БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 169 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С. МАТЧАНОВ, Х. ҒУЛОМОВА,

Ш. ЮЛДОШЕВА, А. НИСАНБАЕВА

АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта анаулы білім министрлігі жоғары оқу орындарының 5111700-«Бастауыш білім және спорт тәрбиелік жұмыс» бакалавриат білім бағыты студенттеріне арналған оқулық ретінде бекітілген

Ташкент - 2013

Пікір жазғандар:
Е. Абдувалитов - Низами атындағы Ташкент мемлекеттік пе­да­гогикалық университетінің “Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі” кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Пікір жазғандар::
Е. Абдувалитов - Низами атындағы Ташкент мемлекеттік пе­да­гогикалық университетінің “Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі” кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.: А. Муминова - Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері универси­те­ті­нің “Өзбек тілі” кафедрасының доценті, филология ғылым­да­рының кандидаты

Бұл оқулықта бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі курсының мақсат-міндеттері, бөлімдері: сауат ашу әдістемесі, сыныпта және сыныптан тыс оқыту әдістемесі, фонетика, графика, грамматика, сөзжасам, жазуды үйрету әдіс­темесі; оқушылардың байланыстыра сөйлеуі мен тілін дамыту әдістемесі, т. б. жан-жақты баяндалған. Сондай-ақ ғылыми-теориялық мәліметтерді іс жүзіне енгізудің әдіс-тәсілдері көрсетілген.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ

1 -тақырып. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің предметі мен міндеттері

Әдіс сөзі гректің «metodos» сөзінен алынып, «білу және іздену, зерттеу жолы», «теория», «ілім» деген мағыналарды білдіреді1. Әдістеме (гр. «methodike» ) мәлім бір жұмысты істеу, жүзеге асыру, соңына жеткізу әдістерінің, тәсілдерінің жиындысы немесе оқыту тәсілдері туралы ілім2 - білім беру әдістері, жолдары мен құралдары жайындағы ғылым.

Бастуыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің предметі оқушыларға қазақ тілін оқыту жолдары мен құралдары, ана тілін үйрену, яғни сөйлеуді, оқу мен жазуды, грамматика мен емлені меңгерту туралы ғылым саналады.

Әдістеме мектептің алдына қойылған тәлімдік, тәрбиелік міндеттерден келіп шығып, ана тілін оқытудың міндеттері мен мазмұнын белгілейді, тәлім-тәрбие үдерісін қарастырады, осы үдерістің заңдылықтары мен білім беру тәсілдерінің ғылыми негізделген жүйесін белгілейді.

Әдістеме пәні төмендегі мәселелерді зерттейді:

1. Оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. «Нені оқыту керек»? деген сұраққа жауап береді, яғни бастауыш сыныптарда ана тілі сабағының бағдарламаларын, білім беру мазмұнын белгілейді, оқушылар үшін оқулықтар мен оқу қолданбалар жазып, оларды жетілдіріп, нәтижелілігі мен сәйкестігін үнемі бақылап отырады.

2. Оқыту әдістерін, қағидаттарын (қағидаттерін), тәсілдерін, сабақ және оның түрлерін, оқушылардың орындаған жұмыстары - жаттығулар мен жазба жұмыстардың тиянақты жүйесін істеп шығады, яғни «Қандай оқыту керек»? деген сұраққа жауап береді.

3. Оқушыларға ана тілінен білім беру және олардың дағдысын қалыптастыруда ғылыми тұрғыдан ең тиімді мүмкіншіліктер мен жағдайлар жөніндегі мәселелерді шешеді, яғни «Неге дәл бұлай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Ең пайдалы материалдарды, әдістерді үйренеді, таңдалған әдістерді негіздейді, ұсыныстарды эксперименталды түрде тексереді.

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі жоғары сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесінің алғашқы басқышы болып, ол қарастыратын мәселелерді бастауыш сынып оқушыларына сәйкестендіріп үйретеді. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері де бар. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту грамматика, емле және оған байланысты түрде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін ғана емес, сауат ашу, сыныпта және сыныптан тыс оқыту әдістемелерін де қамтиды. Осылардан келіп шығып, бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәні төмендегі міндеттерді атқарады:

а) бастауыш сыныптарда ана тілі сабағының мазмұнын, көлемі мен жүйесін, яғни сабақтың (сауат ашу, оқу, грамматика, емле, тіл дамыту, т. б. ) бағдарламасын белгілеу және негіздеу;

ә) оқудан, жазудан білім мен дағдылардың қалыптасу үдерісін, сондай-ақ бұл үдерісте оқушылар душар болатын қиындықтарды үйрену, қателердің себебін талқылау, олардың алдын алу және дұрыстауға көмектесетін жұмыс түрлерін істеп шығу;

б) ана тілінен берілетін оқу материалын оқушылардың дәл түсінуі және тиянақты меңгеруіне олардан алған білімдерін іс жүзіне енгізе алуына, сондай-ақ оқушылардың жалпы дамуына, яғни олардың зейінін, есін, есте сақтау, бақылағыштық қабілетін, логикалық ойлауын, шығармашыл пікірлеуін, қабылдауын дамытуға, тілін ұстартуға көмектесетін әдістер мен құралдарды ойлап табу;

в) ана тілін оқытумен байланысты түрде мектептердің алдына қойылған тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру, оқушыларда этикалық-эстетикалық сапаларды қалыптастыру.

Ана тілін оқыту әдістемесі білім берудің түрлі басқыштарында оқушылардың білім, дағды және іскерліктерін анықтайды, оқу үдерісінің нәтижелі және кемшілік тұстарын, олардың себептерін анықтайды, қателер мен олқылықтардың орнын толтыру тәсілдерін табады.

Ана тілін оқыту әдістемесі білім беру жүйесінің барлық басқыштарында ана тілін оқытудың дәйектілігі мен бірізділігін қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, негізінен, балалардың тілін ұстарту көзделеді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстартудан тыс, ана тілінен элементар теориялық ұғымдарды практикалық меңгеруі де көзделеді.

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәні төмендегі бөлімдерден тұрады:

1. Сауат ашу әдістемесі , яғни элементар оқу мен жазуға үйрету. Балалардың сауатын ашу тек қана педагогика ғылымында емес, әлеуметтік өмірдегі де ең маңызды мәселелердің бірі саналады. Себебі, халықтың сауаттылығы тәуелсіздік үшін, саяси саналылық үшін мәдениет үшін күресу құралы саналады. Тәуелсіз Өзбекстан Республикасында әрбір азаматтың сауатты болуына ерекше назар аударылуда. Президент И. А. Каримов келешек ұрпақтың сауатты, жоғары руханият иесі болып өсуі үшін қамқорлық жасауда. Мысалы, 1-сыныпқа қадам басқан балаларға барлық оқу құралдарының сыйға тартылуы, 2008 жылдың елімізде «Жастар жылы» деп аталып, осыған орай Мемлекеттік бағдарламанық қабылдануы, т. б.

2. Оқу әдістемесі. Бастауыш сыныптарда оқу сабағының міндеті балаларды дұрыс, шапшаң (өз деңгейінде) саналы және мәнерлі оқу іскерліктерін қалыптастырудан тұрады.

3. Фонетиканы, грамматиканы және сөзжасамды үйрету әдістемесі. Бұл бөлім элементар дұрыс жазуға және көркем жазуға үйретуді, грамматикалық ұғымдарды, алғашқы емле іскерліктерін қалыптастыруды көздейді.

4. Тіл дамыту әдістемесі. Бұл бөлім бастауыш сыныптарда ерекше орын иелейді. Бала бірінші кезекте тілді, сөйлеуді оқу сабағы ретінде түсінеді, тек олар қалайтын, қызықты нәрселерді ғана емес, қажетті нәрсе және құбылыстар жөнінде де ойлап, жоспарлы сөйлеу керектігін де түсіне бастайды. Олар өздерінің графикалық формаларымен ғана емес, лексикасы, синтаксистік және морфологиялық тұлғалары арқылы да ауызша сөйлеуден ерекшеленетін жазбаша сөйлеуді де меңгере бастайды. Әдістеме балалар тілін дамытуы, синтаксистік дұрыс құрастырылған және байланыстырып сөйлеуін де қамтамасыз етуі керек. Байланыстырып сөйлеу мектептерде жеке бөлім ретінде оқытылмайды, ол тіл ғылымының басқа бөлімдерінің құрамында, солармен байланысты түрде қалыптастырылады.

Ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің әдіснамалық және ғылыми негіздері. Ана тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі жаратылыстану теориясы саналады. Бұл пәннің басты мақсаты - оқушыларға қазақ тілінің сөздік құрамын мүмкіндігінше көбірек меңгерту.

Тіл қоғамда адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі құралы саналады. Тілдің қатынас құралы ретіндегі маңызы үздіксіз түрде артып отырады. Тіл - дүниені тиімді, логикалық танудың да құралы. Тіл бірліктерінің көмегімен ғана білу кезінде жалпылау, ұғымды пікір және қорытындымен байланыстыру мүмкін.

Тіл мен сөйлеу ойлаумен мызғымас бірлікте. Тілді игеру және тілді (сөйлеуді) дамытумен бірге оқушының пікірлеу қабілеті де артып отырады.

Мектептің міндеті тілді адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамыған нәзік құралына айналдыру саналады.

Әдістемелік пән ретінде ана тілін оқыту әдістемесі бастауыш білім стандарты белгілеп берген міндеттерді атқарады, яғни ойлау қабілеттерін дамыту, еркін пікірлей алу, өз пікірін ауызша және жазбаша дұрыс баяндай алу, қоғам мүшелерімен еркін сұхбаттаса алу дағдылары мен іскерліктерін дамытуға қатысты әдістер мен тәсілдерді табады.

Білу теориясына сәйкес, аналитикалық-синтетикалық жұмыстардың көмегімен тілді бақылаудан жалпы қорытынды шығаруға, теориялық анықтама мен ережеге, солардың негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу қарым-қатынасына, дұрыс жазу және дұрыс айтуға өтеді. Оқушылар жанды тілдік қатынасқа дұрыс сөйлеу мен дұрыс жазуды қарапайым теориялық мағлұматтар негізінде игеру арқылы кіріседі. Олар тілдік материалдарды бақылау, талдау арқылы элементар теориялық ережелер шығарады, үйреген және игерілген теориялық қағидаларды іс жүзіне саналы енгізеді.

Мектепте ана тілін оқыту әдістемесінің мұндай бағыты нағыз білімдерді меңгеру заңдылықтарына да, қазіргі заман дидактикасы міндеттеріне де сай келеді.

«Білім туралы» заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары белгілеп берілді:

- білім беру мен тәрбиенің гуманистік, демократиялық қасиетке ие екендігі;

- білім берудің үздіксіздігі мен бірізділігі;

- жалпы орта, сондай-ақ орта арнаулы кәсіптік-техникалық білімнің мәжбүри екендігі;

- орта арнаулы, кәсіптік-техникалық білімнің бағытын: академиялық лицейде немесе кәсіптік-техникалық колледжде оқуды таңдаудың еркіндігі;

- білім беру жүйесінің дүниелік қасиетке ие екендігі;

- мемлекеттік білім стандарттары аясында білім алудың баршы үшін ашықтығы;

- білім беру бағдарламаларын таңдауға бірыңғай және сатылай жанасу;

- білімді болуды және дарынды ынталандыру;

- білім беру жүйесінде мемлекет және қоғамдастық басқаруын үйлестіру3.

Бұл қағидаттер бастауыш білім беруде ана тілін оқыту әдістемесінің міндеттерін де белгілеп, анықтап береді. Заңда бастауыш білім жалпы орта білім алу үшін қажетті сауаттылық, білім мен дағды негіздерін қалыптастыруға қаратылғаны айтылған.

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі өзінің міндеттерін белгілегенде білім беру саласындағы мемлекеттік құжаттарға сүйенеді. Соңғы жылдары тәуелсіздіктің арқасында білім беру саласын түбегейлі реформалау мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналды. «Білім беру туралы» заң мен осы құжат негізінде жасалған «Кадрлар дайындау ұлттық бағдарламасы» осыған дәл мысал бола алады.

«Кадрлар дайындау ұлттық бағдарламасында» білім беру саласын түбегейлі реформалау, дамыған демократиялық мемлекеттер деңгейінде, жоғары рухани-ақылақтық талаптарға жауап беретін жоғары білікті мамандарды дайындау Ұлттық жүйесін жасау басты мақсат етіп алынған4.

Кадрлар дайындау саласындағы мемлекеттік саясат тұлғаны интеллектуалды және рухани-ақылақтық жақтан тәрбиелеумен тығыз байланысты болған білім беру жүйесі арқылы жан-жақты кемел тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Ана тілін оқыту әдістемесі пәні де білім беру үдерісін ұйымдастыру қалыптары мен тәсілдерін жасауда жоғарыдағы мақсаттар негізінде жұмыс жүргізеді.

Жалпы орта білімнің бір басқышы болған бастауыш білім 1-4 сыныптарды қамтиды. Ұлттық бағдарламада айтылғандай, бұл басқышта білім берудің жаңаша жүйесі мен мазмұнын қалыптастыру үшін мыналар қажет:

- оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім беруге сатылай жанасуды енгізу;

- білім берудің озат педагогикалық технологияларын, заманалық оқу-әдістемелік комплекстерді жасау және оқ-тәрбие үдерісін дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, т. б.

Ұлттық бағдарламада білім беру жүйесінің тұтас ақпараттық базасын қалыптастыру бойынша берілген нұсқаулар, үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету барысындағы реформаларды іс жүзіне енгізу бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің алдында көлденең тұрған өзекті мәселелердің бірі саналады.

Ана тілін оқыту әдістемесі психология мен педагогиканық да мағлұматтарына сүйенеді. Әдістеменің мәселелерін шешуде педагогикалық білімдер көмектеседі. Сондықтан да психологиы мен педагогика ғылымдары да әдістеменің әдіснамалық негіздері қатарына жатады.

Педагогикалық психология адамға тәлім-тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді өзінің предметі етіп алады. Ол оқушыларда ойлаудың қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен дағдыларын меңгеру үдерісін басқару мәселелерін қарастырады, оқыту үдерісін жүргізуге, педагог пен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарға және оқушылар тобындағы қатынастарға әсер ететін психологиялық факторларды, оқушылардағы индивидуалды-психологиялық айырмашылықтарды, ақыл-ой дамуы жағынан артта қалған балалармен жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды. Мұнымен педагогикалық психология әдістеме пәніне оқу материалын таңдауға, бастауыш сыныптарда ана тілінің мазмұны мен көлемін, оқу материалын анықтауға және оларды сыныптар бойынша бөлуді жүйелі түрде жүзеге асыруға көмектеседі. Оқытудың тиімді тәсілдері мен қалыптарын анықтауға, оқушылардың аналитикалық-синтетикалық қызметінің дұрыс өсуіне көмектеседі.

Әдістеме психология ғылымының мағлұматтарына сүйеніп оқытуда оқушылардың жас және индивидуалды ерекшеліктерін есепке ала отырып жанасу мүмкіндігіне ие болады.

Ана тілін оқыту әдістемесі психолингвистика ғылымымен де тығыз байланыста. Психолингвистика әдістемеге сөйлеу туралы - пікірді дұрыс жеткізу түрлерін белгілейтін факторлар, «сөйлеуді қабылдау сигналдары» аппараты, индивидуалды қатынасқа және бұқаралық байланысқа сөйлеу әсерінің пайдасы туралы мәлімет береді. Бұл мәліметтер әдістемелік мәселелерді шешу үшін, әсіресе байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі үшін аса қажетті саналады.

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі дидактикамен, яғни білім берудің жалпы теориясымен де байланысады. Әдістеме дидактика белгілеп берген заңдылықтар, ереже-қағидаларға сүйенеді. Дидактикалық қағидаттарға, яғни қарастырылған материалдың ғылыми, сәйкес екендігіне, тіл және материалды үйрету мен нығайтуда көрнекілік, саналылық, білім, дағды және іскерліктің тиянақтылығына, тұрақты қайталауға, оқушылардың таным қызметінің белсенділігіне, дербестік, оқытуды өмірмен, балалардың қызығуларымен байланыстыра жүргізуге мойынсұну мектепте оқытылатын барлық сабақтардан, соның ішінде ана тілінен де оқу үдерісін ұйымдастыруға аса қажет.

Ана тілі әдістемесі жалпы педагогикамен де байланысты болып келеді. Мектептегі әрбір сабақ, соның ішінде ана тілі де тек қана білім беру, дағды мен іскелікті қалыптастырумен шектелмейді, баланық санасын дамыту мен тәрбиелеу де соның еншісінде. Расында да ана тілін оқыту үдерісінде балалардың дүниетанымы қалыптасады, таным қабілеті дамиды, ақыл-ой, ақылақтық, эстетикалық жақтан дамиды, мінездерінде белгілі бір оңды өзгерістер байқалады, еңбек етуге үйренеді, т. б.

Педагогика ғылымы балаларды жан-жақты дамыту мен оларды тәрбиелеу мәселелерін ғылыми негіздеп береді. Ана тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының жаңалықтарына, оның ғылыми істеп шыққан мағлұматтарына сүйенеді.

Ана тілін оқыту әдістемесін жалпы педагогикамен байланыстыру әсіресе бастауыш сыныптарда аса қажет. Кіші жастағы оқушылардың топтық және жеке оқу қызметінде қажетті көптеген әдеттерімен дағдылары әлі тәрбиеленбеген болады. Ұжымшылдық, топпен тез араласу, тыңдау, оқу мен жазу, белсенді және дербес жұмыс істеу, барлық жұмысты тиянақты істеу сияқты әдеттер мен дағдылар оқытушы мен мектеп жүргізетін жалпыпедагогикалық шаралар жүйесін құрайды. Тәрбиенің осыған ұқсаған теориялық және практикалық мәселелерін педагогика жасайды. Оқытушы педагогикалық талаптарды жүзеге асырғанда ғана ана тілін оқытуды тәлім-тәрбие тұрғысынан пайда келтірерліктей етіп ұйымдастыра алады.

Ана тілн оқыту әдістемесі қазақ тілінің белгілі мөлшерде теориялық тұрғыдан игеруді де көздейді. Сондықтан да тіл білімінің фонетика мен фонология, лексикология мен фразеология, сөзжасам мен этимология, грамматика (морфология, синтаксис), стилистика, сондай-ақ орфоэпия, графика, орфография секілді салалары ана тілін оқыту әдістемесінің маңызды негізі саналады.

Фонетика мен фонология графикамен баланысты сауат ашу әдістемесін жасауға, элементар оқу дағдысын қалыптастыруға негіз болады. Фонетика мен графиканық фонетикалық қағидат негізінде жазылатын емле қағидаларын игеруде де маңызы зор. Көркем жазу әдістемесі графика теориясына негізделеді.

Лексикологияны білу мектепте сөздік жұмысын (мағынасы жуық және қарама-қарсы мағыналы сөздерге қатысты түрлі жаттығулар орындау, көп мағыналы сөздер, олардың мағыналық ерекшеліктері үстінде жұмыс істеу) дұрыс ұйымдастыру үшін өте қажет.

Сөздің құрамы мен сөзжасамды үйренуде әдістемеге сөзжасам, этимология, грамматика негіз болады.

Морфология мен синтаксис дерексіз тілдік құбылыстарды қалып­тас­тыру­ды, тілдің құрылысы туралы түсінік пайда етуді дұрыс ұйымдастыруға, грамматикалық ұғымдарды дұрыс жазу мәселелерін шешуде пайдалануға мүмкіндік тудырады. Грамматикадан білімі нашар оқушыларда емле және пунктуациядан дағды және іскерліктерді қалыптастыру мүмкін емес. Грамматиканың оқушылар тілін дамытудағы маңызы зор, себебі грамматика сөз тұлғаларын дұрыс құрастыру, сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзара дұрыс байланыстыру және сөйлемді дұрыс құрастыруға баулиды.

Дұрыс жазуды оқыту әдістемесінің дамуында қазақ тілінің емлесі теориясын есепке алу талап етіледі.

Оқу әдістеме әдебиет теориясына негізделеді, себебі оқушылар көркем шығарманы іс жүзінде талдайды, оларға әдебиеттанудан теориялық мағлұ­мат­тар берілмейді, дегенмен әдістеме әдеби шығарманың дүниеге келу заңдылық­тарын, олардың оқушыларға әсерін, әсресе әдебиеттануға тиісті тақырыптардан туындының идеялық мазмұнын, тақырыбы мен сюжетін, композициясын, жанрын, бейнелеу құралдарын есепке алу керек.

2 -тақырып. Ана тілін оқыту әдістемесінің қағидаттары

Оқушыларға ана тілін оқыту, оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерінен келіп шығып, таным теориясына негізделіп, барлық өзара жуық, байланысты пәндердің ұсыныстарына негізделіп, ана тілін оқыту әдістемесі өзінің қағидаттарын істеп шығады. Бұл қағидаттар жалпыдидактикалық қағидаттардан өзгеше болып, оқытушы мен оқушы арасындағы оқу еңбегінің бағыттарын белгілеп береді.

Ана тілін оқытудың қағидаттары мыналар:

1. Тіл материалына, сөйлеу аппараты мүшелерінің дамуына, сөйлеу іскерлігінің дұрыс қалыптасуына мән беру қағидаты. Сөйлеу, тіл заңдылықтарына, аз да болса мән бермеу практикалық сөйлеу қызметін игеруге кері әсерін тигізеді. Мысалы, фонетикалық дағдыларға жеткілікті мән берілмесе, емле сауаттылығына кемшілік келеді. Бұл білім беру қағидаты тіл жаттығуларында көру және есту нұсқалылығын қамтамасыз етуді және сөйлеу аппараты мүшелерін жаттықтыруды (сөйлеп беруді, мәнерлеп оқуды, ішкі сөйлеуді) талап етеді.

2. Тілдік мағыналарды (лексикалық, грамматикалық, морфемалық, синтаксистік) түсіну қағидаты. Сөзді, морфеманы, сөз тіркесін, сөйлемді түсіну әлемдегі алуан түрлі оқиға-құбылыстар арасындағы байланысты анықтау деген сөз. Тілдік мағыналарды түсіну қағидатына мойынсұнудың шарты - тілдің барлық барлық жақтарын, тіл білімінің барлық саласын (грамматика, лексика, фонетика, орфография, стилистика) өзара байланыстыра үйрену. Мәселен, морфологияны синтаксиске сүйеніп қана үйрену, игеруге болады. Ал синтаксисті үйренгенде морфологияға сүйенеміз. Орфография фонетикаға, грамматикаға, сөзжасамға, т. б. сүйенеді. Сөзді морфемалық талдау оның мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі. Тілдің барлық деңгейі бір-бірімен өзара байланысты болып, оқытуда мұны әлбетте есепке алу керек.

3. Тілге сезімталдықты дамыту қағидаты. Тіл - өте күрделі құбылыс, оның құрылысын, бірізді жүйесін байымдамай жатып оның заңдылықтары мен ұқсастықтарын аз да болса игермей жатып есте сақтауға болмайды. Бала сөйлесу, оқу, естумен тілдік материалдарды жинайды, оның заңдарын меңгереді. Нәтижеде адамда тілге сезімталдық (тіл құбылыстарын түсіну) ерекшелігі қалыптасады.

4. Сөйлеудің мәнерлілігіне мән беру қағидаты. Бұл қағидат тіл құбаластарын түсінбес бұрын сауатты жазу, тіл мәдениеті құралдарының хабар беру міндетін түсінумен қатар оның мәнерлілігін (стиліне қатысты) түсінуді, мазмұнын ғана емес, сөз бен сөйлеу бірліктерінің, тілдің басқа өркемдік-бейнелеу құралдарының әсерлілігін де түсінуді көздейді. Бұл қағидатқа мойынсұну үшін бірінші кезекте көркем әдебиеттерді, сондай-ақ тілдің стилдік ерекшеліктері нақты өрнектелген басқа да мәтндерді пайдалануды талап етіледі. Ал бұл мәтн мазмұны мен оның өзіндік «нәзік» қырларын да аңғаруға көмектеседі.

5. Ауызша сөйлеуді жазбаша сөйлеуден бұрын меңгеру қағидаты. Бұл қағидат та адам тілінің дамуына ықпал етеді және тілді оқыту әдістемесін құрастыруға қызмет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz