Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі


Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ХІХ ғ. дейінгі салыстырмалы педагогиканың элементтері
2. Салыстырмалы педагогиканың негізін салушы
3. Европа елдеріндегі салыстырмалы педагогиканың алғашқы зерттеушілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ХІХ ғ. дейінгі салыстырмалы педагогиканың элементтері.
Басқа елдерде өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне деген қызығушылық бағзы заманда пайда болған: Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Египеттегі (Мысырдағы) тәрбие туралы айтқан. Рим тарихшысы Тацит ежелгі германдықтардың тәрбиесіндегі ерекшеліктерін дәріптеген. XVIII ғ. соңы - ХІХ ғ. ғ. басы - европалық педагогикалық ой эволюциясының маңызды кезеңі. Олар ортақ европалық резонансқа ие болды. - Белл - ланкастерлік жүйе; - Песталоцци педагогикасы; - Руссоның «еркін тәрбиесі». - Канттың өнегелік тәрбие пастулаттары.
2. Салыстырмалы педагогиканың негізін салушы.
М. А. Жюльен Парижский (1775-1848) «салыстырмалы педагогика» ұғымын 1817 ж. пайдаланған алғашқы зерттеушілердің бірі болып табылған. Салыстырмалы педагогика деп ол: - тәрбие және білім беру тәсілдері мен мазмұнын зерттеу, - түрлі елдердегі білім беру тәжірибелерін аналитикалық салыстырудың нәтижесі бола алатын теория деп түсінген Жюльен Парижский салыстырмалы педагогикадан білім беру тәжірибесі мен теориясын жетілдірудің, барлық европалық елдер үшін ортақ педагогикалық теорияны өңдеудін құралын көрген. Ол европа еледеріндегі халықаралық және педагогикалық журналдың білім беру әдістері мен классификациялау үшін халықаралық зерттеу органын құру қажет деп санады.
3. Европа елдеріндегі салыстырмалы педагогиканың алғашқы зерттеушілері.
Францияда «алғашқы» педагогикалық саясатшы атағына Сорбонна профессоры және халықтық білім жоғарғы Кеңес мүшесі В. Кеззен (1792-1867) ие болды. Үкімет тапсырысы бойынша ол 1830 жылдары бірнеше рет білім беру жүйесін зерттеу үшін Пруссияға барған. Прусс берудегі енгізулер туралы, олардың мазмұны мен әдістері туралы баяндамалары оң нәтиже берді. 1865 жылы ағартушы Ж. М. Бодуэн «Бельгия, Германия және Швейцариядағы бастауыш білімнің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын» жасады.
ХІХ ғ. 80-90 ж. ж Е. Дрейфус - Бриссак 3 томдық «Жаңа тәрбие: салыстырмалы-педагогикалық зерттеу» еңбегін жарыққа шығарды.
ХХ ғ. басындағы еңбектерінен В. Фридельдің «Шетелде мұғалімдерді дайындау» (1903) және «Шетел педагогикасы» (1910) деген кітаптарын ерекше атауға болады; соңғысында 9 елдегі міндетті оқытуды ұйымдастыруды салыстырмалы түрде бейнелеген. Бұл Батыс елдерінің мектептерін қарастырумен қатар (Англия, Германия, Италия, АҚШ) Жапония және Мысырдағы білім беру саласын ұйымдастыруға мінездеме алған европалық алғашқы еңбектердің бірі.
Германияда ХІХ ғасырдың шетел педагогикалық проблематиканың ірі зерттеушілерінің бірі - Мюнхен университетінің профессоры Ф. Тирш (1774-1860) . Мектеп басшыларының тапсырыстары бойынша жасалған шетелдік іссапарлары нәтижесінде «Батыс елдері Германия, Голландия, Франция және Бельгиядағы қоғамдық білім берудің қазіргі жағдайы туралы» 3 томдық еңбегін жазды. (1838)
Келесі он жылдықтағы Л. Штейннің маңызды деген еңбектерінен «Германия,
Англия, Франция және басқа мемлекеттердегі бастауыш және кәсіптік білім беру» (1868) және А. Баумейстердің «Европа және Солтүстік Америка елдеріндегі жоғарғы білім беруді ұйымдастыру» (1897) ерекше атауға болады.
Англияда салыстырмалы педагогиканың «Пионерлері» атағын алғандар М. Арнольд (1822-1888) және М. Сэдлер (1861-1943) . Арнольд өзінің педагогикалық еңбектерінде - «Франциядағы халықтық білім» (1861), «Германиядағы жоғарғы білім» (1874) және басқа еңбектерінде - Англиядағы және басқа елдердегі білім беру саласы дамуын детермидеген факторларын белгілі иерархиялық жүйе арқылы анықтауға әрекет жасаған. Оның ойынша екі фактор басты рөлде - тарихи дәстүрлер мен ұлттық мінез, нақ осылар сол немесе басқа елде білім беру жүйесінің спецификасын бірінші болып анықтайды.
- М. Сэдлер әртүрлі елдерде білім беру саласының дамуына ықпал ететін факторларының анализін жалғастырып тереңдеткен. Сэдлердің ұсынысымен 1894 ж. Лондонда:
- міндетті ағылшын және шетел мектептерінің дамуы туралы ақпарат жинау; жаңа оқулықтар, мақалалар, педагогикалық құжаттарды және сәйкес келетін аналитикалық баяндамалардың каталогтарын құру (жасау) болып табылатын арнайы мекеме ашылған болатын.
ХІХ ғ. АҚШ-та білім беру саласы дамуындағы шетелдік тәжірибелерді зерттеуге өз үлестерін қосқан ағартудың көрнекті қайраткерлері - Г. Манн (1796-1859) және Г. Барнард (1811-1900) Европаның жеті мемлекетіне барып, олардың мектептерімен түбегейлі танысуының нәтижесінде Манн қоғамдық резонансқа ие болған және үкіметтің арнаулы мектеп білімін жетілдіру туралы шешім қабылдауына айтарлықтай ықпал еткен бірнеше баяндамасын жасады.
Шетелдік тәжірибені зерттеген, сонымен қатар Европа жерлерінде «педагогикалық саяхат» жасаған Барнард болды. Педагогикалық ортада оның атын шығарған «Түрлі еледрдегі халықтық білім беру жүйесі, мекемелері мен статистика» атты 2 томдық монографиясы болды. (1872) .
1898-1899 ж. ж Д. Ж. Рассел Колумбиялық университеттің педагогикалық колледжінің студенттеріне салыстырмалы педагогика бойынша 1-ші курсын оқып берді.
1910 ж. А. Флекснердің «Америка, Англия және Германия университеттері», 1911 ж. Ж. Браунның «Германия мен АҚШ-та орта мектеп мұғалімдерін дайындау» кітаптары жарыққа шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz