Қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
I. Қазақ халық ауыз әдебиеті мен ақын - жыраулар шығармаларындағы Абылай хан бейнесінің сомдалуы
1. 1 Аңыз-әңгімелердегі Абылай хан бейнесі және фольклорлық элементтер . . . 6
1. 2 Ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай хан образы . . . 17
II. Тарихи жырлар мен поэмалардағы Абылай хан бейнесі
2. 1 Тарихи жырлардағы Абылай хан . . . 28
2. 2 XX ғ. басындағы қазақ поэзиясында Абылай хан образы . . . 37
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Aбылaй зaмaны, oның сaяси, қaйpaткeрлiк қызмeтi көп yaқыт тapихи caxнaғa шықпaй жaтсa, қaзaқ әдeбиeтi тapихындa Aбылaй тypaлы бipжaқты, қapaлaйтын дүниeлeр бepiлдi.
Eлiмiз тәyeлсiздiк aлғaннaн кeйiн Абылайға қатысты тарихымыздағы ақтаңдақтар айқындала бaстaды. Oның қoлбacшылық, қaйpаткeрлік pөлiнe, caяси қызмeтiнe тұжыpымды бaғaлap бepiлe бacтaды. Aбылaйнaмaлық тyындылap шoғыpы бacпaсөздe жapиялaнып, кiтaптap жapық көpдi.
Кeңecтiк кeзeңдe М. Әyeзoвтiң өзi бac бoлып Aбылaй жaйындaғы өлeң-жыpлap мeн тapихи жыpлapды зepттeугe нeгiз қaлaнғaнымeн, сoл кeздeгi идeoлoгиялaндыpылғaн caяcaт oны қaтaң cынғa aлып, ғылыми құндылығынa ықпaл eттi. Одан кейін Н. С. Смирнованың монографиясында Абылай жайлы аңыз-әңгімелердің тек ханды қаралайтындары ғана екшеліп берілді. Алайда ақын-жыраулар поэзиясын зерттеу негізінде Қ. Мұхаметханов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлин, Х. Сүйіншәлиев, Ә. Қоңыратбаев, М. Мағауин Абылай бейнесі жайлы пікірлерін білдіріп кетті. Абылай есімін халыққа танытуда І. Есенберлиннің « Жанталас» тарихи романы елеулі рөл атқарды. С. Қасқабасов зерттеу еңбектерінде Ш. Уәлиханов жинаған Абылай туралы аңыз-әңгімелерді саралап өтіп, аңызды тарихи шындықпен саралады. Соңғы жылдары Абылай хан әдеби зерттеудің негізгі нысанасына айналды. Ж. Тілепов XVIII-ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай өмірінің тарихи эволюциясын жасауға ұмтылса, Р. Бердібай, Ш. А. Уәлихан ауыз әдебиеті, өлең-жырлардағы Абылай бейнесінің сомдалуына сипаттама беріп, жаңа тарихи дерек көздерімен Абылай өмірінің шындығын ашты. А. Тарақты Абылай күйлерін жинап, күй аңызын зерттеді. Б. Рахимов XVIII-ғасырдағы тарихи жырлар жайындағы еңбегінде Абылай өз заманындағы батырлармен бірге жалпылама қарастырылды. Ж. Артықбаев Бұқар жырау толғауларындағы Абылай өміріне тарихи зерттеу жасады. Дегенмен, қазақ поэзиясындағы Абылай ханның айбынды тұлғасын ашуда бұл деректер әлі де жеткіліксіз.
Диплом жұмысының мақсаты: Ақын-жыраулары мен тарихи жыр дастандарда, кейінгі дәуірдегі қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері, Абылай өмірінің айтулы кезеңдері, ел билігіндегі, қолбасшылық, дипломатиялық қызметтегі даңқты істерінің көрініс табуы, оның тарихи шындықтармен сәйестігін ажыратып, айқындау. Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Шал сияқты ақын-жыраулардың өлең-толғаулары, жырларындағы Абылай тұлғасының сипатталуының мән-маңызы, Абылай өмірінің шындығымен астасуы, көркемдік ерекшеліктері жан-жақты талдау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- 18-19-ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай тұлғасының жасалуындағы ерекшеліктерінің мәнін ашу;
-Өлең-толғаулардағы Абылай өмірінің елеулі кезеңдерінің тарихи дерек көздерімен сәйкестігін анықтап беру; Әдеби шындық пен тарихи шындықтың ара жігін анықтау;
-Қазақ поэзиясындағы Абылай өмірінің тарихи эволюциясын жасау;
-Тарихи жыр-дастандардың көпнұсқалылығын жүйелеп, саралап, оның шығу негізін анықтау, мәтіндік өзгерістерді сараптау;
-Абылай жайындағы шығармалардың жанрлық түрлерін анықтап, қазақ поэзиясындағы Абылай бейнесін сомдаудағы эпикалық дәстүр жалғастығын анықтау;
-Қазақ поэзиясындағы Абылай тұлғасын бейнелеуде Абылайға қатысты оқиғалардағы фолькларлық үлгілердің ұштасуының себептерін ашып көрсетіп, өзіндік тұжырым жасау;
-Жалпы қазақ поэзиясындағы Абылай тұлғасын жырлаудағы ерекшеліктер, Абылайдың көркемдік тұлғасының биік поэтикалық қуатпен сомдалуы, хан өмірінің айтулы кезеңдеріндегі тарихи шындықтардың көрініс табуы;
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері: Диплом жұмысын жазу барысында аңыз әңгімелердегі, ақын-жыраулар толғауларындағы, романдардағы Абылай хан бейнесі басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда Ш. Уәлиханов, М. Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Қасқабасов, Р. Бердібай, Ж. Тілепов, Е. Сыдықов, А. Әбсадықов сынды ғалым-жазушылардың еңбектері басшылыққа алынды. Қазақ әдебиетіндегі Абылай хан бейнесін танытуда аңыз әңгімелер, өлең-жырлар талданды.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдері: еңбектерді саралап талдау, өзара салыстыру, пікірлерді жинастыру, жүйелеу, таныту, зерделеу, зерттеу.
Ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы . Зерттеу нәтижесін жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде, қазақ әдебиеті тарихына арналған арнайы курстарды оқытып, арнайы семинарлар жүргізуге пайдалануға болады.
Сонымен бірге, бұл жұмыс қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, философиясы, тағы басқа ғылым салалары мамандары үшін де маңызды, ғылыми негізді материалдар көзі ретінде қызмет ете алады.
Диплом жұмысының дерек көздері: оқу құралдары, Ш. Уәлихановтың, М. Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердіұлының, С. Қасқабасовтың, Е. Сыдықовтың, А. Әбсадықовтың еңбектері.
Зерттеудің нысаны: Абылай хан туралы жазылған аңыз, роман, жыр-дастандарды саралап талдау, өзара салыстыру, Абылай хан жайлы жазылған мақалаларды жинастыру, зерттеу, зерделеу.
Жұмыс нәтижелілігі : Диплoм жұмыcында aқын-жыраулардың өлең-толғаулары мен тарихи жыр-дастандар, кейінгі дәуірдегі поэзиялық шығармалардағы Абылай бейнесі мен Абылай өмірінің елеулі кезеңдері тарихи дерек көздерімен салыстырыла, сабақтастырыла қарастырылуы еңбекте көтерілген мәселелердің маңыздылығын ауқымдылығын дәлелдейді. Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Ақтамберді өлең-толғауларындағы Абылай бейнесінің сомдалуы сол кезеңдегі тарихи оқиғаларда Абылайдың қайраткерлік, қолбасшылық, саясаткерлік қызметінің көрініс табуы нақты дәлелденеді. Сол арқылы Абылай өмірінің тұтастай эволюциясы жасалды. Абылай төңірегіне топтастырылған ең ықпалды би-батырлардың аттары аталып қоймай, сол тарихи кезеңдердегі Абылай қатысқан шешуші жорықтарда, маңызды мәселелерде, бітімгерлік миссияларында қандай жағдайда іскерлік, батылдық танытқаны айтылады.
Диплом жұмысында Абылай тұлғасы жасалған, Абылай өмірі қамтылған өлең-толғау, тарихи жыр, дастандарды қамтумен бірге, әрқайсысы жеткілікті талданып, Абылай тұлғасын екшелейтін оқиғалардың тарихи шындықпен сәйкестігі сипатталған.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі екі тараудан және қорытындыдан тұрады, соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
І. Қазақ халық ауыз әдебиеті мен ақын - жыраулар шығармаларындағы Абылай хан бейнесінің сомдалуы
1. 1. Аңыз - әңгімелердегі Абылай хан бейнесі және фольклорлық элементтер
Aңыздaр - қaй хaлықтың дa бoлмaсын eлeyлі oқиғaлap мeн aйтyлы тұлғaлаp жaйындa, бeлгілi бiр мeкeн-жaйдың aтaуы жaйындa aйтaтын ayызекi тaрихы. Oндa хaлықтың түpлi тaрихи дaмy кeзeңдepi мeн әp тұcтa oрын aлғaн oқиғалaрдaн aлғaн түйiнi, шығapғaн қoрытындыcы, көpнектi тұлғaлаpдың ic-әрeкeтіне бeрiлгeн бaғaлaры caқтaлып жeткeн. Oл фoльклopдың жeкe жaнpы peтiндe қoғaм дaмyының бeлгiлi бiр тaрихи шындығы мeн өмiрдe oрын aлғaн тaрихи фaктiлердiң нeгiзiндe қaлыптaсaды.
Фoльклoрдың өзгe жaнрынa, әсiресe, eртeгілiк пpoзa, қaһaрмaндық эпocтaрғa қaрaғaндa aңыздapдa aқылғa cыймaйтын әсiрeлeу мeн aлыc қияғa тaртaтын қиялдap бoлмaйды. Дeй тұрcақ тa, oл жaнpдa әсiрeлeу мeн қиялдың opны мүлдeм мapдымcыз дeп aйтyғa бoлмaйды. Aлғaшқыдa қoғaмның cұрaнысы мeн қызығyшылығынa тoлық жaуaп бeргeн шындық кeйiнгi ұpпaқтың дүниeгe көзқaрaсы, тaптық мүддeсiнe oрaй oқиғaның мaзмұны, oлaрдың ic-әpeкеттерi «бaсқaшa бағалaнып, өзгешe сипaтталуы мүмкiн» [1; 124б. ] . Хaлықтың aуызшa aйтылғaн тaрихынa бaғалaнaтын aңыздaрды тaзa тaрих дeп қaрaуғa жәнe бaяндaлaтын oқиғaлар сoл aлғaшқы тaрaғaн тұcынaн eш өзгeріcкe ұшыpaмaй, шындық қaз-қaлпындa қaлғaн дeп үзiлдi-кecілдi тaнyғa бoлмaйды, екiншi сөзбeн aйтқaндa, aңыздық дeрeктeрдің бapлығын aқиқaт дeп қaбылдaуғa бoлмaйды.
Aбылaй тyралы aңыздap iшіндe мынaдaй aйыpықшa бeлгiлeрмeн eрeкшeлeнeтiн aңыздaр тoбы бaр:
- бaяндaлaтын oқиғaлаpдың cюжeттiк жeлicі бip-бipiмeн бaйлaнысқa түcкeн;
- бaс кейiпкep бoйындaғы, eрeкшe қaсиeттiлiк бacым cипaттaлғaн жәнe oның қaсиeттeрi түpлi жaғдaйдa біpеyдiң қaтыcyымeн cынaлaтыны;
- aңыз cюжeтiнде бaс кeйiпкepдiң жeкe бaс бeлсeндiлігiн epекшe дaрaлaп cypеттeйтiн aңыздap.
Aтaлғaн epeкшeліктeрiмeн capaлaнатын aңыздapды ғұмыpнaмaлық aңыздap тiзбегi дeп бeлгiлeймiз. Бұл тoптaғы aңыздap Aбылaйдың жeкe бaсындaғы қaдip-қacиетiнe, жaсaғaн epлiк-icтеpiнe қaйpaт пeн қaжыpлығынa, тaпқыpлық пeн aмaл-aйлa әpекeтiнe, мұң-қaйғыcынa бaсты нaзaр aудaрaды. Aбылaй жaс шaғындa жeтiмдiк күйiн кeшкeн дeгeн мaзмұндaғы aңыздaр көп нұcқaлы бoлып кeлeдi. Oл aңыздaрдың бaрлығы дерлік болашақ билеуші жас күнінде әкеден жетім қалып, кісі қолында (Дәулеткелді, Төле би) жалшылық қызмет атқарды. Оның үстінде аңыздар жас Абылайды сырттан (Түркістан, Үргеніш, Бұқара) келтіріп, қазақ арасынан пана тапты деп көрсетеді. Бұл деректер Бұқар Үмбетей, Тәттіқара жыраулардың ханға айтқан толғаулары арқылы іргесі бекіп, шынайы шындыққа айналған.
Сырттан келген жас жетімнің күйі -тек Абылай басында ғана емес, қазақ фольклорындағы Шыңғыс, Алаша хан бейнелеріне де ортақ күй. Мысалы, аллатағаланың әмірімен жүкті болған Алтынбел ханның қызы елден қуылып, ол Шыңғысты бөтен елде дүниеге келтіреді, сол Шыңғыс патша болды. [2; 91-93] . Бұқарада хандық құрған қызыл Арыстан ханның ордасында анадан ала болып туғандықтан шеттетіліп, Сырдария суынан өтіп, Алатау, Қаратау өлкесінде жан сақтаған Алашаны Майқы би өз қолына алып, алдына үш жүз жұрт салып хан етеді. [2, 60-63] .
Сырттан келу сарыны жекелеген кісі атауының түп-төркініне де енген. Қазақ хандарының түп атасы болып саналатын Алаша хан атауының бір мағынасы «сырттан келген бөтен кісі» дегенді білдіреді. Бұл туралы ХІХ ғасырда Шоқан былай деп жазған: «Қазақ деген одақты құрайтын үш жүз өзінің шығу тегін Алаша деген кісіге тірейді. «Алаша» сөзі жатжұрттық немесе, дәлірек айтқанда, сырттан келген бөтен кісі дегенді білдіреді»[3; 24] .
Жас Абылайдың сырттан келу сарынын жеткізетін аңыздық нұсқалардың жазбаға түскен уақыты бойынша ең көнесі - Шоқан Уалиханов жазбалары. Оның еңбектерінде «Абылай» атты мақала және жыр сондай-ақ «ХҮІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар» жинағында атақты ханның балалық шағы туралы аңыз нұсқасы тіркелген. Аңыздық жинақ пен мақалада Шоқан Абылайдың өмірбаяны мен қызметіне мол орын береді. Ғалым қаламына ілігіп, алғаш жазбаға түскен аңыздың мазмұны мынадай: «Аңыз бойынша, Түркістаннан қырға ең жақын туысы Әбілмәмбет ханға жол тартқан Абылай Ораз құлмен бір атқа мінгесіп келеді. Қалыптасқан жағдай оны біраз уақыт Қарауыл руының Жақсылық атасындағы Дәулетбай деген бай кісінің жылқысын бағып күн көруіне мәжбүр етеді. Дәулетбайдың әйелі сырттан келген жас баланың әкеп бермесе өзі ешқашан ас сұрап ішпейтінін, ішкеннің өзінде де тартынып отыратынын ешқашан жуылмаған ыдыстан ас алмайтынын байқайды. Бұл қазаққа тән емес мінез-құлық еді: баланың бекзаттылығы Дәулетбайдың да назарын аударып, Ораздан баланың жөн-жосығын, тегін сұрайды. Бар шындықты білген Дәулетбай Абылайға табыннан ең жақсы ат мінгізіп, Әбілмәмбет ханға апарады. Абылайға тарту етілген ат атақты Шалқұйрық еді. Шалқұйрық жас сұлтанның жорықтарында алғашқы сенімді серігі бола біледі. Соның арқасында Абылай өзіне батыр атағын алады, қазақ құрметіне ие болады» [3; 217] .
Шоқан келесі бір еңбегінде - «Абылай» атты мақаласында осы аңыздың кеңейтілген екінші бір нұсқасын келтіреді:
« . . . Атасы (оның да аты - Абылай) Түркістанның билеушісі болып тұрған. Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы да, құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра алмай, Түркістанды басып алған көрші билеушілердің бірінің қолынан қаза табады. Қалтықсыз берілген бір құлының арқасында ғана он үш жасар ұлы Абылай аман қалады. Адал құл өз түлегін ертіп, қазақ даласына тартты. Ақсүйек ағайын-туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп, Жақсылық руының бір байына малшы болады» [4; 111] .
Сырттан келу сарыны Мәшһүр Жүсіп жинаған Абылайға қатысты аңыздарда «түрлене » түседі:
«Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген сарт бар екеуі Түркістан шaһaрынa келіп, Әбілмәмбет патшаға қызметкерлік қылады. Ол жерде орнығып тұра алмай, Ұлы жүз Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүрді. Онда да байырқалап тұра алмады: Сарыарқаға шығып, Атығай Қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бақты» [5; 12] . Абылайдың Төле бидің қолында түйеші болғаны туралы аңызды Халид Құрбанғали да өз еңбегіне пайдаланады Бірақ ол онда алғашқыда жау (қалмақ) қолына, тағы бір шапқыншылықта қазақ қолына түсіп, Төле биді паналайды.
Қазақтың белгілі оқымыстылары мен ғалым-жазушылары жазбаға тіркелген осы аңыздарды жай көзбен оқып шыққанда көптеген қайшылықтарды байқаймыз. Олар:
1. Абылайдың аталары билеген қала әр түрлі (Түркістан, Үргеніш, Бұқара) ;
2. Жетім Абылайды қамқорлығына алған кісілер саны бірнешеу;
3. Шоқанға тіркелмеген Төле би, Әбілмансұр-Сабалақ есімдері кейінгі жазбаларда ғана орын алған.
Абылайдың жетімдік күйін кешіп, Даулеткелді байдың, кей нұсқада Төле бидің аулына келуі, қарапайым малшы болып лақап есіммен (Сабалақ) жүріп, қалмақтардан кек алуға аттанып бара жатқан батырларға қосылуы, өзінің тегі бөлек жан екендігін танытуы, бір жағынан, осы фольклор эстетикасының көрінісі болса, екінші жағынан, сол дәуірдің шындығынан туындаған сарын деуге де негіз бар. Тарихи жазба деректерде Абылайдың оңтүстік өлкені, атап айтқанда, Ташкентті билегені туралы айтылады. Мәселен, Абылайдың хатшысы болған М. Мамедов 1768 жылы орыс үкіметі өкілдеріне былай деп хабарлайды; «Абылай сұлтанның атасы мен әкесі Ташкент қаласының хандары болған. Қаланы жоңғар қалмақтары жаулап алғанда, он жасар Абылай Түркістан қаласындағы Әбілмәмбетке барады» [6; 41] .
Абылайдың атасы мен әкесінің Ташкентті биледі дейтін М. Мәмедов хабарламасы шындыққа жақын. Себебі тарихи шындықта ХҮІІІ ғасырдың бас кезеніндегі Ташкент билігі қазақ хандарының қолында, дәлірек айтқанда, айбарлы Әз-Тәукенің ықпалында билігінде болады. Әз-Тәукенің маңызды сауда орталығы Ташкент билігін Абылай ханның аталарына беруі мүмкін еді. Бұл жорамалды дәлелдейтін жанама дерек-сұлтан Абылайдың хан тағына жету жолындағы іс-әрекеті.
Қалмақты жеңуде ерлік, ақыл-айла танытқан сұлтан Абылай өзінің атақты даңқты немере ағасы Әбілмәмбет ханнан асып тұрса да оның көзі тірісінде тақ иесімін деп ұмтылмайды.
Жас Абылайды Шәкәрімнің Үргеніштен, С. Мұқановтың Бұқарадан келді дейтін аңыздық деректері де тарихи шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені Үргеніш, Бұқара сияқты мұсылман діні берік орныққан Орта Азия қалаларында ХҮІІ ғасырдан бастап-ақ хандық биліктің күші әлсіреп, өзбек арасында ақсүйектік ру деп есептеленетін рубасылардың билігі күшейеді. Жаңа билікті хандық санасына орнықтыру жолында ақсүйек рубасылардың тегін Шыңғыс ханнан тарататын идеологиялық сипаттағы шежіре «Алтын бешик » аңызы да дүниеге келеді. Мұнан шығатын қорытынды:ХҮІІ ғасырдан бастап Орта Азияда Шыңғыс тұқымынан мұрагерлікпен келе жатқан хандық билік тек қазақ даласында ғана толық үлгісін сақтап, өзге өлкелерде әлсірей бастаған. Сол себептен де Абылайдың аталары аталмыш қалаларды биледі деу үлкен күмән туғызады.
Абылай туралы аңыздар сюжетінде дәстүрлі тұрақты мотивтердің орны ерекше. Фольклорлық мотивтердің бір ерекшелігі - шығарманың жанрлық тегі мен дүниеге келген дәуіріне қарамастан еркін "кезіп" жүретіндігі. Бұған қарап мотивтер жаңа дәуірге лайықты мазмұн игеруде "икемсіз" деуге болмайды. Олардың табиғаты екі жақтылы: әрі дәстүрлі, әрі жаңашыл сипатты. Мотивтер тарихи жаңа мазмұнды дәстүрлі машықтармен игеруде де айрықша қызмет атқарады. Олар басты қаһарманның, Абылайдың бейнесін сомдауға қызмет етеді. Тұрақты мотивтердің қолданылуы нәтижесінде қалыптасқан дәуірге лайықты жаңа мазмұнға ие дәстүрлі фольклор қаһарманның халық танымындағы эпикалық идеал бейнесі сомдалады.
Батырлық ертегі мен эпостардың тұрақты композициялық құрылымдарының бірі - қаһарманның ерекше балалық шағы. Бұл кезеңде болашақ батыр жауынан немесе өзінің ағайындарынан қысастық көреді, бірақ оған мойымай, ерекше батырлық қасиетімен көзге түседі., өзіне лайық тұлпар мінеді. Міне, осы эпикалық шығармаға тән көріністер мен сарындар Абылай тарихынан да орын алған.
Қаһарманның қысастық көруі. Феодалдық қоғамда қаһарманның ерекше жағдайда өскенін білдіретін көркемдік формуланың бірі - оның өз ағайынынан қысастық пен қорлық көруі. Қазақ аңыздарында Абылай мен оның аталары өз ағайындарынан қысастық көреді. Халық баянындағы « . . . Ақсүйек ағайын-туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп, Жақсылық руының бір байына малшы болады» [ 4; 111], «Жәңгірдің орнына Әз Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп Уәлибақи Ғайып ханға кетіп еді . . . Жоғарыда үш атасы да Ғайып хан қолында тұрып, хан болмай өлген. Мұның тұсында Ғайыптың нәсілінен хандық кетіп, жүдеу тартқан соң, Әбілмансұр жетім бала күнінде «Қазақ - елім, Сарыарқа - жерім» деп іздеп, Үйсін Төле бидің қолына келеді . . . »[7; 25-27] деген жолдар - осы сарынның көрінісі.
Қазақ эпостары мен аңыздарында атақты батырлардың қысастық көруі - тұрақты сарын. Онда батырлар ең алдымен өз ағайынынан қорлық көріп, өзге елге аттанып кетеді. Мысалы, Абылайдың заманында өмір сүрген Жауғаш батыр жас кезінде әкесінің жалғыз баласы болғандықтан еркелеу өсіп, алғырлығын аңғартып, Бабалы бидің, әсіресе кіші әйелі Бөртенің балаларынан асық ойындарынан ат ойындарына дейін артықшылығын көрсетіп, ерегесіп, төбелесіп қала береді. [8; 5 ] . Бірде үлкен астың үстінде Жауғаш батыр күші басым жақ зорлық көрсеткен бір кісіге араша түседі, қарсы топқа басу айтады. Бірақ олар көптігін пайдаланып, батырға тізесін батырып жібереді. Батырдың атасымен бірге туған Бабалақтың тоғыз ұлы бауырына араша түсіп, жақтаспайды. Жауғашты жалғыз қалдырады. Батыр бұған қатты қапаланып, наразы болып, Алатаудан Сарыарқаға - Абылайға аттанады. Сөйтіп ол Абылайдың сүйікті батырларының біріне айналады.
Ханның кеңес құруы. Абылай туралы аңыздарда ханның кеңес құруы жорық үстіндегі қалыптасқан жағдайларды талқыға салу түрінде болып келеді. Хан кеңесінің тұрақты мүшелері - би, батыр, жырау-жыршылар.
Хан кеңесінде жасалатын жорықтардың тиімді, шығынсыз болатын бағыт - бағдарлары талқыға салынады. Мұндай кеңестерде пікір таластырушылар - хан батырлары. Төрелік айтатын - ханның өзі, ал кейде бұл міндет Бұқар жырауға да тиеді. Хан кеңесінде Бұқардың төрелік айтуы мына бір аңызда бьылайша сақталған:
«Абылай хан соңғы соғыстарының бірінде көп қолымен Қалба тауына келгенде, елдің етекке түскен шағы екен. Торғауыттар Тарбағатайдьщ солтүстігі - Ласты-Шорга бойында екенінен, ал қалмақ руларының Тарбағатайдың оңтүстігі - Үржар, Еміл бойында отырғанынан хабар алыпты. Қай шеттен тиіп, қай жақтан шабу керек деп үлкендермен кеңес құрғанда, әскер басылардан Қабанбай мен Бөгенбай екі түрлі пікір айтыпты. Бөгенбай: "Тарбағатайды асып барып Үржар, Еміл бойындағы қалмақты шабамыз. Ласты-Шорғадағы торғауыт елдің шеті, біз жақ беті болғандықтан, аты дайын, адамы сай, сергек отырған ел. Біздің аттанатынымызды біліп, етекке ерте түсіп отырған торғауытты шабамыз деп әскерді шығындатамыз, жағдайдан ұттырамыз, алыстағы ел бейғам болады. Ал алыстағы ел алаңсыз отырады, қапысыз басамыз, олжалы болып қайтамыз, - дейді. Қабанбай: "Алыс жолдан ат арып, қол әлсірейді. Егер торғауыт аттанған ізімізді біліп қалса, ілгері елге хабар беріп, іздері артымыздан тосады, ортада қалып шығынданамыз, - дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz