Сейіл Жиенбаев - қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Сейіл Жиенбаев - қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым.
- С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ахмет Байтұрсынұлы салған ізбен қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздерін зерделеу саласында Т. Шонанов, Ш. Х Сарыбаев, Ғ. Бегалиев сынды ғылымдар еңбек етті. Бұлар А. Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы шоғыры еді. «Әдістеме» деп аталатын ғылымның бастауында тұрған бұл ғалымдардың еңбектері кеңінен зерделеулі, уақыт пен заман ұстанған саясат арасындағы қиын кездің өзінде тіл туралы толғамды ой айта алғандығын байыптап салмақтауды қажет етеді. Бұл кезең сондай-ақ, жазу таңбаларының үздіксіз ауысып жатуымен де ерекшеленеді.
Тіл білімінің көптеген теориялық мәселелерінің басы ашық болмай тұрған, ғылымның жас кезінің өзінде қазақ тілінің мектепте дұрыс бағытта оқытылуына барынша күш-қайрат жұмсап, оның әуелгі оқу құрладары мен оқулықтарын, бағдарламаларын жасап, кейбір теориялық мәселелерде толғамды да салиқалы ой айта алған ғалымдардың еңбегін өз дәрежесінде бағалау орынды болмақ деп есептейміз.
Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнәнәң арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі - Сейіл Жиенбаев. Ол 1896 жылы Орынбор облысының Бөрте ауданында 1 - мамыр күні дүниеге келіп, 1945 жылы қайтыс болған. 1910-1912 жылдары екі жылдық Бөрте училищесін, 1928 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1916-1922 жылдары Орынборда, Шымкентте мұғалім болып қызмет істейді. 1931-1935, сондай-ақ, 1937-1939 жылдары Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтында оқытушы болады.
... жалғасыС. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы», «Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т. б. сияқты еңбекер жазған.
Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ойтолғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген « Қазақ тілі методикасы» атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты матриалдар негізінде түсіндіреді.
Сабақта мазмұндап шығу бар да, сол мазмұндаған нәрсені оқушы миына тоқытып, меңгерту бар екенін айта келіп, мынандай мысалдар арқылы ойын сабақтайды. Кезекті тақырыптардың бірі ретінде септік жалғауын алып, оның жеті түрлі септіктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын айтып өтумен іс бітпейді дейді ғалым-әдіскер. Сабақты бұлайша мазмұндау автордың пікірінше, тек догматикалық әдіс қолданғандық. Оқушы септік жалғаудың мәнін терең түсіну үшін, ең алдымен, оның қызметін дұрыс бағамдағаны дұрыс. Септік жалғауының негізгі атқаратын қызметі - синтаксистік қызмет. Екі сөзді бір-бірімен жалғастырып айту кезінде ғана жалғау керек болады, ал сөздердің басын қосып, құрастыру сөйлем жасау болып табылады дей келіп, септік жалғауының осындай синтаксистік мәнін түсіндіру арқылы, мағынасын айқындауға болар еді деген елеле ой айтады.
Тек септік жалғауды оқытудың жайын баяндауының өзінде автор көптеген теориялық мәселелердің байыбына баланың ойын қалай жетелеу қажеттігін алға тартады. «Бұл мәселенің өзі (септеу жалғаулардың синтаксистік қызметі жөніндегі мәселе) соншалық жалаң мәселе емес. Алдымен морфология құбылысының синтаксистік мәні бар дегеннің өзін толық ұғу үшін адамның грамматикалық ой-өрісі белгілі бір дәрежеге жеткен болу керек. Сондықтан жалғаулардың мұндай қызметін мысалмен көрсетіп, тек қысқаша ұғым беріп алу керек», - ойын түйіндейді. Жалғаулардың да өзіндік мағынасы бар екені балаға түсіндіру үшін, оларды алып тастап немесе орнын өзге жалғаумен алмастырып қарауға болар еді. Онда мүлде сөйлем шықпайды, яки мағынасы өзгереді.
С. Жиенбаев еңбегінде кез келген тілдік деректі талдау барысында, оған қандай әдісті, қандай ұстанымды қолдану қажеттігін талдап көрсетеді. Жаңа сабақты өту барысында, оны бекіту үстінде байқау, тексеру тәсілін пайдалануды ұсынады. Тексеру жұмысын оқытушы бір өзі ғана жүргізбейді, оқушылар да белсене қатысып, олар да бірге ойланып отырады деп бағамдайды. Өздері бірге тексерісіп, бірге талдаған соң, сабақты ұғыну деңгейі де жоғары болатыны сөзсіз. Байқау әдісін қолданғанда негізгі басқарушы мұғалімнің өзі болуы шарт. Жаңа сабақтың басты ғылыми-теориялық мәселелерін баланың мойнына салуға болмайды. Тиісті тілдік деректерді талдау тек мұғалімнің басшылығымен орындалғаны дұрыс. Егер осы талдау барысында шағын қорытынды мұғалімнің өзі айтпай-ақ байқалып тұратын болса, онда сабақ өзінің мақсатына жеткені саналады.
Автор пәнді оқытудың әдістемелік ұстанымдары тек сабақ жүргізгенде ғана емес, грамматикалық оқулықтар мен оқу құралдарының да құрылысына әсерін, ықпалын тигізіп, оның жалпы барсында сақталып отырылуы қажет деген ой айтады.
«Грамматика кітабының құрылу принциптері» атты бөлімінде мектеп оқулықтарын жазуда бірыңғай ғылыми ұстанымдарды ғана сақтамай, әдістемелік ұстанымдарды да жүйелі түрде басшылыққа алып отыру қажеттігін анықтап айтады. Қазақ мектебінің тарихында ана тілінің әдістемесінен жаңадан жол алып, жүйе түзеген теорияшыл педагогтар бола қойған жоқ дей келіп, ғалым алғашқы грамматиканың өзі ХХ ғасырда шықты деп, «Тіл құралды» көрсетеді. Авторын атап айтпаса да, бұл Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі екенін көзі қарақты азамат танитыны түсінікті. Әңгіме - С. Жиенбаев 1946 жылдары, соғыстан соңғы қиын кезеңдерде, екінші зоболаңның алдында, қорықпай Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне сілтеме жасай алу ерлігі. Зерттеу еңбегіне сілтеме жасамақ түгілі, атын атау мүмкін болмай қалған тұста, С. Жиенбаев былай деп жазады: «Тіл құрал » кітабының сол кездегі ойлау принципінің де, онымен қатар тұлғалық бағыттың да элементтері барлығын көреміз». Осылайша зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кей анықтамалар мен ұстанымдарға талдау жасайды. Оның негізгі сүйенгені логикалық принцип деген тоқтамаға келеді. Еңбектегі талдаулардан С. Жиенбаевтың Ахмет Байтұрсынұлы еңбегімен жақсы таныстығы, одан мүмкіндігінше мол мағлұмат бере кетуді мақсат еткені анық байқалады.
Грамматикалық категорияның жай - мәнісін түгел меңгеріп алу үшін дағды керек деп есептейді әдіскер-ғалым. Ал дағды алу үшін оған көп жаттығулар қажет, категорияның түрлі-түрлі тұлғаларын ажыратып көру керек. Бірақ терең білім құр жаттығумен де келмейді деген пайымдаулар жасап отырады.
С. Жиенбаев еңбегінде оқушыларға грамматикалық категорияны танытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әрине адам баласы өзінің ана тілін грамматиканы оқымаса да біледі, бірақ тілдердің құбылыстарын, оның ішкі даму заңдылықтарын терең түсіну үшін тілдегі негізгі категориялармен таныс болу қажеттігін жақсы атап өтеді. Тіпті кейінгі зерттеулерде кездесе бермейтін терең теориялық толғамдар бар. Айталық, сөздің мәнісін барлағанда, автор оны тек дыбыстан тұратын бірлік ретінде ғана қарастырмай, ұғымды таңбалаушы ретінде бағалайды. Балаларға анықтама үйретіп, жаттатып шаршаудың қажетсіздігін мұғалімдерге жете түсіндіру шарт деген тұжырым айтады.
«Тұлғашыл бағыттағы оқымыстылар категорияның сыртқы тұлға жағына айрықша көңіл бөліп, мағына мен мазмұн жағын көп елемеген. Шынында, грамматиканы оқытқанда сөздің сементикалық белгісі зор мән беруіміз керек. Әрі тұлғасын, әрі мазмұнын айырғанда ғана мәселе ұғымды болмақ» - деген көрген ойды С. Жиенбаев еңбегінен табамыз.
Тілдегі құбылыстың тұлғасын көрсетіп, мағынасын ұқтыру - үйретудің негізгі әдісі. Оқытушының айтып тұрғанының барлығын бірдей бала түсінбеуі мүмкін. Бұдан шығар жол - әртүрлі жеңіл мысалдар мен көрнекілікті дұрыс қолдана білу, - деп жазады ғалым әдіскер. Грамматикалық категорияны түсіндірудің қалыпты жолы - сұрақ қою арқылы ұғындыру екені де талданып жазылған.
Оқыту тәжірибесінде құбылыстарды өзара салыстырып, сол арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқынырақ көрсетуге болатыны белгілі. С. Жиенбаев салыстыру әдісін қазақ тілін зерттеуге, оқытуға қолдануға болатынын айтып нақты мысалдар мен түсіндіре дәлелдейді. Бұл әдістің пайдасы белгілі бір деректерді салыстырып, оның айырмасын не ұқсастығын айыру баланы ынталандырады. Екіншіден, бала себеп пен тұлға, мағына дегендерді көп тексереді. Соның арқасында талданылып отырған екі категорияның өзін меңгеріп алады деп ойын түйіндейді ғалым.
С. Жиенбаев еңбегінің маңызды қыры сөздің ұғымдық, мағыналық жағынан тексерілуі болса керек. Өзінің көп замандастарынан ерекше, зерттеуші тілдің құрылысын ғана емес, оның мағыналық құрылымын, ұғымдық сипатын айқындауға талаптанған. Батыстық семантикалық үлгіде жазылған ғылыми зерттеулерді көп оқып, зерделегені байқалады. Автордың О. Есперсенге, Н. Я. Маррға сілтеме жасауы - оның зерттеулерінің негізі бағыты мағыналық жүйе, функционалдық құрылым екенін аңғартады.
Қазақ тілінде сөз таптарын ажырату орыс тілінен анағұрлым қиын дейді ғалым. Олай болуының себебі қазақ тілінде тұлғасы бірдей, тек мағынасына қарап айырылатын сөздер бар. Шығу тегі жағынан тектес түбірлер болып саналатын есім-етістік жұптарының көп мағыналықтан жіктеліп шығатыны белгілі жағдай. Қазіргі тілдің синхрондық сипатында бұл сөздер әр түрлі мағыналарға ие. Сөздердің арнайы мағынасы мен олардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz