Оқуға саналы көзқарас пен жүйеліліктің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл - ойға деген белсенді сезімін ояту, таным міндеттерін алға қоюға проблемалық жағдайлар жасауға және оқушылардың белсенділігін қолдайтын басқа да бірсыпыра әдістер мен методтарды қолдануға ықпал жасайды.

Меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады. Мысалы, жарқын да жадында қалған түсінікті бейне жасаған өлең жолдары зердеден оп-оңай-ақ орын алады, ұмытылмайды және оның керісінше, түсініксіз де жанды тебірентпейтін санаға жетпейтін өлең жолдарын ойда сақтау аса қиын.

Тек саналы меңгеру ғана жаңа білімді бұрынғы біліммен түсініктер қорына қосуға, олырды топтап, реттеуге, пәндер ішіндегі және пән аралық тұүтастай байланыстарды бақылап отыруға мүмкіншілік береді.

Саналық көз қарас тек білімді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда да сондай көз-қарас болуға тиіс. Оқушылар бірдеңені қалай болса солай жасап, қалай бітіру қажет екенін де біледі және түсінеді.

Шындығын айтсақ, кейбір сәттерде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жөніндегі жұмысқа саналы көзқарас пен көп шұғылданып кету теориялық білімнің ролін асыра бағалауға апарып соғады. Мысалы, мұнан бірнеше жыл бұрын, орыс жәіне шетел тілдерін оқыту үстінде тіл және грамматикалық білімді меңгеру туралы ережені түсіндіруге аса көп күш жұмсалды. Оқушы мұнда мына әріптің олай емес, былай айтылатынын, сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар екенін, мақұлдау сөйлемінен кері сөйлемге аударып қайта жасау үшін не істеу керек екендігін және т. б. түсіндіруге тиісті болады. Ал осылардың салдарынан, сөз сөйлеу практикасына және практикада сөз құрап сөйлеу білуге, дағдылануға уақыт өте аз қалатын болады.

Ережелерді саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен пайдалану практикасын сәйкестендірудің сәтті формасы Липецк мұғалімдерінің кенңінен қолданып отырған жаттығулар түсініктемелері болып табылады. Оларды орындай отырып, оқушылар өздерінің әрекет - қимылдарын, сырттай есіттіріп, талқылағандай етіп, тез де ықшамды түсінідіреді.

Саналылыққа сүйенбейінше білімді бақылау кезеңдерінің оларды іс жүзінде пайдалануының дұрыстығын қадағалаудың еш бір мәні жоқ. Өздігінен оқу және белсенділігін дамыту үшін, жалпы алғанда оқуға деген саналы көзқарас болмайынша, соншалық үлкен маңызы бар - өзін-өзі бақылау болуы мүмкін емес.

Білімді меңгеруге өте жиі бақылау жасау мұғалімге оқушылардың білімін тексеріп, оларға баға қою үшін ғана қажетті шара ретінде түсіндіріледі. Мұнымен бірге, бұл бақылаудың еңі алдымен оқушының өзіне керек екені мүлде естен шығарылып қалып жүр. Бақылау мен өзін-өзі бақылаудың тиімділігіне кейбір ұғымдардың теңестірілген, қорытынды жасаудың дәл дұрыстығы тәуелді болып шығады.

Жүйелілік мұғалімнің жалпы ұйымдастырушылық жұмыс әдістерінен де орын алды: Оның оқушыларға талап қою жүйесінде (мысалы, жауап беруге күнделігі мен дәптерін алып шығу талабы), мұнан оның өзі де шегінбеуге тиіс, сабақ жүргізу жүйесінде сабақтың жоспарын хабарлау, жұмыстың жаңа түріне көшу туралы құлақтандыр және т. б.

Мұғалім жұмысыныдағы жүйелілік деген бір ізден таймау, не аумастан бір қалыптан шықпау деген сөз емес. Сабақты үнемі түрлендіріп, жаңартып, әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып отыруға болады. Бірақ мұнда жалпы талап жүйесі материалдың әр бір жаңа бөлімдері мен жұмыста орнатылған тәртіппен бір ізділік бұзылмайды. Бұүған білімнің әрбір жаңа қадамын: жаңаны баяндау және қабылдау оны бекіту, үлгерімін тексеру, белгілі бір ізгілікті талап ететін оқу процесінің құрылымының өзі ықпал жасайды.

Жүйелілік оқушының өзінің жұмысында да болуға тиіс: Дәптерін тәртіптеу (қолын қою, күнін жазу, жиек қалдыру және т. б. ), үйге берілген тапсырмаларды орындаудағы бір ізділік. Әр бір пәнедерде үлгерудегі жұмыс әдістері жүйесінде (мысалы, біріншіден бірізділік географиямен жұмыс істеуде, екіншісі - физика бойынша берілген тапсырманы орындау жұмысында және т. б. ) . Жұмыстағы бұл жүйелілікке оқушыны, әрине мұғалім үйретуге тиіс.

Мұғалім мен оқушының жұмыстарындағы жүйесіздік күйретеді, тәртіптің құлдырауына, пәндер мен оқуға деген ықылас - ынтаны өшіруге апарып соғады. Талап қоюға деген бір ізділікті бұзу, олырдың орындалуын тексерудің жоқтығы оқушылар алдында мұғалімнің беделін түсіруге апарып соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесіндегі саналылық пен жүйеліліктің рөлі: белсенділік, өзін-өзі бақылау және пәнаралық байланыстар
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен ұйымдастырылуы
Экологиялық тәрбие: ұғымы, мақсаттары және оқу-тәрбие процесіндегі ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлі, міндеттері және жұмыс жүйесі
Ынтымақтастық педагогика: тұжырымдамасы, принциптері және оқу-тәрбие процесіндегі қолданылуы
Мектептегі психологиялық қызметтің оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен ұйымдастыру әдістемесі
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің теориялық және практикалық негіздері
Оқушылар ұжымының қалыптасуы мен дамуы: оқыту-тәрбие процесіндегі маңызы
Мұхтар Әуезовтің педагогикалық мұрасы: этнопедагогикалық негіздері мен оқу-тәрбие процесіндегі қолдану жолдары
Мектеп оқушыларына ұлттық ойындарды енгізу: оқыту әдістемесі мен оқу-тәрбие процесіндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz