Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы

Бүгінгі күні дәстүрлі этномәдениеттің құндылықтарын танып білу, оның даму принциптерін ұғыну адамзаттың тыныс тіршілігіндегі ең керекті тарихи құбылыстар.
Этномәдениет адамзаттың тыныс тіршілігінің мән-мағынасын, абырой-атағын, жеткен шыңын, жетер қиялын, пайымды идеалын, әр құбылыстың өзіндік бастау тарихын көрсетеді. Этномәдениеттің бүгінгі ахуалын әлемдік мәдени-рухани процестерден тысқары қарастыра алмаймыз. Қазіргі әлемдік мәдениетте оның ізгілік яғни рухани адамгершілік мазмұн позициясын зерделесек, тығырыққа тіреліп, өгейсіну мәдениеті қалыптасып отырғаны шындық. Өйткені, адам өз айнала-дүниесін ғана емес, өз-өзі яғни өз болмыс мазмұнын да жатсынып, мәдени жалған құндылықтарды шын құндылықтан ажырата алмай күн кешуде. Ал нақтырақ келсек, біздегі мәдениет, оның ішінде, әсіресе, ұлттық мәдениеттің бүгінгі жағдайы және ұлттық мәдениеттің құлдырауы туралы әңгімелердің естілуі әлеуметтік экономикалық дамуымыздың құрылымындағы өзгерістерімен және батыс мәдениеті құндылықтарына бет бұрыспен тікелей байланысты. Бұл орайда бірнеше факторды атауға болады. 1 - Батыс үлгісіндегі көпшілік мәдениет тағыны. 2 - Біздің идеологиялық тұжырымдамамыздың әлі түзілмегені. Көпшілік мәдениет тасқынын сараптаусыз қабыл алушылықтың байқалуы. Идеологиялық тұжырымдамамыздың әлі түзілмегенін ең алдымен этномәдени даму тұжырымдамамыздың жоқтығынан деу керек.
Бүгінде дүниежүзінде өрбіген саяси оқиғалар мен әлеуметтік үдерістердің күні ертең қандай нәтиже берері өркениетті елдердің назарынан тыс қалмауда. Саясатта, экономикада, мәдениет пен идеологияда жекелеген ұлттар мен халықтар, мемлекеттер арасында бейбіт қатар өмір сүру принципі сақтала ма? Әлде ол өзгеріске ұшырай ма? Дүниежүзі елдерінің бір-бірімен келешектегі қарым-қатынасы және өзара ықпалдастығы қандай өлшемдермен анықталатын болады? Міне, осы тектес сауалдарға ХХІ ғасырға қадам басқан өркениетті қоғамның интеллектуалды өкілдері ерекше көңіл бөліп келеді. Ұлы өзгерістер мен қоғамдық дағдарыстар тұсында кез-келген халық өзінің мәдениеті мен өркениетінің өркендеу барысына, оның тарихи тағдырына мән беріп ой тоғытқаны орынды, өйткені дүние жүзінде өркениеттің дамуы мен олардың өзара бәсекелесуі қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның өмірі мен тұрмысына жаңалықтың жаңа лебін әкеліп, жаңаша әлеуметтік ахуал қалыптастыруы ықтимал. Өткен тарихсыз болашақ тұл екені белгілі. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.
Бізге қажеті - жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу.
1995 жылы Ж.Наурызбай Қазақстан Республикасының Білім министрлігі оқушыларға мәдени-этникалық білім беруді жүзеге асырудың әдістемелік негізін жасау бағдарын зерделеген. Жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы, Арнаулы орта білім тұжырымдамасы, Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы т.б. бағдарламалар ғылыми негізделгенін, олардың тәжірибеде сыннан өткенін саралап өтеді. Жалпы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының ғалым-ұстаздарының қосқан ұлттық біліми-ғылыми құндылықтарын түгел қамтып, оған өзіндік тұжырым жасағаны біздердің де зерттеу еңбегімізге сүйеніш демекпіз.
Еңбегіміздегі тірек ұғым этномәдениетке Ж.Наурызбай төмендегідей тұжырым жасайды:
Мәдени-этникалық білім беру мақсатын жүзеге асыру үшін, яғни жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру үшін мемлекеттік құрылымдардан айтарлықтай күш-жігерді, оның ішінде ұйымдастыру, қаржыландыру және басқа мәселелерді қажет ететін мәдени-этникалық білім беру кеңістігін құру керек. Бұл - шексіз-шетсіз жұмыс. Бірақ, олардың ішінен мән-мағынасы мен маңызына қарай заңдарды жетілдіру, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету; кадрлар даярлау; ана тілінде оқыту; оқулық шығару; тіл қуатын арттыру және тіл мәдениетін көтеру; басқа ұлт тілдерін дамыту, шаралары нағыз көкейкесті шаралар болып табылады.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетке арнайы пайымдарды біздер Ж.Наурызбай еңбегінен кездестіре алмаймыз. Бірақ, жалпы этномәдени тәрбие беру ұғымына ғылыми негіздеме жасағаны анық. Біздер де сол негіздемеге сүйеніп, бұл мәселенің көкейкестілігінің өткір екеніне көзіміз жетті.
Тұжырымдаманың басты мақсаты - сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетінің ғылыми негізін құру.
Міндеттері - жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнын пайдалану; сыныптан тыс өтілетін іс-шаралардың мүмкіндігін ашу; тұжырымдаманың өзіндік құрылымын жасау; ондағы басымдықта қолданылатын нысандарды іріктеу.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени білім беру жалпы білім ауқымында көп нұсқалы және бейімділікті өркендетуге, гуманитарлық бағдар жасауға, олардың білім мазмұны арқылы ұлттық тәрбие мен білімді ғылыми негізде тұтас қабылдауына жол ашу. Бұл орайда сал-серілік дәстүр болашақта 10-сынып оқушыларына білім мазмұнының бір нысаны сапасында қабылданары сөзсіз. Атап айтсақ, ертеден қалыптасқан дәстүрімізде Біржан сал мен Ақан сері шығармашылығы оқулықтан орын алып келеді. Бірақ, екі тұлғаның шығармашылығы коммуникативтік өлшеммен, таптық, антогонистік пайымдама сарынымен жазылып келді. Сол себепті біздердің зерттеу еңбегіміздің ғылыми негізін құрған онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық деңгейліктер оқушыларға сал-серілік дәстүрді этномәдени тәрбие беру мазмұнында іске асыруға тірек болады. Алдымен бұл мәселені шешу үшін не көздейді? - деген сауалға жауап берген орынды.
Қазақ этнопедагогикасындағы қазақ халық философиясының рөлі зор.
Философия (дүниетаным) - адамдардың қоғамға, қоғамдағы өзінің орнына, әлемге көзқарастар жүйесі. Философияның басқа ғылымнан ерекшелігі: әлемге өзінің қатысы, өзіндік бағасы, оның нормасы мен мұраты т.б. (субъективті таным-түсінігі).
Халықтық философия - халықтық астрономияны, медицинаны, кеңістік пен уақытты қабылдауды, тыйым және сенімді, дүниетаныды қамтиды.
Халықтық философия - ұлттық сана-сезімге бағдарланған көзқарасты анықтаушы; жүйеленбеген, стихиялы түрде халықтың әлемжасаушы білімінің жиынтығы.
Қазақ халық философиясының кейбір элементтеріне тоқталайық:
- уақыт пен кеңістіктің байланысы (ұзақ, алыс-жақын);
- табиғат өзгерістерінің адамдарға әсері (жыл мезгілдеріне сипаттама);
- тыйымдық ырымдар (қоғамға, адамға, табиғатқа байланысты), үлкен адамның жолын кеспе, қазған жерді ашық тастап кетпе т.б.
- ұлттық астрономия. Ай күнтізбесі - 12 ай. Астрономиялық ырым.
- шамандық. От - тазалықтың күші. Бабалар аруағына табыну;
- жасқа жыныстық талаптар. 15-16 жастағылардың жауынгерлік парызын өтеу. Қорыта айтқанда, философия - ғылымдардағы зерттеудің әдіс-тәсілдерін жинақтаушы, этностық болмыс-бітіміне байланысты мәселелердің басын біріктіруші. Халықтың қарапайым дүниетанымының келе-келе белгілі бір ғылымның тірек көздеріне сүйену арқылы жаңаша (қоғамына қарай) тұжырым жасаудан этнопедагогика философиясы құрылған. Әлем туралы, болмыс жайлы көзқарастар жылдардан жылдарға ауысу кезеңінде іріктеліп отырады.
Мәдениэтникалық тәрбие беру кеңістігі әр қоғамда әртүрлі дамиды. Мемлекеттік білім беруге қамқорлығы мәдени мәртебенің деңгейіне қатысты жүзеге асып отырады. Оның көрінісін мынадай деректемелерден көреміз: 1) Білім беру дағдарысы (80 ж.). 2) Қазақстан Республикасындағы этноұлттық жағдаяттар. 3) 30-жылдардағы ұлттық мектептердің жойылуы. 4) Ұлттық тілді білмеушілік, 5) Жатсыну, 6) Кез келген ұлттардың өмірлік тәжірибесінің бірегейлігі. 7) Білім берудің көпмәдениеттілік тәжірибесі. 8) Эвроцентризм мәселелері.
Жіктемемен берілген 8 мәселе этномәдени тәрбиені таза күйінде жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіріп келеді.
Ұлттық тіл және этникалық мәдениет тәлімі - үйлесімді дамудың негізгі бөлімі дей отырып, этномәдени тәрбиенің мәні айқындалынуы көзделеді. Тәрбие берудің әлемдік деңгейіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар дәстүрі мен ұлттық тәлім-тәрбиенің жүйесін қалыптастыру ұдайы этномәдениетке үстемдік етеді.
Тәрбие берудің қазіргі заманға тән талабы өзге мәдениетті тану, онымен өзін байыта түсу секілді іс-әрекетпен байланысты. Мәдениеттердің өзара ұштастығы, әсері жағдайында ғана әрбір жекеленген мәдениеттердің принциптері мен ерекшеліктері айқын толыға береді. Этномәдени білім оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес, мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және ақпараттық жарақтанудың әлемдік деңгейін дәстүрлі мәдени құндылықтармен үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды бүкіләлемдік тәрбиелеу міндеттеріне ынталандыру және оларды тұлғалық мәдени тілдік қажеттілігін қанағаттандыру төмендегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады:
- барлық адамдардың теңдігі мен құқығына сый-құрмет көрсету;
- бүкіл әлем балаларымен одақтық, ынтымақтық сезімде болу;
- күш пен биліктен басқа мүдделерді көздеу;
- сұхбатқа қатысушыны ұғу мен оның қарым-қатынасқа түсе алу іскерлігі, қайшылыққа келген тұсты әміршілдікпен, зорлықпен шешпеу;
- өзінің мәдени дәстүрлерін түсінудің дағдысы, басқаларды құрметтеу, ескішіл ағымнан сақтану;
- этномәдени тәрбие - бұл білім моделі, ұлттық мәдениет пен тілінің және өзіндік этнотоптың тұрмыстық жағдайлары мен басқа халықтардың мәдениетін меңгерудің бағдарының кеңеюі.
Қорыта келгенде, этномәдени тәрбие алдымен ұлттық сипатта дамып, содан кейін 14 жастан әрі әр ұлттың, әлемдік халықтардың мәдениетін меңгеруге ұмтылдырады. 14 жасқа дейін әр ұлт өкілінің баласы өзінің ана тілінде этникалық мәдени дүниетанымын өркендетуге міндетті.
Этномәдени тәрбие берудің негізгі қағидалары халықтық педагогикамен сәйкес келеді. Десек те, халықтық педагогикада ең бастысы сабақтастық қағида екенін ескерген орынды. Әр ұлттың өзіне тән тәрбие беру негізінің қаланатыны белгілі. Олай болса, әр халықтың тәрбие беру үдерістерінің әдіснамалық негіздері және мақсаттары мен міндеттерін айқындаумен қатар, этномәдени тәрбие берудің мазмұны арқылы ізгілікке тәрбиелеудің қағидалары тәжірибенің іс-әрекетіне ендірілген. Мұнда әр тұлғаның этномәдени тәрбие алуына мүмкіндіктер туып, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуына алдымен ұлттық сипат ұялатар қағидалары төмендегі түзілімдер болып есептеледі:
1. Адамды сүю қағидасы. Әрбір жеке адамды құрметтеу, жеке психологиялық, интеллектуалдық өзіндік ерекшеліктерін, сонымен қатар, денсаулығын, жағдайын білу, оның дұрыс дамып жетілуіне қамқорлық жасау, гуманистік идея негізінде этномәдени тәрбие алу құқығын қорғау, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу адамды сүйе білу қағидасының негізіне алынады.
2. Табиғатпен үйлесімділік қағидасы. Бұл қағида адам табиғаттың бір құрамды бөлігі ретінде, оның дамуына биологиялық, психологиялық, экологиялық ықпал жасау қажетті орта болатынын көрсетеді.
3. Мәдени сәйкестілік (лайықтылық, үйлесімділік) қағидасы. Бұл қағида жеке тұлғаның дамуына арнайы біліми, мәдени ортаның болуын талап етеді. Этномәдениеттің (тіл, өнер, дін, діл, тұрмыс т.б.) бірлігін және дүниежүзілік өркениеттің ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениет жетістігінің өзара бір-біріне ықпал жасау және бірін-бірі рухани байыту мүмкіндіктерін, жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыда өзін-өзі дамытудағы ең күшті құрал екенін білдіреді.
4. Тұтастық қағидасы. Бұл жеке тұлғаның этностық болмысының әлеуметтік, адамгершілік, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігінің ұдайы дамуының бірлігімен сипатталады. Әрбір адамды өзіндік дербестілікке, өзіндік ерекшелікке бағдарлап, қоғамдағы әлеуметтік іс-әрекеттерді өзара кіріктіруді, интеграциялауды қарастырады. Осыған байланысты бүгінгі Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда білім берудің мемлекеттік және мемлекеттік емес білім берудің әр түрі құрылып, болашақ ұрпақтың барлық мүмкіндіктерін қанағаттандыру көзделеді.
5. Үзіліссіздік - ұдайы дамушылықты жүзеге асыру қағидасы. Мұнда әэтномәдени тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық жүйе үдерісінің бірізділік және сабақтастығын іске асыруы бағамдалады. Жеке тұлға өзінің интеллектуалды әлеуетінің ұдайы дамып отыратындығын қазіргі және болашақтың табыстарына сәйкес бағалай алады, қоғамдағы жеке тұлға мен мемлекеттің бір-бірімен тығыз үндестігін қамтамасыз етуге ынталы болады.
6. Ізгілікті адамгершілікті тәрбиеге шығармашылықпен қарау қағидасы. Бұл педагогикалық үдірістің гуманизациялануына ықпал жасайды. Жеке тұлғаның әрбір өмір кезеңдерін, іс-әрекетінің барысында және оның жалпы өмірінің дамуы, шығармашылық әлеуетінің деңгейіне, кәсібилігіне қарай толығып отыруы, оның жалпы қабілеттерінің өнімді нәтижеге бағдарлануына мүмкіндік туғызады.
7. Ұрпақтар сабақтастығы қағидасы. Аға ұрпақ пен болашақ ұрпақтың арасында ешқандай байланыс болмаған жағдайда әрбір жаңа ұрпақ өткен мұраны, дәстүрлерді, орын алған жетістікті білмесе, оны сақтамаса қоғамның алға дамуы мүмкін еместігі ақиқат. Осыған байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының құндылығын сақтап, болашаққа жеткізіп, жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отырады. Бұл сабақтастықта ұрпақтар бірлігінде халықтар дәстүрінің өміршеңдігі нақтыланып, жаңа ұрпаққа тәрбие беру арқылы жаңа қарым-қатынастардың өзгешеліктері айқындалып, жеке тұлғаның тұлғалық қалыптасуына негіз болады.
8. Шәкірттердің өз құрбыларымен және педагогтарымен өзара қарым-қатынастық, тұлғалық бейне қағидасы.
Соңғы ондаған жылдар ішінде педагогикалық-психологиялық зерттеулер білім беру арқылы тәрбиелеу оқушылардың жас өзгешелігін ескерумен қатар, олардың жеке тұлғалық дербес те дара ерекшеліктерін, мінездемелерін білу, есепке алынуы өте маңызды екені басты нысанада болғанын дәлелдейді.
Тұлғаның этномәдени сұранымының қоғамдағы басымдығы туралы ереже қабылдау - әр тұлғаның біліктілігін заңдастыруға басты себеп.
Қоғамдағы этномәдени келісімді қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік саясатты іске асыру басты нысанада екені ескеріледі.
Мәдениетті жаһандандыру жағдаятын құндылық ретінде тәжірибеге ендіру әр халықтың ғылыми тапқырлығына бағынысты.
Білімді мәдени үйлесімділік институты ретінде қабылдауды, ұлттың өзіне тән тұрмысын дамытуды, сақтауды жүзеге асыру әр ұлт ауқымында қарастырылады.
Көп ұлтты мәдени қондырманы тұтастық кешенде шешуге ынталы екені байқалады. Бұл ұлттық нақышты толық қамти алмайды. Сондықтан көпұлтты мәдени құндылықтар этностық дәрежеде іске асырылды.
Сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің іс-әрекетін Ж.Наурызбай ұсынған нұсқада алғанымыз дұрыс деген қорытынды шығардық:
1. Табыстаушылық (ұлттық мәдениетті өркендеу, сақтау және дамыту).
2. Даралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностық ұлттық-мәдени қажеттіліктерін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін айқындау).
3. Ынтымақтастық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын қамтамасыз ету).
Болашақ оқулық материалына өзек болар тұжырымдарды саралағанда, төмендегідей білім мазмұнының түзілімі оқулық құрастырушыларға, авторларға ұстаным ретінде қызмет атқаруға жарайды деп есептейміз.
Тұжырымның басымдық мазмұны:
1. Ақан сері
2. Біржан сал
Сыныптан тыс жұмысқа:
1. Мәди Бапиұлы - арқаның арысы. Мәди өте жас кезінен бастап көкпар тартудан, ақсүйек ойнаудан, аң аулаудан, айтыстан, палуандықтан, жіп есуден теңдесі болмаған. Арғы түбі Қаз дауысты Қазбек биден тараған атақты Алшынбайдан туған Бапиұлы. Мәди Бапиұлы - алдыңғы этномәдени дәстүрді жалғастырушы өкіл. Нақтылап айтсақ, Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Сырым шешен, Бертіс би толғамдарын, шешендік сөз маржандарын, Біржан сал мен Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Абай әндерін, Тәттімбеттің иірімі терең күйлерін жадына сіңіріп, ұлт рухы жүрегіне дарыған тұлға. Сондай-ақ, ол - кейінгі толқын ұрпаққа Алпамыс, Ер Тарғын, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңлік - Кебек, Қалқаман - Мамыр тәрізді қисса-дастандарды ауызша нақышына келтіріп айтқан жыршы.
Мәди Бапиұлының әншілік-композиторлық, импровизаторлық өнері Қоянды жәрмеңкесінде көкке өрлеп, Сарыарқа аспанын тербетіп, қалқыта, шарықтата шырқайды. Сарыарқаның сұңқарын, сайраған тотысын Атбасар түрмесіне ауыстырады. Аяғын кісендеп, қолын шынжырлап Мәдиді Атбасарға жаяу айдап апарады. Мәдидің өксік зары ішкі күйікке айналған атақты Қаракесек әні бүгінде де халық арасында кең айтылды.
Мәдидің Қаракесек, Үшқара, Мәди секілді тағдырынан мәлімет берер өлеңдері бүгінге дейін жиі айтылып, дәстүр жалғастығын тауып келеді.
Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан сері, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қобылан әнші, Шынияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сынды дүлдүлдер болған.
Сегіз серінің шын аты - Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов қазақ халқында айрықша туған дарын. Орыс, араб, парсы, түркі тілдерін жетік білген. Өзі ақын, өзі әнші, батыр, саятшы, мерген, зергер, өрімші.
Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмаштар дайындайтын Азия мектебіне түсіп, 1936 жылы поручик шеніндегі мәртебеге ие болды. Сегіз сері әнші Біржан салдың ұстазы. Сегіз сері Нияз серімен Кіші жүз еліне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz