Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Саралап деңгейлеп оқыту

Жоспар:

1. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы

2. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі

3. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл техноологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Ж. А. Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады .
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады.

Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамның маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі күнгі жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді . Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл технология бойынша сабақта барлық оқушы тапсырманы І деңгейден бастап орындайды.

I-репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды.

II-алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.
III-ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
IV-шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармалар, шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір білім алушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс-тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектеп математикасында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САБАҚ ЖҮРГІЗУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz