Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов
2. Сәбит Мұқановтың артына қалдырған әдеби мұрасы "Сұлушаш" поэмасы.
3. Сұлушаш поэмасының қысқаша мазмұны
Екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ әдебиетін көп жанрда көркейтуге көрнекті үлес қосқан, қазақ даласына еңбекші таптың мүддесін қорғап келген, жаңа заманның аса көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында дүниеге келген. Жеті жасында әкесі, сегіз жасында анасынан айырылған Сәбит Мұстафа деген ағасының қолында жоқшылық көріп өскен. Ауыл байларына жалданып жұмыс істей жүріп,молдадан оқып хат таныған Сәбит сол кезде қазақ даласына кең тараған қисса-дастандарды оқып, жаттап, өзі де өлең шығарып, ауыл арасында өлеңші бала атанған. Сәбиттің 1918 - 1919 жылдары Омбы қаласындағы мұғалімдер курсында оқуы болашақ қаламгердіңжазушылық жолын белгілеп бергендей болған. Осы жылдары Сәбит алғашқы өлеңдерінжазған.
Сәбит Мұқанов - әдебиеттің әр жанрына қалам тартқан әрі ақын, әрі жазушы, әрідраматург, әрі публицист. Алғашқы ақындық қадамын 1917 жылы Көңілім деген өлеңнен бастаған Сәбит Мұқанов өзінің шығармалары арқылы дәуір суреткері, замана шежірешісібола білген. Шығармашылық жолын ақындықтан бастаған С. Мұқанов 20 - 30 жылдары қазақ жалшы-батырағының құлдықтан босанып, қатарға қосылуын, қоғам мен адам өміріндегі өзгерістерді бейнелейтін, қазақ жалшысының өткен өмірін, жүрген жолын суреттейтін және Шоқпыт туралы топтама өлеңдерімен қазақ әдебиетін байытуға өз үлесін қосқан. Майға сәлем, Гүл бағындай Отаным, Сөз - советтік Армия атты патриотты қөлеңдерінде халық пен Отан ұғымының біртұтастығын, адамның азамат ретінде есею жолын, адам мен қоғамның үндестігін асқан шабытпен жырлаған. Сәбит лирикасының биік шыңы Майға сәлем өлеңі - әдебиетке форма, мазмұн жаңалығын ала келген туынды. 1920жылдары Сәбит Мұқанов қаламынан Жайлау үстінде, Құрдас, Альбом, Наурыз гүлі, Жетім қыз, Балбөпе, Батырақ, Октябрь өткелдері, Ақ аю, Сұлушаш деген көптеген поэмалар өмірге келген. Сәбит поэмаларының шоқтығы ескі аңызды пайдаланаотырып жазған жаңашыл шығармасы - Сұлушаш поэмасы. Поэма тақырыбы - жастардың бас бостандығы, әлеуметтік теңсіздік. Поэма кейіпкерлері:

Сұлушаш - негізгі кейіпкер. Жырдағы Сұлушаштың портреті:
Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік,
Тістері меруерттің тізген тасы.
Бетінен нұры бөртіп, қаны тамған
Толқыған сұлу айдай кесер басы.
Мойыны иірілген аққу сынды,
Тамағы торғындай боп тартты күнді.
Қан-қызыл, жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай белі үзілді.
Тілеуберді бай - Сұлушаштың әкесі.
Алтай - Сұлушаштың сүйген жігіті, кедей. Тілеуберді байдың жылқышысы. Алтайдың поэмадағы портреті:
Күн-күн санап толқыды туған айдай,
Қап-қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай.
Қаз мойынды, кең иық, кесек тұлға,
Тіп-тік боп тауда өскен қарағайдай.
Қайсар - Алтайдың досы. Сұлушаш пен Алтайдың қашып кетуіне көмектескен сенімді жолдасы.
Сейіл - Алтайға Сұлушаштан хабар әкелуші жігіт.
Тортөбел - Алтайдың мінген аты. Тортөбелдің поэмадағы сипаты:
Сарлатып қос Тортөбел жортты желіп,
Тер шығып, бойларына кірді желік.
Аузымен ауыздықты сүзе шайнап,
Ойнады үстерінде аппақ көбік.
Танаудан будақ-будақ дем шығарып,
Желпілдеп желбезегі желеуленіп,
Түйіліп, қамшылатып құлақтарын,
Келатқандай қауіпті көзі көріп...
Сұлушаш - бас бостандығы, өз бақыты үшін күрескен Алтай, Сұлушаш, Қайсардың қайғылы қазасымен аяқталған трагедиялық поэма.

Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі - академик жазушы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс келген ол өз заманының көкейкесті тақырыптарын шығармаларына арқау етті. Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. Қоғамдық мәселелермен айналысты.
Өмір жолы. Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады.
Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ, әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатьн болады.
Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап, өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарып, "өлеңші бала" атанады.
1918 жылы бірқатар жаңашыл мұғалімдерден дәріс алады. 1919 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсын бітіріп, ауылда аз уақыт мұғалім болады.
Кеңес өкіметінің жұмысына араласады. 1919-1922 жылдары ел арасынан астық жинау науқандарына қатысады, Ақмола губерниялық комитетінде әр түрлі қызметтерде болады. 1922 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) түседі. Бірқатар орыс ақындарының шығармаларымен танысады. 1926-1928 жылдары әр түрлі баспа, баспасөз орындарында істейді. 1928 жылы Ленинград университетіне түседі. Бірақ тұрмыстың ауыртпалығынан оны бітіре алмайды. 1935 жылы Мәскеудегі қызыл профессура институтын тәмамдайды. Алматыға оралып, "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторлығына тағайындалады. 1936-1937 және 1941-1954 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарады, 1937-1941 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында дәріс оқиды. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдардың мүшесі болып сайланады.
1973 жылы қайтыс болады.

Сәбит Мұқановтың артына қалдырған әдеби мұрасы

Поэзиясы. Сәбит Мұқановтың артына қалдырған әдеби мұрасы аса бай. Ол - әдебиеттің барлық жанрында өңдірте жазған қаламгер. Шығармашылық жолын әдеттегідей өлең жазудан бастаған. Сәбит өз заманының тарихи шындығын бейнелеуде көркем әдебиеттің барлық жанрының мүмкіндіктерін мейлінше молынан пайдаланды. Оның 1917 жылы жазылған "Көңілім", 1918 жылғы "Зарығу", "Жоқшылыққа" деп аталатын өлеңдерінен-ақ, болашақ ақын жырларының басты бағыты аңғарылған еді. Оның шығармаларына ел өмірі, қазақ еңбекшілерінің тұрмысы, ой-арманы арқау болды. Сәбиттің өлеңдері қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін өте дәл бейнелейтін, публицистикалық леппен жазылған азаматық саяси лирика болды. Кезеңде заман тынысымен, қоғамның өзгерістерімен оқушысын таныстырып, әрдайым алға жетелеп отырған бұл өлеңдер тәуелсіздік тұғырында тұрған бүгінгі оқырмандар тарих көзімен қарап, елеп-екшеп оқитын бай поэтикалық мұраға айналды.
Қазақ халқының бір белестен екінші белеске, бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне өту жолын, 1917 жылғы төңкерістерден кейін орнаған кеңестік заманның тынысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқанов және эпистолярлық жанр
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Араб - парсы тілінен енген сөздер
Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов
«Адасқандар». романнан повестке
Сәбит Мұқанов
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
Күнделік әдебиет үлгісі
С. Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
Пәндер