Асқазан сөлін зондтау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Алматы 2018

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Зондылау, зондылау түрлері

2. Асқазан сөлін зондтау.

3. Дуоденальды зондтау.

4. Зондтық шаралардың этикалық деонтологиясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Зондылау - резина түтікшелі зондты ішкі ағзаға(асқазан, ұлтабар) енгізу арқылы жүргізілетін әдіс.

Жалпы зондылаудың түрлері:

  • Асқазан сөлін зондтау;
  • Дуоденальды зондтау.

Асқазан сөлін зондылау-асқазан-ішек жолдарының секреторлы қызметін анықтайтын зерттеу әдісі.

Мақсаты: диагностикалық

Қолданылатын жағдайлар: асқазан қызметінің секреторлық қызметін тексеру

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

1. асқазан-ішектен қан кету;

2. стенокардия, мұрын арқылы қиын тыныс алу;

3. жұтыну кезіндегі ауырсыну, өңеш веналарының кеңеюі;

4. аорта аневризмасы;

5. омыртқа жотасының мойын - кеуде бөлігінің қисаюы;

6. өңештің тарылуы.

Асқазан сөлін зондылау үшін дайындау қажет:

* сабын;

* жеке сүлгі;

* зарарсыздандырылған жіңішке асқазан зонды;

* зарарсыздандырылған лоток және салфетка;

* зарарсыздандырылған Жане шприці;

* белгіленген ыдыс 7 дана;

* ет сорпасы, қырыққабат қайнатпасы - 200 мл;

* зарарсыздандырылған қолғап;

* пациентке арналған сүлгі;

* жаялық;

* дистилденген су;

* залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс-3;

* қысқаш;

* спиртке малынған мақта домалақтары; .

* кір төсеніштерге арналған қап;

Кезеңдері
Негізі
Кезеңдері: Процедураның орындалуы
Кезеңдері: 1. Пациентке жүргізілетін іс-шараның мақсатын және түсіндіру, келісімін алу.
Негізі: Пациент құқығын сақтау.
Кезеңдері: 2. Жолдама толтыру.
Негізі: Медицина қызметкерлері іс-шарасының бірлестігін қамтамасыз ету.
Кезеңдері: 3. Орындыққа пациентті отырғызу: арқасын орындыққа тигізу, басын сәл алға қарай бағыттау; тіс протезін алу (протез болған жағдайда) .
Негізі: Процедура шартын орындау мақсатында.
Кезеңдері: 4. Пациенттің мойнын және кеудесін жаялықпен жабу; қолына сүлгі беру.
Негізі: Пациентті жеке бас гигиенасын сақтау.
Кезеңдері: 5. Қолды сабынмен жуып, жеке сүлгімен құрғату.
Негізі: Медбике жеке бас гигиенасын сақтау.
Кезеңдері: 6. Зарарсыздандырылған қолғапты кию.
Негізі: Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау.
Кезеңдері: 7. Қажетті құралдарды дайындау.
Негізі: Процедура шартының мұқият орындалуын қамтамасыз ету.
Кезеңдері: Процедураның орындалуы
Кезеңдері: 8. Асқазанға дейін өлшеу (бой ұзындығынан 100 см. алу) .
Негізі: Шартқа сәйкес.
Кезеңдері: 9. Қолғапты 70 %-тік спиртке малынған мақта домалағынмен тазалау.
Негізі: Ацептика ережесін сақтау.
Кезеңдері: 10. Қолданылған мақта домалағын лотокқа тастау.
Негізі: Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Кезеңдері: 11. Дистилденген суға малынған зондтың тұйық бөлігін 10-. қашықтықта оң қолға алу, ал зондтың бос бөлігін сол қолмен ұстау.
Негізі: Асқазанға зондты енгізу мақсатында.
Кезеңдері:

12. Пациенттің аузын ашуды өтіну, зондтың тұйық бөлігін тіл түбіріне енгізу, мұрын арқылы терең дем алуын өтіну және медбике талабына сәйкес зондты жұту.

Ескертпе: пациентті жөтел байқалса зонтты тез қайта шығару.

Негізі: Асқазанға зондты енгізу мақсатында.
Кезеңдері: 13. Зондтың бос ұшына шприцті жалғап, 5 минут ішінде асқазандағы сұйықтықтығын алу, ыдысқа жинау (1-ші порция) .
Негізі: Асқазанға зондты енгізу және өңеш асқазан шырышты қабаты жарақаттануының алдын алу.
Кезеңдері:

14. 38 градусқа дейін жылытылған 200 мл энтеральды «тітіркендіргіш» зонд арқылы енгізу;

Зондтың бос бөлігіне қысқаш салу.

Негізі: Базальді асқазан секретін алу.
Кезеңдері: 15. 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сұйықтығын алу, ыдысқа жинау (2-ші порция) .
Негізі: Асқазан секретін ынталандыру.
Кезеңдері: 16. 15 минуттан кейін асқазан сұйықтығын толығымен алу, ыдысқа жинау (3-ші порция) .
Негізі: Асқазан секрециясы кезеңіне сәйкес асқазан сөлін алу.
Кезеңдері:

17. Әр 15 минут сайын 1 сағат ішінде асқазан сұйықтығы алынады, ыдыстарға жиналады (4, 5, 6, 7 - порция) .

Ескертпе: Әр порция көлемі анықталады.

Негізі:
Кезеңдері: Аяқталуы
Кезеңдері: 18. Асқазаннан зондты алу, салфеткаға орау. Пациентке аузын шаюға су беру.
Негізі: Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.
Кезеңдері: 19. Пациенттің көңіл-күйін сұрау.
Негізі: Асқынулардың алдын алу.
Кезеңдері: 20. Залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыстарға зондпен салфетканы бөлек салу.
Негізі: Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Кезеңдері: 21. Салфетка мен мақта шариктерін жою.
Негізі:
Кезеңдері: 22. Жане шпирцін, салфетканы залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыстарға бөлек салу.
Негізі:
Кезеңдері: 23. Сүлгіні кір төсеніштерге арналған қапқа салу.
Негізі:
Кезеңдері: 24. Қолғапты шешіп, залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салу.
Негізі:
Кезеңдері: 25. Қолды сабынмен жуып, жеке сүлгімен құрғату.
Негізі: Медбике жеке бас гигиенасын сақтау.
Кезеңдері: 26. Жолдамамен қосып асқазан сөлінің барлық порциясын зертханаға жіберу.
Негізі: Зерттеу шартына сәйкес

Дуоденальдық зондылау

Дуоденальды зондылау - зондты он екі елі ішекке немесе ұлтабарға енгізу арқылы оның ішіндегі сұйықтықты алу әдісі болып табылады. Бұл зерттеудің өт қабының, өт жолдарының, ұйқы безінің, ұлтабардың ауруларын анықтауда маңызы зор.

Зерттеуді диаметрі 4-5 мл және ұзындығы 1, 5 м болатын ұшында тесіктері бар арнайы дуоденальды зонд көмегімен жүргізеді. Зонд бойында 45 см-лік (күрек тістерінен қарынның субкардиальды бөлігіне дейінгі қашықтық), 70 см-лік (қарынның шығу бөлігіне дейінгі қашықтық) және 80-90 см-лік (үлкен дуоденальды бүртікке дейінгі қашықтық) қашықтықта 3 белгі белгіленген.

Дуоденальды зондылау таңертең ашқарынға жүргізіледі. Кушеткада отырған науқасқа оливасы глицеринмен майланған зондты науқастың белсенді жұту қимылын қолдана отырып, енгізеді. Жұтылған зонд 45 см-лік белгіге жеткенде және қарынға түскенде (зонд арқылы қышқыл реакциялы қарын сөлін сорумен тексеріледі), науқастың астына валик немесе бүктелген одеялоны салып, оң жағына жатқызады. Осы қалыпта науқас жәйләп зондты жұтуын жалғастырады (шамамен 75 см-лік қашықтыққа дейін), біршама уақыт өткеннен кейін (әдетте 1 сағат) зонд қарын қақпасы арқылы өтіп, ұлтабар ішегінің ішінде болады. Бұл жағдай қарын қақпасының алма-кезек ашылуы кезінде, ал кейде қақпаның ұзаққа созылған тарылуында немесе оның анатомиялық тарылуының болмауында байқалады.

Қақпа тарылуын жою үшін төмендегідей іс-шаралар қолданылады:

Қарын сөлін шприцпен сорып алады және науқасқа 2 пайыз гидрокарбонат натрий ерітіндісінен 1 стақан береді;

1 мл 0, 1 пайыз атропин ерітіндісін немесе 1-2 мл 2 пайызды папаверин ерітіндісін егеді.

Іштің жоғарғы бөлігіне басында науқасты арқасына жатқызып, төменнен жоғары қарай, сосын оң қапталына жатқызып, солдан оңға қарай үгу жасайды; Сорылған сұйықтықтың сипатына қарай оливаның орналасу жерін тексеруге болады. Егер олива қарын ішінде болса, онда қышқыл және мөлдір емес сұйықтық сорылады, кейде ішек сөлінің құйылуы нәтижесінде сырғыш-жасыл өт қоспасымен сұйықтық сорылады.

Оливаның орнын анықтаудың ең тиімді әдісі рентгеноскопия болып табылады. Егер зонд қайырылып қалса, онда он ыэкран астында үгу көмегімен 10-12 см-ге тартып, оливаны қақпаға қарай бағыттайды.

Олива ұлтабарға жеткенде одан алтын-сары түсті, сілті реакциялы (ішек сөлі+ұйқы безінің бөліндісі + өт - «А» порция) мөлдір сұйықтық бөліне бастайды. Осы порцияның бірнеше пробиркасынан ең мөлдір сөлдің біреуін таңдайды.

Сосын науқасты арқасына жатқызады. Зонд арқылы ішке 40-50 мл 400 С-дейін жылытылған магний сульфатының ерітіндісін жібереді. Зондтың сыртқы ұшын 5-10 минутке қысқышпен қысады. Магний сульфатының ерітіндісі ұлтабарға және зонд ішіне өт қабындағы қаныққан өттің түсуін күшейтеді. Осы мақсатта 1-2 мл питуитрин инъекциясы қолданылады.

Өт қабының өті - «В» порциясы - қоңыр қара-қошқыл түсті болады. Ол анағұрлым тұтқырлау келеді. «В» порцияны жеке ыдысқа жинап, өлшейді. Қалыпты жағдайдағы оның мөлшері 50-60 мл болуы керек.

Зарарсыздандырылған жеке пробиркаға «В» порцияның бірнеше миллилитрін егуге алады. Біртіндеп қоңыр өттің бөлінуі тоқтайды. Қайтадан алтын-сары түсті бауырішілік өт жолдарынан және ұлтабардың басқа сөлдерінен тұратын өт қоспасы «С» порциясы бөліне бастайды. Осы порцияны алып болғаннан кейін зондты алып тастайды.

Дуоденальды зондыны қолданғаннан кейін оны шприц арқылы сумен жуады, ал кезекті қолданар алдында оны қайнатып, қайнаған суда салқындатады.

Дуоденальды сұйықтың алынған порциясын микроскопиялық зерттеуден өткізеді, өт қабының және өт жолдарының қабыну белгілерін (лейкоциттер, эпителий жасушалары) анықтауға әртүрлі бактериялар мен қарапайымдыларды (мысалы, лямблия) табуға, өттің коллоидты жағдайын (холестерин түйіршіктерінің көп мөлшері) анықтауға мүмкіндік береді.

Егер дуоденальды зондылау лямблияны табу мақсатында жүргізілсе, онда алынған порцияны жылы күйде (салқындағанда лямблия қимылын тоқтатады және микроскоппен көрінбейді) зертханаға жеткізу қажет болады. Қарын-ішек жолдарының мүшелеріне жүргізілетін бірқатар қосымша тексерулерге науқасты дайындау палата мейірбикесінің міндетіне кіреді.

Дуоденальды зондтаудың ішіндегі зондты ұлтабарға енгізу арқылы оның ішіндегі сұйықтықты алу әдісі:

Мақсаты: диагностикалық;

Қолданылатын жағдайлар: бауыр және өт жолдары аурулары

Қолдануға болмайтын жағдайлар: жедел холецистит, асқазан және 12 елі ішек ойық жара аурулары, өңештің тарылуы, өңеш веналарының варикозды кеңеюі.

Әзірле:

* сабын;

* жеке сүлгі;

* залалсыздандырылған лоток, қолғап;

* зарарсыздандырылған 1 реттік дуоденальды зонд;

* пробиркасы бар штатив;

* шприц - 200 мл;

* энтеральды тітіркендіргіш: 33 %-тік - 30-50 мл магний ссульфат ерітіндісі (немесе 10%-тік глюкоза

ерітіндісі, 10%-тік натрий хлориді ерітіндісі) ;

* қысқаш;

* жаялық;

* жылытқыш;

* валик;

* қолғап;

* пациентке арналған сүлгі;

* кір төсеніштерге арналған қап;

* пробиркасы штативке арналған орындық, понтон;

* залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс - 3 дана;

* жолдама бланкісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқазан- ішек жолдарының және билиарлық жүйенің аурулары
Асқазанжәне ұлтабар сөлін зерттеу
Сарыағаш санаториясының қызмет көрсету сапасын бағалау
Жылқы қарнының аурулары
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Бұзаудың гастроэнтерит ауруы
Асқазанның кілегей қабығының қабынуы
Ұйым қызметкерлерінің функциялары
Иттердің гастриті, емі және профилактикасы
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz