Сахнадағы тіл тазалығы, анық сөйлеудің әдіс - тәсілдері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сахнадағы тіл тазалығы, анық сөйлеудің әдіс - тәсілдері

Актердің ішкі жан дүниесін көрерменге паш етер құралының маңыздысы - тіл туралы болмақ.
Тіл - қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болуымен бірге, әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты республикамызда жалпы білім беру жүйесін қайта құру, ұлттық мектептерде білім сапасын арттыру мәселесі қолға алына бастады. Білім беру жүйесінде енгізіліп отырған өзгерістерге сай оқу процесінде тәрбие тәсілдерін ұлттық психологияға бейімдеу, кәсіби бағдар беру, студенттердің қабілетін, талап-талғамын ескере отырып, жеке пәндерді теориялық әрі практикалық жағынан тереңдетіп оқыту іске асырыла бастады,
Тілден тиянақты білім беру мұғалімінің шеберлігіне байланысты десекте, талапқа сай жазылған тұрақты оқулық болмайынша, соншалықты жауапты міндеттің ойдағыдай орындалуы мүмкін емес.
XVIII ғасырда өмір сүрген шведтің табиғат зерттеушісі Карл Линнейдің: Егер сен сөздерді тілді білмесең, заттарды зерттеуің мүмкін емес - деген пікірі бар. Сөзді зеттеу, оның мағынасын, астарын, мәнін аша отырып, түпкі төркінін тапжылтпай тану оңай емес. Сондықтан да Асан Қайғының:
Қазаққа сөз дарыған,
Бір сөз үшін семіріп,
Бір сөз үшін арыған,-
деуі тегін емес еді.
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім - деп Мағжан жырлаған ана тілімізді құрал ретінде қолданып, қадірлеу - перзенттік парызымыз. Актер мамандығы бұл бір жағынан ұстаздық мамандықты қоса алып жүреді. Өйткені, әр сахна төрінде айтылған сөзің белгілі бір мақсатпен көкейкесті ойыңды, халыққа деген назың болсын, төгер қаһарыңды болсын білдіреді. Сонымен әр сөзің арқылы көрермендік психологиясына әсер етіп, белгілі бір дәрежеде тәрбиелейді. Сондықтан да біз актерлер тілімізді жүз құбылтып қолдануға келетін икемділігін, дыбыс жүйесінің әсем сазды әуезін, тартымдылықпен өзгелер емес, алдымен өзіміз сезінуіміз қажет. Сонда ғана жүректен шыққан сөз, жүректерге жетеді.
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де бейнелі тілдердің бірі. Қарап отырса, ана тіліміздің халықтың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға, аңға, құсқа тағы да басқа табиғат құбылыстарына байланысты бейнелей теңеу, эпитет-метафораға, мақал мен мәтелдерге байланысты атауларына басқа тілдерден балама табу қиын. Бір кезде ұлы Абайдың өзі: қазақтың өзгелерден сөзі ұзын немесе өткірдің жүзі, кедейдің бізі өрнегін сендей сала алмас - деп, өз ана тіліне таңырқап, тағзын еткені белгілі.
Тіл қоғамдық болғанмен, сөйлеу процесінде жеке адамдардың сөзі, сөйлеу түрінде көрінеді. Сөйлеу процесінде жеке адамдар өзіндік ерекшеліктерін қоспай тұра алмайды. Әр адамның өз сөйлеу мәнері, сөз саптау ерекшелігі болады.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізі - сөз өнері. Жас ұрпақтың тіл байлығын молайтып, сөйлеу шеберлігін арттыру үшін, халықтың тілдің телегей теңіз, бай қазынасын, халық ауыз әдебиетінен мүмкіндігінше терең игертіп, оның қилы-қиын кезеңдері мен қызық құбылыстарын жете түсіндіріп, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұлан-ғайыр өзгерулер мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпыруларды дәл аңғарта білу - актер үшін маңызды.
Сөйлеу өнерін үйретуде айрықша ескеретін жағдай - біріншіден, студентке текстегі сөйлем синтаксистік құрылымдағы фраза болатындығын, оның сөз таптары аталып, ол сөз мағыналарына, сөйлемдегі ойдың бір сөзге орайласа айтылуына қарай топтастырылғандықтан, оны фразеологиямен шатастырмау керектігі; екіншіден, сөйлемнің логикалық жағына көңіл бөлу. Логика - сөйлемдегі сөздердің нысанаға дәл жетуінің бірден-бір басты шарты.
Бұл жоғарыда айтылған дүниенің барлығын студент бірінші курста өзінің ең алғаш қара сөзін, я болмаса балалар өлеңін алғанда есте сақтауы қажет.
Сондықтан да, сөз қадірін айтқан білер, жол қадірін жортқан білер, сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді - дейді халқымыз. Сөз өнері дертпен тең. Мән-мағынасына көңіл аударсақ сөздің жауапкершілігі мен артар сенім-салмағы жетерлік. Сөзден сыр, ойдан маржан теру үшін ілім біліммен бірге, актерлік шеберлік, тереңдік қажет.
Бейнелеп әсем сөйлей білу - актердің, әсіресе топ алдына шығатын актердің мәдениеттілігінің көрінісі. Өзге де қимыл, іс-әрекетің секілді, сөйлеуің де тыңдаушыңа не ғұрлым күшті әсер етсе, соғұрлым жетіле түседі.
Сөйлеу тілінде қолданылатын фразалық тіркестердің экспрессивті болуы, образдылығы басым да қарапайым болып келеді.
Сахнаға шығып, жұрт алдында сөйлегенде, тілдің ішкі мүмкіндіктерін жақсы біле отырып, ойды ойнақы да ойлы, әсерлі де көркем жеткізудің әдіс-тәсілдеріне көңіл аудару керек.
Сахна тілінде сөз әсерлігі екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтумен байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірімді мағынада жұмсаумен ұштасады. Сөздің келтірімді, ауыспалы мағынасы метафора, эпитет, метанимия, синендоха т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі.
Қазақ тілі қаншалықты бай, сөздік қоры мол, тілдік тәсілдерінің алуан түрлі болғанымен, тәжірибесі аз жас лекторлардың тілімен, баяндау мәнерінен болсын актерлерде өнер адамдарының өзінен кемшіліктер кездеспей қоймайды.
Атап айтсақ:
1. Сөздің сыртқы әдемілігіне, әуезділігіне еліктеп, ішкі мағынасының ерекшелігі елеусіз қалады. Тақырыптың мазмұны, тыңдаушының құрамы, мамандық ерекшелігі ескерілмесе, ұранды сөзге ұрылады.
2. Көп сөзділік, бір айтқанды қайталап, қазбалап айту.
3. Ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін көп қолдану т.с.с.
Тыңдаушы, көрермен қауым әрбір актерден, не насихатшыдан нағыз шешендік талантты талап етепесе де, тіл заңдылығын сақтауды талап етеді.
Тіл білімінде ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдарын паралингвистика ғылымы зерттейді, грекше; para - жанында, маңында деген мағына білдіреді. Паралингвистика ғылымы екі саладан тұрады:
1. кинесика
2. фонация
Кинесика ғылымының негізгі зерттейдің объектісі сөйлем кезіндегі ым-ишара, қимыл-қозғалыс ьболса, фонация саласы сөйлеу кезіндегі интонациялық ерекшеліктерді, ырғағын, паузаны т.б. қарастырады.
Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен сахнадағы актердің ым-ишара, қимыл-қозғалыспен сәйкес келуі керек.
Актер шеберлігінде тағы қойылатын бір талап - актердің мимикасы өзіне, жағдайға бағынуы керек.
* Мимика - адамның бет құбылыстарының өзгеруі ішкі жан дүниесінің қандай күйде екндігінің айғағы. Кейде сөзбен айтпайтын нәрсені көңілмен, қимыл-қозғалыспен беруге болады.
* Фонация - мәнерлі сөйлеу мәдениеті, шешеннің, насихатшының, диктордың немесе актердің дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстың құбылуы - адамның сол өзі айтып тұрған мәселесіне қатысып, эмоциясын, сезімін білдіретіні сөзсіз. Мысалы А.П.Чехов әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар дегені де бекер емес.
Сөз өнері сурет пен музыка секілді, жалпыға бірдей жететін түсінікті нәрсе еместігін айта кеткім келіп отыр. Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны және күрделісі,- деген Бальзак. Қазақ халқының өнер алды - қызыл тіл деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаған.
Сөз өнері - жайлы ойымды қорыта келгенде: сөйлеген сөздерді дұрыс айта білу, әсіресе сөз ішіндегі және сөз аралықтарында, тіркестерде орфоэпияның негізгі заңдылықтарын сабақтап, әуезді де, мәнерлі сөйлей білу, оған қоса дауыс ырғағын, интонацияны қолдана білу, сонымен бірге әртүрлі бет қимылы мен дене қозғалысы, ым-ишара сәйкес келіп, бірін-бірі толықтыру арқылы тыңдаушыны қызықтыра түсу - шешен адамдардан бастап, ел алдында жүрген әр адамның өзіне қойылатын талабы мен міндеті.
* Тіл тазалығы - тілдік қатынастың сапасының бірі - оның тазалығы болып саналады. К.С.Станиславский өз еңбегінде кідірістің - қисынды психологиялық, тыныстық (лифтопауза) деп бөледі.
* Қисынды кідіріс - сөзбен сөйлемнің ішкі мағынасын ашатын өлшемдік белгі.
* Психологиялық кідіріс - сөзбен сөйлемнің айтылып, ойын өмірге әкелетін, яғни сол ой арқылы сөз астарын жеткізетін сахналық құрал.
* Тыныстық кідіріс кейбір сөздерді бөліп айту кезінде немесе сөз арасында тыныс алу үшін қолданылатын аялдама. Демек, қисынды кідіріссіз сөйлеген сөз сауатсыз, психологиялық кідіріссіз сөйлеген сөзде өмір, тіршілік болмайды. К.С.Станиславский: Сөзің салмақты, үндемегенің әдемі болсын.
Сонымен ендігі кезекті тыныс жүйесіне берсек;
Тыныс жүйесі - адам өміріне өте қажетті газ алмасу, иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.
Адамның тынысы деп - дем алумен, шығаруды айтады. Адамның тынысы үшін қызмет ететін мүшелерді тыныс жүйесі деп атайды. Тыныс мүшелеріне:
1. мұрын қуысы
2. жұтқыншақ
3. көмекей
4. кеңірдек
5. екі бронхы
6. екі өкпе
Өкпе - тыныс жүйесінің негізгі мүшесі болып табылады. Тыныс жүйесінде газ алмасу тек өкпеде болады. Қалған бөлігі өкпеге ауаны кіргізіп және шығаратын жолы болып есептеледі.
Тыныс алу демекші осы тақырыпқа орай есіме бір оқиға түсіп тұр.
Біздің бірінші курс кезіміз болатын, сахна тілі пәнінің бірінші сабағы басталды. Сахна тілінен дәріс беретін ұстазымыз М.Н.Әбзелбаев ағайымыз барлығымызды сахнаға шығарып, терең дем алуымызды сұрады. Мұндай тапсырма барлығымызға бір түрлі қызық көрінді. дем алу дегені несі? Былайда демалып тұрған жоқпыз ба? - деген ойларда басымызға сан кіріп шықты. Не болсада дем алайық деп бар күшімізбен терең тыныстадық. Ағайымыз әрқайсымызға жақындап келіп: Дұрыс тыныс алып тұрған жоқсындар - деді. Бұл жауап бізді толғандырмай қоймады. Ол кезде қайдан білейік, барлығымыз тыныстаған осы екен деп, бар күшімізбен екі иығымызды көтеріп, көкірегімізді кере дем алғанбыз. Кейін келе ағайымыз дұрыс тыныс алу қалай жүзеге асатынын айтып, түсіндіріп, көрсетті. Бұл мәңгі есте қалатын студент кездегі оқиғалардың бірі болып жадымда сақталып қалған еді.
Сонымен тыныс алуға келсек, негізінен сөйлеу аппаратына жататындар төменгіде айтылатындар: өкпе, кеңірдек тарамдары, кеңірдек яғни трохея, көмекей, жұтқыншақ, ауыз қуысы және қосымша қуыстары мен мұрын қуысы.
Адамның денесінің ішкі қуысы екі жартыға демді ішке тартудың ең басты бұлшық еттері:
1. көк ет
2. бауыр ет
3. диафрагма
Диафрагманың астында - құрсақ қуысы орын алады. Ол ішкі органдармен асқазан, бауыр, көк бауыр, шектермен толыққан.
Ал диафрагманың жоғарғы жағында кеуде қуысы орналасқан. Ол біздің организмімізді өмірлік қызметпен қамтамас ететін жүрек және өкпемен қамтылған.
Жалпы тыныс түрлеріне тоқталсақ, тыныс алу яғни дем алу дыбыстық қуат күші, күре тамыры болып табылады. Тіл білімінде оның екі түрі бар:
1. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Актер шеберлігі және актерді тәрбиелеудің негізгі принциптері
Дискурс
Сахна тілі
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Сөйлеу дағдысын дамыту
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Тіл халықтың жаны
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Сөйлеу техникасы
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Пәндер