Салдық өнер
Салдық өнер
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері бүкіл халқымыздың тәрбие мен өнер саласындағы бұрынғы тағылымдық мәселелерді зерделеу басымдық рөлде болып отыр. Салдық өнердің атауын шығару қандай қиындық тудырса, серілік өнер иелеріне ғылыми сипат беру де оңай емес. Десек те, сері деген ұғым нені аңғартады дегенге жауап іздеу орынды. Ақан сері жайлы зерттеу субъектілерінде, монографияларда, ғылыми мақалаларда ой-тұжырымдар өкінішке орай, көбінесе Құлагер өлімі мен Ақтоқтыға қатысты болып келеді. А.Жұбановтың зертеулерінде Ақан Қорамсаұлының кішкентай бала кезінен зеректігімен, әр нәрсеге әуестігімен көзге түскені айтылады. А.Жұбанов Ақанның ескіше оқуынан гөрі орысша оқудан дүние тануы тереңдей түсті деген ой-пікірін білдіреді. Зерттеуші Ақанды шаруаға кем, дүние қызығын қуу жолына түскен адам ретінде танытуы кеңестік тоталитаризм ықпалы деп ойлаймыз. Сөйтіп, болашақ серінің шілдехана, алтыбақан, ойын-той қуғанын баса айтып, әдемі бойының, жақсы дауысының оған үндестікте келуіне тоқталып өткен. Әрине, А.Жұбанов өмір сүрген қоғам серілік өнеріне ғылыми пайым жасамайды. Ол туралы ойын аудитория талғамына ұсынады. Жоғарыдағы талдау - сараптау арқылы шығарар қорытындымыз: Ақан серінің ақындық өнері туралы ғылыми тұжырымдардың басым болуы; Серілік болмысының бимәлімдігі.
Серілік өнердің ауқымы қең. Ондай мәреге жетілу үшін Ақанның Құлагеріндей сәйгүлік тұлпары, жанына балаған Қараторғайдай бүркіті, Базарала секілді тазының күшігі, Көкжендет деген қаршығасы болуы керек сияқты. Біржан сал мен Ақан серіні салыстырып қарасақ, Біржанның бүркіті, аты, тазысы, қаршығасы секілді қосымшалары жоқ. Міне, осыдан шығар түйін - серілік өнер аңшылықпен, ақындықпен, сазгерлікпен өте тығыз байланысты деген қорытынды баға беруімізге мүмкіндік туады. Халқымыздың дана сөзінде Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған дегендей, серіліктің маңы толған қыздар мен жігіттер. Осындай топтала жиналған жастардың көш басшысы, ән бастар даңқтысы да Ақан. Құс салу, ит жүгірту, әсемдікке, көркем қыздарға ғашық болу, ел ішіндегі, қоғам тіршілігіндегі кикілжіңдерге көңіл бөлмей, жөнсіздікке араша түсуге ұмтылмай, өз заманындағы серілік сергелдең күйге түсірмес пе екен деп ойламай, тек қана адам болмысындағы қуатты өнер адамдар арасындағы алауыздықтан аршып, теңсіздікті аластауға дәнекер болады деп сезіну - серілік өнердің айқын нышандық белгісі.
Серілік - адам баласын бақыт дәуреніне бөлей бермейтін өнер. Көп ел аралап, нәтижесінде серілер көптеген сұлу қыздармен танысатыны айдан анық. Соның бір көрінісі - Ақан серінің Ақтоқтымен таныстығы. Бұл көрініске қатысты А.Жұбанов Ақтоқты өмірде болған дей отырып, оны Сүтемгеннің баласы Шамұқанның атастырып қойған қалыңдығы деген дерек келтіреді. Ақтоқтыға ерекше ғашық болған Ақан басқа біреуге бұйырмасын деп, оған пышақ салған деген оқиғаны өзінің зерттеу еңбегінде баян етеді. Сөйтіп, А.Жұбанов Ақтоқтыға Ақанның шығарған мына бір өлеңінен үзіндіні оқырманға ұсынады:
Ақтоқты қалғаның ба шыныңменен,
Бал бердің талай жерде тіліңменен
Басыңды сарымида кесіп алып,
Өлгенше даулассамшы құныңменен.
Серіліктің астары - ғашықтық жырлар.
Бір Ақтоқтыға бірнеше өлең - жырларын арнаған Ақан серінің жүрегінен ешқашан бір сәт ғашықтық оты сөнген емес. Аталған мәселеге байланысты А.Жұбанов Ақан серінің, Исаның желдірмесі сияқты, бірақ, мағынасы одан басқа Ақтоқтыға ғашықтық сезімін білдіретін тағы бар өлең шығарғаны жайлы келтіреді:
Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,
Басына түскен жанның көңілі сынық
Торығып сағым қуған шіркін көңіл,
Қара су енді қасірет жатқан тұнып...
Берілген өлеңнің үзіндісінен аңғаратынымыз, біріншіден, серілік өнерді меңгерген тұлғаның өз-өзін екі адам атынан сөйлеу. Бүгінгі ғылымда, психология ілімінде бұны біздер диалогтық нақыш, интериоризация деген атаумен атар едік. Қарап отырсақ, Ақан серінің тұсында да аталған ұғым кездеседі. Бұл әрине, Ақан серінің поэтикалық ақындық шеберлігінің белгісі. Бір субъектінің екі адам болып, өзінің мұңын шағуы және оны әдебиет теориясындағы ең шырынды категориямен кестелеп келтіруі ақындық пен серіліктің үндесе өрлеуі демекпіз.
Ойымызды дәйектеу үшін оған мынандай нақтылы дәлел келтіріп өтелік:
Ғашықтықты ақын ыстық күнге желі тынық деп балайды, көңілін сағым қуғанға бара-бар дейді, бұны кейіптеу дейміз. Себебі кейіптеуге жатқызуымыздың өзі көнілде тек сезім бар, ал ол сағымды қууға дәрменсіз. Сөйтіп, ақын көңілді адамның екі аяғы секілді жүгіртіп, оған сағым қуғызып қояды. Егер контексті тұтас алсақ, символ болады. Қорыта келгенде, Ақан серіні шабыт шағында ғана көрініп қалатын ақындар санатына қоса салу әділдікке жатпас еді. Осы өлеңнің жалғасында Ақан серінің торығуы мен қамығу сезімі (суггестив) басқа реңге ауысып кетеді. Міне, А.Жұбановтың бұл өлеңді Исаның желдірмесі сияқты деуіндегі мәні де осындай дауыс ырғағының басқа нотаға түсіп кетуі. Анықтап айтсақ, ырғақ ауысуының, нотаның құбылуының өзі серіліктің басты белгісі екені аңғарылады. Сөзімізді нақтылау үшін төмендегі өлең жолдарын талдап көрелік.
Аспанда ұшып жүрген тұйғын жемін,
Құладін жей алмайды көктен іліп,
Әркімнің дәреже орны басқа-басқа,
Ер жүрмес қырыны жоқ есек мініп,
Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді,
Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік.
Өлеңнің екі сыңарын тұтастырып көңілмен сараптасақ, ғашықтық сезімін аспандағы ұшып жүрген тұйғын жемімен егіздеп алады. Мұндай суретті әдебиет теориясының ұғымында психологиялық параллель дейміз. Ақан сері адамдардың заттық мүмкіндігіне қарай категорияларға ажыратпаған, себебі бұл да серіліктің нышаны болса керек. Серілік зиялылық, интеллектік іс-харакетпен түйісетін ерекше өнер екені осы өлең арқылы байқалады. Оған жарлы, бай, жаман, жақсы сияқты ұғымдарды жатқызамыз. Өлеңнің мәні ғашықтық сезім барлық адамдарға ортақ, ол адам таңдамайды дегенді - таныту. Ол - жігітшілік деген ұғым. Бұл ұғым Ақан серінің торығу тұтқынына түскен асау жүрегінің себеп-салдары. Сөйтіп, ғашықтық өрттен өзін аман алып қалудың төте жолы көңілін жігітшіліктің бір харакеті секілді өршіл оптимизммен жеңуі. Осы өлең жайлы А.Жұбанов дыбыстық ерекшелік туралы өз ойын айтып өтеді. Оның кіріспесі қысқа созымды болып, тыңдаушыларынан қолдау күткендей, ақырғы ноталары ұзақ созылыммен тынады. Серіліктің тағы бір белгісі - өлеңдерінің басқа ақындардай түзіліп, ай-күндерінің белгілі болмауы. Ақан Серінің шығармашылығын зерттеген А.Жұбанов оның ай-күндерінің белгісіз екендігіне өз ойын білдіріп өткен. Аталған Желдірме Ақан серінің торығу, қамығу, сезімге ойысуының әлі сәбилік кездері секілді. Өйткені біздерге Құлагер өлімінің Ақанды мүлдем өмірден, ортадан безіндіруге апаратыны Сағынай асынан белгілі.
Ақан серінің өмірі Ақтоқтыға өмір бойы байланып қалмайды. Ақан өзінің өмірінің аяғына дейін талай қыздарға, бойжеткен сұлуларға ғашық болып, не бір көңілге қонарлық әуезді өлеңдерді кейінгі ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырды. Құлагерге ие болғанға дейін серілік пен кәдімгі қарапайым адамдардай өмір сүру салтын қоса қабат алып жүргені зерттеу барысында белгілі болды. Қазақтың ежелгі дәстүрінде он бестен асқан адамның бойдақ жүруі өрескел болған. Міне, Ақан сері де - қазақ халқының осы дәстүрін сыйлап өткен тұлғаның бірі. Ақтоқтыға ғашықтық отын түгел сөндіре алмаса да ерік-жігер жыйып, Шомайт қожаның қызы Фатимаға үйленеді. Фатима ақылды, байсалды, көркі де бар қыз бала екендігіне А.Жұбанов мінездеме берген. Фатима Ақанға жақсы жолдас болады. Ақанның серіліктен қайрылып соғар ошағы (А.Жұбановша) осы Фатиманың адал жар болумен байланысты екені айдан-анық, Фатимадан Ақан бір ұл, екі қыз көреді. Оншақты жылдан кейін Фатима фәниден бақилыққа аттанып, Ақан тағы жалғыз қалады. Серілік өнерін еркін самғата алмаған Ақан тағы тағдырдың қатал заңынан опынып, өзіне жар іздейді. Сөйтіп, Ақан Қарауыл ішінде Балташы дегенге атастырылып қойған Тіналының қызы Ұрқияны алып қашады. Жолда Қожым елінің батыр атанып жүрген жігіті Тулақ Ақаннан Ұрқияны тартып алып, әншіні атпақ болады. Бірақ арашаға бүкіл ел түсіп, Ақан бұл сорақы оқиғадан аман қалады. Ақан сері Ұрқияны еліне алып келгенімен, ол ұзақ тұрмай, үш айдан кейін ауырып дүниеден өтеді деген деректемені А.Жұбанов зерттеу еңбегінде айқын келтірген. Бұл оқиғалардан біздің шығарар қорытындымыз, Ақан сері - барлық саналы ғұмыры серілік өнермен өтіп, оның құндылығын айқын көрсете білген, бірақ, сол серілік сезім мен азаматтық сезімнің ара-жігін үйлестіруге мән бергізбеген пенделігі қателіктерге ұрындырумен қатар, өз заманындағы үстем биліктің өнер адамына жасайтын қамқорлықтың орнына зорлық-зомбылық көрген тұлға демекпіз. Сондықтан, ол басынан өткерген оқиғаларға кезінде сезім құшағына оранып, ғашықтық сәттерінде жүрек қылын ширатар ырғақта ән мен өлең шығарып, таңдаушысына өмір ақиқатын жеткізе білген.
ХХ ғасырда сал-серіліктің түп қазығын зерделеу үрдісінде оның даму дидактикасын эстетикалық талғамда дамыту барысына сай пайдалы тұжырыммен зерделеген ғылыми еңбектің жоқтығы өткеннің бұлдырлығы дер едік. Өткенсіз болашақ та бұлдыр екенін ескеріп, өткен өмірдегі бір ғасырға жуық уақыт пен кеңістікте өнер арқылы жасөспірімдерге мектеп стандартын толықтыратын қосымша бөлім мен тәрбие беру мәселелерінің нысанасы зерттеуден тыс қалғаны бүгінде жаңалық болмаса керек. Әрине, өнер арқылы білімдендіру, тәрбиелеу үрдісі ұлттық сананы ғаламдасумен сабақтастыру тұрғысында өркениетті елдер үлгісі жоқ емес. Осы орайдақазақ халқы да ғарышты игеруде ғылыми-техникалық жетістіктерге жету жолында ілгері қадам басты. Халқымыздың мәдениет, әдебиет, өнердің басқа саласындағы құндылықтарды байыту бағытындағы ғылыми жұмыстары ғаламға танылып келеді.Алайда, сүттей ұйып отырған қазақ өзінің тарихи даму желісінде ХІХ ғасырда мәдениет саласында орыстандыру бағыты қарқындылықпен іске асып, бұрынғы мәдени ұстанымдар мен дәстүрлеріміздің түбіріне нұсқан келді. Осыған байланысты қазақ халқының бұрынғы мәдени мұраларын білімдендіру мен тәрбие құралына пайдалану мүмкіндіктері шектеліп, тұсау салынды. Ықылым заманнан бүгінгіге дейін үзіліссіз сабақтастық қағидасымен келетін сал-серілік өнермен тәрбие және білім дарыту іс-әрекеті тіршілік тынысынан мүлдем ығыстырылды. Оның көрнекті өкілдеріне қазақтың өзі, тіпті отбасыларының жандары, ағайын-туған, жұрағаттары жынданды, перінің қызымен көңілдес деген сияқты ақиқатқа сай емес пікірлер таратып, өнер иелерін бұғаулады. Оның алғашқысы - Біржан, соңғысы Ақан және Сегіз сері т.б. тұлғалы өнер тарландары. Қоғамдағы кереғар қайшылықтар, дүбара жандар өздерінің өнер пірлерін өз қолдарымен жермен жексен ететініне көңілдері марқайып, өнер мен құндылықтардың арасында дағдарысқа ұшырауы бүтіндей бір ғасыр апатын халқымыздың пешенесі мен еншісіне берді. Мұның бәрі сайып келгенде - жасөспірімдердің өнер тұғырына тәлім-тәрбие және білімдену үдерісінде дамуына кедергі болған факторлар.
Жоғарыда аталған ұлттық сананың кемелденуіне өнер арқылы ықпал жасауға кедергілер, мәдени, тарихи нысандардағы құндылықтар дағдарысынан құтқаруға қатысты жаңаша көзқарастар, бағытталған жаңа мұраттар, жаңа дүниетанымдар болуын көздеген бүгінгі ұрпақ болашақ ұрпақ алдында өздерінің жауапкершілігін түсінуде.
Педагогика, соның ішінде, қазақ халқының этномәдени тәрбие беру мен оны дамыту нысанына зерттеушілердің тарабынан көңіл қойып, оның келелі мәселелерін алға ұстанып, болашақ қамын өнер арқылы тану деген іс-әрекет жоқтың қасы, көбінесе ғылымның бұл саласы коммунистік идеологияның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz