Антигендер мен иммуноглобулиндер


Сабақ 2 Антигендер
Мақсаты: Антигендер мен иммуноглобулиндерді зерттеу
Жоспар:
1 Антигендердің типі мен қасиеттері
2 Иммуноглобулин құрылысы
3 Иммуноглобулиндер класстары мен олардың қасиеттері
Антигендер типі мен қасиеттері
Антигендер - жоғары молекулалы қосылыстар. Ағзаға түскен уақытта иммундық әсер туғызып осы әсердің өнімдерімен өзара әрекеттеседі: антиденелер мен белсенді лимфоциттермен.
Антигендер жіктелуі.
Пайда болуына байланысты:
- табиғи (ақуыздар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, бактериалды экзо және эндотоксиндер, ұлпа мен қан жасушаларының антигендері ) ;
- жасанды (динитрофенилденген ақуыздар мен көмірсулар) ;
- синтетикалық (синтезделген полиаминқышқылы, полипептидтер) .
Химиялық табиғатына қарай:
- ақуыздар (гормондар, ферменттер және тб. ) ;
- көмірсулар (декстран) ;
- нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) ;
- конъюгирленген антигендер (динитрофенилденген ақуыздар) ;
- полипептидтер (полимерлер a-аминоқышқылдары, глутамин мен аланинның кополимерлері) ;
- липидтер (холестерин, лецитин, гаптен рөлін ойнай алатын, бірақ, қан ақуыздарымен қосылып олар антигендік қасиетке ие болады) .
Генетикалық қатынасына қарай:
- аутоантигендер (өз ағзасының ұлпаларынан пайда болады) ;
- изоантигендер (генетикасы бірдей донордан пайда болған) ;
- аллоантигендер (сол түрден туыс емес донордан пайда болған) ;
- ксеноантигендер (басқа түрдегі донордан пайда болған) .
Иммундық жауап сипатына қарай:
- тимус тәуелді антигендер (иммундық жауабы Т-лимфоциттер белсенді қатысуына тәуелді) ;
- тимустәуелсіз антигендер (иммундық жауап пен антидене синтезін В-жасушаларымен Т-лимфоциттерсіз жібереді) .
Сонымен бірге бөледі:
- сыртқы антигендер; ағзаға сырттан түседі. Бұл микроағзалар, трансплантацияланған жасушалар мен бөгде текті бөлшектер, олар ағзаға алиментарлы, ингаляциялы және парентеральды жолмен енеді;
- ішкі антигендер; бөтен деп анықталатын зақымдалған ағза молекуларынан пайда болады;
- жасырын антигендер - анықталған антигендер (мысалы, нерв ұлпасы, ақуыздар мен сперматозоидтар) ; эмбриогенез кезінде иммундық жүйеден гистогематикалық тосқауылдармен анатомиялық бөлінген; бұл молекулаларға төзімділік туындамайды; олардың қанайналымға тұсуі иммундық жауапқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Өзінің өзгерген немесе жасырын антигендеріне иммунологиялық реактивтілік кейбір аутоиммунды ауруларда пайда болады.
Анигендер қасиеттері:
- антигенділік - антидене туындауын шақырта алатын қасиет;
- иммуногенділік - иммунитет құру қасиеті;
- спецификалық - антигендік ерекшелік, осының арқасында антигендер бір бірінен ажыратылады.
Гаптендер - төменмолекулалы заттар, әдетте иммундық әсер шақыртпайды, бірақ, жоғарымолекулалы молекулалармен байланысы кезінде иммуногенділікке ие болады. Гаптендерге көп препараттар мен химиялық заттар жатады. Олар ағза ақуызымен байланысы кезінде иммундық жауап шақыртады.
Ағзаға қайта түсу кезінде аллергиялық әсерді шақыртатын антигендер немесе гаптендер аллерген деп аталады.
Иммуноглобулиндер құрылымы
Антиденелер (иммуноглобулиндер) - антигендер әсерінен синтезделетін және олармен спецификалық әсерлесетін ақуыздар.
Олар полипептидті тізбектен құралады. Иммуноглобулин молекуласында төрт құрылымды ажыратады:
- біріншілік - бұл белгілі бір аминқышқылдарының реті. Ол нуклеотидті триплеттерден құралады, детерминацияланады және келесі негізгі құрылымдық ерекшеліктерді анықтайды;
- екіншілік - полипептидті тізбектің конформациясымен анықталады;
- үшіншілік - тізбектің бөлек бөлшектерінің орналасу сипатын анықтайды;
- төртіншілік - төрт полипептидті тізбектерден биологиялық белсенді кешен туындайды. Тізбектер жұптасып бірдей құрылымға ие болады.
Иммуноглобулин молекулаларының көбісі екі ауыр тізбектен (Н) және екі жеңіл тізбектен (L) құрылған, олар дисульфидті байланысқан. Жеіәл тізбектер екі k-тізбектен немесе екі l-тізбектен тұрады. Ауыр тізбектер бес класстың бірі болуы мүмкін (IgA, IgG, IgM, IgD и IgE) .
Әр тізбекте екі бөлімі болады:
- тұрақты - берілген иммуноглобулин классы аясындағы аминқышқылдар мен антигендіктің ретінде тұрақты болып қалады;
- вариабельділік - аминқышқылдары реттілігінің үлкен тұрақсыздығымен сипатталады; тізбектің осы бөлігінде антигенмен қосылу әсері өтеді.
IgG әр молекуласы екі қосылған тізбектен құралады, олардың ұштары екі антигенбайланыстырушы бөлікті жасайды. Әр тізбектің вариабельді бөлігінде гипервариабельді бөлік орналасады: жеңіл тізбекте үшеу және төртеу ауыр тізбекте.
Осы гипервариабельді бөліктердегі аминқышқылдарының реттілік түрлілігі антидененің спицификасын анықтайды. Белгілі бір жағдай кезінде осы гипервариабелді аймақтар антиген рөлін ойнай алады (идиотиптер) .
Иммуноглобулиндер класстары мен олардың қасиеттері
Иммуноглобулиндердің бес классы бар.
Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің (IgG1; IgG2; IgG3; IgG4), молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол плацентаға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік бойы, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобуллин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен) .
IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммунитет жауабында тек IgG анықталады. Негізгі функциясы: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3 ) ; фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2) ; токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды.
Иммуноглобулин G тимустәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.
Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигенді арасы 30 күн өткенде қайтадан еккенде ғана дамып, иммундық толық жауап және иммунологиялық естелік пайда болады.
Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10%-ы. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900. 000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік, иммуноглобулин М В-жасушаларға антигенді танытатын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.
Иммуноглобулин М организмге инфекция түскенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғары, организмді бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Организмге түскен антигенде әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-дің синтезіне көшеді.
Иммуноглобулин М қан сарысуында-0, 4-2, 2 г/л. Иммуноглобулин М молекуласы ірі, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып организмнен шығарып жібереді. IgМ организмге антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Плацентадан өте алмайды. Нәрестелерде тек жұқпаға қарсы пайда болады. IgМ антигенге қарсы фагоциттерді белсендіреді.
Иммуноглобулин А-ның сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы деңгейі 0, 8-3, 7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA - комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-нын белсенділігін жояды (мыс. гонококктер) .
Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиальдық жасушаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий жасушаларынан өткенде қосылады да, IgA-ның протеолиздік ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты қабықта сақталып, бактериалық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, жұқпаға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.
Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде, амниондық сұйықта, өкпе, бронх, зәр-жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекті грамтеріс микробтардың (ішек таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекті грамон, микробтары орналасды да, ішек жұқпаларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.
IgA тимустәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің бастапқы кезінде өз бетімен пайда болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz