ПСИХОЛОГ – ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ПСИХОЛОГ – ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен
маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына,
абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу
шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе
педагогикалық ұжым әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың
пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-
талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін
ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу,
суреттер салғызуға да болады. Мен мейлінше, көп уақыт алмайтын, жеңіл
жаттығу-ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін тапсырмаларды
қарастырмақпын. Мұны психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына
орай пайдалана алады.

Жаттығулар

Төмендегі жаттығулар адамның ішкі дүниесінің “Менін” сезінудге, өз
бейнесін сомдауға бағыттайды. Өз “Мені” арқылы өзіндік қалыптасушылыққа,
өзіндік ерекшелікке, өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізе алады.
“Мен” жаттығуы. Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз
ойын жазады және оны топ алдында дауыстап айтады. Бұл көбінесе, жаңа
қалыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.
Менің атым ... ... ... ... ... . Мен ... ... ... ..(оқушымын). Менің жасым ... ... ... ... ... ... . Менің
әкем ... ... ... ... ... ... . Менің шешем ... ... ... ... ... . Менің ұлтым ... ... ... ... .. . Менің
түрім ... ... ... ... ... . Менің бойым ... ... ... ... ... ... . Менің көзім ... ... ... ... ... . . Менің
досым ... ... ... ... ... . Менің мекен-жайым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
Сыртқы “Мен”- ім Ішкі “Мен”- ім


Жаттығулар: “Менің басқа есімім?” немесе“Маған аяулы есімдер“

Өзіне-өзі талдау. “Мен кіммін?”. Параққа немесе қойын кітапшаларыңа
осы сұраққа жауап жазыңдар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарың сендердi атайтын
аяулы аттарды жазып, өз суреттеріңдісалуға болады.
Өздеріңді отбасында және достарыңның арасында қалай еркелетіп
қысқартып айтатындарын жазыңдар.
Талдауға арналған сұрақтар:
1. Ата-анаңның сенің есіміңді қалай таңдағанын білесің бе?
2. Сенің атың нені білдіреді?
3. Сенің фамилияңның тарихы бар ма?

Жаттығу “Менiң өз таңбам немесе төл белгім”.

Мұғалім сөзі: Ертеректе қамалдың қақпаларына әулеттің таңбасы мен ұранын,
қысқаша нақыл сөзін, билеушінің басшылық мақсаты мен іскерлігін көрсететін
әдет-ғұрып болған екен. Алдарыңдағы параққа өз таңбаларыңның суретін салып
және оған өмірлiкұстанымыңды бейнелейтін ұран тауып, өзіңе және бүкіл
әлемге тұтастай қатынасыңды суретте. Өз төл белгіңді немесе таңбаңның
суретiн салуға және ұраныңды жазуға5 минут беріледі. Егерде сен сурет сала
білмесең қысылма, сурет салуды баста, сеніңқолыңнан келеді.
Суреттерден көрме жасалады.Суреттергереттік нөмірлер беріледі,
суретшілердің аты-жөндері жазылмайды.
Жаттығу: “Психологиялық дайындық”. Көзіңді жұмып, денелерiңдi бос ұстап
былайдеп iштерiңнен қайталаңдар: “Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын.
Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым
мықты және күштімін.
Талдауға арналған сұрақтар.
•Сен өзің жайлы не айта аласың?
•Сен өзiңнiң жан-дүниең туралыне айта аласың?
•Өз жан-дүниең болашақта саған қалай қызмет етедi деп ойлайсың?
•Өз-өзіңмен келісімге келе алдың ба?
Жаттығу: “Қадір-қасиет”.
Топ мүшелері шеңберге тұрады. Мұғалімнің қолында доп. Қазір біз, бір-
бірімізге допты лақтыра отырып, сол бопты берер адамның қасиетін айтамыз.
Ұқыптылықпен бәріміз түгел бұл жұмысқа қатысайық.
Топты 3 топқа бөлеміз (парақтар, фломастерлер таратамыз, баяу әуен
қосамыз, параққа жазылған тапсырмалар таратамыз).

Топтарға тапсырма:

1 команда . Асханадағы өзін-өзіұстай білу ережесін талдау және жазу.
2 команда. Театр, кино, акт залындағы өзін-өзіұстай білу ережесін
талдау және жазу.
3 команда. Қоғамдық көліктегі өзін-өзіұстай білу ережесін талдау және
жазу.
Әр топ жауаптарын дайындайды, жаттықтырушы керек болған жағдайда
топтарға көмектеседі. Талдаудан кейін, топтар жауаптарымен шығады.
Төмендегіше ережелерді білгені абзал.

Асханадағы негiзгi ережелер:

• Ас ішер алдында қолыңды жу (кір қолмен ас ішу тәрбиесіздік қана емес,
сонымен қатарденсаулыққа өте зиян. Кір қолда көптеген микробтар өмір
сүреді, ал сабын мен су оларды жояды).
• Ас ішерде дастарханға кешігуге болмайды.
• Ас ішер алдында, барлығына: “ас дәмді болсын дегенді айтуды ұмытпа”
• Ас ішкенде сөйлеспе.
• Үстелде тік отыру қажет, өте жақын емес, ас ішкенде кішкене
еңкеюкерек.
• Дастарханда отырғанда айналаңдағы адамдардың тәбетін бұзбауға тырыс.
• Тәрелкедегі тамақты жан-жағына жақпа, нан ұнтағын шашпа және тәбет
қашыратын әңгімелер айтпа.
• Ас ішкенде күлуге болмайды
• Ас ішкенде асықпай, үнсіз, аузыңды жауып іш.
• Үстелде шылпылдатпа
• Нанды екі қолыңмен үз, уатпа, қиқымын тастама.
• Дәмдi түскі ас үшін алғыс білдіруді ұмытпа (таңғы ас, кешкі ас)
Кино, театрда өзін қалай ұстау ережесі.
Кинотеатр, концерт залы, театрға бару – бұл қашанда мейрам. Бірақ, бұл
үшін қоғамдықорындарда өзін-өзі қалай ұстаудың негiзгi ережесін білу керек:
• Қойылымға кешігу әдепсіздік
• Залда бас киімді шешу керек. Театр залында немесе мұражайда отырып
шоколад жеуге,печенье қытырлатуға, сусын ішуге, пісте шағуға, оны
шашуға болмайды.
• Егерде сен қасыңдағы адаммен ой бөліскің келсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс - әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Нарықтық экономика жағдайында басқару жүйесі
Оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар
Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру мәселелері
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие үрдісі
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ерекшелігін зерттеу
Пәндер