Англиядағы білім беру жүйесі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. АҚШ тың білім беру жүйесі
2. Англиядағы білім беру жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басқа елдерде өскелең ұрпақты қалай оқытатыны туралы қызығушылық ежелгі кезден-ақ байқалған. Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Мысырдағы бала тәрбиелеу туралы жазса, Римдік тарихшы Тацит ежелгі германдықтардың тәрбиелеу ерекшеліктері туралы жазба қалдырған. Сол кездерден бастап-ақ бала тәрбиелеуде көрші елдердің жақсы тәжірибелерін алуға тырысқан. Мысалы, Платон спартандық тәрбиенің кейбір әдістерін өзі туған Афиныда қолдануға болатынын, ал Ксенофонт парсы ақсүйектерінің тәрбиесін сипаттай отырып, бұдан грек жастарының мінез-құлқын қалыптастыруда тәжірибе алуға кеңес берді.
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басы Европада педагогикалық ойдың дамуының маңызды кезеңі болды. Оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі, Песталоццидің педагогикасы, Руссоның еркін тәрбие теориясы, Канттың адамгершілік тәрбие туралы постулаттары тек өз елдерінде ғана емес, жалпыевропалық сипат алды.
Осының бәрі шет елдердегі педагогикалық тәжірибеге, білім беру проблемаларын салыстыруға деген қызығушылықты туғызды. Осылайша жаңа ғылым- салыстырмалы педагогиканың пайда болуына объективті алғышарттар жасалды.
Ғылымның негізін салушы М.А.Жюльен Парижский (1775-1848) 1817 жылы ең алғашқы рет салыстырмалы педагогика деген терминді енгізді. Оның ойынша, салыстырмалы педагогиканың негізгі міндеті- әлемдік масштабта неғұрлым мықты білім беру жүйесін құру мақсатында әр елдердегі педагогикалық тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Ресейде шетелдердің білім беру жүйесін зерттеу К.Д.Ушинскийден басталады. Оның Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы (1857) еңбегінде Францияның, Англияның, Германияның және Солтүстік Американың халықтық білім беру ісі туралы айтылады.

1. АҚШ - тың білім беру жүйесі

АҚШ-тың білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.
АҚШ-та бастауыш білім беру 6 немесе 8 жыл. Орта мектептің бағдарламасы пәндерді оқытудың түрлі варианттарын ескеріп құрастырылған 200-ге жуық түрлі курстардан тұрады.
Орта білім берудің сапасын бағалау көрсеткіштері: орта мектепті бітірушілер саны, алған білім деңгейі (тест нәтижесі бойынша анықталады).
Дәстүрлі академиялық пәндер міндетті жаңа курстармен толықтырылған:
oo ағылшын тілі- әлемдік әдебиетке жалпы кіріспемен;
oo қоғамтану (тарих, география, азаматтық құқық)- батыс цивилизациясының тарихымен, Америка тарихымен, американдық демократиямен;
oo математика- дифференциалдық және интегралдық санау негіздерімен;
oo жаратылыстану (физика, астрономия, геология, химия, биология)- кванттық механика, электродинамика, технология принциптері (техникалық жобалау және конструкторлау) негіздерімен.
Сонымен бірге шетел тілі, денешынықтыру, денсаулық және өнер курстары жетілдірілуде.
Кәсіптік білім мен дағдыларды игерту- жалпы білім беретін оқу орындары міндеттерінің бірі. Ол үшін:
oo орта мектептерде кәсіптік бөлімдер мен топтар ашылады;
oo көптеген мектептерде оқу шеберханалары бар;
oo кәсіптік мамандану пәндерін оқу ұйымдастырылады.
Орта мектептің кәсіптік бөлімін аяқтаған оқушылар төменгі колледждерге оқуға түсе алады.
АҚШ-та 7 және 8 сыныптардан бастап оқу жоспарына оқушылар өздері таңдайтын пәндер енгізіледі.Бұл сыныптарда оқушыларға кәсіптік бағдар беруге көп көңіл бөледі.
Мектептің жоғары сатысында (11-12 сынып-оқыту үш бағытта -- академиялық, кәсіптік, жалпы бағыттарда жүргізіледі. Тек академиялық бағыт қана оқушыларды университеттерге түсуге дайындайды.
АҚШ-та оқушылар 10 сыныпқа дейін өздерінің келешекте алатын білімі жөнінде шешім қабылдайды деп есептеледі. Сондықтан 10 сыныптан бастап әдеттегі ағылшын тілі, қоғамтану, математика, жаратылыстану сияқты академиялық пәндер оқушылардың өздері таңдайтын пәндермен толықтырылады.
Талапкерлерді университеттерге қабылдау мынандай критерийлер негізінде іске асырылады: бітіргені жөніндегі аттестат бағалары, мектеп жолдамасы, осы мамандықта оқи алатын және мамандық бойынша ғылыми жұмыс жасауға қабілеттілігін анықтайтын тестілер және университетте өткізілетін арнайы сұхбаттасудың корытындысы.
АҚШ-та білім беруді басқару және қаржыландыру орталықтандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
АҚШ-та жоғары білім екі сатылы дайындықты оқу орындарында беріледі: академиялық колледждер, кәсіптік ( немесе зерттеу) оқу орындары. Бұқаралық мамандықтар бойынша бітірушіге қойылатын талапты оқу орнының өзі анықтайды.
ЖОО бітіргеннен кейін колледждердің көпшілігі тек бакалавр дәрежесін, университеттер бакалавр мен магистр дәрежесін, ал ең жоғары деңгей - философия докторы дәрежесін 200-ге жуық ЖОО бере алады.
Мемлекеттік ЖОО басым көпшілігін өз штаттары қаржыландарады. Жекеменшік ЖОО өзін-өзі қаржыландырады.

2. Англияның білім беру жүйесі.
Міндетті білім беру жүйесі.
Ұлыбританияда әлеуметтік жағдайы мен ұлтына қарамастан барлық балалар үшін тегін жалпы білім беру жүйесі қалыптасқан. Білім беру реформасының (1988) Актісіне байланысты міндетті білім беру кезеңдері:
5 жастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте өзгеріс не үшін керек
Шет елдегі мектеп жүйесі
Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Мемлекеттік қызмет жүйесі
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы
Пәндер