Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ТЕХНОЛГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы факультеті

РЕФЕРАТ
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2015
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (технология) пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді .

Зерттеу жұмысының нысаны.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер пайдалана отырып, педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту.

Зерттеу мақсаты.
Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек.

Зерттеудің міндеттері.
Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.

Зерттеудің жұмысшы жорамалы.
Бұл тақырып бойынша зерттеудің перспективасы өте зор, себебі жастарды шығармашылыққа баулу, оны тоқтаусыз дамыту өте күрделі процесс.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Технологияның жалпы проблемаларының бірі - компьютерлік оқытудың бағдарламасын жасау, бағдарламалық нәтижеге негізделген жіктеме мен аспаптық құралдарға талаптар ұсыну және компьютерлік графиктар қолдану. Яғни ХХІ ғасыр талаптарына сай даму.

Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ Негізгі бөлім
1. Шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. .6
2.Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу ... ... ... ... ... ... 14
4. Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...21
5. Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... 26
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

.
Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Жас ұрпақ жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр ұстаздың шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.
Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек, шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам бойындағы қабілетті үнемі дамытып отқанда ғана, олардың өшуіне жол бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына және де өзін-өзі танып білуіне көмектеседі деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (технология) пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді .

1. Шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер
Бүгінгі күні Қазақстандағы білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалуда.Жаңа оқыту бағдарына бет бұру- күн тәртібіндегі басты мәселе.
Жас ұрпақ жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр ұстаздың шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.
Бастауыш білім - берудің алғашқы басқышы. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,қолымен ұстап , көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан менің алға қойған мақсатым-оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру ,балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.Яғни бұл-бүгінгі күннің талабында.
Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс -тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Мен өзімнің іс тәжірибемде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты - барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай - қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда Сын тұрғысынанойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін - өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану.
5. Кейбіроқушыларданжауабының, сыныныңдәлелді, дәйектіболуынталапету.
6.Сын тұрғысынанойлаудыбағалау.

2. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты.
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың іс-әрекеті мен байланысты анықталады деп атап көрсеткен .
Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан, біз орындаған зерттеу жұмысымыздың тақырыбына орай, алдымен шығармашылық ұғымының мән мағынасына түсініктеме беріп кетуді жөн көрдік.
Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек, шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам бойындағы қабілетті үнемі дамытып отқанда ғана, олардың өшуіне жол бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына және де өзін-өзі танып білуіне көмектеседі деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (технология) пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді .
Сондықтан еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі еңбекке баулу сабағы, қатардағы өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болып саналынады. Демек еңбек тәрбиесіне баулу технология пәні арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Жалпы еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастырған, белгілі мақсатқа бағытталған процес. Сонымен еңбек тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті - жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Еңбек -- материалдық және рухани байлықтардың көзі, сонымен бірге, ол адам өмірінің ең бірінші шарты. Бір жағынан ол адамның өмір құралдарын табудағы өзара әрекеттесу процесі. Адамдардың бірге жүргізетін еңбек процесінде олардың еңбекке көзқарасы қалыптасады.
Бүгінге дейін адамзат баласының еселі еңбегінің арқасында ғылым мен техника қарқынды даму үстінде. Білім мен ғылымға ұмтылған жас жеткіншектерді күн сайын жаңалыққа толы дүниелерге құштар етуге бағыттап олардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу керек.
Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің ғылыми негіздерін игерудің бірілігі ретінде қарастырылады[4].
Тәрбие процесінде еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшілігі бар. Адам баласы тарихында алғаш рет мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері қоғамның обьективтік талаптарын көрсетеді. Сонымен бірге ол әрбір баланың жан-жақты даму мүддесімен сәйкес келеді.
Жас өспірімдерді еңбекке әзірлеу мектептегі барлық оқу жылдарында жүргізіледі, ал мұнан кейін арнаулы орта дәрежелі және жоғарғы оқу орындарында жалғастырылуы қажет.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшілігінің бірі өсіп келе жатқан баланың адамгершілік сапаларын, еңбекке көзқарасын тәрбиелеу көзделеді.
Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің барлық саласында еңбек адамдарын құрметтеуден басталады. Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда коғамға пайдалы мүше болуға ұмытылуды, даярлықты қалыптастыру нышаны пайда болады.
Ал оқу еңбегінің барысында еңбекке әдеттену, еңбек дағдылары мен іскерліктері кейінгі еңбек әрекеттерінің басқа салаларының дамуына әсер етеді.Оқу еңбегінің ерекшілігі оңың нәтижелері оқушьшардың өздеріне бірден білінбейді. Оқу еңбегі негізінен интеллектуальды (ақыл-ой) еңбек.
Еңбек тәрбиесінде еңбек сабақтарының мәні ете зор, оларда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды, еңбек дағдыларын меңгереді, техникалық және технологиялық білімдерімен қаруланады. Оқушылардың еңбеккерлік сезімдері әсіресе жоғарғы сыньштарда еңбек тәрбиесінің ғылыми білімдерімен беки түседі. Оқушылардың еңбек ету әрекеттері дами түсіп, олардың еңбекке деген қызығушылықтары артып, олар әрбір істі саналы орындауға ұмтылыс жасай білуге әрекет етеді. Еңбек сабағында орындайтын тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға талпына бастайды. Ондай кезде мектеп оқушыларының шығармашылыққа бет бұру ниетін сөндіріп алмау керек.
Мектепте өтілетін пәндердің бірі ретінде технология пәнінде мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулуда кластан тыс жұмыстардың мүмкіншілігі мол. Атап айтқанда оқудан тыс уакыттағы Шебер қолдар үйірмелеріндегі жұмыстар, еңбек әрекетін қамтиды, оқушылардың творчестволық ойларын дамытады. Үйірмелерде әрбір оқушылар тек кана сабақтарда алған практикалық дағдыларын ғана дамытып жетілдірмейді, сонымен бірге өз істерінің-әрекеттерінің түрлері мен әдістерін тыңдауда инициатива көрсетеді, өз еңбегін тиімді етудің жолдарын іздестіреді, еңбекке творчествоны енгізеді.
Көптеген жоғарғы класс оқушылары техникамен әуестенеді, бұған еліміздегі техникалық прогресстің өрістеуі, мектептің өмірге, өндіріске жақындай түсуі, оның материалдық-техникалық базасының нығаюы себеп болады. Осыған байланысты кейінгі кезде мектептерде және мектептен тыс тәрбие орындарында техникалық үйірмелер жүйесі кеңейе түсті.
Кең түрде ұйымдастырылған пән үйірмелері де (химия, математика, физика т.б.) кеңінен дамыған. Бұндай үйірмелерде оқушылардың ақыл-ой жұмыстары дене, қол еңбектері мен ұштасып отырады. Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін және творчествосын дамытады.
Үйірмелерге қатынасушылар оның жұмысына көптеген жаңалықтар мен зерттеулер енгізеді.Бірақ үйірмелер барлық балаларды қамти алмайды. Сондықтан олардың жұмыстары жалпы бұқаралық істермен толықтырылып отырылады. Мектептерде ғылым мен техникаға арналған арнайы кештерде өткізіледі, оқушылардың өндіріс озаттарымен кездесулерінде мектеп оқушыларының үйірме жұмыстарына қызығушылықтары арта отырып шығармашышыққа бет бұра бастайды.
Барлық сыныптағы оқушылар іс-әрекетке құштар. Жалқаулық, жұмыссыздық, кертартпалық балалар табиғатына жат. Ал мұндай ерекшеліктердің кейбір оқушыларда кездесуі - бұл теріс тәрбиенің, еңбек әрекеттерінен алшақ ұстаудың, ақсаусақ етудің нәтижесі. Өз әдетіне сәйкес еңбек үстінде балалардың өзіндік іс-әрекеттері кеңейе түседі. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде оқушьшар өз жолдастарымен еңбек қарым-қатысына тартылады (сынып, мектеп, ересектер ұжымына), еңбек сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда тәрбиеленетін қасиеттер, сапалары беки түседі; өз еңбегіне жеке басының жауапкершілігі, іске тврочестволық қатынасқа тәрбиелейд деп атап өтеді [5].
Жастар тартымды, қоғамдық мәнді іс-әрекеттерге құштар. Сондықтан күн сайын қайталап отыратын тек кана төзімділікті, ептілікті талап ететін бір сарынды күнделікті еңбек оларды әрдайым қызықтыра бермейді. Оқушылар орындайтын жұмыстарының мәніне түсінгеннен кейін ғана жемісті жұмыс істеуге үйренеді, олардың еңбекке көзқарасы өзгереді, жұмыста ұйымшылдық көрсетеді.
Мектеп оқушыларының еңбек процесін дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Еңбектің бір саласының өзі әр түрлі жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстың ұйымдастырылуының әдісіне қарай оқушылардың сол жұмысқа көзқарасы да, оны орындауы да әртүрлі болады.
Еңбек процесінің ретті кұрылуы үшін оқушьшардың бір тобының еңбегі басқалардың еңбегімен байланысты болғаны жөн.
Мұндай жағдайда әр ұжымдардың арасында еңбек байланыстары құрылады. Оқушылар өздерін үй және маңызды істі, қоғамдық мәнді істі орындаушылар деп санайды. Демек, еңбектің қоғамдық әсерлілігі, тиімділілігі сол еңбектің мазмұнына ғана емес оның ұйымдастырылуы тәсіліне де байланысты.Оқушылардың еңбек әрекеттерінің тиімділігі жарыс ұйымдастырылған жағдайда едәуір арта түседі. Класс активі жарыстың көрсеткіштерін алдын-ала ойластыра белгілейді, онымен барлық оқушыларды таныстырады.
Жарыс оқушыларды жұмыстың алғашқы басталу кезеңінде-ақ кызықтырады, әуестендіреді. Жарыстың бір түрі - конкурстар, бұлар класс ұжымын немесе бүкіл мектеп ұжымын қамтиды. Оқушыларда қуаныш ар-намыс сезімдерінің тууының мәні зор балаларды жолдастарына көмектесу, жалпы істің жемісті болуына тәрбиелеу керек.
Оқушылардың білім алуында шығармашылық әрекетін белсендіруге, олардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік дамуын арттыруға байланысты мәселені шешу дидактикалық тәсілдерді өзгертуді және мұғалім ақпаратына берілетін уақыт бөлігін азайтып, оқушының өзіндік танымдық, шығармашылық іс-әрекет уақытын көбейтуге әкелетін, оқу уақытын қайта бөлуге орай қажетті жаңартулар жүргізуді талап етеді
Мұғалім тарапынан берілетін ақпарат оқушылардың қызығушылықтарын, жаңа мазмұнды зерттеуге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында, өзекті мәселе туындату үшін қолданылады.
Қорыта келгенде әлемдік бәсекелестік заманда әр адамның білім санасы, қабілет деңгейін іскерлік деңгейін, іскерлік мүмкіндіктерін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіндегі өткір қойылып отырған мәселелерінің бірі. Демек, бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жеткілікті маман кадрлар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономикасы дамымайтыны белгілі.
Сондықтан адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік қабілеттілігі оның үстіне қазіргі кездегі бизнеспен айналыса білетін кәсіптілікті дамыта білетін жаңашыл тұлғалық шығармашылық ойлауына қатысты анықталатыны белгілі. Жалпы мектеп оқушыларын еңбекке баулу негізінде оқушыларды шығармашылыққа баули білу мектептерде өтілетін еңбек пәнінің негізгі міндеттері толып саналады. Өйткені оқушыларға өндірістік білім негізін қалыптастыратын негізгі пәннің бірі еңбек пәні арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін дамытуда көптеген мүмкіндіктер бар деп толық айта аламыз. Ал, тұлға тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары - шығармашылыққа ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.

3. Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу

Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды.
Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.
Ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру бөлгілі-бір шарттарды қажет етеді.

Олар:
- мұғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;

- оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық -педагогикалық ахуал;

- оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу - әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;

- оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.

Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.
Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың бөлгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.

Олар:
- мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;
-қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
-басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;
-жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
-мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
-іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
-өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
-технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.

Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:
-жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;
-жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
-жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
-жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;
-оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;
-оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
-оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
-тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;
-компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;

Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:

- жаңа технологияда пайдаланатын жәкелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;
-түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;
- жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді;
- педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.

Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол.

Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады.

С.И.Годник зерттеулері көрсеткендей, жеке тұлға жаңа жағдайларға бейімделуде, жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін.

Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады.

Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін.

Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті.

Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалықты игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған.

Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін.

Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін тереңдету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:

- өз тәжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі мұғалімдермен жұмыс.

Олардың мақсаты - өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен ендіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу:

- әрқайсысына тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен жұмыс:

Туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді;

- өз жұмысына өзгеріс енгізуге тілек білдірмеген мұғалімдермен жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.

Оқу орнының әдістемелік жұмысын жоспарлауда осындай жұмыстың мысалы ретінде "Жаңа педагогикалық технология - кәсіби даярлықта" бөлімі пайда болуы мүмкін.

Нәтижесінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны нық қолдануға әкелетін әдістемелік, техникалық қамтамасыз етуді, кеңес беруді, диагаостикалау, рефлекцияны қамтитын ұзақ кезеңді жұмыс жүзеге асырылады.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады.Осы орайда:
- ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім;
- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам салы болуы;
- мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы-ғалым А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.

Оқу үрдісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үрдісі.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер