РУХАНИ ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОТАНШЫЛДЫҚ САНА-СЕЗІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жұман Саят Әлдібайұлы т.ғ.к.
Қазақстан Алматы
Қазір барлық елдер мен мемлекеттер жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Оның бастауы - Батыс өркениеті болып отыр. Жаһандану барысында Батыс мәдени құндылықтарының басымдық танытуы жергілікті халықтардың байырғы ұлттық сипатының жоғалуына түрткі болып келеді. Өткен ғасырдың ортасынан бастап айтыла бастаған өркениет бәсекесі қазір, шын мәнінде, ақиқатқа айналуда. Бұл бәсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, технологияда және т.б. салаларда қызу қарқынмен жүріп жатыр.
Америка құрлығы мен Еуропа елдерінің білімі, ғылымы, техникасы мен технологиясы біздер үшін өте қажет екені рас. Бұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та әр сөзінде, Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында үнемі баса көрсетіп келеді.
Дегенмен, әлемдік жаһандану дәуірінде ізгілік, кісілік, адамгершілік, имандылық, бауырмалдылық, отаншылдық, ұлтжандылық сияқты тағы басқа да ұлттық құндылықтарды сақтап қалу айтарлықтай маңызды. Ал бұлардың барлығының негізі ұлттық тәлім-тәрбиеде жатыр.
Қазақ халқының қалыптасу, даму тарихын зерттеп-зерделесек, көне дәуірден бері қазақ қоғамы өзінің дәстүрлі рухани құндылықтарын сақтап қалуға аса мән беріп келген. Оларға ешқашан да бейжай қарамаған. Ұлттық салт-дәстүрлерді жұрттың тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз ететін тұрмыс-тіршіліктік берік қағидалар ретінде ұстанған.
Алайда, басы ашық мәселенің бірі - қазіргі қазақ қоғамы әлемнің басқа елдері сияқты жаһандану үрдісінің ықпалына ұшырай бастады. Одан бас тарту да мүмкін болмай қалды. Бүкіләлемдік жаһандану үдерісі әрбір ұлт пен этносты өзіне жыл өткен сайын тартуда. Оған әрбір ұлттық мемлекет өзінің ұлттық болмысымен келуі қиындап барады. Осындай қауіпті жеңе алған мемлекеттер ғана жаһанданудың құрбанына айналмауы мүмкін екенін бүгінгі күн шындығы нақталай бастады. Сондықтан да жаһандануға өзіміздің ұлттық табиғи-тарихи бітім-болмысымызды сақтай отырып, бейімделіп баруымыз қажет екенін өмір талап етіп отыр. Біздің ойымызша, оның ең тиімді жолы - ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген отандық білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Жас ұрпаққа заманауи білім бере отырып, ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ғана біз өзіміздің ұлттық табиғи-тарихи бітім-болмысымызды, өзге жұртқа ұқсамайтын ұлттық ерекшелігімізді, ұлттық ой-санамызды, ойлау машығымыз бен дүниетанымымызды қорғап қалып, жаһандану үдерісіне бейімделе аламыз. Ұлттық тәлім-тәрбие осы бір қауіпті де қажетті, қашып құтылу мүмкін емес үрдістен бізді ұлттық мемлекет ретінде сақталып қалуымызда үлкен рөл атқаратын бірден-бір тетік. Қалай десек те, ендігі жерде жас ұрпақ, ең алдымен, ұлттық тарихи жадын, бірегей ойлау машығын, өзіндік өнері мен дүниетанымын, ана тілі мен дінін, дәстүрлі әдебиеті мен мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту қажеттілігін сезінді.
Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде жаһандану үрдісінің ықпалынан, яғни мәңгүрттіктен, ұлтсыздықтан, космополитизмнен, бас айналдырар түрлі діни ағымдардың ықпалынан, имансыздықтан, мейірімсіздіктен сақтап қалу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек. Бұл үшін не істеуіміз қажет? Біздің ойымызша, жер бетінде Қазақ мемлекеті, Қазақ елі болып қаламыз десек, ұлттық тәлім-тәрбиені бала бақшасынан бастап магистратураға дейін оқытуымыз керек. Онымен Білім және ғылым министрлігі ғана емес, атқарушы биліктің барлық ішкі саясат тармақтары, барлық бұқаралық ақпарат құралдары айналысуы тиіс. Газет-журнал беттерінде, теледидар, радио хабарларында ұлттық тәрбие мәселелері үздіксіз жарияланып отырғаны жөн.
Ұлттық мақсат-мүддеге, тәлім-тәрбиеге негізделген өнер туындыларын үздіксіз шығаратын кез келді. Мәселен, Жапонияда жас ұрпақты отаншыл азамат болып шығуға жүйелі түрде баулиды. Сондықтан да олардың жас ұрпақтары өз мемлекеті мен ұлтын кіршіксіз сүйеді, кішіні кішідей, үлкенді үлкендей сыйлайды.
Ал Американдық отаншылдықтың негізінде олардың ділдік ерекшеліктері жатыр. Оларда жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі, қарым-қабілеттілігі айрықша бағаланады. Қазір біз отансүйгіштік сана-сезім, яғни патриотизм туралы сөз қозғай қалсақ, оның АҚШ-тық үлгісін жалаулатып алға тартатынымыз жасырын емес. Себебі, олардың экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дүниежүзі елдерінің барлығынан үстем. Соған орай, осы ел азаматтарының отаншылдық сана-сезімі де басқа көптеген дамушы елдер азаматтарының отаншылдығынан әлдеқайда жоғары. Олар өздерінің жоғары деңгейде дамыған экономикалық-әлеуметтік жағдайларын аса тиімді пайдалана отырып, өздерінде бар, өзгелерде жоқ құндылықтарын асыра дәріптеп, өз азаматтарын біз дүниежүзіндегі барша ұлттардан артықпыз деген асқақ рухта оқытып-тәрбиелеп келеді. Олардың өскелең ұрпақтарының отаншылдық рухының өте жоғары болуының бір себебі де осыдан.
Болашақта біздің де жастарымыз осындай болуы үшін бізге қазақстандық жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мақсатында талмай-қажымай үздіксіз еңбек ету керек. Осы мақсатқа орай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тың бастамасымен еліміз бойынша ұлттық тәрбиенің маңызды бағыттары ретінде қолға алынып, атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар аз емес.
Дәл қазіргі уақытта еліміз тәуелсіздік алып, егемен ел болуының арқасында өз ана тілінде орта, кәсіби орта және кәсіби жоғары білім алған жастар заманауи технологияларды меңгеріп өсіп келе жатыр. Оларға отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру өз халқының тағылымдық тарихын барынша жетік оқыта-үйрете отырып білдіру арқылы да жүзеге асатыны белгілі. Сол себептен, Елбасының тікелей нұсқауымен еліміздің астанасы Ақорданың төріне сонау моңғол жерінен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк бабаларымыздың өсиет сөздері жазылған бітік тастың көшірмесі әкелініп қойылды.Осы бітік тастардағы тарихи жазбаларда жас ұрпақты ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге негіз болатын ұлағатты ой-пікірлер аса мол. Сол игілікті мұра қазіргі кезде жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беруде құнды жәдігерге айналып отыр.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген үлкен құрмет орта ғасыр жәдігерлері болып саналатын бабаларымыз Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Саиф Сараи, Құтыпжәне т.б. еңбектерінде де жеткілікті қамтылған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz