Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихы
Қазақстан қалаларының тарихы
Өз туған жерінің тарихын білу әр адамға қызық. Әсіресе өз туған елді-мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімді күшейтпек. Қазақстан елді мекендерінің жер-су атаулары, яғни топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Демек, белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында хабардар болып, ой түюге мүмкіндік береді. Бүгін біз Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихын, мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Алғашқы ретте Солтүстік Қазақстан облысының ірі қаларынан бастайық. Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы орналасқан.
Петропавл - қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған. Ол әскери бекініске христиандық танымдағы әулие Петр мен Павелдің есімі беріледі. 1804 жылы жүргізілген әкімшілік реформа бұл бекіністі империяның қала мәртебесіне жеткізеді, ал қала Петропавл деп аталып кетеді.
Келесі біз атап өтетін облыс бұл - Павлодар облысы. Павлодар облысында Павлодар қаласы орналасқан.
Павлодар - Павлодар қаласы Ертіс әскери бөлімінің форпостыларының бірі ретінде XYIII ғасырдың басында пайда болған ескі қала. 1861 жылы жергілікті көпестердің райы бойынша станица қала мәртебесіне айналып, оған нәресте князь Павелдің құрметіне Павлодар атауы берілген.
Әрі қарай Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен, Семей атауларының шығу тарихымен таныс болайық.
Өскемен - 1720 жылы М.И. Лихарев бастаған ресейлік экспедицияның келуімен Үлбі өзенінің Ертіске құйған жерінде атын устье каменных гор тіркесінен алған Усть-Каменогорская бекінісініңіргетасы қаланды. Жергілікті тұрғындар бекініс атын өз тіліне икемдеп Өскемен деп атап кетті.
Семей - Семипалат бекінісі мен кейін қала болып қалыптасқан Семипалатинск атауы ертеректе жоңғарлар мекендеген Доржінгіт (Цорджийнкийд) аумағында табылған жеті қалмақ будда ғибадатханасынан шыққан. Бұл ғибадатханалар жайлы орыс зерттеушілері 1616 жылдары жазған. 1660-1670 жылдары жоңғарлар мен қазақтардың соғыстары салдарынан ғибадатханалар қирап, Г.Ф. Миллер 1734 жылы ғибадатханалардың жартылай бүлінгені жайлы жазады. 2007 жылы қалаға ресми түрде Семей атауы беріледі. Семей - Семипалатинск сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрі.
Міне, Алматы облысындағы қала атауларымен танысатын кезек жетті. Алматы облысында екі ірі қала бар. Олар - Алматы және Талдықорған.
Алматы - алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы - Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етеді. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата Заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата - Алматы деп өзгертілді.
Талдықорған - 1869 жылы Талдықорған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1921 жылы Қапал уезінің орталығы болып, Гавриловка Талдықорған деген атау аталады. Талдықорған деген атау - талды төбе, дөң деген қос сөзден шыққан.
Тарихи қала Таразбен де танысамыз. Бұл қала Жамбыл облысында орналасқан.
Тараз (бұрынғы атауы Жамбыл) - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес. Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земархтың жазбаларында кездеседі. 1938-1997 жж. Жамбыл қаласы аталып, 1997 жылы ғана ежелгі тарихи Тараз аты қалпына келтірілді. Тараз атауы Талас дегеннен шықса керек. Осы күнге дейін нақты түсіндірмесі жоқ болып келеді. Ғалым Ғ.Ақпанбектің пікірінше: Тарихи аты қайтарылған Тараз қаласы да аспан әлемімен байланысты. Тараз сөзінің мәні әдеміліктің үлгісі келеді. Тараз қыз - тал бойлы талдырмаш қыз (І.Кеңесбаев. қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі,1977 ж.494 б.) Сол сияқты, Тараз - үлгі, жүйе деген мағынада. Ғылым мен мәдениеті өркендеген көрікті қала. Қаланың үлгісі, әсемдік пен сұлулықтың эталоны деп танылған. (Бестік тағлымы Ұлытау.- 1998. - N I.)
Кезек шырайлы қала - Шымкент қаласына келіп жетті. Шымкент қаласы Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
Шымкент - ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала", "шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "шым" және иранның "кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған "кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны береді.
Еліміздегі жалғыз ғарыш айлағы Байқоңыр қаласы орналасқан Қызылорда облысына кез келді. Қызылорда облысында Байқоңыр және Қызылорда қаласы бар.
Байқоңыр - Бұл жерде қоңыр деп топырақты айтқан. Демек, топырағы құнарлы, бай жер дегенді білдіреді.
Қызылорда - Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт - 1818 жылы, Перовск - 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт - 1922 жылы, Қызылорда - 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атырабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.
Мемлекетіміздің қақ ортасына орын тепкен - Қарағанды облысымен де таныс болайық. Қарағанды облысындағы ірі қала - Қарағанды қаласы.
Қарағанды атаудың мағынасы - қараған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz