Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін еліміздің экономикалық және саяси өркендеуіне орай оның ұлттық білім беру салаларында жаңа жүйе қалыптасуда. Осыған байланысты жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі білім беруді електен қайта өткізу мен саралау негізінде бастауыш мектеп оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытатын, заманауи білім беру жүйесіне сай жаңа инновациялық-педагогикалық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу күн тәртібіне қойылды. Сондықтан, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы17 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәңгілік ел болу үшін жас ұрпақтың жан-жақты сауатты, білімді болуы керек екенін, мемлекеттік тіліміздің, ғылым мен білімнің, өндіріс пен шаруашылықтың барлық саласында еркін қолданылатындығын айтып, қазақ тілін оқытудың айрықша маңызды екендігін атап көрсетті [1].
Республикамыздың білім беру жүйесін бастауыш мектептен бастап дамытудың жаңа бағытты таңдауы Қазақстан - 2050 стратегиялық құжаттарында көрсетілді. Онда бұрын қолданылған Білім заңы мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында айтылған білім беру жүйесін оқушылардың жеке тұлғалық және шығармашылық қабілеттерін одан әрі жетілдіретіндігі баса айтылды. Сол себепті, жалпыға бірдей білім беретін мектептерде әсіресе, бастауыш сыныптарда оқыту мен тәрбиелеуде оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын және тұлғалық қабілеттерін жетілдіретін оқытудың заманауи озық әдіс-тәсілдерін қолдану - бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары жүйесін қалыптастырған еңбектері мен зерттеулерінде қазақстандық мектептердегі оқыту әдістемесіне пайдасын тигізетін бағыт-бағдарлар айқындалды. Оқушыны білім беру үдерісінің объектісі емес, қайта соған белсене қатысушы субъектісі деп, оның ойлауын жетілдіріп, тілін дамытып, оқыту барысында қол жеткізген және игерген машық-дағдылары мен алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдануға қол жеткізетін білім берудің жаңа технологияларын жасаушылар қоғам және уақыт талабымен санасуға келер заманның талабын айқын болжауға міндетті. Сондай жаңа технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту теориясы И.Г.Песталоци, А.Дистерверг, К.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алса, оны оқыту үдерісінде қолданудың ғылыми негіздемесін Л.Выготский жасады. Л.Выготскийдің идеясын әдістемелік, әдіснамалық, дидактикалық және психологиялық тұрғыдан: Д.Эльконин, В.Давыдов, А.Леонтьев, П. Гальперин, З.И.Калмыкова, В.Репкин, Г.Селевко, Г.А. Цукерман, В. Шадриков, И. Якиманская, В.Занков, А.Жаппаров, Н.Талызына, Н.Кузьмина, М.Мукомбаева, В.Краевский, И.Лернер, В.Беспалько, Е.Кабанова-Миллер, Р.Бернс, В.Виблер, Н.Верницкая, Ю.А.Грибов, С.Архангельский, А.В.Мудрик, В.А.Сластенин, Б.Т.Лихачев, В.В.Гузеев, В.И.Заягвязинский, Н.М.Зверев, М.В.Кларин, В.М.Монахов, В.Ю.Питюков, П.И.Третьяков, Т.Е.Шамова, Эрдниев, Н.А.Менчинская, В.П.Лебедева, М.Қараев, М.М.Жанпейісова, С.Рахметова, Н.Ж.Құрманова, Қ.Молдабек, Р.И.Кенжебекова, Ж.А.Тәжиева және т.б. ғалымдар одан әрі дамытты. Дегенмен бастауыш мектептегі сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту мәселесі өз алдына дербес зерттеу нысаны болған жоқ. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту балаға өзінің алған білім қорын күнделікті өмірдегі тілдік т.б. қатысымда қолдана алуына қажетті машық-дағдыларды дұрыс қалыптастырады және оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайтады, тілін дамытады, сөйлей білу шеберлігін арттырады. Осы себепті зерттелініп отырған мәселе өзекті болып табылатындығы дәлелденеді.
Зерттеу нысаны: Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу және оны меңгерудің әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуға қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді оқу арқылы сауат ашу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарын айқындау;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуға арналған жаттығулардың түрлерін анықтау;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың жаңа ұстаным негізінде жүргізуге арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді айқындау;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі білетін, түсінетін 3500-4000 сөзін белсенді сөздік қорға енгізу, тілін дамыту;
ұсынылып отырылған әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың тұжырымдамалық мәселелері сауат ашу жұмысының мақсаты мен міндеттерін, білім мазмұнын жетілдіруге, сондай-ақ сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуға арналған жаттығулар мен тапсырмаларды оқулықтарға енгізуге негіз болады. Сауат ашуда деңгейлеп оқыту ұстанымдарын пайдалану арқылы алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту әдістемесіне алғаш рет өз алдына зерттеу жүргізілді;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың жаңа жүйесі жасалынды;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуға арналған жаттығулар түрлері (оқу, танымдық, ізденімдік, шығармашылық) анықталып, олардың негізгі белгілері ажыратылды;
сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуға арналған жаттығулар және тапсырмалар жүйесі жасалынды;
бастауыш мектеп оқушылардың сауатын арттыруға арналған тиімді әдістер, оларды сабақта тиімді қолдану жолдары анықталды.
Зерттеудің практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысында ұсынылған әдістеме бастауыш мектеп оқушыларының білімдерінің тереңдеуіне, орфографикалық және орфоэпия-лық дағдыларының қалыптасуына, логикалық ойлау қабілеттері мен тілінің дамуына, сөздік қорларының баюына, шығармашылық қабілеттерінің артуына игі ықпал етеді.
Зерттеу жүмысы бастауыш мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер мен студенттерге көмекші әдістемелік құрал бола алады. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту бірінші сыныптан бастап жүзеге асырылады, сондықтан жұмысты Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығында арнайы курс ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысына қатысы бар философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, лингвистикалық бағыттағы теориялық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту үдерісін бақылау, талдау, лингвистикалық анықтау, озат мұғалімдерді жинақтау, жүйелеу, салыстыру және қорыту әдістері қолданылды.

1. САУАТ АШУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың қалыптасуы және дамуы
Мектеп табалдырығынан аттаған күннен балалардың қолына алып танысатын оқулығы - Әліппе. Осы оқулық арқылы балалар білім әлеміне алғашқы қадамын жасайды. Сол кітап арқылы олар оқуға, жазуға үйреніп, ойлау қабілеттері дамиды. Бастауыш мектепте қалыптасатын оқу-жазу дағдылары жоғары сыныптарда одан әрі дамытылады. сауат ашу жүйесін жетілдіру мәселесін жан-жақты зерттеу үшін бірінші кезекте аталған мәселеге байланысты бұрын-соңды баспадан шыққан әдістемелік еңбектерге, нұсқаулықтарға және кезінде мектептерде оқытылған Әліппе оқулықтарына шолу жасау қажет. Осы орайда атап өтетін басты нәрсе - ХІХ ғасырдың екінші жартысынан күні бүгінге дейін жарық көрген әдістемелік еңбектерде, зерттеулерде әдіскер-ғалымдардың сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту жөнінде тікелей сөз етпегендігі. Бұл ғалым-әдіскерлердің қазақ тілін оқыту әдістемесін, оның ішінде сауат ашу жүйесін жетілдірмеді деген сөз емес. Олар сол кездегі заман талабына сай сауат ашудың түрлі әдіс-тәсілдерін қарастырды, соған лайық әдістемелік жүйелер жасады, көптеген әдістемелік еңбектер мен нұсқаулықтар жазды. Қазақша сауат ашуға арналған оқулықтарды жазу мен жасау қазақтың тұңғыш ұлы педагогі Ы.Алтынсариннен басталды. Ол: Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана, - деп қазақ халқының өркендеуі мен дамуы сауат ашу арқылы білімге қол жеткізумен тікелей байланысты екенін атап айтты. Ол қазақ балаларына Қырғыз хрестоматиясы, Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы және Мактубатты жазды және осы еңбектерінде балалардың сауатын ашуда сол кездегі дидактиканың соңғы жетістіктерін орынды қолданды7
Деңгейлеп оқыту технологиясының болмысы қандай? Себебі деңгейлеп оқыту дегеніміз - күнделікті өмірдегі және қоғамдағы д, а, м, у, ы, ң, заңдылықтары арқылы жүзеге асатын үдеріс. Даму-мәңгі. Қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында ... қозғалыс әрқашан бір нәрсені екіншісіне қарай қозғалуы, яғни басталуы мен аяқталуы бар әр түрлі заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді ... органикалық емес жүйенің, жануарлар дүниесінің, қоғамның дамуына диалектиканың жалпы заңдарына бағынады. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді
Себебі оқыту технологиясында теориялық білімді басты орынға қояды. Өйткені, теориялық білім оқушының біліктілігін қалыптастыра отырып, оқыту барысында мазмұндық топтастыру жасай алу қабілетін дамытады. Басқаша айтқанда, оқу үдерісі дәстүрлі оқытудағы эмпирикалық-индуктивтік типтен қызығушылығын дамытатын теориялық-дедуктивтік типке қарай ауысады. Бұл үшін дамыта оқытуға сәйкестендірілген арнайы білім мазмұны жасалып, оның білім мазмұнын оқытуды дәстүрліден бөлекше арнайы әдістер арқылы жүргізілуі керек. Сонда оқушылардың теориялық ойлауы дамиды. Осыған арқа сүйеген оқыту үдерісі оқушыларға тек жалаң білім мазмұнын беріп қана қоймайды, қайда оқушылардың мазмұндық топтастырулар жасау қабілетін дамытатын әдістер іріктелініп түседі.

1.2 Сауат ашу жүйесін деңгейлеп оқытудың лингвистикалық негіздері
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың лингвистикалық негіздері бастауыш мектептегі мына мәселелерді ескергенде ғана анықталады. Ол үшін:
тілдің орфоэпиялық қағидаларына сүйене отырып, сауат ашудың әліппе сабақтарын деңгейлеп оқытуда дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдылықтарын ұғындыру;
тіліміздегі сөздердің дыбысталуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескеру;
сауат ашудың деңгейлеп өтілетін әліппе сабақтарында дыбыс пен әріп, сөз бен сөйлемнің анықтамасы арнайы ұғындырылмайды, дегенмен аталған тілдік бірліктер туралы ұғым бірте-бірте өзара байланыстырыла беріліп, қалыптастырылуы қажет. Себебі, бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе жүйесін деңгейлеп оқыту тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтқызу мен жаздырудан, олар туралы түсінік беру мен қалыптастырудан басталады.
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері ішіндегі дірілдің саны арқылы анықталады. Діріл неғырлым көп әрі жиі болса, ол солғұрлым күшті, керісінше, дірілдің саны азайған сайын ырғақ та әлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішінде 16-20 мыңға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап, ести алады. Осыған байланысты сөйлеу ырғағының құбылуына қарай сөйлемнің де, айтылар ойдың да мағынасы әр түрлі болады. Сауат ашу жүйесін деңгейлеп дамыта оқытуда ерекше көңіл бөлетін үнемі назарда болатын басты мәселе - тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену. Бұл кезеңде щ дыбысы дауыссыз дыбыс ретінде щетка, ащы, тұщы сияқты санаулы ғана сөздердің айтылуы мен жасалуы соларға ұқсас қазақ тіліндегі басқа сөздермен салыстырыла үйретіледі.
Демек, сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуда оқушыларға дыбыстарды үйрету олардың бұрыннан білетін сөздерін белсенді сөздік қорына енгізуге бағыттау керек. Сонда баланың ойы өсіп, тілі дамиды. Қазіргі Әліппе оқулығында бұл мәселе онша ескеріле қоймаған. Мысалы, т дыбысын өткенде оқушылар тек та мағынасыз буыны мен ата, ат сөздерін ғана меңгереді. Келесі н дыбысын өткенде ата сөзіне ана сөзі қосылып, оқушылар екі сабақта екі-ақ сөз меңгереді. Оқушылар қарапайым сөйлеммен тоғызыншы ш дыбысын өтуде ғана танысады. Мұндай сабақтарда оқушылардың жоғарыда айтылған сөздік қорын өздері мектепке дейін білетін 3500-4000 сөзін белсенді игеруге енгізу мүмкін емес. Сондықтан алғашқы сабақтың өзінде-ақ балаларға кемінде бес-алты сөз үйрету керек.
1.3 Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың психологикалық - педагогикалық негіздері
Мектепке енді келетін баланың ақыл ойы, оның дамуы әлеуметтік жағынан даярлығы бәрі баланы ілгері жетелеуге алғышарт жасап тұрады. Осы кезеңді дұрыс пайдаланып ұйымдастырылған жүйелі түрдегі білім беру мен тәрбиелеу баланың мақсатты дамуының басты формасы мен шарты болып табылатындығы дәлелденген.
Мектепке келер алдында баланың сезімі біршама тәжірибеге ие болып, өзін қоршаған орта мен құбылыстарды, заттарды өз түсінігіне лайық қабылдайды және олардың бір-біріне қарым-қатынастарын өзіне тән қасиеттермен меңгереді, заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін сенсорлық кезеңін бірте-бірте ретімен ойдағыдай пайдалана бастайды. Бұлар балалардың айналадағы өмірге, адамдарға, оқиғаларға, құбылыстарға қызығушылық танытуы арқылы көрінеді және олар - балалардың өзіне тән психикалық ерекшелігі. cлайд
Бастауыш мектепте сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту − бұрынғы дәстүрлі оқытуды одан әрі толықтыратын, жетілдіретін және дамыта түсетін педогогикалық жүйе. Бастауыш мектепте сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың дидактикалық ұстанымдар А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Рахметова, Ә.Исабаев, Р.Қоянбаев, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Ю.К.Бабанский, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, М.И.Махмутов, К.В.Аргба, Б.Ханмамедов, Г.С.Капенов, Н.Ж.Құрманова, Л.И.Смагина, Қ.Молдабек, Н.С.Молдабековалардың еңбектеріне сүйену арқылы анықталды. Осыған байланысты әрбір әдіскер ғалымның позициясы мен әдістеріне сай дидактикалық ұстанымдарға, олардың түрі мен санына көзқарастары әр түрлі. слайд
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып әрі зерттеу жұмысының мақсаты мен өзіндік ерекшелігіне байланысты дәстүрлі оқыту ұстанымдарына қоса сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың мынадай дидактикалық ұстанымдары:
1. САУАТ АШУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуда қолданылатын әдістер мен құралдар

Қазақ тілін оқыту әдістемесі болсын, басқа пәндерді оқыту әдістемесінде болсын бастауыш мектептегі сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту жүйесінде қазіргі кездегі ең өзекті әрі күрделі мәселелердің бірі - білім мазмұнын арттыру, оқыту үдерісінде, заманауи озық әдіс-тәсілдерді қолдану. Қай кезде де озық әрі тиімді таңдалған әдістер сабақ жүргізуді меңгерген және білім беру мазмұнын сапалы әрі саналы меңгерткен. Сол себепті, мектеп мұғалімінің алдында сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуда ұтымды әдістерді, дұрыс таңдай білу әрі оларды орын-орнымен нақты қолдана білу міндеті тұрады. Сонда білім алудың қарқынды жүретіні белгілі. Сондықтан да, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның көшбасшысы А.Байтұрсынұлының: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу; әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйенетін қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек, - дегені осы күнде де аса маңызды
слайд
Талдау әдісі - сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуда ең жиі қолданылатын тиімді әдіс. Талдау әдісі балаларға өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, олардың қимыл, іс-әрекеттерін түсінуде, берілген әріптерді көрсетілген түрлі көрнекі құралдардан, сөздерден, сөйлемдерден табуда, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын көре білуде аса пайдалы. Сондықтан деңгейлеп оқытуға арналған әрбір сабақта талдау әдісін орынды және тиімді пайдаланудың маңызы зор әрі бұл әдіс арқылы мұғалім сабақтың алдына қойған мақсатына, оқушылардың дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін сапалы меңгеруіне қол жеткізеді. Талдау әдісі оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландырады, сондықтан оған ерекше назар аударып, үнемі қадағалап отыру керек
Жинақтау әдісі - әріптерді дұрыс оқыту, олардан буын құрастыру, дұрыс оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда, буындардан сөздерді, сөздерден сөйлемдерді түзуде және оқуда қолданылады. Бұл әдіс арқылы оқушылар бұрын өтілген дыбыстардан буын және мағыналы сөз құрауға, сөздерден сөйлемдер құрастыруға, әріптердің жазба және баспа түрлерін ажыратуға, оларды дұрыс айту мен жазуға, оқуға жаттықтырылды.
Талдау - жинақтау әдісінде оқушылар әрі талдайды, әрі жинақтайды. Талдау - жинақтау әдісі сауат ашу жүйесінде таным әрекетін белсендіріп, проблеманы өзі шешуге, сол туралы өзі шешім қабылдауға жаттықтырады. Бұл әдіске негізделген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бірте-бірте дамытылып талдаудан жинақтауға, жинақтаудан қорытуға, одан ізденімдікке, өз бетінше шешім шығаруға, шығарған шешімнің дұрыстығына көз жеткізуге үйретіледі
Тест әдісі - сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуда соңғы жылдары қолданылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Информатиканы оқыту әдістері
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Пәндер