Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері


Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеу әдістерінің сипаттамасы.
2. Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері.
3. Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Салыстырмалы педагогиканың толып жатқан ғылыми мәселелерін шешуге, құбылыстарды зерттеуге бағытталған тәсіл мен амалдардың жиынтығы салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері болып табылады. СП зерттеулерінің негізгі әдістерінің классификациясы:
Проблемалық әдістер (Б. Холмс) :
- Мәселені талдау.
- Болжам жасау.
- Тарихи жағдайды анықтау.
- Болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау.
- Күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.
Тарихи әдістер (У. Брикман, Р. Хавигхерст) :
1. Ұлттық білім беру жүйесінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2. Білім берудің дамуындағы негізгі дәстүрлер.
3. Білім беру жүйесінің құрылымы және белгілі тарихи кезеңде оның өзгеруі.
4. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты.
5. Дамудың негізгі мәселелері мен тенденциялары.
Әлеуметтік әдістер (У. Брикман, Р. Хавигхерст) :
- Білім беру жүйесінің әлеуметтік сипатына баға беру.
- Әлеуметтік даму тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын және әдістерін талдау.
Анықтамалық әдістер (М. А. Соколова, Е. Н. Кузьмина, М. Л. Родионов) :
- Талдау.
- Синтез (жинақтау) .
- Абстракция.
- Қорыту.
- Индукция.
- Дедукция.
Салыстырмалы педагогикалық әдістер (Д. Ж. Бередей) :
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат.
2. Оқу-тәрбие мекемелерінің құрылымы және түрлері.
3. Оқу жоспарлары және бағдарламалары
4. Мұғалімдерді даярлау және олардың материалдық жағдайы.
Статистикалық әдістер (Г. Ноа, М. Экстейн) :
1. Мемлекеттік, жекеменшік оқу орындарының және олардағы оқушылардың ара-қатынасы.
2. Оқушылардың әлеуметтік құрамы
3. Оқушылардың саны, қамту проценті.
4. Оқыту сатысына сай оқу орындарының саны.
5. Сауатсыздықтың және функциональды сауатсыздықтың проценті.
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері.
А. М. Столяренко салыстырмалы педагогиканың бірнеше методологиялық принциптерін ұсынды:шындық, жинақтылық, жүйелік, нақты тарихи талап, педагогикалық тәжірбиенің қайшылығы. Біздіңше, алғашқы үшеуі- негізгі принциптер де, төртіншісі салыстырмалы педагогикалық зерттеудің тәсілі болып табылады, ал соңғысының дүниежүзілік педагогикалық тәжірирбенің негізгі екендігінде талас жоқ.
Шындық. Шындық принциптерінің талаптары:
- әр фактіні бірнеше әдіспен тексеру;
- эксперименттік немесе тәжірибелік жұмыстың барысында алынған әрбір материалды, фактіні анықтап, қайта тексеріп отыру;
- эксперименттің қортындысында жағымды нәтижелерді анықтап қоймай, жағымсыз нәтижелерді де анықтап отыру (ғылым үшін оның екеуі де маңызды) ;
- өз зерттеуінің мәліметтерін басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстыру, зерттеліп отырған құбылыс немесе сападағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау;
- салыстыру арқылы ғылыми мәліметтерді анықтау (зерттеліп отырған құбылысқа, процеске, сапаға салыстырмалы сипаттама беру) ;
- алынған ғылыми мәліметке субъективтік әсер ететін зеттеушініңкөңіл күйі, сезімі, ұнату немесе ұнатпауы үнемі бақылауда болуы қажет . . .
Жинақтылық. Мәселені зерттеудегі жинақтылық принциптерінің талаптары:
- зерттеуде бірнеше міндеті қойылуына орай педагогикалық құбылысты зерттеуге көп мақсатты талап қойылуы (құбылыстың мәні, қозғаушы күштер, ішкі факторлар, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты құбылысқа педагогикалық басшылық жасау) ;
- зерттелетін құбылыс пен процестің басқалармен байланысын мүмкіндігінше кеңірек қамту және соның негізгілерін анықтау;
- зерттеу жұмысын жүргізуді сырттан болатын барлық әсерлерді ескеру, педагогикалық процеске жағымсыз әсер ететін барлық әсер ететін кездейсоқ жайларды болдырмау;
- әрбір педагогикалық фактіні әртүрлі зерттеу әдістері арқылы сан рет тексеру, алынған мәліметті үнемі тексеру және анықтау;
- зерттеуде алынған нәтижені философиялы, қисындық және психологиялық- педагогикалық талдау;
Жүйелік. Зерттелген организмді (мәселені) оның жекелеген бөліктерімен және оны қоршаған ортамен өзара байланысын қоса тұтас қарастыру.
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері
Дүние жүзіндегі білім беру жүйесінің сан алуандығы, педагогикалық тәжірибенің қарама-қайшылығы, тәрбие және білім беру мәселелері жөнінде ғылыми мектеп тұжырымдамасы теориясы, әр түрлі бағыттарының көптігі салыстырмалы педагогикалық зерттеулер жүргізуде толып жатқан методологиялық тәсілдердің қолданылуына негіз болып отыр. Оның үстіне әр зерттеуші зерттелетін мәселеге өз еліндегі білім беру ісінің және салыстырмалы педагогикалық даму дәрежесіне сай өз көзқарасын енгізеді. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізуде дүниежүзілік тәжірибеде қалыптасқан негізгі методологиялық тәсілдерді қарастыралық.
Елтану тәсілі жеке бір немесе бірнеше шетелдің білім беру жүйесін зерттеуді қамтиды. Зерттеуші шындықты бұлжытпай, болған жайды жинақтап қорыту арқылы соның өзіндік фортографиялық бейнесін жасауды жоспарлайды. «Мүмкіндігінше оның дәл суретін беру кейінгі кезеңде алынған нәтиженің айқын болуына негіз қалайды. »
Индукциялық тәсіл (жекеден жалпыға қарай) салыстырмалы педагогикалық зерттеуді деректерді жинаудан бастап, оны жүйелеп талдау және оған теориялық түсініктеме беру болып табылады.
Дедукциялық тәсіл (жалпыдан жекеге қарай) - мәселені талдау, болжам жасау және соны дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын деректер жинауды білдіреді.
Социологиялық тәсіл (білім берудің қоғамдағы орны) - қазіргі әлеуметтік инфрақұрылымдағы білім беру жүйесінің алатын орнын, білімнің қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланыс нысандарын анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz