Шет елдегі мектеп жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. АҚШ пен Англиядағы мектеп жүйесі.
2. Германия мен Франциядағы мектеп жүйесі.
3. Жапония мен Ресейдегі мектеп жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басқа елдерде өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне деген қызығушылық бағзы заманда пайда болған: Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Египеттегі (Мысырдағы) тәрбие туралы айтқан. Рим тарихшысы Тацит ежелгі германдықтардың тәрбиесіндегі ерекшеліктерін дәріптеген. XVIII ғ. соңы - ХІХ ғ.ғ. басы - европалық педагогикалық ой эволюциясының маңызды кезеңі. Олар ортақ европалық резонансқа ие болды. - Белл - ланкастерлік жүйе; - Песталоцци педагогикасы; - Руссоның еркін тәрбиесі. - Канттың өнегелік тәрбие пастулаттары.
М.А.Жюльен Парижский (1775-1848) салыстырмалы педагогика ұғымын 1817 ж. пайдаланған алғашқы зерттеушілердің бірі болып табылған. Салыстырмалы педагогика деп ол: - тәрбие және білім беру тәсілдері мен мазмұнын зерттеу, - түрлі елдердегі білім беру тәжірибелерін аналитикалық салыстырудың нәтижесі бола алатын теория деп түсінген Жюльен Парижский салыстырмалы педагогикадан білім беру тәжірибесі мен теориясын жетілдірудің, барлық европалық елдер үшін ортақ педагогикалық теорияны өңдеудін құралын көрген. Ол европа еледеріндегі халықаралық және педагогикалық журналдың білім беру әдістері мен классификациялау үшін халықаралық зерттеу органын құру қажет деп санады.
Францияда алғашқы педагогикалық саясатшы атағына Сорбонна профессоры және халықтық білім жоғарғы Кеңес мүшесі В.Кеззен (1792-1867) ие болды. Үкімет тапсырысы бойынша ол 1830 жылдары бірнеше рет білім беру жүйесін зерттеу үшін Пруссияға барған.Прусс берудегі енгізулер туралы, олардың мазмұны мен әдістері туралы баяндамалары оң нәтиже берді. 1865 жылы ағартушы Ж.М.Бодуэн Бельгия, Германия және Швейцариядағы бастауыш білімнің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын жасады.
ХІХ ғ. 80-90 ж.ж Е.Дрейфус - Бриссак 3 томдық Жаңа тәрбие: салыстырмалы-педагогикалық зерттеу еңбегін жарыққа шығарды.
ХХ ғ. басындағы еңбектерінен В. Фридельдің Шетелде мұғалімдерді дайындау (1903) және Шетел педагогикасы (1910) деген кітаптарын ерекше атауға болады; соңғысында 9 елдегі міндетті оқытуды ұйымдастыруды салыстырмалы түрде бейнелеген. Бұл Батыс елдерінің мектептерін қарастырумен қатар (Англия, Германия,Италия, АҚШ) Жапония және Мысырдағы білім беру саласын ұйымдастыруға мінездеме алған европалық алғашқы еңбектердің бірі.
Германияда ХІХ ғасырдың шетел педагогикалық проблематиканың ірі зерттеушілерінің бірі - Мюнхен университетінің профессоры Ф.Тирш (1774-1860). Мектеп басшыларының тапсырыстары бойынша жасалған шетелдік іссапарлары нәтижесінде Батыс елдері Германия, Голландия, Франция және Бельгиядағы қоғамдық білім берудің қазіргі жағдайы туралы 3 томдық еңбегін жазды. (1838)

1. АҚШ пен Англиядағы мектеп жүйесі

АҚШ-та бастауыш білім алу мерзімі 6 немесе 8 жыл. Ол: - элементарлы білім береді; - оқуға деген сана-сезімді қалыптастырады.
60 ж.ж-ры мерзім аралық немесе кіші орта мектептер сияқты мектептер пайда болды. Олардың мақсаты - мектептің бастауыш және орта қабатын (5-8 сыныптарды) қосуға көмек беру. Орта мектеп ондағы ортақ білім берудің схемалары мен типтері бойынша көпнұсқалы болып табылады. Орта мектеп бағдарламасы пәндерді оқытудың түрлі нұсқаларын саналуымен құралған 200 түрлі курстары бар. Орта мектептің көбісінде жұмыс пен оқуды қосуды қарастыратын бағдарламалар жүргізіледі.
АҚШ-ғы орта білім деңгейін бағалау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылуда:
- орта мектепті бітірушілер саны (ХХ ғ. 90 ж.жылдары 100 адамнан - 75-77 адам);
- алынған білім деңгейі (мектеп дарындылығы тесттерінің көмегімен анықталады).
Қазіргі заманғы мектеп жүйесі білім беру саласындағы алты стратегиялық мақсаттары белгісінде дамиды.
- Американың барлық балалары мектепке оқи алатындай болып түсуі керек.
- Толық орта мектепті табысты (жақсы) бітірушілер саны 90% дейін көтерілуі тиіс;
- Американдық оқушылар 4,8,12 сыныптарында емтихан тапсырып, ағылшын тілі, математика жаратылыстану, тарих және география сияқты пәндерді жетік меңгеруі тиіс. Әрбір орта мектеп бітірушілерге білімін жетілдіру немесе қазіргі заман экономикасында өнімді жұмыс атқаруы үшін жетік дайындыққа кепілдік беруі тиіс;
- Америкалық оқушылар әлемде жаратылыстану пәндері мен математикадан білім деңгейі бойынша бірінші орын алуы тиіс;
- Ересектердің барлығы әлемдік экономиканы түсіну үшін және өздерінің азаматтық міндеттерін атқару үшін қажеті білім алады;
- Барлық мектептер наркотикпен (есірткі) күштеуден аулақ болады: тәртіп атмосферасы бекітіледі.
Дәстүрлі академиялық пәндері міндетті жаңа курстармен толықтырылған:
- ағылшын тілі - әлемдік мәдениетке енгізілген және т.б.
- қоғамтану (тарих, география, азаматтық құқық) - батыс өркениеті тарихымен, Америка тарихы, Америка демократиясымен;
- математика - дифференциалды және интегралды есептеу және т.б.
- жаратылыстану (физика, астрономия, биология, химия, геология) - кванттық механика, электродинамика негіздерімен, технология қағидаларымен (техникалық жоба)
- шет тілі (тәжірибелік билингвизмге жету мақсаты қойылып отыр) дене тәрбиесі мен өнер курстары жетілдірілуде.
10 сыныптан бастап бұл кең бағдарлама оқушылардың өздері қалаған пәндермен толықтырылады - негізінде оқушылар 10 - сынып басында кейінгі білім алуы жөнінде шешім қабылдайды.

Англиядағы мектеп жүйесі.
Ұлыбританияда әлеуметтік жағдайы мен ұлтына қарамастан барлық балалар үшін тегін білім беру жүйесі жұмыс жасауда (1988 ж) білім беру реформасы туралы Актіге сәйкес міндетті білім кезеңі төрт Бастауыш кезеңге бөлінеді:
- 5 жастан 7 жасқа дейін; - 7 жастан 11 жасқа дейін; - 11 жастан 14 жасқа дейін; - 14 жастан 16 жасқа дейін;
Оқу мерзімін бөлу: - оқу жылының мерзімі - 38 апта; - жазғы (6 апта), рождестволық және пасхальді (2-3 апта) демалыстары мен оқу жылы триместрге бөлінген.Триместерлер ортасында апталық үзіліс қарастырылған. Оқу аптасы негізінен 5 - күндік. Оқу күні азанғы сағат 9.00-ден 15.30.ға дейін, түстікке үзіліс. Аптасына аз ғана академиялық сағаттар қарастырылған: мектептер апталық оқу (нагрузкаларын) көбейтуге құқылы: - муниципалды - тегін; - жекеменшік - ақылы мектептер бар.
Бастауыш білім - 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бастауыш білім беру мекемелерінде балалар жас мөлшерлік сыныптарға бөлінеді, барлық пәннен бір ғана мұғалім дәріс жүргізеді, сабақ 15 минуттан 45 минутқа дейін жүреді. Оқуды бітіргеннен соң балалар емтихан тапсырмайды, оқу орнын бітірді деген куәлік алмайды.
Бастауыш мектепте оқытылатын пәндер:
- оқу мерзімінің 40 % ағылшын тілін оқуға жұмсалады. 15% -ны - дене тәрбиесі алады, 12% жуық қол еңбегі мен өнер сабағы, қалған сағаттар арифметика, география, табиғаттану, және дінтану арасында бөлінеді.
Орта білім. - біріктірілген мектеп 11 (12)- 15 жасар. - 15-17 (18) жастағыларға арналған грамматикалық және қазіргі заман мектебі.
Оқушылар жас мөлшеріне қарай сыныптарға бөлінеді.
Орта мектепте оқу мерзімі 13 жыл. 11 жыл білім алу - міндетті. 14 жасқа толғаннан кейін жасөспірім кәсіптік мектепке түсуге құқылы. 16 жастан кейін олар білімін жалғастыруға немесе жұмыс істеуге құқылы. Бұл уақытқа дейін олар кәдімгі деңгейдегі білім туралы сертификат ала алады. 13 жылдық табысты оқудан кейін жоғарылатылған деңгейдегі сертификат беріледі.
Білімді бағалау кезінде тестіні жүйелі түрде қолданады. Оқу нәтижесін бақылауда маңыздылығы тең 3 элемент бар, олар: - тексеру; - есеп; - диагностика.
Бақылау стандартты білімге, ілімге бағытталған. Стандарттарға сәйкес оқушының 3 деңгейдегі жетістіктері бөлінеді: - есте сақтау қабілеті; - штаттан тыс ахуалда білімін пайдалана алуы; - өмірде білімін пайдалана алуы.
Білімді бақылау мен оны бағалаудан басқа емтихандық тексерулер бар:
- бастауыш мектепте 2 реттен - 7 және 11 жасар оқушылар;
- орта мектепте 2 реттен -14 және 16 жасар оқушылар.
Бағаны мұғалімдер мен емтихандық комиссияның тәуелсіз мүшелері қояды.
5. Кәсіптік білім, кәсіптік дайындықтың 4 деңгейін көрсетеді:
- 1-ші деңгей - біртүрлі жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін (компетент);
- 2-ші деңгей - өз бетінше және жауапкершілікті түрде жұмыс атқару қабілеті;
- 3-ші деңгей - күрделі және оригинальды жұмыстарды атқару;
- 4ші деңгей - арнайы жеке тапсырмаларды орындау.

2. Германиядағы мектеп жүйесі.

Германияда мемлекет Қоғамдық және жеке меншік мектептер болса да, қоғамдық оқу орындарындағы 9 жылдық міндетті тегін оқуға кепілдік береді. Оқу 6 жастан бастап ортақ бастауыш мектептен басталады (1-4 сынып). Бастауыштан жоғары білім беру жүйесі 3 - қадамдық құрылымға ие: 1-негізгі мектеп; 2-училище; 3-гимназия.
Мектептердің көрсетілген типтері өздерінің мақсаттары, білім деңгейімен ерекшеленеді.
- негізгі мектеп (5-6 сынып), онда жасы сәйкес келетін жасөспірімдердің 50 %- зы оқиды, толық емес орта білім, кейінде - кәсіптік білім алуға мүмкіндік береді;
- училище - (5-10 немесе 7-10 сыныптар) кәсіптік - тәжірибелік бағыт беретін толық емес орта білім береді; физика, химия, биология, шет - тілдері мен басқа да академиялық дисциплина пәндері жүргізіледі. Училище түлектері орта, содан кейін жоғарғы кәсіптік - техникалық оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады.
- Гимназия (5-13 немесе 7-13 сыныптар) толық орта білім мен университет типтегі жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік береді. Гимназиядағы міндетті түрде жүргізілетін пәндер - неміс тілі мен әдебиет, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, дінтану. Гимназияның профиліне байланысты оқу бағдарламалары ұсынылады.
Орта оқу орындарында білімге баға беру кезінде баға тенденциясын санағандағы ұпайы сәйкес келетін бағаларың 6-дейгейлік шкаласын қолдану кең жайылған: өте жақсы (1)=15 тен 13 ұпайға дейін. жақсы (2) = 12 ден 10-ға дейін. қанағаттанарлық(3) =9 дан 7-ге дейін. қанағаттанарлықтан төмен (4)- 6дан 5-ке дейін. (әлсіз) (5) = 3 тен 1 балға дейін. қанағаттанарлықсыз (0) = 0 балл.

Франциядағы мектеп жүйесі.
Француз бастауыш мектебінде 5 жылдық оқу курсы 3 циклге бөлінеді; - дайындық (1 жыл); - элементарлы (2 жыл); - орта (2 жыл);
Сынып оқулары аптасына 26 сағ. оқу пәндері үш топқа бөлінген: 1-ші топ - француз тілі, тарих, география, азаматтану - оқу мерзімінің 40 %-ғын алады (аптасына 8-10 сағ). 2-ші топ математика (6 сағ) жаратылыстану, технология - 35%; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі білім беру жүйесі
Франциядағы білім жүйесінің ерекшеліктері
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі
Биліктің ауыспалылығы
Жапон өнеркәсібі және экономикалық перспективасы
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар туралы
Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Пәндер