Балабақшада дарындылықты дамыту: тәрбиешінің рөлі мен әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбиешіге қажет қасиеттер:

  1. Жылылық
  2. Түсінушілік
  3. Сезімталдық
  4. Кең ойлай білу
  5. Баланы шабыттандыра білу
  6. Балаға, өзге адамдарға қадірлі болу
  7. Шығармашылық ізденісте болу
  8. Ойын-сабақты қызықты, пайдалы өткізу.

Тәрбиешінің түрлі мұраты:

  1. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.
  2. Шығармашылық қасиетін дамыту
  3. Кісілік, адамгершілік қасиетін дамыту.
  4. Дүние танымдылық қасиетін дамыту.

Тәрбиешіге ұсыныс

  1. Бала, балабақшаға емес, балабақша бала үшін жұмыс істейді
  2. Баға құнды емес, бала құнды.
  3. Кісіге күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
  4. Әр баланың өмірі мен тіршілігі өзінше бір тағдыр. Бала тағдырына ойланып қара.
  5. Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.
  6. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады.
  7. Баланың кемшілігін емес, жемісін ізде. Кемшілігін көргіш болсаң ықыласын қайырасың.
  8. Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла.
  9. Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа.
  10. Тәртіпке көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.

Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі бұл - балалардың дарындылығын да-мыту мәселесі.

Дарынды бала қандай? Сәбидің дарынды бала екенін қалай байқауға болады?

Бала-өмірдің мәні. Қанша шаршап жүрсең де, сәбидің тәтті қылықтарын көргенде жүрегің жадырап сала береді. Алланың сыйы - бала екенін түсініп оған қызмет етуіміз қажет.

Балаға қызмет ету, оны ел қатарына қосу дегенді ең алдымен ата-ана дұрыс түсіне білгені жөн.

Балаға қызмет ету оның бойындағы құдай берген қабілет қасиетті дамытып, оның бала қуанышына айналуына жағдай жасау, міне, бұл ақылдының ісі. Бала-ның бәрін білгісі, көргісі келетін құштарлығына тосқауыл қоймаңыз. Сәбидің миы үшін жан-жақты мәлімет те соншалықты қажет нәрсе, тағы бір маңызды жағдай - бала миының көп нәрсені білуі үш жасқа дейінгі керемет қасиеті. Сондықтан бала өссін, сосын өзі түсінеді деп жүре берсеңіз кеш қаласыз. Бала өз ата-анасына жа-қын болмаса, өзі қызықтырған нәрсені сұрай алмаса, өмірдің несі қызық? Баланың сөйлегені дұрыс, бұл оның адамдармен араласа білуін ашады. Әрі ғылымдардың пікірінше бұл кішкентай дарынды баланың бір қасиеті деп танылады екен.

Бұл баланың белсенді өмір сүру қабілеттілігі, керемет қызығушылығы, есте сақтау қабілетінің ерекше екенін байқауға болады.

Дарынды баланың батылдығы - жасына қарамай, әлі келмейтін қиын мәселелерді шешу.

Сонымен сәбидің дарынды бала екенін қалай байқауға болады?

Ол баланың ойлау, есте сақтау қабілетінің күштілігі, байқампаздығы, әр нәрсені білуге құштарлығы, өзі әуестенген нәрсеге бар ынтасымен берілуі, өз ой-ларын жақсы жеткізе білуі, қандай мәселе болса да оны шешкісі келетін жауап-кершілігі болуы оны өз ортасынан ерекшелеп тұрады.

Н. Ожеговтың сөздігінде «Табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсінді-ріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілерге мүлдем жарытпай тарататыны анық.

Дарындылықты дамытуға өмір сүретін орта, берілетін тәрбие көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Тамаша кәсіби ұстаз кез келген ерекше қабілетті баланы дарындыға айналдыра алады.

Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта қарастырған жөн. Ал, уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көресетіп дәрежеге, мазмұнға ие болады. Дарынды баланы тәрбиелеудің қатаң үл-гісін ұсыну қиын, дегенмен баласын түсінгісі келген әр ата - ана оның әр ерекше-лігіне мән беріп, оны дамыта білген жөн.

Балалардың көркем шығармаларға, кітаптағы суреттерге қарап қызығушы-лығы артып, танымы оянады. Оқып бергенді ұнатады, зейін қойып тыңдайды.

Жеңіл тілмен кейіпкерлердің рөліне кіре отырып баяндап берсеңіз балаңыз-дың кітапқа, ертегіге керемет қызығушылығын арттырамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы сөздік қорды дамыту және ойын арқылы тәрбиешінің рөлі
Дарындылықты анықтау және дамыту: теориялық-әдістемелік аспектілер
Балабақшадағы балалардың шығармашылығын дамыту: тәрбиешінің рөлі, бейнелеу өнері және музыкалық тәрбие
Мектепке дейінгі кезеңдегі қабілеттерді дамыту және дарындылықты диагностикалау: іс-әрекеттің рөлі мен жеке айырмашылықтар
Мектепке дейінгі тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың шығармашылық әдістері мен алғышарттары
Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғатпен таныстырудағы тәрбиешінің рөлі
Мектепке дейінгі тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті және балалардың тілін дамыту әдістемесі
Мектепке дейінгі тәрбиешінің рөлі мен кәсіби жауапкершілігі
Мектептегі дарындылықты анықтау және дамыту: әдістеме мен тәжірибе
Балабақшадағы адамгершілік тәрбие: мәні, міндеттері және ата-ана мен тәрбиешінің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz