Санды өрнектер. Әріпті өрнектер



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Теория (5 класс)

1-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: 1. 1. Санды өрнектер . Әріпті өрнектер
Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер , әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.
Мысалы . Санды өрнектер : 15-6 , 45 -25 =20 6 мұндағы 20 санды өрнектің мәні. 23 + а - әріпті өрнек , ал а=3 болғандағы 23+3=26 . 26 саны әріпті өрнектің мәні .
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер . Математикалық өрнектер цифрлармен , амал таңбаларымен , әріптермен жазылады. Математикалық өрнектер қажет болған жағдайда жақшамен де жазылады.Математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады. Математикалық өрнектер белгілі бір шарттармен жазылады. Мысалы , өрнектегі көбейткіштер әріптермен беріліп , олар қатар келсе , араларына көбейту таңбасы салынбайды. , ал сан көбейткіш жақшаның артында келсе , , жақша мен сан көбейткіш арасына көбейту таңбасы қойылады.
Математикалық өрнектер мәндері бойынша салыстырылады , Егер салыстыруда қос теңсіздік пайдаланылса , қос теңсіздік солдан оңға қарай өсу ретімен жазылады.
Сандар теориясы -- математиканың бүтін, рационал және алгебралық сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы. Әсіресе оңнатурал сандар 1, 2, 3, ..., оның қасиеттері мен оларға арифмет. амалдар қолдану Сандар теориясының зерттеу аясында ерекше орын алады. Грекияда б.з.б. 6 ғ-да (Пифагор мектебінде) бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін сандардың жеке түрлері (мыс., жай сандар, құрама сандар, квадрат сандар) ажыратылды, кемел сандардың құрылымы қарастырылды. Евклид "Негіздерінде" Евклид алгоритміне сүйеніп, екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін табуға арналған жүйелі бөлінгіштік теориясы құрылды. Онда Евклид жай сандардың шексіз көп болатынын дәлелдеді. Диофанд (б.з.б. 3 ғ.) "Арифметика" деген еңбегінде теңдеулердің бүтін санды шешулерін табумен айналысып, Сандар теориясын дамытуға үлкен үлес қосты. Сандар теориясының кейбір мәселелері Қытайда (2 ғ-дан бастап), Үндістанда (7 ғ-дан бастап), Шығыс араб елдерінде (9 ғ-дан бастап) қарастырылды.Еуропада Сандар теориясының дамуы П.Ферма (1601 -- 65) зерттеулерінен басталады. Ферма өзінің атақты теоремасын дәлелдеген және бұл теорема салыстыру теориясында үлкен рөл атқарған кіші теорема болды. Л.Эйлер (1707 -- 83) аналит. Сандар теориясының негізін қаласа, К.Гаусс жүйелі салыстыру теориясын жасады. 19 ғ-дың ортасында П.Дирихле (1805 -- 59) арифмет. прогрессия туралы теоремасын дәлелдеп, өзінің функционалдық қатарын енгізді. Сандар теориясының дамуына ресейлік ғалымдар П.Чебышев (1821 -- 94), А.Марков (1856 -- 1922), И.Виноградов (1891 -- 1983), т.б. үлес қосқан.Қазақстанда Сандар теориясының дамуын арттыруда Б.Оразбаев шәкірттерімен бірге жемісті еңбек етті. Аналит. әдістерді алгебрада қолдануды қажет ететін есептерді, яғни абсолют абельдік өрістердің асимптотик. таралу заңдылығы (Оразбаев), абсолют абельдік өрістер санының натурал қатарда орналасу заңдылығы (С.Кенжебаев, А.Бөленов), Дирихленің L-қатарларының теор.-функционалдық қасиеттері (Р.Тұрғаналиев, т.б.), жазық облыстардағы бүтін нүктелер санының бағасы (С.Әбләлимов), кейбір мультипликативтік функциялардың бағасы (И.Ильясов) зерттелді. Қазақстанда, негізінен, сандардың аналитик. теориясы дамуда. Қазіргі кезде Сандар теориясының шешілмеген мәселелері көп: жай егіз сандар мәселелері, n2+1 түріндегі жай сандардың шексіздігі, шеңбер ішіндегі және гипербола астындағы бүтін нүктелер, p+е сандарының трансценденттігі, т.б

Натурал сандардың бөлінгіштігі
Кез келген натурал сан 1-ге бөлінетіндіктен, 1 саны кез-келген натурал санның бөлгіші болады.
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең.
Кез-келгеннатурал санның шексіз көп еселігі бар.
Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең
Натурал сан 1-дің бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі 1 саны. 1 саны жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды.
Жай сандар қатарындағы екі тізбектес және айырмасы 2-ге тең сандар егіз сандар деп аталады.
Мысалы 3 пен 5, 5 пен 7,11 мен 13 сандары - егіз сандар қатарына жатады.
Қазіргі кездегі ғылым мен техникалық даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Оқушының шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.
Оқушының өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. өз білімін көтеру жекелеген жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігінарттырады.
Оқушы әдеттегіше оқыту барысында алдымен білім алады, ал сонан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі.
Сандардың бөлгіштігі бөлгіштер мен бөлінділер тақырыбында санның бөлгіштері, жай сан құрама сандар, ең үлкен ортақ бөлгіш, еселі сандар, ең кіші ортақ еселілік тақырыпшаларымен қоса ережелерін, оларды есептеп, жоба білулері қарастырылған.
1.Санның бөлгіштері
Натурал сан қалдықсыз бөлінетін санды осы натурал санның бөлгіші деп атайды.
Мысалдар:
а) 18 санның алты бөлгіші бар: 1,2,3,4,9,18;
б) 25 санының үш бөлгіші бар:1,5,25;
в) 73 санының екі бөлгіші бар: 1 және 73;
1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.
Егер а және b сандарының екеуі де с санына бөлінсе, онда с санын a және b сандарының ортақ бөлгіші деп атайды.
Мысалдар:
а) 28 саны мен 48 саны 4-ке бөлінеді, ендеше 4 саны-28 және 48 сандарының ортақ бөлгіші болады.
б) 28 саны мен 48 саны 4-ке бөлінеді, демек 4 саны-28 және 48 сандарының ортақ бөлгіші болады.
48 және 60 сандарының ортақ бөлгіштерін табыңдар.
48 санының бөлгіштері: 1,2,3,4,6,8,12,16,24,28;
60 санының бөлгіштері:1,2,3,4,5,6,10,12,15,20, 30,60.
Олардың ортақ бөлгіштері: 1,2,3,4,6,12.
Олардың ішіндегі 2-ең үлкен ортақ бөлгіш.
a және b сандары қалдықсыз бөлінетін ең үлкен натурал сан олардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп аталады.
2.2,3,4,5,6,9,10 сандарында бөліну белгілері
Ереже: егер натурал санның жазылуы нөлмен аяқталса, ол сан 10-ға қалдықсыз бөлінеді.
Егер натурал санның жазылуы басқа цифрмен аяқталса, ол сан 10-ға қалдықсыз бөлінбейді.
Ереже: егер натурал санның жазылуы 0-ге немесе 5-ке аяқталса, ол сан 5-ке қалдықсыз бөлінеді.
Егер натурал санның жазылуы басқа цифрмен аяқталса, ол сан 5-ке қалдықсыз бөлінбейді.
Мысалдар:
а) 370 және 1485 сандары 5-ке қалдықсыз бөлінеді;
б) 537 және 4008 сандары 5-ке қалдықсыз бөлінбейді.
0,2,4,6,8 цифрларын жұп, ал 1,3,5,7 цифрларын тақ деп атайды.
Жұп цифрлармен аяқталған натурал сандар жұп, ал тақ цифрлармен аяқталған натурал сандар тақ деп аталады.
Ереже: егер натурал жазылуы жұп санмен аяқталса, ол сан 2 - ге қалдықсыз бөлінеді. Егер натурал санның жазылуы тақ цифрлармен аяқталса, ол сан 2 - ге қалдықсыз бөлінбейді.
Қысқаша айтқанда, жұп сандар - ге бөлінеді, тақ сандар 2 - ге бөлінбейді.

Мысалдар:
а)8,60,574 сандары 2-ге қалдықсыз бөлінеді;
б) 13,25,1001 сандары 2-ге қалдықсыз бөлінбейді.
Ереже: егер натурал санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, ол сан 3-ке қалдықсыз бөлінеді. Егер натурал санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінбесе, ол сан 3-ке қалдықсыз бөлінбейді.
Ереже: егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда ол сан да 9-ға бөлінеді. Егер сандардың цифрларының қосындысы 9-ға бөлінбес, онда сан да 9-ға бөлінбейді.
Мысалдар:
а) 5787 саны 9-ға бөлінеді, себебі 5+7+8+7=27,
ал 27 саны 9-ға бөлінеді;
б) 359 саны 9-ға бөлінбейді, себебі 3+5+9=17, ал 17 саны 9-ға бөлінбейді.

Ереже: егер берілген санның соңғы екі цифрынан тұратын сан 4-ке бөлінетін болса, онда берілген сан да 4-ке бөлінеді.
Мысалдар:
а) 78536 саны 4-ке бөлінеді, себебі 36 саны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық өрнектермен таныстыру
Әріпті өрнектерді оқыту
Бастауыш сыныптағы алгебралық амалдар
Математика пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Сапалы білім беру - өмір талабы
Алгебра жалпы ұғым ретінде
Бaстayыш сыныптaғы aлгeбрaлық мaтeриaлдaрды oқытy
Әріпті өрнектерді жақшаға алып түрлендіру
Математика оқу бағдарламасы 1 - 4 сыныптар
«Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны
Пәндер