Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Жоспары:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы жалпы түсінік;
Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері;
Комитет қызметін ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы жалпы түсінік
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Комитет, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36-үй.
9. Комитеттің толық атауы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістерді әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Міндеттер:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
6) жануарлар диагностикалау, олармен күресу құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған орта ластануының алдын алу және жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру.
Функциялары:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік аумақтааумақтан тыс жерлерде өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) ветеринариялық препараттарды, жемшөптік қоспаларды, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асырады, ветеринариялық препараттардың және жемшөптік қоспалардың мемлекеттік тiзiлiмдерін жүргізеді;
5) жеке және заңды тұлғаларға экспорт, импорт және транзит еліндегі эпизоотиялық ахуал туралы ақпарат ұсынады;
6) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар береді;
7) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
11) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялауды жүзеге асырады;
12) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
13) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
14) автомобильдік өткізу пункттерін қоспағанда, шекаралық және кедендік пункттерде (автомобильдік өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;
15) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;
16) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат берілетін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
17) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
19) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
20) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді жүзеге асырады;
21) эпизоотиялық мониторинг жүргізеді;
22) халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісінше ақпарат негізінде экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болып табылған жағдайда, уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді;
23) аумақты немесе оның бір бөлігін аурулар таралмаған немесе аурулар аз таралған деп айқындайды, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, импорттайтын елге растауды ұсынады және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекциялау жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
24) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттар береді;
25) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келіседі;
26) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Жануарларды тасымалдау шарттары
Пәндер