Тереңдігі 1400м скважинадағы минералданған Апанқақ суының құрамы мен сапасын зерттеу



МАЗМҰНЫ 2

КІРІСПЕ 3

I. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Жер асты жэне минералды су көздерінің қазіргі жай-күйі 5
Судың адамзат үшін маңызы 10
Қазақстанның жер асты сулары 14

II. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 23
2.1 Анализ жүргізудің эдістемесі және құралдарды таңдау 23
Судың физика-химиялық қасиеттерін анықтау 23
Судың физикалық органолептикалық қасиеттері мен олардың анықталуы 26

Судың химиялық құрамының анықталуы 29
Зертханалық жұмыстарға қажетті аспаптардың құрылысы мен жұмыс істеу тэртібін жэне қауіпсіздендіру техникасын меңгеру 37
ФОТОЭЛЕКТРЛІК ФОТОМЕТР КФК - 3 АСПАБЫМЕН
ЖҮМЫС 43
3. Апанқақ шипалы суы тарихын, физика -химиялық құрамын
зерттеу 52
3.1. Тереңдігі 1400 м скважинадағы минералданған Апанқақ суының
құрамы мен сапасын зерттеу 60
ҚОРЫТЫНДЫЛАР 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі. Минералды сулар - түрлі ауруларға шипа
болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге
көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері
нэтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым
болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір
қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек
горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады.
Минералды сулар кендерінің типтері күрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохимиялық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық эсері бар кұраушылар (С02, H2S, AsS, т.б.) мөлшеріне қарай анықталады. Минералды сулардағы минералды қосындылардың мөлшері 2 гл-ден төмен болғанда элсіз, 2-5 гл-де аз, 5 - 15 гл-де орташа, 15-35 гл-ден жоғары болғанда минералды, 35 - 50 гл-де - түзды, 50 гл-ден астам болғанда күшті тұзды сулар болып саналады. Минералды 7-8 гл-ге дейінгілерін ішу, ал басқаларын эр мөлшерде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге пайдаланады. Температурасына қарай салқын (20°С-қа дейін), жылы (20 - 37°С), ыстық (37 - 42°С) жэне өте ыстық (42ӘС-тан жоғары) болып бөлінеді. Аниондары мен катиондарының шамасына сәйкес минералдысулар хлоридті, гидрокарбонатты, сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі,газ бенарнаулы элементтеріне қарай көмірқышқылды, сульфидті, аз отты, бромды, иодты, темірлі, күшэлалы, кремнийлі,радиоактивті (радонды болып ажыратылады. Минералды сулардың құрамындағы кальций денедегі ісіктерге карсы ем болып, жүйке жүйесін нығайтады. Хлорлы магний суы қан тамырын кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен от пен ішті тазалауға көмектеседі. Йодты сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе бауырдың қызметін жақсартады. Бромды суларорталық жүйке тамыр қызметін қалпына келтіреді. Темір қосындысы қанның гемоглобиніндегі темір жетіспеушілігін толықтырады. Гемоглобиннің артуына минералды сулардағы кобальт, никель, күшэла да пайдалы. Сондай-ақ көмірқышкылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке эл береді. Кремний кышқылды, сонымен қатар күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы жэне жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Көпшілігіне гидрогеологиялық барлау жүмыстары жүргізіліп, 70%-дан астамы (көбінесе Оңтүстік жэне Оңтүстік - Шығыс аудандарда) пайдаланылуда. Алайда, мүндай сулардың ішінде толық зерттелмегендері де бар. Сондықтан, халық жиі пайдаланып отырған бүл сулардың қүрамын зерттеу, қасиетін білу өте өзекті.
2. Зерттеу обьектісі. Жаңакорған елді мекені аумағында орналасқан
Апанқақ шипалы суы, емдік қасиеті мол минералды сулар, термалды
жер асты суы.

Зерттеу жүмыстарын жүргізу үшін қойылған мақсаттар: Емдік қасиеті бар сулардың ішінде Жаңақорған елді мекені аумағында орналасқан Апанқақ суы толық зерттелмеген, бірақ жергілікті түрғындар арасында емге пайдаланылып жүргендіктен, оның тарихы, қазіргі хал-жағдайы, химиялық қүрамы мен шипалық сырын тереңнен зерттеу мақсат етіп қойылды.
Қойылған мақсаттарға орай, бірқатар міндеттер шешілді:
Зерттеулер нэтижесінде, шипалы су көзінің көп уақыттан бері халыққа ем ретінде пайдаланылып жүргендігі көрсетілді.Емдік қасиеті бар су көзінің қазіргі ахуалы, оған арнайы орындардың назар аудару қажеттілігі көрсетілді. Химиялық анализдеу арқылы су қүрамы анықталды.
5. Әдіснамасы: Судың физикалық органолептикалық қасиеттері, Судың
химиялық күрамы, Судың рН-ы анықталды. И-160МИ иономерімен рН
анықталды. Судағы нитриттерді, аммиакты, сульфаттарды, темірді сапалық,
сандық анықтау эдістері, ерітіндідегі заттың концентрациясына фотометрлік
анықтау эдісі қолданылды.
Зерттеу жүмысының ғылыми-практикалық жаңалығы мен практикалық маңызы. Апанқақ суының емдік қасиеті туралы көп жұрт біле бермейді. Сонымен қатар, бүрынннан белгілі болған минералды бүлақтар, эсіресе, шөлді аудандарда көп кездесетіні, жергілікті халық бүларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олардың элі игерілмегені белгілі болды. Сонымен қатар, тақыр жазықтарда су тереңде кездеседі екен де, қабат аралық сулардан басқа қүмды массивтердің астында артезиан суларының мол қоры болатыны жэне зерттеу нэтижесінде тек Жаңақорған ауданының өзінде ғана Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Ақтас, Апанқақ, Түгіскен, Чемодан, Күйік, Байкенже елді мекендерінде минералды су көздері кездесетіні анықталды.
Жүмыс қүрылымының бағасы. Зерттеу жүмысы кіріспеден, эдебиеттік шолу бөлімінен, зерттеу бөлімнен, қорытындыдан жэне пайдаланылған эдебиетттер тізімінен түрады. 6 кесте, 24 иллюстрациялық материал дар келтірілген.

