Әлеуметтік құқықтық саясатының түсінігі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Әлеуметтік құқықтық саясатының түсінігі.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саясат - гректің политика яғни - мемлекетті басқару өнері деген сөзден алынғаң. Ал мемлекет елді басқару құралы. Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің туындысы десек, саясат - билік пен қайшылықты реттейтін кұрал. Мемлекет таптардан, ұлттардан, әлеуметтік топтардан тұрады.
1955 жылы Америка Құрама Штатында жарық көрген Әлеуметтік ғылымдар сөздігінде саясат деген сөзге төмендегідей анықтама берілген: Саясат (роlitics) конфликт болған немесе сол конфликті жоюда пайда болатын адамның әрекет процесі, бір жағынан қоғамдық игілік, ал екіншіден
топтардың мүдделері, яғни бұл процесс билікті қолдануда белгілі бір орын алады немесе билік үшін күрес.
Арнольд Бергштрэссер Саясаттың астарында біз адамдарды, топтарды баскару өнерінің ең жоғарғы көрінісін қараймыз. Бұл жанұя саясатын, мүдделері бойынша топтардың бірігуі туралы, яғни жоғары билік арқылы кұрылған одақтардың ғана бүкіл болмысы және оларды жүзеге асыру туралы өте кең ұғым.
Макс Вебер Саясат...біз үшін биліктің бір үлесін басқаруға немесе билікті бөлу ықпалын ұстауға деген ұмтылыс деген мағынаны білдіру керек еді. Бұл ұмтылыс - әртүрлі мемлекеттерге немесе бір мемлекеттегі адамдардың түрлі топтарына қатыстығына тәуелді емес .
Сондай-ақ саясат сөзінің сөздіктерде берілуін қарастырсақ жалпы мағыналары бірдей, дегенмен жеке тоқталатын болсақ олар төмендегідей болып келеді.

1. Әлеуметтік құқықтық саясатының түсінігі

Саясат - мемлекеттік билікті колдануға және жеңуге қатысты идеялар мен әрекеттер деп жазылған . Ал Оксфордтық сөздікте саясат -
1) саяси әрекеттер немесе саяси өмір.
2) саяси көзқарастар, саяси сенімдер.
3) саяси партиялар арасындағы бақталастық деп көрсетілген. Келесі Масmіllап Еnglisһ сөздігінде саясат - мемлекет, саяси партиялар немесе іскер немесе басқа топтардың келісілген жоспарлары мен әрекеттерінің жүзеге асуы деген анықтама берілген.
Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезендердің дамуына тән әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр.
Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сөйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, елдің экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз коғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді.
Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдык беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік кағидалары, олардың құқықтық корғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері - адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналык қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.
Жалпы, әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік мемлекет ұғымымен астасып жатқаны аян. Бұл екі ұғымды бір-бірінен дербес қарастыруға болмайды. Ал, әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Әлеуметтік мемлекет құру барысында саяси билік азаматтардың әлеуметтік құқықтарын талап ете алатын мәдениетке дағдыландыру шараларын жүргізуге міндетті. Ал, мемлекеттің әлеуметтік саясаты құқықтык әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуының шарты болуы қажет.
Әлеуметтік мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық келісім мемлекетінен және мемлекеттегі биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі мемлекеттен нысаналы әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
Қазақстанның Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары мен принциптері бекітілген. Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік құқықтарды камтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-кұкықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған. Оған, атап айтканда, білім беруді және денсаулық сақтауды, халыкты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік корғауды құкықтык реттеу жатады.
Қазақстан экономикасынын индустриальды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері
Мемлекеттің әлеуметтік функциясы ұлт арасындағы теңдікті сақтап, жұмыссыздық санын азайтуға, жалпы айтқанда халықтың әл-ауқатын тұрақтандыруға бағытталған. Бұл үшін әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар жасап, жүзеге асырады. Коғам мен азаматтың нақты бір категориясының мүддесін қорғау үшін күрделі экономикалык жоспарлауға және бюджетті қаржыландыруға жүгінеді.
Мәселен, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың алғашкы кезеңдері ретінде ҚР Үкіметінің 1995 жылғы желтоқсандағы қабылдаған 1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын атауға болады. Оның негізгі бөлімдерінің бірі - әлеуметтік саясат деп аталады. Еліміздің түрғындарының мемлекеттік-әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті қабылдаған 1995 жылдың 19 желтоксанындағы ҚР түрғындарының әлеуметтік түрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар туралы Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына жатады. Әлеуметтік заңдар саласында Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып зейнеттік жүйені түбегейлі реформалауға көшті.
Әлеуметтік саладағы мемлекет саясатьшың маңызды бағыттарының бірі білім беру жүйесінің барлық сатыларын реформалау. Республикамызда соңғы жылдары мүлде жаңа сипаттағы мектептер жүйесі дами бастады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарыдан басқару принципіне негізделген Еуропалық типтегі зайырлы білім беру жүйесі жүмыс істейді. Сала қүрылымында барлық білім беру баспалдақтарының сабақтастық принципі енгізілген. Мысалы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, кәсіптік-техникалық білім, арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі және қосымша біліктілікті арттыру және кадрларды кайта әзірлеу.
Қазақстан-2030 стратегиясында Елбасы Үкіметке 1998 жылы мектептерді компьтерлендіруге кірісу жөнінде нақты тапсырма берген еді.
Осыған сәйкес 1997 жылғы қыркүйектің 22-де Президент бекіткен орта білім беру жүйесің ақпараттандырудың кең ауқымды мемлекеттік бағдарламасы жасалып, іске асырылды. Ол бес жылға жоспарланып, бірнеше кезеңмен жүргізілді.
Жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде елімізді елең еткізген арнайы реформа болашақ кадр сапасын бүгіннен ойлаған мемлекеттің әлеуметтік саладағы игілікті нақты қызметтері десек болады. Мәселен, экономикалық дағдарыстың сонау жылдарындағы өтпелі кезеннің қиыншылығына байланысты кейбір отбасылар мектепті үздік бітірген талапты үл-қыздарын қаржы тапшылығы салдарынан өз білімдерін ЖОО-да жалғастыруға жағдайларының көтермейтіндігін де жасыра алмады. Соған сәйкес ЖОО-да талапкерлер кабылдаудың мемлекеттік грант пен несие формасындағы аймақтық комиссия қызметі білімді жастардың болашағына жол ашып берді.

2. Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру механизмдері

Қазіргі заманымыздағы құқықтық сананың негізгі идеясының бірі құқықтық мемлекет болып табылады. Құқықтық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекет - бұл құқық нормаларының шегінде және соның негізінде жұмыс істейтін, сондай-ақ азаматтар мен бірлестіктердің табиғи құқықтарының бөлінбейтіндігін танитын және оларды шеттеп, аяққа басып, жоя алмайтын мемлекеттік өкімет .
Құқықтық мемлекет дегеніміз мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қағидаларға ұласып, құқык үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарын арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқықтарының тиімді қорғалуы.
Қазақстан Республикасы өзін-өзі құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруда. Теорияда құқықтық мемлекеттің төмендегідей жалпы белгілері ерекшеленеді.
1. Азаматтық қоғам қалыптастыру.
2. Мемлекеттің барлық саласында заңның үстемдігі.
3. Адам құқықтарының ең жоғары құндылық деп танылуы.
4. Мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауаптылық.
5. Мемлекетте билікті бөлу теориясының нақтылы дәрежеде қалыптасуы.
Демек, мемлекет билігін үш тармаққа бөлу құқықтық мемлекеттің маңызды белгісінің бірі болып саналады. Осы принцип әртүрлі қызметтерді атқаратын мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттікті қамтамасыз етеді, мемлекет пен қоғамды мемлекеітік биліктің бір тармағының билеп төстемеуіне кепілдік етеді, сөйтіп заңдылық пен құқықтық тәртіптің орнығуына алғышарттар жасайды.
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағында бекітілгендей: Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Елімізде заң шығару билігі - Парламентке, атқарушы билік - Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға жүктелсе, ал сот билігін -Жоғарғы Сот және жергілікті соттар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңымен белгіленеді. Бұл конституциялық заңның негізгі мақсаты елде сот-құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болды. Атаулы заңда сот билігінің өзіндік конституциялық принциптері нақтыланған.
Олар:
Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және ол азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуына қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Заңдылық. Соттардың қызметі тек Конституцияға, заңдарға, соның ішінде Қылмыстық, Азаматтық, Әкімшілік істерді жүргізу кодекстеріне, және де Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың нормативтік актілеріне негізделуі тиіс.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы. Олар заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негіздегі өкілеттіктерге ие.
Судьяның тәуелсіздігі және оның ҚР Конституциясына, заңдарға бағынуы.
Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің негізгі заңы мен өзге де заң актілерінің талабына бағынады.
Коллегиялдық. Соттарда істерді қарау әдетте, коллегиялды түрінде жүргізіледі. Мұның өзі істің жан-жақты, толық және объективті түрде қаралуына жағдай туғызады.
Алайда, заңда көзделген негіздерге сәйкес, сотта істерді қарау судьяның жеке басшылығымен де жүргізіледі.
Сот іс жүргізу тілі туралы. Соттарда, ҚР Конституциялық Кеңесінде және т.б. мемлекеттік органдарда іс жүргізу, олар қабылдайтын шешімдер қазақ, орыс тілдерінде жүзеге асырылып, жазылуы тиіс. Іске қатысушы адамдардың іс жүргізу тілін меңгермеген болса, онда олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аудармамең немесе тілмашпен қамтамасыз етілуі қажет.
Кінәсіздік презумпциясы. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайталап қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.
Білікті заң көмегін алу құқығы. Осы Конституциялық принципке сай әрбір ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған адам сол кезден бастап қорғаушының (адвокаттың) көмегін пайдалануға құқылы.
Демократиялық қоғамда кең ауқымды сот жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық - атқару құқығының түсінігі
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Салық жүйесін мемлекеттік реттеу
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Құқық функциялары
Қылмыстық саясат
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Пәндер