Саяси элита оның қоғамдағы рөлі
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
2.2 Саяси элита
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік - саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.
Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың "Бұл өмірдің мәні неде?", "Біз кімбіз?", "Қайда бара жатырмыз?" деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, "Алаш" қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болдетініңы.
"Алаш" қозғалысының бағдарламасын құрамында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Е.Омаров, Е.Тұрмұхаметов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов бар ұйытқы топ жазып, "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 21 қарашасындағы 251-нөмірінде жариялады. Нақ осы ұйытқы топтың санатынан қозғалыстың орталық комитеті сайланып, төменгі буындағы органдары құрылды. Егер "Алаш" қозғалысының пайда болуы патша өкметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті ұйымдастыру қажеттігіне әрі сахарадағы әлеуметтік қарым-қатынастарды өзгерту талабына байланысты дейтін болсақ, онда бұл, шын мәнінде, Қазақстанның ұлттық, патриоттық көңіл-күйдегі саяси элитасының алғашқы адымы ретінде бағалануға тиіс. Қалыптасқан мұрат пен мүдденің өзі сол кезеңнің элитасы аңсар тұтқан және қозғалыс бағдарламасында бекітілген саяси құндылықтардан айқын көрінеді. Онда тең құқылық ("дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан,адамдар тең құқылы..."); жеке басқа тиіспеушілік ("мемлекет шенеуліктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды..."); тұрғын үйге тиіспеушілік ("мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз кімнің болса да үйіне кіре алмайды... ")кінәсіздік презумпциясы ("соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды...") сөз, ождан бостандығы("жиналыстар өткізу,бірлестіктер құру,сөз сойлеу, газеттер шығару, кітаптар басу бостандығы") тәрізді демократиялық құндылықтар көрініс тапқан. Көріп отырғанымыздай, XX ғасыр басында қазақтың саяси элитасының басшылыққа алған мұраттары демократиялығымен, ұлттық-саяси мәселелерді жоғары ізгілік еремен түйсіне білгендігімен ерекшеленеді. Ал, ұлттық мүдделерге заңдық-құқықтық пішім бітіріп, бұқараны күрестің ұйымдық, партиялық пішімі деңгейіне дейін көтеру, халықтың саяси тұрғыдан оқытып-үйрету істері сол дәуірдің талаптарына жауап бере алатын саяси элитаның болғандығын дәлелдейді.
"Саяси элита" дегенімізді саясаттану ғылымы:
- шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы) 2
- жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар 3
- билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді 4
Бұл анықтамалардың қай-қайсысында билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік , өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған.
"Саяси элита" ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды. Кез-келген қоғамдағы саяси элита қалай қалыптасады? Саяси элитаның құрамына кім кіреді? Саяси элита қандай қызмет атқарады? Саяси элитаның қызметіне азаматтық қоғам тарапынан бақылау орнатудың қандай тәсілдері бар?
Осы сауалдар төңірегінде зерттеу жүргізу белгілі бір шамада саяси элиталардың қызмет атқару ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Элиталардың мемлекеттік саясатты жүргізудегі айқындаушы рөл атқару мүмкіндіктерін саясаттанушылар олардың негізгі өндірістік құралдарды, қоғамды басқарудың саяси тетіктерін иеленген үстемдік етуші таптың еркін білдіріп, елеулі дәрежеде қалыптастырумен, іске асыруымен байланыстырады 5. Саяси элитаның өзі қалай қалыптасады? Моска оның сапына енетін жеке тұлғалар өздері өмір сүріп жатқан қоғамды ардақ тұтып, аса қастерлейтін белгілі бір қаделі қасиеттерді иеленуге тиіс деп пайымдайды. Бұл қасиеттер тарихи дәуірлерге орай өзгеріп отырады. Заманауи жағдайларда саяси элитаны қалыптастырудың кейбір өзіндік ерекшеліктері бар, олар қоғамдағы саяси, экономикалық қарым-қатынастардың сипатымен айқындалады.
Моска мен Парето қойған "элитаның жаңару және ауысу үрдісі қалай жүреді, элита қаншалықты демократияшыл, яғни басқару функциясын табысты атқару қабілеті танылған жаңа адамдардың оған кіруіне жол ашық па?" деген сауалдардың да мәні зор. Элитаның өзі бірегей мүдделері бар біртұтас топ ретінде қарастырылмайтындығын айтуға тиіспіз. Элитаның ішінде де өзара бәсекеге түскен әрқилы топтардың барын байқауға болады. Ең абзалы, лидер басымдыққа жеткен элиталық топтың, немесе қандай да бір саяси топтың мүддесін қорғауға тиіс емес, оның міндеті- бәсекелесуші элиталар үшін тепе-тең жағдай орнықтыру. Әдетте, саяси лидерлер өзі шыққан топтағы белгілі бір саяси элитаның мүддесін қуаттайтын элитадан жоғары тұратын билік мәртебесін иеленеді. Моска саяси топты нығайтып, жаңартатын үш тәсілді: мұралауды, сайлауды және кооптацияны атап көрсете отырып, солардың ішінен тек біріншісіне ғана назар аударады. Бір жағынан, "де-юре" болмаса, "де- факто" деген сыңаймен элитаның бәрі мұрагерлікті қолай көреді. Осы тенденциялардың қайсысы басым түсетіндігіне байланысты саяси топ не "жабылып" қалады, не азды-көпті жаңару жолына түседі. Моска алғашқы тенденцияны-аристократтық, екіншісін- демократиялық деп қарастырады. Сөйтіп, аристократиялық және демократиялық тенденциялар теңдігі тән болатын қоғам түріне іш тартады.
Парето ұсынған сұлба көпшілікке онша белгілі емес (ол қарауындағыларды бағындыру үшін негізінен материалдық күшті пайдаланатын үкіметті, және де негізінен қулық пен өнерді пайдаланатын үкіметті бөліп қарауды ұсынады.) Р.Михельс "олигархияның темірдей заңы"басымдыққа ие тапсыз бірде-бір қоғамның өмір сүре алмайтындығын түсіндірді. Г.Моска басқарылатын әлдебір ұйымдасқан көпшіліктің және басқаратын әлдебір ұйымдасқан азшылықтың болатындыңына ден қойды. Элитаның заманауи тұжырымдамаларындағы басым бағыт институционалдық тәсіл болып табылады. Айқындаушы бағыты-елеулі салдарлары бар шешімдер қабылдау мүмкіндігі. Элитаның институционалдық түсінігінің бірінші артықшылығы оның эмпирикалық сәйкестендірудің ұсынықты базасын беретіндігінде.
Қоғамның үш негізгі саласындағы - экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Осыған орай элита топтары: (басқарушы да, оппозицияда жүргендерді де), экономикалық және әскери болып бөлінеді.
Ақпараттандырылған қоғамда масс-медиа мен ғылыми, академиялық элита айырықша орын алады. Элитаны институционалдық түсінудің екінші артықшылығы оның мәселеге қатысты таза бағалау тәсілінің назариялылық контра-пункті ретінде қызмет ететіндігі.
Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:
1) республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді;
2) экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған.
Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан экономикалық элитаның өкілдері биліктің барлық "тармақтары" мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі. Бұл үрдістің тарихи тамыры барын айтуға тиіспіз: бұрынға коммунистік елдердің барлығында жеке меншік иеленушілер табының пайда болу процесі қалыптасқан билік жүргізуші құрылымдарға арқа сүйеді. Социологиялық зерттеудің мәліметтері бойынша үкіметтік құрылымдардың 75 проценті, ал бизнестегілердің 61 проценті бұрынғы кеңестік номенклатураның сапынан шыққандар екен 6. Осыған ұқсас үрдістерді посткеңестік республикалардың басқаларынан да байқауға болады. Іс жүзінде мемлекетті партиялық номенклатура жекешелендіріп алды. "Коммунистік олигархияның өзі өз жүйесінің көрін қазушы болды, тіпті, өзінің жаназасында баюға, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz