Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: «Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері ».

Алматы 2018

Жоспар:

1 . Кіріспе

2 . Негізгі бөлім

Стерилизация туралы түсінік

Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту

Асептика және антисептика жөнінде түсінік

Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау тәртібі мен түрлері

Стерилизация сапасын тексеру

ОЗБ қызметі мен мақсаты

Стерилизация өткізу кезіндегі қауіпсіздік тәртібі мен техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелері.

Стерилизаторлар және түрлері

3. Қорытынды

Қазіргі кезде денсаулық мәселесіне мән берілуде. Сондықтан да құралдарды стерилизациялау тәртібіне қатты қадағалау керек. Стерилизация жұмыстарын жүргізу үшін стерилизациялау жұмыстарын жүргізу тәртібі мен түрлерін, асептика мен антисептика ережелерін сақтауды, стерилизаторлар мен олардың түрлерін және т. б жақсы білу керек. Және стерилизация өткізу кезіндегі техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет.

Стерилизация туралы түсінік. Стерилизация - қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою. Яғни стерилизация дегеніміз - бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.

Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту. Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі. Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады. Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады: қанмен ластанған аспаптарды 0. 14% натрий ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек. Су ағымымен 0, 5 минут жақсылап шаяды. « Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады. 0, 5 минут сумен жуады. Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шаяды. Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.

Науқастың қолданылған заттары толық стерилизацияланбаса басқа адамға ауру жұқтыруы мүмкін. Дұрыс стерилизацияланбаған заттарды қолдану әртүрлі аурулардың дамуына алып келеді. Сондықтан да асептика және антисептика талаптарын орындаған жөн. Асептика дегеніміз-жарақаттанған аймаққа микроб флорасының түспеуін бақылап, алдын алатын кешенді шара. Асептикаға жатады:

1. Инструменттер стерилизациясы-2% сода ерітіндіде 30 минут бойы қайнату(басқа да ерітінді қолданылады)

2. Таңу материалдарын стерилизациялау

3. Хирургиялық қолды жуу.

Сонымен қоса тазалау, зарарсыздандыру, дезинфекция, дезинсекция, лас ауа кірместей жабу (герметизация), оңашалау (изоляция) да асептикаға кіреді.

Асептика және антисептика жөнінде түсінік. Антисептика дегеніміз - жарадағы және жалпы организмдегі микробтарды жоюға арналған емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. Антисептиканың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық түрлерін ажыратамыз. Механикалық антисептика дегеніміз - жараның біріншілік және екіншілік хирургиялық өңдеуден немесе жараны жуудан тұрады. Жараны өңдеудің түрі жарақат алудың уақытына байланысты. Микроорганизмедер жарақаттан кейінгі 6-8 сағат ішінде жара беткейінде, ал содан соң лимфа тамырлары бойымен сау ұлпаларға тарайды. Ол жараның шеттерін кесіп, қан тоқтатып, жараны антисептикалық ерітінділермен жуып, тігіс салудан тұрады. Іріңденген жараларда өліктенген ұлпаларды антисептиктермен жуады. Физикалық антисептика дегеніміз - физикалық әсер ету арқылы микроорганизмдердің дамуына қолайсыз жағдай жасау, яғни оларды өлтіру. Физикалық антисептиканың негізгі мақсаттарының бірі жарадан бөліністердің ағып кетуін қамтамасыз ету. Ол үшін марлілі салфеткалар, әртүрлі дренаждар қолданылады. Сондай ақ, физикалық антисептикада құрғату, ультрафиалет шамдарымы, кварц шамдары т. с. с қолданады. Химиялық антисептика дегеніміз - ағзадағы және жарадағы микроорганизмдерді химиялық заттармен жою. Химиялық антисептиктерді жергілікті, энтеральды және парентеральды қолдануға болады. Биологиялық антисептика дегеніміз - бұл биологиялық заттар арқылы микроорганизмдерді жою, немесе олардың өсіп өнуіне қолайсыз жағдай жасау. Кейбір биологиялық заттар микроорганизмге кері әсер етсе, басқалары организмнің оларға қарсы тұруын күшейтеді, ал үшіншілері жарақаттанған ұлпаларға әсер етіп, оларды ерітіп, жараның тазаруын жылдамдатады (сары сулар, вакциналар, витамин, ферменттер) .

Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау тәртібі мен түрлері. Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау тәртібі мен түрлері. Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.

Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады. Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:

А) Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады.

Ә) Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын-алы жақсылап өңдеуден өткізеді.

Б) Сынама қойған кезде бақыланып отырған затқа екі реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай заттарды қайта өңдеу керек болады. Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылауға тәулігіне өңделген заттардың әр түрінің 1%-ы алынады.

В) Іріңді операция немесе жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді.

Г) Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 минут қайнатады, содан соң стерильдейді.

Ғ) Шыныдан, металдан жасалған және стоматологиялық аспаптарды 120-130С-та 15 минут өңдейді.

Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.

Ауалы стерилизатор - термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі. Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.

Жоғары температурамен стерильдеудің бір түрі - бөлшектеп стерильдеу. Стерильдеудің бұл түрі 100С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өңдеуге қолданылады. Су моншасында оларды 80С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады.

Жалпы алғанда жылулық стерилизация - тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.

Сәулемен стерильдеу - гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі - арнайы гамма қондырғылардан алынатын радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады. Гамма сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда, микробтар сәулеленуге төзімді болады.

Стерильдеудің химиялық түрі- токсикалық газдарды, этилен оксидін, этилен тотығы мен бромды метильдің қоспасын және формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-сын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды. Газдармен стерильдеу арнайы камерада 18-80С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық жағдайда этилен тотығы қолданылады. Химиялық стерильдеудің алдында барлық өңделетін заттар кептірілуі керек. Бұл стерильдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға және науқасқа қауіпті болып келеді. Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына сутегі тотығы мен « Дезоксон-1 » ерітінділері жатады. Сутегі тотығы - стерильдеуге арналған химиялық зат болып табылады. Стерильдеу үшін медициналық құралдарды 180 минутқа 6 %-тік сутегі тотығының ерітіндісіне салады, ал полимерден, резинадан, шыныдан жасалған бұйымдарды 18С температурада 360 минутқа ерітіндіге салады. Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады. Дезоксон-1 - сірке қышқылындай иісі бар, суда және спиртте жақсы еритін түссіз сұйықтық. Стерильдеу үшін 1%-тік ерітіндіні сумен араластырады да дайын ерітіндіге бұйымдарды салады. Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады. Стерильделген құралдарды 3 тәуліктей сақтауға болады.

Қайнату - стерилизациялау әдісі ретінде стандартпен ескерілмеген. Бірақ үйде осы стерилизациялау әдісін қолдануға болады. Краннан алынған суды қолдануға болмайды, яғни қайнатқанда тұнбаға түсетін тұздар иненің канюлясында, поршень мен цилиндрде бөлініп шығады. Су қайнатылған немесе тұзсыз болуы керек. Стерилизациялаудың аяғына дейін шприцтің құрамындағы бөлшектердің сумен толық жабылуын қадағалау керек.

Медициналық құралдарды стерилизациялау тәртібі

1) Хирургиялық перчаткалар мен щеткаларды стерилизациялау қалай жүргізіледі?

Перчаткаларды стерилизациялау әдетте автоклавта жүргізіледі. Ол үшін перчаткаларды тексеріп, іші және сыртынан талькты сеуіп марлымен орайды. Сондай ақ перчаткаларды ыстық бу арқылы немесе қайнату арқылы стерилизациялауға болады. Ал щеткаларды алдын-ала жуып, 2-3 сағатқа дезинфекциялық ерітіндіге салады да одан кейін қайнату жолымен стерилизациялайды.

2) Хирургиялық құралдарды стерилизациялау қалай жүргізіледі?

Хирургиялық құралдарды сумен жуып, құрғағанша сүртеді. Одан кейін оларды 50 С температурадағы пергидроль салынған кір жуу ұнтағына салады. Салып болғаннан кейін тағы да сумен жуып, құрғатып сүртеді. Тек осындай өңдеуден кейін ғана 30 минут дистильді суда қайнатады немесе ыстық бу камерасында стерилизациялайды. Кесуге арналған құралдарды қайнатпайды, тек 96% - тік этил спиртінің ерітіндісіне салу арқылы стерилизациялайды.

3) Шприцтар мен инелерді стерилизациялау қалай жүргізіледі?

Шприцтар мен инелерді алдымен тазартып жуады. Содан кейін дистильденген салқын немесе жартылай жылы суға 15-20 минуттай қайнатады.

4) Оптикалық жүйесі бар құралдарды стерилизациялау қалай жүргізіледі?

Оптикалық жүйесі бар құралдарды формалин буында 48 сағаттай немесе 25-30 мл таза формалин құю арқалы стерилизациялайды.

Стерилизация сапасын тексеру. Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын тексеру жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді, инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.

Амидопириндік сынама - 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады. Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады. Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.

Азопириндік сынама - азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз. Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды. Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.

Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі. Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.

Орталық залалсыздандыру қызметі мен мақсаты. Біздің елімізде « Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және стерилизациялау тараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелері ( ОЗБ ) ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды залалсыздандырып, алдын -ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы 2 блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады. Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы керек.

Стерилизация өткізу кезіндегі қауіпсіздік тәртібі мен техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелері.

1. Бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторлармен жұмыс істеуге, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органымен белгіленген тәртіпте медициналық тексерістен өткен, бу арқылы жұмыс істейтін стерилизаторларды пайдалану туралы техникалық минимум курсын бітіріп, куәлік алған, жасы 18-ден жоғары адамдар жұмыс істеуге жіберіледі.

2. Стерилизациядан өткізетін аппаратура орналасқан әрбір бөлмеде, оны пайдалану ережелері көрнекті жерде ілінілуі тиіс.

3. Әрбір бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатордың зауыт берген паспорты болуы тиіс. Ол бу арқылы жұмыс істейтін стерилизатордың жұмысына және қауіпсіздігіне жауап беретін адамда сақталуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау мен залалсыздандырудың заманауи тәсілдері
Стерильдеудің әдістері
Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері
Стерилизациялаудың түрлері
Емдеу мекемесіндегі тазарту түрлері, тазарту жиһаздарын өңдеу. Стерилизация туралы түсінік
Биопрепараттар
Анализдейтін ерітіндіні дайындау
Тамақ өнімдерін консервілеу туралы
Ампулалардағы, флакондардағы, шприц-тюбиктердегі шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдері. Стерильдеу тәртібін бақылау. Герметикалығын тексеру
Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі. Медициналық құралдардың қауіпсіздігі және сенімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz