Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары



Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Салықтардың әлеуметтік экономикалық   мәні. Салық нысандары.
 Жоспар:
1.Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні мен функциялары, нысандары
2.Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
3.Салық салу механизмі және қағидалары
   Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және
мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға
қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы
мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі 
көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің  басты қаржылық тетігі, мемлекеттің 
кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып 
табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында:
заңды түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті
төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салықтар мемлекеттің  өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті
ұстау үшін, халықтың ақшалай  немесе натуралдық формада тұрақты 
түрде төлейтін жарналары қажет  болады. Адамзаттың даму тарихында  салықтың
нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен  ажеттеріне
қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының  өзгеруі,
өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың 
мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: бір 
адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт  тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша
тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай  азайды.
Дегенмен, олар соңғы уақытқа  дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін  жүн,
жұмыртқа, сүт, май өткізілген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен  соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген
мемлекеттің барлық байлығын тонап  алады, болмаса белгілі бір мөлшерде
салық салып отырған.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып  табылады. Жеке
сипаттағы салық жеңілдіктерін  беруге тиым салынады. Салық салу
мәселелерін  реттейтін нормативтік-құқықтық актілер  ресми басылымдарда
міндетті түрде  жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін  салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі
олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып 
табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті
органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан,
төлем аударымдарынан айырмашылығы болады. 
Салық – мемлекет бір  жақты тәртіппен заң жүзінде  белгілеген,
белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты  сипатта бюджетке
төленетін төлемдер.
Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы  құқықтық
формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.
Салықты басқа да төлемдерден  ажырата білуіміз керек. Себебі салық 
белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді.
Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық  кезеңі
– бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір 
көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Салық материалдық тұрғыдан алғанда, бұл белгілі бір уақытта,
белгіленген тәртіппен белгілі  мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке
төлейтін ақшалай сомасы, ал экономикалық мағынада
– белгілі уақытта белгіленген  тәртіппен белгілі бір мөлшердегі
құнының мемлекет пен төлеуші  арасындағы бір жақты қозғалысын
байланыстарын ақша қатынастары, заңдық не құқықтық мағынада – бұл тұлғаның
мемлекетке белгілі бір мөлшердегі ақшалай беретін міндеттемені тудыратын 
мемлекеттік қарар.
Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің өзінің
функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын шаруашылық
жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін
алу жөніндегі өндірістік қатынастардың  бөлігі болып табылатындығында және
мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен  қалыптасатын ақша
қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық
категория ретінде қаралады. Салықтардан  мемлекеттің экономикалық мазмұны 
нақты түрде көрінеді, ал салықтардың  әлеуметтік–экономикалық мәні,
олардың  түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен,
мемлекеттің табиғатымен  және функцияларымен айқындалады.
Белгілі философ Френсис  Бэкон салықтарды төлеу – әрбір  азаматтың қасиетті
борышы деген  еді.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаржы көздері  қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты 
қаржы көзі.
Салықты бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін
айрықша белгілері бар, атап айтсақ:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық – ақшалай нысанда төленеді;
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
         Ал, енді осы белгілердің мазмұнын  тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке  тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді  бөледі.
Мемлекеттік апппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді.
Сондықтан мемлекет заңды және жеке тұлғаларға салық салу арқылы қажетті 
соманы өндіріп алып отырады. Мұның  экономикалық сипаттамасы мемлекет
салықты белгілеу және өндіріп алу  арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық 
өнімнің бір бөлігін өзіне  тиесілі сома ретінде айналдырып алады.
Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық – ақшалай  нысанда төленеді.
Натуралдық нысанда  төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы 
саласында жиналған өнімнің бір  бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық  ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын  төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде  ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни
салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
- Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
- Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады.
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз  – ақшаны мерзімсіз алудыбілдіреді, яғни ол
соманы қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық – баламасыз  сипатта болады.
Салық  құнның ақшалай  нысанда бірбағытта қозғалысын айқындайды,
төлеген салыққа қарсы тауар  түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ 
айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем 
болып есептелмейді, яғни ақшаның  өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз  төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде  меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде  меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе
материалдық құндылықтарда  жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді.
Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді  иеліктен
шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында
мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік
құқықтарын өзгерте алады.
6.Салық – тұрақты  экономикалық қатынас тудырады.
Салықты белгілеуде тұрақты  салық қатынастары пайда болады. тұрақтылықты
мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық
актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу
объектісі бар болса, ол салық  міндеттемелерін орындаушы болып  табылады.
Салық қатыастарының тұрақтылығы  салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге
бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық  төлеушілер үшін салық төлеу жеке
төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік  салығын жеке азаматтар жылына бір 
рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады
(мәселен, ойламаған жерден жасаған  жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік  салығын төлеген кезде, оның салық 
қатынастары қысқартылмайды, қайта  салық төлеушілердің ағымдағы кезеңдегі 
төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге 
міндетті болады. бұл процесс салық  төлеушілердің меншік иесі ретінде 
құқынан айрылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
o салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейлі;
o салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
o салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
o салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
o салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
o салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады;
 
Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық  түсіну үшін олардың экономикалық маңызын  түсіну
қажет. Ал салықтардың маңызы олардың атқаратын қызметіне  тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі  қызметтері (функциялары) бар:
– реттеушілік;
– фискалдық;
– қайта бөлу.
Фискалдық функция –  барлық мемлекеттерге тән негізгі  қызмет. Оның
көмегімен бюджеттік  қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың  қоғамдық
міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің 
кірісін толтыра отырып, экономикада  әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге
асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеушілік  функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда  болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына 
қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал  етеді. Бұл орайда
салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу 
әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер  мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл 
реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану 
мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының  бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы
жалпы ұлттық өнімде салықтардың  алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық
табыстың мемлекеттендірілу  дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы –
19,7%, 1998 жылы – 16,6%, 1999 жылы – 17,4%, 2000 жылы – 22,6%, 2001 жылы –
22,2% болды.
Бұл негізгі функциялармен  қатар салықтардың ынталандыру,
бақылау функцияларын да атауға болады. Салықтардың әлеуметтік мәні,
олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің 
табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы
бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің 
кажеттіліктері мен сұрау салуына  бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай 
қатынастардың ахуалына әсер ете  отырып, олардың дамыған жүйесінде 
айтарлықтай өрбіді. БұлКарлл Маркске  сол кездегі капиталистік коғам 
салықтарының мәнін былайша білдіруге  негіздеме берді: Салық -
бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар  бесінші кұдай; одан
ары: Салықтарда  мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір
сүруі жүзеге асады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі 
әркашан салық жүйесінің қайта  құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің  қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке
тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі 
философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы
деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды 
түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
1.2 . Салықтардың құрылу негіздері, салық элементтері
Қазақстан Республикасының  қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың
нақты әдістерін  анықтайды, салықтың тиісті элементтері  арқылы
салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементтері - -бұл мемлекеттің заң ак актілерімен 
анықталатын салықтың құрылу принциптері  мен салық салуды ұйымдастыру.
Негізгі салық  элементтеріне мыналар жатады:
- салық субъектісі;
- салық салынушы;
- салық объектісі;
- салық базасы;
- салық салу бірлігі;
- салық ставкасы;
- салық жеңілдіктері;
- салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
- салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары;
- салық төлеуді бақылау;
- салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар және т.б.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші.  Ол - заң 
бойынша салық төлеу міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда нарық механизмі 
арқылы салық ауыртпалығы басқа  тұлғаға – салық салынушыға аударылуы 
мүмкін.
Салық салынушылар  – нақты салық ауыртпалығы (салық  жүктемесі)
түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер (салықтың ең соңғы,
нақты төлеушісі), яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Салық төлеушіге салық төлеу 
міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл,
жағдай, оқиға). Мүлік пен іс-әрекеттер  салық объектілері және салық 
салуға байланысты объектілер болып  табылады, олардың болуына байланысты
салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық  базасы – салық салу объектісі  мен салық салуға
байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары,
олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті
төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі  базасы мыналар болып табылады:
- табысқа салынатын  салық. Бұған корпорациялық және 
жеке табыс салығы жатады;
-  тауарларға  салынатын салықтар. Олар қосылған 
құнға салынатын салықтарды, кеден  баждарын біріктіреді;
-  капиталға  салынатын салық. Оған жер салығы,
мүлікке салынатын салық және  басқалары жатады.
Салық салу өлшем  бірлігі – салық базасын сандық тұрғыдан
көрсетуге пайдаланылатын салық салу ауқымының өлшем бірлігі. Мысалы,
автокөлік двигателінің қуаты  көлік құралдарына салынатын  салық ауқымы
болып табылады, ал қуат ат күші, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық түрлері
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
Нарықтық эканомикада салық
Салықтың атқаратын қызметтері
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салықтың төлеу тәртібін ашу
САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ. Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Экономиканы салықтық реттеу, оның ерекшеліктері және жетілдіру перспективалары
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі
Пәндер