I. Әдебиеттік шолу

1.1 Жер асты жэне минералды су көздерінің қазіргі жай-күйі

Тірі жэне өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен қүбылыстардың адам тіршілігіне жүмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Қүрлық бетінің эр түрлі жерлеріндегі түгцы сулардың қорлары эр түрлі. Мысалы,
3 3
Аляскада 1 адамға 2 миллион м , Жаңа Зеландияда 100 мың м , бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м , ал Қазақстан Республикасы түщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жүмсалған судың жалпы мөлшері 38 км[3]-ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың түщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мүхиттардың, теңіздердің түзды сулары шаруашылықта мардымсьіз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су түщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тэулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XXI ғасырда мэдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр[1].
Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, қүрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Судың тағы бір қасиеті -жақсы еріткіш. Ac түзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы эр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бүдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм жэне иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Інгуге жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген түздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жэрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз[2].
Жер асты сулары - Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сүйық жэне газ күйінде тараған сулар. Бүл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік жэне кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша -- ащы су, минералды су жэне түщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор. Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық қүрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін жэне су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы эдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды (1.1 -сурет.)
Егер сулы қабатты бүрғылау жолымен немесе қүдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді жер асты суларының деңгейі дейді. Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.

1.1-сурет. Жер асты суының орналасуы
6
Орналасу сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына жэне жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді жэне тегеурінсіз деп атайды.
Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ, топырақ-жер жэне қыртысындағы сулар жатады.
Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен гидравликалық байланысы болмайды.
Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан, ал деңгейі түрақты немесе түрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын айтамыз[3].
Ерте заманнан бері түрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы үңғылар орнату арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады (1.2-сурет.) Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл жэне шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АКДІ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нэтижесінде, сусыз далалар қүнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бүл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.
1.2-сурет. Жер асты суын пайдалану түрлері
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі кұрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тэулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне қүяр сағасындағы су көлемімен пара-пар. Осындай табиғи байлыктың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс жэне Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте түрса да, зерттеліп, дайындалған жерасты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су жэне шаруашылық мүқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мүндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының корын пайдаланбай жатып оны пайдалану қүкын қайта қарап, бекіту керек деген сөз[4].
Судағы еріген заттардың мөлшері оның кездесетін жеріне де байланысты екен. Соған орай минералды судың ішінде ішуге жарайтыны да, жарамайтыны да бар. Ол адам ағзасына пайдалы, эр түрлі сырқаттардан айығуға жэрдемдеседі. Олар ел арасында Арасан деп аталып кеткен. Алмаарасан, Қапаларасан, Балықарасан, Арасанталды, Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан сияқты.
Мэселен біздің республикамызда 300-ден аса минералды бүлақтар зерттеліп, олардың эр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталған екен. Минералды сулар тарихына көз жіберсек, олар Қазақстан жеріне өте ертеден белгілі болған. Мысалы, Алмаарасан радоны ыстық минералды су көзі 15 гасырда Ақсақ Темір жорыктарының жазбаларында кездесетінін тарих оқулықтарынан оқыдым. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланғанын да тарихи деректерден білдім.
, Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында аты бүкіл элемге белгілі жерлер бар. Соның бірі Теріскен көлінің жанынан ашылған Жаңақорған шипажайы 1919 жылдан жүмыс істейді.
Ол жылына мындаған демалушылардың денсаулығын емдейді. Көл батпағының қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Үлы Отан соғысы жылдары бүл жаралыларды емдейтін госпиталь болса, 1954 жылдан жан сауыктыратын курорт есебінде жүмыс жасайды.
Негізінен сазбалшық буын, сүйек жэне сіңір ауруларын, шеткері нерв жэне оның ағзаларының ауруларын емдейді.
1998 жылы үлкен жөндеуден өтіп, жоғарғы деңгейдегі санаторийлер қатарына қосылды. Қазіргі танда санаторий көршілес Ресей мемлекеттерінен емделушілерді қабылдауда.
Республикамыздың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетінде шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлактары кездеседі. Мүндай минералды сулар, термалды жер асты суы Қызылқүмның солтүстік бөліктерінен де шығатыны белгілі. Мүндай ыссы сулар өнеркэсіпте, үйлерде жылыжайда, фермаларда, моншаларды жылытуға пайдаланады екен. Бірақ оны қолға алуға мүмкіндіктер аз.
Бұрынннан белгілі болған минералды булақтар, эсіресе, шөлді аудандарда көп кездесетінін аңғаруға болады. Жергілікті халық бүларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олардың элі көпшілігі игерілмеген.
Тақыр жазықтарда су тереңде кездеседі екен де, қабат аралық сулардан басқа күмды массивтердің астында артезиан суларының мол қоры болады екен.
Артезиан алабы - бір немесе бірнеше арынды су қабаттары бар аумақты,
біртұтас геология лық қү-рылым. Сулы қабаттар көбінесе көлбеу
орналасқан синклиналь пішінде болады жэне олар өзара су өткізбейтін
қабаттар арқылы бөлінген. Артезиан алабы бір-біріне жалғас үш бөліктен (су
жиналу, арын жэне арылу аймақтарынан) күралады. Ең биік орналасқан су
жиналу аймағы таулы, қыратты аудандарды алып жатады да, сулы қабаттары
жер бетіне біршама таяу келеді. Бүл жауын-шашын,өзен-көл суларының
жерге сіңіп, Артезиан алабының су қорын толтыруға қолайлы жағдай
туғызады. Арын аймағында сулы қабаттар тереңдеген сайын қысым арта
түседі. Мүндай жерден артезиан суы бүрғыланған үңғыма арқылы жер бетіне
атқылап шығады. Арылу аймағында арынды су
қайнар бүлақ түрінде жер бетіне шығады. Артезиан алабы тектоник., стратиграф. жэне литол. ерекшеліктері бойынша платформалардың Артезиан алабы жэне қатпарлы өңірлердің Артезиан алабы болып жіктеледі. Ірі Артезиан алабы өзін қүрайтын екінші ретті субартезиандық алаптарға бөлінеді. Платформалардың Артезиан алабы кең аумақтағы ірі тектоник. ойыстарда орналасады. Дүние жүзіндегі ең үлкен Батыс Сібір Артезиан алабының аумағы 3,0 млн. км[2]. Оның бір шеті Қазақстанның аумағына енеді. Республиканың батысындағы Каспий маңы, оңтүстігіндегі Қызылкүм Артезиан алабы да платформалық түрге жатады. Қатпарлы өңірлердің Артезиан алабы тау бөктерлері мен тауаралық ойыстарға орналасады. Олардың аудандары алдыңғылармен салыстырғанда бір дэреже төмендеу (бірнеше мыңнан жүздеген мың км[2]-ге дейін) келеді (мыс, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының таулы жоталарының арасында Текес, Кеген - Қарқара, Жалаңаш, Сөгеті, Басшы - Қоңырөлең, т.б. шағын Артезиан алабы бар).Артезиан алабының суы хим. қүрамы жэне темп-расы бойынша эр алуан болып келеді. Ол калалар мен а. ш-ның мүқтаждықтары үшін кеңінен пайдаланылады.
Мүндай суларды зерттеу нэтижесінде, жерасты, соның ішінде емдік қасиеті бар су Жаңақорған ауданының оңтүстігіндегі Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Ақтас, Апанқақ, Түгіскен, Қызылқүмның ішінде Чемодан, Күйік, Байкенже елді мекендерінде кездесетіні анықталды.
Бүл жерлердегі шығып жатқан 66-70 жылдары қазылған артезиандардан шығып жатқан 65° -35° С аралығындағы түщы минералды, шипалы сулар біздің ауданнан шығып жатқан алтын мен ураннан да бағалы қазба байлықтар деп айтуға бол ад ы.
Аудан көлеміндегі осындай скважиналардан секундына 1 м\3 шипалы су босқа ағып жатқаны бэрімізді ойға қалдыратыны сөзсіз.
Байтақ елімізде аты ел-жүртқа етене таныс, естігенде елең ете қалатын, көнекөз қариялардан көптеген аңыз-эфсана тыңдап өскен Қызылқүм, Мойынқүм, Мырзашөл, Бетпакдала, Қарақүм сынды көптеген шөлді аймақтар бар. Азияның төрінде қоныс тепкен Қызылқұм шөлі жайында елдің арасында қызықты эңгімелер жиі айтылады.
Қызылқүм Орталық Азияның қақ ортасында жатыр. Негізінен, Қазакстан мен Өзбекстан аумағын алатын шөлдің бір бөлігі Түрікменстан жерін де қамтиды. Біздің елімізде оның басым бөлігі Қызылорда облысымен шектеседі. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандары Қызылкүм шөлімен жағалай орын тепкен. Қысқасы, Қызылқүм шөлі қазақ жерінің басым бөлігінде жатыр.
Өткен ғасырдың ортасына дейін аталмыш шөлді аймаққа онша түрен тие қоймаған еді. Саясатты желеу еткен жүрт тың жерлерді игеруге білек сыбана кірісті. Қызылдың қүмында талай қоныс бой көтерді. Иен жатқан боз дала торт түліктің өрісіне айналды. Қыруар шаруа атқарылды. Артезиан құдықтары қазылды. Қызылқұм шөлді аймаққа қоныс тепкенмен, оның жерасты су қоры мол екенін айтады мамандар. Өйткені сол бір жылдарда ар - тезиан қүдығын қазған мамандар эрбір ауылға сапалы ауызсу жеткізу киынға түсе қоймағанын тілге тиек етеді. Тағы бір елең еткізерлік жағдай, сол қазылған артезиан күдықтарынан негізінен ыстық сулар атқылап шығыпты. Осындай жерлер Қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан бастап соңғы нүктесіне дейін жиі кездеседі екен. Оның сыры неде екенін әлі ешкім біле алмай жүр. Облыстық басылымда үзақ жылдар бойы қызмет жасаған Ақберген Ержан ағамыз бірде Мен сол тақырыпты көп зерттедім. Мамандармен сөйлестім. Әдетте жер астынан шыққан су мүздай болады емес пе? Ал олар қол күйіп қалардай ыстық болады. Неге бұлай екеніне ешкім нақты жауап қайтара алмады, - дейді ол кісі. Жүрттың айтуынша, аталған ыстық судың адам денсаулыгына шипасы өте мол көрінеді. Соган түсіп, дертіне шипа тапқан адамдар да бар. Осыған байланысты жердің астынан буы бүрқырап шыгып жатқан суды шалгай өңірлерден іздеп келетіндер көп-ақ [5].

1.2 Судың адамзат үшін маңызы

Су қадірлі, қасиетті зат. Қазақ халқымыз судың да сүрауы бар, су иесі Сүлеймен дейді. Бүл, суды қадірлей білу керек, күтіп баптау керек, орынсыз қолданбау керек деген сөз. Қазақ халқымыз суды аса қадірлеген. Су адам үшін соншалықты маңызга ие, ол тек ішу үшін ғана емес, күнделікті өмірде өндірісте, зауыт-фабрикларда, техникада, мал шаруашылығында, тамақ өнеркэсібінде жиі қолданады. Су, адамдарға, жануарларға жэне өсімдіктерге кажет тамақ өнімдері күрамында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалға, шырынның жеміс-жидектердің, бау-бақша өнімдерінде. Өзімізге қажет деген суды сұйық күйінен басқа, кез -келген тамақ өнімдері арқылы да қабылдаймыз. Табиғаттағы ең күшті еріткіш -су. Еріткіш дегеніміз ол, кез-келген заттпен оңай араласып кететін затты айтамыз. Суда көптеген заттар белгілі бір мөлшерде ериді. Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындай алмаймыз.Яғни сусыз бірде-бір тірі организмдер өмір сүре алмайды. Адам денесінің 65% қүрайды. Ал өсімдіктер бойында болатын су мөлшері бүдан да көп болады. Мысалы қарбызың 90% су қүрайды. Күнбағыс бір жазда 40 литр су сіңіреді. Адам денесіндегі су еркін түрде қан құрамында жүреді.
Егер де адам қатты шөлде суды ішкісі келеді, бүл дегеніміз адам суды эрдайым қажеттендіреді деген сөз. Су адам бойыңа оңай сіңіп, оңай шығады, яғни адам бойында су арқылы зат айналымы жүреді. Адам бойындағы су , жұмыс істегенде, жүгіргенде тер болып сыртқа шығады, осылай су еркін адам боында да саяхат жасай алады екен. Ересек адам күнделікті 2-3 литр суды ішеді екен. Адам үлкейген сайын суды көп қажеттендіреді. Су тіршілік көзі. Уақыт өтен сайын адам баласына түщы су көздерін меңеру қиынға түсуде, өйткені түщы су көздері қүрлық бетінде аз мөлшерде орналасқан, түщы су көздері көбінесе жер бетінен терең жерде орналасқан. Ал ең көп түщы су көздері жердің басқа бір қиыр шетінде орналасқан. Ол мекен суық, әрңі аязды болып келеді. Ол Антарктида материгі мен Солтүстік мүзды мүхиты. Осы аталған алқаптарда жер бетіндегі түщы судың көп бөлігі бар, ол жақта адамдар өмір сүрмейді , тек ғылыми жүмыстар жүргізеді. Адамға ол жақ өмір сүруге қолайсыз.Ол жақтарда пингвин деп аталатын ұшпайтын қүс мекен етеді. Пингвин суыққа төзімді, суықты сүйгіш қүс, өкінішке орай ол үша алмайды. Адамзат баласы қазіргі таңда осы суық аймақтардағы суды алу үшін көптеген жүмыстар жасауда. Олар әр түрлі жолдар арқылы іске асады. Жер бетінде су эр тірі жанга өте қажет, агаштар, өсімдіктер тіпті топырақтың өзінде де су болады. Суды адам эр түрлі жагдайда, эр түрлі салада қолданады. Бізге үнайтын шырындар мен эр түрлі тамақ өнімдері де судан түрады. Адам өмір сүру үшін тыныс алады, су ішеді. Адам тыныс алатын ауа таза болу үшін айналамыздагы ағаштарды күтіп баптаумыз керек, ал ағаштар суды көп қажеттендіреді, ал ағаштар таза ауаны шығарады. Жерге ең жақын су көзі ол қүдық. Жер бетінен томен қарай орташа есеппен алғанда 7-8 метр қазсақ су шығады, ал кейбір жерлерде су көздері фонтан тэрізді атқылап шығады, ол ысты сулар. Ондай ыстық сулар таулы аймақтарда жиі кездеседі. Ал кей жерлерде жерде су көзі бүлақ болып ағып шығады. Әдетте көптеген бүлақтар табиғи жолмен пайда болып, адам ағзасына пайдалы заттарға бай болып келеді, ондай суларды миерал сулар деп атайды. Біз қай жерде болсақ та, эртүрлі елдерде өмір сүрсек те адам үшін су ешқашанда маңызын жоймайды, су тіршілік бастауы болғандықтан , су тірі жандар үшін эрқашанда керек. Адам өмірі су сияқты ағады, бір орында түрмайды,өйткені адам жэне су бір-бірімен байланысты. Су эрқашанда үлкен маңызға ие[6].
Ауызсу сапасыздығы мен су тапшылығы үлт болашағына төнген қатер. Елімізде жерасты суларының мол көлемі болса да, ауызсумен қамтылмаған елді мекендер республика өлкелерінде элі де баршылық. Күнделікті тұрмыстағы қолданысқа жарамды сулардың тұтыну көлемі де жыл сайын көбеюде, сондықтан ауызсу проблемасы үлкен түйткілге айналып келеді. Тіршілік көзі -- су десек те, судан ауру тауып жатқандар саны аз емес. Елімізде суға қатысты қиындықтар ерте кезде-ақ туындаған. Оны шешудің сан түрлі жолдары да үнемі үсынылып келеді.
XXI ғасыр -- ауызсу ғасыры деп те аталады. Жер бетінде судың мөлшері өте көп, бірақ ауызсу проблемасының асқындап түрғаны тағы бар. БYenYen-да бүған соңғы кездері ерекше назар аударып отыр. 7 миллиардқа жақындаған адамзат су тапшылығынан орны толмас шығынға үшырайды дейді.
БYenYen қазір ауызсу тапшылығы проблемасын бүкілэлемдік деңгейде
дүрыс көтеріп отыр. Үйымның суға қатысты алаңдаушылықтары мен
басауыртуларының орынды екенін жэне дереу іске кірісу қажеттігін кез
келген адам сезінуі тиіс. Жер бетінде XXI ғасырдың басты стратегиялық
ресурсы мүнай емес, су болатыны бағзыдан белгілі жайт. Өкінішке қарай
эзірге ешкімнің оны мойындағысы жоқ. Судың түрақты жетіспеушілігі
элемдік мүз еру қаупі мен жылынудан да ауқымды проблема боп түр.
Қазірдің өзінде су тапшылығы бірқатар елдерді кедейлік пен жоқшылыққа,
сондай-ақ саяси түрақсыздыққа экелуде. БYenҮ-ның мэліметтері бойынша,
бүгінде жер бетіндегі 1,2 миллиард адамның таза ауызсуға қолы жетпей, аса
қиын күн кешуде. Ал 2,5 миллиард адам антисанитарлық жағдайда өмір
сүруде. Сонымен қатар Жер шарында жыл сайын 5 миллионға жуық адам
судан келетін кесапаттардан көз жүмады екен. Бүл дегеніңіз, жер бетінде
болып жатқан барлық соғыстардың қүрбандарынан 10 есеге асып түседі
деген сөз. Ауызсу тапшылығы этникалық, тіптен халықаралық қақтығыстарға
түрткі болуы ықтимал. Бүған мысал ретінде Қазақстанды атауға болады,
ауызсу саясаты еларалық қақтығыстарды өршітудің аз-ақ алдында түр.
Елімізге көршілес Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, тіпті Ресеймен де жағдай
суға бола қиындап барады. Мэселен, үлан-байтақ территориядағы суы мол
күретамыр Іле, Ертіс, Шу, Талас, Сырдария, Орал өзендері бастауын
жоғарыда аталған елдердің асуларына н алады.
Қазақстандағы таза ауызсу проблемасы қатты байқалады. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуде туындаған қиындықтарды санамалап шығу да оңай емес. Тіптен ауызсуға жарамайтын лас суларды пайдаланып отырған, сондай-ақ су тартылмаған аймақтар бар. Бүл жерлерде жерасты жэне жерүсті сулары жақсы таралмаған, ал ауызсуға жарайтын жерүсті су объектілері шектен тыс ластанған. Жерүсті түщы өзен-көл суларымен ең нашар қамтамасыз етілген біздің еліміз, ТМД елдерінің ішінде соңғы орында түр. Бүған себеп, ластанған су объектілері жэне жерүсті суларының аздығы. Жерүсті суларымен қамтамасыз етудің жылдық үлес салмағы 1 шаршы шақырымға 10,7 мың мЗ жэне бір адамға 1,98 мың м[3].
Іле, Ертіс, Сырдария, шу, Талас, Орал өзендері транзиттік болып табылады. Жерүсті сулары ресурсының көпжылдық орташа мөлшері жылына 100,5 шақырым текше, ал транзиттік ағын мөлшері жылына 43,93 шақырым текшені қүрайды. Осылайша жерүсті су ресурстарының негізгі бассейні транзиттік өзендердің еншісінде.
Әрине, жерүсті суларының тапшылығы жағдайында жерасты суларының маңызы зор. Жерасты су ресурстарының минерализацияланған 10 гл көлемі орта болжаммен тэулігіне 176105 мың мЗ, ал ішуге жарамды тұщы су Ігл минерализациямен тәулігіне 110789 мың мЗ, яғни 63 пайызын құрайды. Қазақстандағы жерасты сулары біркелкі орналаспаған. Жерасты суларының ең үлкен көлемі (59 пайыз) еліміздің оңтүстік өңірлеріне шоғырланған. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл жэне Қызылорда облыстарында ауызсу мөлшері жеткілікті деп айтуға болады жэне құрамы таза болып келеді. Шығыс Қазақстанда -- 14 пайыз, Орталық Қазақстан, яғни Ақмола, Қарағанды облыстарында -- 19 пайыз, Солтүстік өңірлерде: Қостанай, Солтүстік Қазақстан жэне Павлодар облыстарына -- 1,2 пайыз, Батыс Қазақстан: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау жэне Батыс Қазақстан облыстарына -- 6 пайыздан келеді. Ішуге жарамды жерасты түщы суларының тапшылығы Атырау, Солтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай жэне Ақмола облыстарында қатты байқалады.
2009 жылы Қазақстанда эртүрлі мақсаттарда пайдаланылатын 1282 жерасты сулары ошақтары зерттелді. Пайдалану үшін барлау жасалған су қорларының көлемі 42306 мың мЗтэулікті немесе болжанған жерасты суларының 24 пайызын құрайды. Пайдалану үшін барлау жасалған қорлардың түрлі мақсатта қолданылатынын айтқан болатынбыз, соларды тізбектей кетсек: түрмыстық-ішуге жарамды сумен қамтамасыз ету, өндірістік-техникалық сумен жарақтау, егістік жерлерді суару, бальнеологиялық мақсаттарда пайдаланылады. Барлық зерттелген жерасты су қорларының 88 пайызын түщы су көздері құрайды. Бүл дегеніңіз, Қазақстан аумағындағы ішуге жарамды су қорларының барлығы зерттелгендігін білдіреді. Яғни, ауызсумен жарақтау мүмкіндігі өте жоғары. Барланған жерасты су ресурстарының басым бөлігі жердің қабатты жэне топырақты, су түтқыш бөліктерінде жиі кездеседі. Атап айтсақ, ағынды сулардың гидрогеологиялық бассейндерінде, жаңа өзен арналары жазықтықтарында сақталған. Ал шөл жэне шөлейт аудандардағы, сондай-ақ тектоникалық бұзылу болған аймақтарда жерасты сулары аз зерттелген[7].
Республикадағы ішуге жарамды суларымыз жетерлік. Түрмыстық ауызсу қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жерасты суларының 802 бастауы анықталған. Десе де бүл сулардың ішінде де ішуге жарамды болғанмен, сапасы нашарлары да бар. Мэселен, Алматы облысы дүниежүзіндегі ең бір таза түщы суы бар*аймақ болып табылады. Дэл сол сияқты жерасты суы мол Оңтүстік Қазақстан облысында да қүрамы мен сапасы жоғары су бар. Ал

Астана, Актау калаларьшда а\"ызсудын сапасы үлкен проблемаға яйнялып отырғаны баршаға аян. Мэселен. Павлодар облысындагы Ертіс өзенінін он жағалауы жэне Онтүстік-Балкаш жазығыньш онтүстік бөлігінле ішуге жарамды жерасты су корлары бар. Міне, осы су ресурсын Астанаға су кұбырларымен жіберуге болады.
Жалггы республиканың барлык калаларының сумен қамтылуьшың 80 пайызы жерасты суларының үлесіне тиесілі. Сондыктан халыкты таза ауызсумен камтамасыз етуді әлеуметтік жауапкершілік деп түсінген абзал. Жерасты сулары інгуге жарамдылық сапасы жағынан жерүсті суларынан басымдылығы жоғары. Жерасты суларының сапасы жоғары, қүрамы таза жэне булану мен ластанудан жақсы сақталған.
Қазакстанда судан тапшылық көріп отырған елді мекендерге, эсіресе ауылды жерлерді сумен қамту бағдарламасы эзірленіп жатыр. Жуырда ғана ҚР Үкіметі сумен қамту жэне алыс аймақтардағы су беру жүмыстарын жақсартуға қаражат бөлді. Сондықтан алдағы 2-3 жылдың ішінде еліміздегі ауызсу проблемасы тегістей шешіледі деп айтуға негіз бар.
Еліміздің аумағындағы 67 минералды су ошақтары барлау жүмыстары негізінде анықталды. Осынау минералды сулардың ошақтарын ашу барысында бүгінде елімізде түрлі емдік сауықтыру орындары мен санаторийлер жүмыс істеуде. Ел аумағында минералды су шоғырланған бірқатар ошақтарды игеру алдағы күндердің еншісінде. Бүгінде 1500-ге жуық зерттелмеген минералды су бастаулары бар. Республикада термалды су көздері кең таралған, жылуэнергетикалық жерасты сулары артезиан бассейндеріне жинақталған. Осыдан біраз бүрын Үкімет басшысы ауызсу мэселесі бойынша жан-жақты зерделенген үсыныстар жасауды тапсырған еді. "Кеңес барысында айтылған нэтижелер бойынша, сіздердің ғылыми қолдауларыңызды суға қатысты мәселелерді шешуде көргім келеді. Таза ауызсу, жер асты сулары, сумен қамтасыз ету шаралары алдағы айларда менің жүмысымда да басты басымдық болады. Осыған байланысты бірқатар кеңестер өткіземін. Атап айтқанда, маңызды шешімдер қабылданатын болады. Сондықтан осы түрғыда ғылым тарапынан тиісті қолдау маған өте қажет", - деген еді Үкімет басшысы. Өкінішке қарай, жерасты сулар шикізат ретінде жиі қолданылмайды. Негізінен мүндай қолданыстың болашағы жоғары, эсіресе осындай аумақтары көп Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат ретінде қолдану мүмкіндігі бар [8].

1.3 Қазақстанның жер асты сулары

Қазақстан Республикасында жер асты суларының еэдуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд мЗжыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр түщы жэне түздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте эркелкі болып бөлінген. Бүл
14
Астана, Ақтау қалаларында ауызсудың сапасы үлкен проблемаға айналып отырғаны баршаға аян. Мэселен, Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің оң жағалауы жэне Оңтүстік-Балқаш жазығының оңтүстік бөлігінде ішуге жарамды жерасты су қорлары бар. Міне, осы су ресурсын Астанаға су құбырларымен жіберуге болады.
Жалпы республиканың барлық қалаларының сумен қамтылуының 80 пайызы жерасты суларының үлесіне тиесілі. Сондықтан халықты таза ауызсумен қамтамасыз етуді әлеуметтік жауапкершілік деп түсінген абзал. Жерасты сулары ішуге жарамдылық сапасы жағынан жерүсті суларынан басымдылығы жоғары. Жерасты суларының сапасы жоғары, қүрамы таза жэне булану мен ластанудан жақсы сақталған.
Қазақстанда судан тапшылық көріп отырған елді мекендерге, эсіресе ауылды жерлерді сумен қамту бағдарламасы эзірленіп жатыр. Жуырда ғана ҚР Үкіметі сумен қамту жэне алыс аймақтардағы су беру жүмыстарын жақсартуға қаражат бөлді. Сондықтан алдағы 2-3 жылдың ішінде еліміздегі -ауызсу проблемасы тегістей шешіледі деп айтуға негіз бар.
Еліміздің аумағындағы 67 минералды су ошақтары барлау жүмыстары негізінде анықталды. Осынау минералды сулардың ошақтарын ашу барысында бүгінде елімізде түрлі емдік сауықтыру орындары мен санаторийлер жүмыс істеуде. Ел аумағында минералды су шоғырланған бірқатар ошақтарды игеру алдағы күндердің еншісінде. Бүгінде 1500-ге жуық зерттелмеген минералды су бастаулары бар. Республикада термалды су көздері кең таралған, жылуэнергетикалық жерасты сулары артезиан бассейндеріне жинақталған. Осыдан біраз бүрын Үкімет басшысы ауызсу мэселесі бойынша жан-жақты зерделенген үсыныстар жасауды тапсырған еді. "Кеңес барысында айтылған нэтижелер бойынша, сіздердің ғылыми қолдауларыңызды суға қатысты мэселелерді шешуде көргім келеді. Таза ауызсу, жер асты сулары, сумен қамтасыз ету шаралары алдағы айларда менің жүмысымда да басты басымдық болады. Осыған байланысты бірқатар кеңестер өткіземін. Атап айтқанда, маңызды шешімдер қабылданатын болады. Сондықтан осы түрғыда ғылым тарапынан тиісті қолдау маған өте қажет", - деген еді Үкімет басшысы. Өкінішке қарай, жерасты сулар шикізат ретінде жиі қолданылмайды. Негізінен мүндай қолданыстың болашағы жоғары, эсіресе осындай аумақтары көп Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат ретінде қолдану мүмкіндігі бар [8].

1.3 Қазақстанның жер асты сулары

Қазақстан Республикасында жер асты суларының еэдуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд мЗжыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр түщы жэне түздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте эркелкі болып бөлінген. Бұл
14 қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік жэне батыс аймақтарында.
Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71
телім (58%) пайдаланылады.1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан
алынған 1,5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су
қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға
3,7 жэне жайылымдарды суландыруға 7 ,3 %-ы
пайдаланылды. Түщы жэне түздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі [9].
Алмаарасан минералды суы - Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы жер асты суы.
Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан. Қүрамы мен
емдік қасиеті бойынша кремнийлі-термальды суларға
жатады. Диоритжыныстарындағы жарықшалардан шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м[3]. Суда күкіртті сутек иісі бар, бүлақтарының ернеуісульфат-бактериялардың қардай ақ түсті колонияларымен көмкерілген. Бүл төңіректе 1951 - 53 жылдары 5 үңғыма бұрғыланған, олардан тэулігіне 520 - 525 м[3] су өздігінен атқылап шығады. Судың температурасы 33 -38°С, минералды 0,3 гл, химиялық қүрамы сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі, оның кремний диоксиді (40 - 75 мгл), фтор (3,6 -6 мгл), күкіртті сутек (0,58 мгл), радон (9 - 13 эман) тэрізді биологиялық активті қүраушылары бар. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан Алмаарасан санаторийі жүмыс істейді.
Атасу минералды суы - Қарағанды облысы Атасу темір жол
станциясынан солтүстікке карай 50 км жерде орналасқан шипалы жер
асты су көзі. Сулы кабат 80 м-ден томен тереңдіктегі девон кезеңінің
жарықшақтанған қүмтастарынан түзілген. Үңғымадан шығатын судың
тәуліктік мөлш. 200 мЗ-ден астам. Судың минералдылығы 3,7 гл,
олхлоридті-сульфатты натрийлі түрге жатады.
Қүрамында стронций, бром, фтор, т.б. элементтер болғандықтан, бүл минералды су асқазан, ішек, бауыр ауруларын емдеуге шипалы. Атасу минералды суы жергілікті тау-кен кэсіпорындарының емдеу-сауықтыру мекемелерінде пайдаланылады.
Аяққалқан минералды суы - Іле өзенінің сол жағалауындағы палеоген, неоген қүмды қабаттарындағы тектоник. жарылымдардан бүрғыланған үңғымалар арқылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек а-нан солт.-батыска карай 45 км жерде, Іле өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1956 ж. бүл жерде аудандық санаторий ашылды. 1960 - 70 ж. суы шипалы сусын ретінде "Алматы минералды суы" деген атпен сатуға шығарылды. Суының температурасы 29°С, қүрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералдылығы 4,5 гл. Асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын жэне эйел ауруларын емдеуге пайдаланылды. 1970 жылдан кейін минералды су шыгып тұрған ұңғымалар, бүлақтарҚапшағай бөгенінің астында қалып, Аяққалқан курорты жабылды. Кейін 1989 - 91 ж. Қапшағай бөгенінің шығыс жағалауында жүргізілген гидрогеол. барлаудың нәтижесінде антропоген кү-мды қабаттарынан, бүл минералды судың жаңа көздері табылды. Үңғымалардан атқылаған судың мөлш. тэулігіне 8-20 мың м[3]-ге жетеді.
Ақсай минералды суы - Алматы қаласынан батысқа қарай 13 км жерде, Төменгі Каменка ауданы маңында орналасқан шипалы жер асты суы. Ол 1900 - 2600 м тереңдіктегі палеогенжэне неоген сулы қабаттарында таралған. Ақсай минералды суының химиялық кұрамы хлорлы натрийлі-кальцийлі келеді. Суы арынды. Нөмірі 5-Т үңғымасынан атқылап шығатын судың секундтық мөлшері 11 л, температурасы 55,5°С, минералды 6,1 гл. Суының құрамында бром (12,5 мгл), фтор (2,9 мгл), йод (1,34 мгл) жэне кремний қышқылы (52 мгл) бар. Суында еріген газ негізінен азоттан (80,5 - 84,0%) түрады. Ақсай минералды суы Алматы қаласының төңірегінде орналасқан санаторийлер мен профилакторийлерде, ауруханаларда қол-аяқбуындарын, асқазан-ішек, жүйке, гинекология ауруларын емдеуде қолданылады.
Горельник минералды суы - Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі минералды бүлақтар. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде орналасқан. Минералды судың жылылығы 20 - 22°С, бүлақтардың тәуліктік су шығымы 1,5 м[3]-ден 17,3 мЗ-ге дейін. Гидрокарбонатты сульфатты-натрийлі түщы судың минералд. 0,12 - 0,14 гл. Су қүрамында радон (25 - 27 эман),кремний қышқылы (20 - 36 мгл) бар. Тереңд. 250 м ұңғымадан тәулігіне 800 мЗ-ге дейін шапшымалы жылы су (27°С) алынады.
Горельник минералды суы -- Іле Алатауының солтүстік беткейіңдегі минералды бүлақтар. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 18 км қашықтықта орналасқан. Минералды судың жылылығы 20-22° С; бүлақтардың тэуліктік су өнімі 1,5 мЗ-ден 17,3 мЗ-ге дейін. Гидрокарбонатты сулыратты-натрийлі түщы судың минералдар 0,120,14 гл. Су күрамында радон (25-27 эман), кремний қышқылы (20-36 мгл) бар. Тереңдігі 250 м үңғымадан тэулігіне 800 мЗ-ге дейін шапшымалы жыны су (27°С)алынады.
Ералиев минералды суы (Ералиевские минеральные воды) -- Маңғыстау облысы, Ералиев кентінен үңғыма бүрғылау кезінде 1961 жылы табылған. Температурасы 69,7°С , тэулігіне 1235 м[3] арынды су шығатын бүл шипалы қор 966 -- 1031 м аралығында жоғары-орта алып жікқабатында жиналғаң. Ералиев минералды суы ем үшін іпгуге де, ваннаға шомылу үшін де 1972 жылдан бері пайдалануда. Қүрамы сульфатты-хлорлы-натрийлі, аздап сілтілі, шамалы сульфидті, минералдылығы -- 8,1 -- 8,8 гл. Иондар мөлшері (гл):С -- 1,0-3,2; 502-4 -- 1,8 -- 2,1; СоО,09-0,1; ОН -- 2,9 -- 3,0. Емдік белсенді жэне органикалық заттар мөлшері (мгл): -- 1,69; В) -- 13,3; 5і0-48,6; метабор қышқылы 80; гумин қышқылы 1,1; фенолдар 12; май қышқылдары 66,4-ке дейін. Азот басым болатын газ қүрамында 1 литрде 11 мг-га дейін күкіртті сутек,макроэлементтер (мгл): марганец -- 0,08; темір -- 0,12 жэне т.б. болады.
Жаманты минералды суы-Алматы қаласынан батыска қарай 135 км жерде орналаскан шипалы су көзі. Алматы облысы Жамбыл ауданы Бесмойнақауылының солтүстік-батысындағы Жаманты өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 1620 м биіктікте. Жергілікті халық оны Қайнар арасан деп атайды. Бүлақтар Жаманты өзенінің аңғарын кесіп өтетін, беті борпылдақ шөгінді жыныстармен жабылған тектоник. жарықтардан шығып жатыр. Бұлақтардың жалпы су өнімділігі тэулігіне 235 мЗ, минералдылығы 0,4 - 0,7 гл, температурасы - 26,3°. Суының күрамында сульфат, гидрокарбонат, кальций, натрий жэне денсаулыққа пайдалы микроэлементтер: ортокремний қышқылы (36 - 40 мгдмЗ), фтор (3,7 - 5,0 мгдмЗ) бар. Жаманты минералды суы аяқ, қол, жүйке, т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Жартас минералды суы - Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде орналасқан. Әктас пен алевролит жыныстарынан түзілген.
Қарағанды синклиналінің оңтүстік шетіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҢАЖОЛ КЕНОРНЫ
Жер асты суларын жіктеу
Өзен кен орнында 1400м тереңдікке бұрғыланатын пайдалану ұңғымасын жобалау
Өзен кен орнының геологиялық сипаттамасы
Қазақстанның физикалық географиясы
Табиғи сулардың химиялық құрамы
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
Сырдария суының химиялық құрамы
Минералды сулар
Тектоника
Пәндер