эмпирикалық зерттелу мүмкіндігін ескереді. Сонымен қатар жас ерекшеліктер, соның ішінде адамдағы рефлексияның пайда болуы мен сананың құрылу кезеңі ретіндегі жас өспірімдік кезең айтылады.
А. Н. Леонтьев рефлексияны психикалық бейненің формасы ретінде, сыртқы іс-әрекеттің ішкіге механикалық түрде өтуі деп қарастырады. Рефлексия адамда өзінің сыртқы іс-әрекет шындығында, өзінде сананың пайда болуы ретінде карастырылады. Мұнда рефлексия енді сананың критериясы ретінде көрінеді.
Б. Г. Ананьев тәрбие мен өзін ақылды тәрбиелеу жайлы сұрақ қойып, оқушылардың өзіндік жұмыс процесінде оны бақылап, рефлексияның даму проблемасын ажыратты. . [14]
Қазіргі уақытта рефлексия мәселесін қарастыру жаңа болып табылмайды. Оның рөлі нақты және гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі теориялық бағыттарында, соның ішінде жалпы, әлеуметті, педагогикалық психологияның т. б. әртүрлі бағыттарында зерттелген. Психологияда рефлексия мәселесі сананың мәселесімен үздіксіз байланысты, осындай сапада рефлексия шет елдердегі сияқты отандық психотерапияда да кең тараған.
Рефлексия ішкі және сыртқы тіршіліктің күрделі және қайшылықты сипатын түсінудің, мәселелерді конструктивті шешудің және үйлесімді жан-жақты дамушы тұлға болып қалыптасудың қажетті шарты. Ойлауды деңгейлі ұйымдастыру динамикасында, кәсіби міндеттерді шешудің әртүрлі сатыларында, рефлексивті тұлғалық реттеу механизмдері ең маңызды сипатқа ие. Рефлексия ойлаумен тығыз байланысты. Кәсіби міндеттерді сәтті шешуде заттық - операциялық жоспарды жанамалап түсіндіретін рефлексивті жоспардың рөлі өте зор.
Рефлексия тұлғаның өзіндік танымына апаратын жол мен форма, тұлғаның кәсіби өсуі мен өзіндік жетілуін қамтамасыз етеді. Рефлексия өзінді, басқаларды түсіну арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін түсінетін жанамаланған танымдық процесс. Рефлексия өзіндік даму мен өзіндік жетілдіру негізі, өмір әрекетінің нағыз субъектісі, тұлғаның даму шарты.
Рефлексия - адам санасының маңызды ерекшеліктерінің бірі. Рефлексияны «ойлау туралы ойлау» деп те түсінеміз. А. П. Огурцовтың пікірінше, «рефлексия - бейнеден ауытқығанда, бұрынғы бейнеге қанағаттанбаған сезімді ұғынғанда пайда болады», - дейді. Ал А. З. Зак рефлексия мәселесі бойынша бірнеше бағыттарды көрсетеді, соның бірі, рефлексияның кәсіптік ойлаумен байланысты . [15] . В. П. Зинченконың жұмыстарында әлемді бейнелеу, ол туралы ойлар, мінез-құлықты реттеу механизмдері, сана процестері рефлексияның объектісі ретінде қарастырылды, сананың екі деңгейі белгіленген: тұрмыстық және рефлексивтік. . [16] Рефлексивті деңгейге - мағына мен мән жатады.
Яғни санадағы идеялар әлемі, ұғымдар, түрмыстық және ғылыми білімдер, әсерленулер, құндылықтар, эмоциялар, аффектілер. Ойлау жұмысының продуктивтілігін қамтамасыз ете алатын рефлексивті - тұлғалық реттеу механизмдерде негізгі рөл атқарады.
Біз бұл зерттеуде, рефлексияны жүйелік ықпалда, ойлауды таза интеллекттік процесс, біртекті, гомогенді деп қарастырған рационалистік түсініктерден айырмашылығы бар, бір текті емес, күрделі ұйымдасқан, көп деңгейлі, тұтастай кұрылым деп қарастыратын тұжырымдарды талдадық.
К. Дункердің «X- сәулелер» деп аталатын модельдегі міндеттерді дискурсивті шешкен, классикалық тәжірибелеріне сүйеніп, біз мынандай тұжырым жасауға мүмкіндік алдық, субъектінің ойлауының интеллектік мазмұнын ғана емес, жүзеге асыратын ойлау ізденісіне өзіндік бағалау мен рефлексиялық қатынасты білідіретін мағыналарды шешу процесіндегі реттелуді көруге болады. . [17]
Кейінгі кездері, когнитивизмдегі интроспекцияға (Д. Рэдфорд, 1974) ; метакогнитивизмде рефлексияға (Д. Дорнер, 1984; Ф. Райтер, 1979) ойлаудың мағыналық құрылуларына (А. Г. Асмолов, В. С. Братусь, Б. В. Зейгарник және басқалар, 1979) деген қызығулар туындап, продуктивті ойлаудың, интеллектілік психологияның дамуы мен ассимиляциясының мүмкіндіктерін, рефлексивті - тұлғалық жоспарының мазмұнды жоспарымен әзара әрекетін мақсатты бағытты зерттеу жолы нақтыланды. . [18, 19]
Рефлексия тұлғаның өзіндік танымына апаратын жол мен форма, тұлғаның өсуі мен өзіндік дамуға себепкер болады. Рефлексия мәселесі өзіндік жалпылаудың толық мәнде психологиялық тәсілі. Рефлексия - өзіңді басқаларды түсіну арқылы, өзіңді басқа адамдарда, өз іс-әрекетінің өнімдерінде бейнелеу арқылы түсінетін, жанамаланған, танымдық процесс. Танымның, карым-қатынастың, іс-әрекеттің белсенді субъектісі ретінде тұлғаның өзіндік танымы. Рефлексияны зерттеудің маңыздылығы ұғынудың, талдау мен оның мазмұнын өзгертудің көмегімен ойлауды жетілдіру арқылы анықталады.
Психологияда көпшілігінде ойлау процестері сондай-ақ рефлексияны түсіну мәселелері зерттелінуде. Алайда ол процестердің арақатынасы және біреуінің екіншісін жетілдіруде қолдану мәселесі болып отыр. Түсінудің рефлексия арқылы дамуы жайлы түсініктерді жасау, ол процестерді теориялық және эксперименттік негізде бөліп алып құруды ұйғарады. Екінші бір мәселе, оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ендеше рефлексия түсінуге қатысты (кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияны түсіну), оны дамыту құралы деп тұжырымдауға болады. Рефлексия түсіну процесінде оның мазмұнын қайталамайды, рефлексивті позиция түсінілетін жұмыстың орындалуын қадағсивті позиция түсінілетін жұмыстың орындалуын қадағаламайды, ол тек негіздемені талдайды. Түсіну тәсілдерін ұғыну, оның рефлексиясы кәсіпті түсінуде интуитивті тәсілдердің дамуы үшін өте маңызды.
Рефлексивті процестің жеке бастық мағыналық мезанизмін, «Меннің» бір ізді ауысуларын (репродуктивті, регрессивті, кульминациялық, прогрессивті, продуктивті) міндеттерді шешудің мазмұнды мағыналы талдауы арқылы зерттеуге болады (И. Н. Семенов) . Қарастырылған рефлексия модельдері, тұлғаның кәсіп таңдаумен байланысты, бұрынғы рефлексия жайлы қайшылықты тұжырымдарды жеңуге мүмкіндік береді.
Рефлексия - тұлғаның өзіндік танымының негізгі формасы.
Рефлексия арқылы субъект біртіндеп өзіндік даму мен өзіндік жетілдіру негізінде болатын, өз әрекетінің нағыз субъектісі жетілген тұлғаға айналады.
Рефлексия - ойлаудың жүйе қалыптастырушы факторы және оның реттелуін жүзеге асырады.
Рефлексия мынандай жағдай себептерімен ішкі диалогқа апарылмайды: ол рефлексия) ішкі диалогтың барлық кезеңіне қатыспайды, тек қана «үздіксіздікті үзген кезеңде, яғни тұрып қалудың (задержка) туындауына байланысты бұрынғы (танымдық процестер тізбегіндегі үзілу) іс-әрекетті жалғастыру мүмкіндігі жоқ кезеңде ғана қатысады. Нәтижесінде субъект өтіп жаткан іс-әрекетін тоқтатып, теория облысына келеді. Мұндай жағдайда теориялық ойлаудың функциясы мынада: біріншіден, пайда болған кедергінің себебін табады; екіншіден, басқа шығу жолдарын іздейді. Ендеше ішкі дискуссия тек рефлексивті шығуда ғана емес оған дейін де, содан кейін де катысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz