Ұстазсыз шәкірт-тұл..


Эссе
Ұстазсыз шәкірт-тұл . . .
Ұстаз . . . Мұндай ардақты атқа ие болу үшін үлкен жауапкершілік керек. Ұстаз білім беруші ғана емес, ол- адамдықтың, мәдениеттіліктің, адалдықтың үлгісі. Ұстаз мәртебесі қашан да биік. Өйткені, ұстаз жүрегі теңізден де терең, тек ұстаз ғана сенің бойыңа жылылық пен ізгілік нұрын себе алады. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқу үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болды. Қазіргі мұғалім тұлғасының заманға сай өзгеруін талап етеді. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл -ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан рухани адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім қажет.
ХХІ ғасырдың нағыз саналы да білімді ұрпақтарын тәрбиелеп шығару - ұстаздардың борышы, міндеті деп санаймын. Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт- тұл, шәкіртсіз ұстаз- тұл» деп бекер айтпаған. Мұғалім өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы бағалы қасиеттерін өзінің шәкірттеріне береді. Өзінің шәкірті озғанына шын жүректен қуанады. Ұстаздар үшін әр күннің міндеті- «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген Елбасының сөзіне іспен жауап беру.
Өнегелі ұстаздың ең басты қасиеті - әдіс - тәсілдерді жетік меңгеріп, орынды қолдана білуінде деп ойлаймын. Мектепте әр пәнді өткізудің өзіндік ерекшеліктер мен тәсілдері бар. Әр сыныптың білім деңгейі бір - біріне ұқсамайды. Сондықтан сабақ өткізуде барлығына бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді. Мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан, басты мақсатым - ағылшын тілін оқыта отырып, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен оқушыларды таныстыру. Әрбір өтілген сабақта өтетін жаңа тақырыпты дұрыс түсіну үшін, ойлау, елестету, ойша қорыту, өз бетінше ізденуіне жағдай жасаймын. Өз тәжірибемде өзіндік жұмыс түрлерін топқа бөліп немесе жеке оқушыға тапсырма беру арқылы жүзеге асырамын. Сонымен қатар сабақта әр түрлі дидактикалық ойын түрлерін өткіземін. Сабақ барысында оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеріп, оқу, білім, білік нәтижлеріне қойылатын талапарды ескеремін. Оқушылар игерген білімін жадында сақтап қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ойлауға, өзін - өзі іске асыруға қабілеті болуға тиіс.
Бүгінгі блім мен білік бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан - жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай, ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейтінін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: А. М. Сапарова
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz