Компьютерлік ойындардың зияны
Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән
беріп жатқан ата-ана жоқ. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған
ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен, дәрігерлер мен
психологтардың пікірінше,теледидар мен компьютерлік ойындардың бала
санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір
экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе,
екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді екен.
Ойын баланың мінезін өзгертеді
Қазір қаланың кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың көпшілігі бос
уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен өткізеді. Онан қалса теледидардан
шетелдің шуы көп мультфильмдері мен киноларын тамашалайды. Яғни, баланың
өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігіне
алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен
теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп
баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының
компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын
кімге болса да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға
алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша, балалар бұл ойындарға қызықса,
оларды жуық арада тоқтату мүмкін емес екен.
—Компьютерлік ойындардың негізгі түрі — атыс-шабыс, төбелес. Бұл алдымен
баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала
үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал ұтылған сайын
оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол әлемнің батыры болуға
ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе
сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Бұндай
кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса,
көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін
тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардардың
көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, бұндай ойынға әуес балалардың
бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды.
Жалпы, балалардың компьютерлік ойындарға қызығушылығы 3-4 жасынан
басталады. Бірақ бұндай кезде баланы компьютерге жақындатуға мүлде
болмайды. Бала 7 жастан асқаннан кейін ғана аптасына бір рет және аз уақыт
компьютерге үйреткеніңіз жөн. Ал бесінші сыныптан кейін оқушының бұндай
ойындарға қызығушылығы қатты байқалады. Әсіресе, осы уақытта жуас, өз
ортасынан бөлек жүретін балалар компьютерлік ойындардың тұтқынына айналуы
мүмкін. Олар достарымен жақын араласпағандықтан бар уақытын компьютер
алдында өткізеді. Бұндай кезде оны ойыннан алыстату өте қиын. Тіпті ол ата-
анасына қарсы келіп, жанжалдасуы мүмкін. Ұзақ уақыт компьютермен жұмыс
істегендіктен, оның адамдармен қарым-қатынасы қиындай түседі. Мінез-құлқы
өзгеріп, тез ашуланады. Көпшілікпен тіл табыса алмайды. Компьютерді
қосқанша байыз таппай, ал оның алдында отырғанда уақыттың қалай өтіп
кеткенін білмейді. Ойнау мүмкіндігі болмаған кезде өзін жайсыз сезініп,
ашуланып, мазасызданады. Сондықтан ата-ана баланы компьютердің алдына
белгілі бір уақытта ғана отырғызғаны жөн. Шектен тыс құмарлық баланы
компьютерге тәуелділікке әкеліп соқтырады. Оны өзге әлем қызықтырмайтын
халге жеткізеді. Сондықтан бұндай кезде балаға ұрыспай, айқайламай,
түсіністікпен қарап, оны виртуалды әлемнен алыстату қажет. Әдеби кітаптарға
немесе басқа іске қызықтырып, біртіндеп компьютерден ажыратуға ұмтылған
абзал, — дейді психолог Айнұр Батырғалиева.
Сондай-ақ қазір қалада компьютерлік клубтар жұмыс істейді. Үйдегі ойынға
ата-анасы тыйым салған оқушылар бар уақытын осындай клубтарда өткізеді.
Тіпті, бұл жердегі ойын үйдегі жалғыз отырып ойнаған ойыннан әлдеқайда
қызық. Арнайы желі арқылы ойын қызығына түскен олар бірін-бірі жеңіп
шыққанша тапжылмайды. Тіпті, ойынға белгілі бір ұтыс тігіп пайдаға
кенелетіндер бар. Ал бұндай ойынқұмар баланың сабаққа құлшынысы болмайтыны
анық. Бұған қоса соңғы кезде ұялы телефон арқылы mali-агент жүйесімен
тілдесу оқушылардың сүйікті ісіне айналды.
— Қазір оқушылардың барлығында ұялы телефон бар. Әрине, телефонның пайдасы
көп. Бірақ балалар агент арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz