Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғам

Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

Семестрлік жұмыс №3

Пәні: Философия

Тақырыбы: «Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы

Мамандық: 5В071600 - Аспап жасау

Орындаған: Мирзахан Д. М. Тобы: ПСк-16-1

Қабылдаған: к. ф. н., профессор Мухамеджан К. Ш.

«» 2018ж.

(баға) (қолы)

Алматы 2018

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: Негізгі бөлім
3: 4
Кіріспе: «Мәдениет» ұғымының тарихы
3: 4
Кіріспе: Мәдениет философиясы
3: 7
Кіріспе: Мәдениет пен өркениет
3: 9
Кіріспе: Қорытынды
3: 12
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 13

Кіріспе

Мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т. б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Мәдениет адам жасағанәлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген - Абай Құнанбаев, Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар.

Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе - мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?. . Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.

Негізгі бөлім

«Мәдениет» ұғымының тарихы

«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқтала кетейік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

  • мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
  • мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
  • мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары) ;
  • агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары) .

Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық - адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз - шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын мұлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батые Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді». Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол - білім жолы болды. Г. Е. Жураковский былай деп жазды: «Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты - оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады». Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне «пайдейяның» гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар» - нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.

Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге - руханилықты, геодонизмге (рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін - кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер - махаббат, үміт, сенім және тағы басқалары жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдайдың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.

Мәдениет философиясы

Мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т. б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Неғұрлым тар мағынасында, әдетте, материалдық (техника, өндірістік, тәжірибе, материалдық қазыналар) және рухани (ғылым, өнер мен әдебиет, философия, мораль, ағарту және т. б. ) . мәдениет, сондай-ақ саяси мәдениет (қоғам, тап, топ, индивид қызметінің жеке адамның қоғамдық қатынастарын өзгерту субъектісі ретіндегі әлеуметтік дамуының шамасын сипаттайтын мақсаттары, құралдары, нәтижелері) жөнінде айтылады.

Әрбір адам ұлттық әлеуметтік топтық таптық ортаның өкілі, яғни нақты мәдениеттің өкілі. В. М. Межуев: «Мәдениет дегеніміз - адамның іс - әрекеті, оның даму формасы» - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап - тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым - қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың бел баласы, бірақ оның өмір сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жайлы ортаны, яғни өзінің болмысына имманентті қоғамды жасауы керек. О баста мәдениет деген сөз өзіндік лексикалық ұғым мағынасында «натура» деген сөзге қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан шыққанның бәрі де мәдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі - адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы - мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен пара-пар процесс.

Философия мәдениетті қоғам дамуына тән жалпы заңдылықтарға сүйеніп зерттейді.

Философиялық әдебиеттерде мәдениет ұғымын саралаудың көпжақтылығын, көпмәнділігін еске ала отырып, олардың бәрін бір жүйеге келтіруді мақсат ететін болсақ, онда екі үрдісті анықтауға болар еді.

Біріншіден, мәдениет дегеніміз табиғаттан өзгеше, одан тыс адам қолымен жасалған құбылыстар.

Екіншіден, мәдениет дегеніміз - өндірісте, ғылымда, өнерде адам қол деткізген жетістіктер. Мысалы, осы мағынада технологиялық, мәдениет, көркем, өнер мәдениеті, адамгершілік мәдениеті деп атап жүрміз. Бұл мәдениеттің нормативтік сипаты. Әрине, бұл екі үрдіс те біржақтылықты көрсетеді, ұғымның мәні ашылмайды.

Адамның қоғамдық прогресс жолындағы әрбір қадамы оның мәдениет жолындағы қадамы болып табылады. Адамның рухани мәдениеті оның айналасындағы адамдармен қарым - қатынасында көрініс табатын қадір - қасиетінде, адамшылығында, ұяттылығында, тәрбиелілігінде, интеллигенттігінде, қарапайымдылығында. Осы моральдік сана ұғымы, осы адамгершілік қасиеттер адамның руханилығының негізін құрайды. Ал басқа - өнер, әдебиет, ғылым, білім дегендер тәрбиелеу және еңбектену нәтижесінде ұғып алуға болатын материалдар болып табылады.

Ғылыми - техникалық жетістіктердің адамға ізгілік әкелуімен қатар, бақытсыздық әкелуі де өмірде орын алып отырған жағдай. Хиросима және Нагасаки, Семейдегі ядролық полигон техникалық прогрестің жемісі. Бірақ оны адамға қарсы қолданған адамгершіліктен ада адамның іс - әрекеті. Гуманизмнен, адамның рухани мәдениетінен тыс шынайы прогресс болуы мүмкін емес. Адамды өнерге, рухани байлыққа баулып отыру адамды гуманизм рухында, гуманистік мақсат жолындағы кесапаттарды жеңіп отыратын іскерлік рухында тәрбиелейді.

Ғылымның жоғары мақсаты - адамдарға білім беру. Мәдениет пен өнердің жоғарғы мақсаты - тұлғаның жан жақты дамуы.

Біздің өтпелі қоғамымызда таным және өмір үшін, болашақ тағдырымыз үшін ең маңызды өзекті мәселе - мәдениет және өркениет мәселесі, олардың өзара қарым - қатынасы және бірлігі мәселесі.

Адамдарды әр уақытта болашақ тағдыр ойландырады. Сондықтан да осы мәселе өзінің өміршеңдігімен алдыңғы қатарға шығып отыр.

Тарих өткедерінде, дағдарыстар мен күйреу дәуірінде халықтар мен мәдениеттердің тарихи тағдыры туралы да ойлануға тура келеді. Дәл қазіргі уақытта осындай ой толғақтары біздің қоғамымызға керекті бірден - бір қажеттілік.

Мәдениет пен өркениет

Мәдениет пен өркениет бір - біріне өте жақын, төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның алтын қорына алғашқы рет цивилизация - өркениет деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам Фергюссон көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды қоғамдық болмыстың өзіндік диалектикасының қыры мен сырын терең зерттеу мәселесіне кеңінен қолданып, оны метолодогиялық қағида дәрежесіне көтерген К. Маркс пен Ф. Энгельс болып табылады. Өркениет туралы мәселе философия тарихында әр түрлі қырынан көрінеді.

Біріншіден, өркениет дегеніміз - адамзаттың даму процесінде тығылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері - еңбек бөлісуі арқасында пайда болған адамдар арасындағы қарым - қатынастар онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің пайда болуы, таптардың қалыптасуы, мемлекеттің дами бастауы.

Өркениет - бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің белгілі бір тиянақты даму сатысы. Археологтар мен ежелгі тарихты зерттеушілер бұл ұғымды дәл осы мағынада пайдаланып жүр.

Өркениетті тарихи дамудың нақты кезеңі деп қарастыруды ең алғашқы рет Ш. Фурье ұсынған еді, осы теориялық дәстүр Л. Морган, Ф. Энгельс еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Екіншіден, өркениет деп салыстырмалы тұйықталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған. Бұл дәстүр И. Я. Данилевский еңбектерінде қалыптасқан. Кейінен осы концепцияны О. Шпенглер, К. Н. Леонтьев дамытқан.

Үшіншіден, өркениет адам баласының өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейіп, табиғаттың дайын байлықтарын пайдаланып қана қоймай, оны қоғамдық өндірістік технология арқылы өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін дәлелдейді. Еңбектің қалай іске асатыны, адамның табиғатқа әсер ету тәсілдері өндірісті қалай және қандай құрал - жабдықтармен жүзеге асыру мәселесі өте маңызды болды. Өркениет жалпы әлеуметтік прогрестің даму процестерімен тығыз байланыста өрбиді. Оның даму жолдарын өркениеттің төменгі сатысы, өркениеттің жалпы деңгейі, өркениеттің аралық сатылары сияқты терминдер арқылы сипаттауға болады.

Өркениетті жалпы қоғамдық дамудың жиынтық мәнездемесі деп қарастыруға болады, оған өзара диалектикалық қарым - қатынаста болып отыратын қоғамдық өмірдің объективті және субъективті заңдылықтары кіреді.

Мәдениеттің алғашқы нышандары еңбек, іс - әрекетпен бірге қалыптаса бастайды. Ал өркениет кейінірек пайда болады. Оның қалыптасуының алғышарттары қоғам дамуының әлеуметтік сипат алуы болып табылады.

Табиғатқа тәуелділіктен босаған адамдардың арасында шын мәнінде нағыз жалпы әлеуметтік қарым - қатынастар пайда бола бастады және адам өмірі күрделене түсті. Өркениет дамуына кеңінен жол ашатын маңызды фактор - қоғамдық әлеуметтік қарым - қатынастардың кеңейіп, нығаюы.

Мәдениет ұғымы адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерін қамтиды, оның аясына өркениетті даму да, одан бұрынғы даму да кіреді. Ал өркениет ұғымы қоғамдық прогресстің кейінгі кезеңдерінде пайда болған дамуын түсіндіреді.

Өркениеттің дамуы адамның табиғи шектілігін және бастауымен тығыз байланыстығын көрсетеді. Бір жағынан, адам табиғат заңдылықтарын танып, біліп, оған терең бойлау арқылы оны өзіне бағындырды, оның тікелей әсерінен бірте - бірте арыла отырып, өзіндік заңдылығы, уақыттың және әлеуметтік тарихи кеңістігі бар қоғамдық болмысты жасай алды. Екінші жағынан, адамның қоғамдық мәнін меңгеру адамның өзін - өзі басқарумен, басқаша айтсақ, өзінің жігері, еркі, темпераменті т. б. сияқты биологиялық - әлеуметтік қасиеттерін ұдайы тежеп, өзін - өзі ұйымдастыру дәрежесіне көтерілді.

Мәдениет және өркениетті зерттеу үшін олардың өзара бірлігі мен айырмашылығын көрсетіп отыратын тарихи өлшемді табуымыз қажет. Сол өлшем арқылы қоғамдық процестің осы екі жағын түсіндіріп қана қоймай, олардың әрқайсысына тән ерекше сипатты табуға да болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Мораль принциптері
Қазақстан жахандануға жұтылып кетпей ме?
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz