Көне рим мәдениеті



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1) Көне рим мәдениеті
2) Этрурия мәдениетінің гүлденген кезеңі
3) Римнің сәулет өнері
4) Қорытынды.
5) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КӨНЕ РИМ МӘДЕНИЕТІ
Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет болып саналады. Б.з.д. І мыңжылдықта Орталық және Солтүстік Италияның жерінде Этрустық мемлекет - қалалар федерациясы құрылды. Этрустардың шыққан тегімен олардың тіл құпиясы осы уақытқа дейін толық ашылған жоқ. Көптеген ғалымдардың пікірінше, олар Италияға Кіші Азиядан б.з.д. ІX-VІІІғ. келген және олардың мәдениеті Италиян топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар егіншілікті жетік меңгерген. Оған дәлел ретінде олардың жасанды суландыру жүйесіне кеңінен пайдалануы мен батпақты жерлерді құрғатып құнарлы жерге айналдыруын айтсақ та жеткілікті сияқты. Грек аңыздарында этрустардан шыққан ер жүрек теңіз қарақшылары туралы айтылады. Б.з.д. VІІІ-V1 ғғ. Этрурия ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына тарады. Этрустар салған жолдар, көпірлер және қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары дамығандығын көрсетті. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазған.
Б.з.д. VІ ғ. Этрурияның 12 ірі қаласын біріктірген одақ қалыптасты. Бұл федерацияның діни орталығы Вольсини қаласы болды. Б.з.д. VІ ғ. бастап этрустер өркениетіне Италияның оңтүстігіндегі грек отарлары арқылы эллиндік мәдениеттің ықпалы тие бастады. Олар грек алфавитін пайдаланатын болды, тіпті алтын теңгелерде грек үлгісі бойынша құйылды. Ең бастысы - ежелгі Элладаның өнері, дәлірек айтқанда театр өнері, мүсін өнері және т.б. ерекше әсер етті. Этрустардың әлем туралы, дүниенің жаратылуы туралы түсініктері вавилондықтарға өте ұқсас болды, ал мұның өзі оларға шығыс елдері мәдениетімен де жақындастыра түсті.
Б.з.д. VІІ-VІ ғ. Этрурия шеберлері Жерорта теңізінің барлық елдеріне танымал өзгеше керамика жасауды мңгерді және асыл металдарды өңдеу тәсілдерін жетік меңгерудің арқасында өте нәзік зергерлік бұйымдар жасауды жолға қойды.
Этрурия мәдениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. VІІ-V ғ. Бірақ үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарыныа саяси қуатынан айрылған Этрурияның мәдениеті де V ғ. басынан бастап құлдырай бастайды. Б.з.д. 474 ж. Оңтүстік итальян қалаларының біріккен флоты этрустарға күйрете соққы берді, сөйтіп құлиеленушілік Рим біртіндеп бүкіл Этрурияны өз қол астына бағындырып тынды. Саяси дербестіктен айрылған соң Этрус өнерінің өзіне тән ерекшеліктері кеми бастады. Алайда, Этрурия өнері Эллин мәдениетінің ықпалымен біржола жоғалып кеткен жоқ, өз кезегінде бұл ежелгі мәдениет көршілес итальян халықтарына, оның ішінде, әсіресе, римдіктерге орасан зор ықпал жасады.
Тарихи деректерге қарағада, Римдегі этрустар үстемдігі б.з.д. 510ж. аяқталды, көтеріліске шыққан халық Тарквиншілер әулетінің соңғы патшасы Гордыйды (б.з.д. 534533-510509ж.) тақтан түсірді. Этрустар қуылғанан кейін Рим республикасының кезеңі басталды. Б.з.д. 1У-111 ғасырларда Рим этрус қалаларымен қоса, бүкіл Апенин түбегін өзіне бағындырды, ал 111-1 ғасырлардағы қантөгіс соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді күйретіп, одан соң іле-шала Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі біраз мемлекеттерді жаулап алды. Бұл жайында аса көрнекті грек тарихшысы Полибий былай деп жазды: Римдіктер белгілі дүниенің бәрін дерлік өзіне бағындырып алды, сөйтіп, өз құдіретін ата-бабаларының үш ұйықтаса түсіне кірмеген, ал кейінгі ұрпақтары басып оза алмайтын шырқау биікке көтерді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Антика әлемінің мәдениенті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Антика мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Мәдениет ұғымы және оның мәні
«Антика” туралы ұғым
Антика мәдениеті жайлы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Пәндер