Өкпе аурылары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Ветеринариялық медицина кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өкпе аурылары

Орындаған: Шаймагамбетова А. А.,

ветеринариялық медицина

мамандығының 1-ші курс магистранты

Тексерген:Есетова Г. А.,

оқытушы, ветеринария

ғылымдарының магистрі

Қостанай, 2018 жыл.

ЖОСПАРЫ:

1. Бронхопневмония

2. Крупозды бронхопневмония

3. Эмфизема, ателектаз

4. Перипневмония

1. Бронхопневмония

Тыныс ағзаларының аурулары әр түрлі және биологиялық агенттер - бактериялар, вирустар, гелминттермен және физикалық, химиялық факторлармен негізделген болуы мүмкін. Олардың арасында өкпенің қабыну аурулары (пневмония) маңызға ие. Олар лобулярлы (бөлшектік), лобарлы (бөліктік) және тотальді (барлық бөлігі зақымдалады) болады.

Пневмония - өкпенің қабынуы, альвеолаға эксудаттың ағуымен мүйемелденеді, ол зақымдалған ағза аумағының тыныс функциясының бұзылуына әкеледі. Экссудат сипаты бойынша өкпенің серозды, катаральді, гемморрагиялық, фибринозды қабынуы болады.

Үй жануарларында өкпенің қабынуы екі негізгі формада байқалады: крупозды пневмония және катаральді, ол іріңді - катаральді пневмония түрінде өтеді.

Бронхопневмония - ауылшаруашылық жас малдардың жиі және ауыр күйзелуі. Сирек, үлкен жануарлардағ әсіресе қойларда байқалады. Ол бронхтардың қабынуымен, альвеолярлы ұлпаның серозды - десквамативті немесе серозды - іріңді қабынуы. Бактериялармен, жиі әр түрлі кокктармен, вирустармен, микоплазмалармен, гельминттармен және т. б. әсерінен туындайды (сальмонеллез, ірі қара малдың диктиокаулезі және т. б. ) .

Іріңді - катаральді пневмония көптеген абцесстармен және бронхтарда болатын көлемі әр түрлі, ақ-сары немес сұр-жасыл түсті іріңдіктермен сипатталады. Кейде, бронхопнвмония фибринозды плеврит және перикардит аумақтарымен сүйемелденеді (сальмонеллез кезінде) . Созылмалы катаральді бронхопневмония кезінде өкпеың консистенциясы тығыздалады, беткейі кедір - бұдырланады.

Продуктивті пневмония пролиферация қабылдағыш үрдіске айналған кезде кездеседі. Продуктивті пневмония кезінде өкпе тығыз, қатты, кесу қиын болады. Беткейі кедір-бұдыр, ақшыл - қызғылт түсті, кескен кезде іріңді балқулар көрінеді, оның айналасында дәнекер ұлпалы капсулалар қалыптасады.

2. Крупозды бронхопнемония

Крупозды пневмония (фибринозды) - үрдіс ағымының сатылығымен және альвеолалар саңылауларының фибринозды экссудатпен толуы, ағзаның бір немесе бернеше бөлігінің зақымдалуымен сипатталады Ағзаға суық тиген кезде пневмококктармен, ірі қара малдардың перипневмониясы, жылқылардың контагиозды плевропневмониясы, ешкілердің плевропневмониясы, пастереллез және т. б. қоздырушыларымен шақырылады.

Крупозды пневмонияның дамуы 2 сатыдан тұрады: қызыл генатизация сатысы және сұо генатизация сатысы. Қызыл генатизация сатысында өкпенің зақымдалған бөліктері тез ұлғаяд, қызыл немесе қызыл қоңыр түске айналады, тығыз болады. Өкпеде ауа болмайды және оның кесектерін суға салғанда батады.

Сұр генатизация сатысында сұр қызыл түсті, кейін сұр түске айналатын өкпе бөліктері түссізденеді, өзегрген бөліктер ұлғайып, тығыздалады, құрғақтанады. Өкпенің кескетері суға тез батады.

Өкпеде зақымдалу сатысы өкпенің әр бөлігінде біруақытта әр түрлі өтеді, сондықтан кескінінің беткейі ала «мрамор» түстенеді. Үрдістің өткірлігіне байланысты оның мраморлығыда анық көрінеді. Крупозды пневмония жиі фибринозды немесе серозды - фибринозды плевритпен және кейде фибринозды перикардитпен сүйемелденеді.

3. Эмфизема, ателектаз

Өкпе эмфиземасы (грек тілінен - үрлеймін) - ағзаға ауанық артық мөлшерінің жиналуына байланысты, оның көлемінің ұлғаюымен сипатталады. Ауаның альвеолаларға жиналатын альвеолярлы эмфизема және ауаның плевра асты мен аралық ұлпаларға жиналуынан пайда болатын интерстициальді эмфизема түрлеріне бөлінеді.

Өкпе ателектазы (грек atel - толық емес, ektasis - ауасыз) маркоскопиялық жағынан өлшемі кішкентай, тығыз, консистенциясы ет тәрізді және қою-қызыл түсті зақымдалған аумағы бар өкпе альвеолаларының жағыдайы.

Ателактаз жағыдайына жеке бөліктер, сегменттер және барлық бөліктеріде ұшырауы мүмкін.

4. Перипневмония

Перипневмония (өкпенің жаппай қабынуы) - ірі қара малда - өңпенің фибринозды қабынуымен сипатталатын контагиозды ауру. Ұсақ, полиморфты микроағзалардың әсерінен туындайды. Ірі қара малдар, жабайы өгіздер, буйволдар және қодастар сезімтал келеді.

Патогенезі: аэрогенді зақымдалады. Бронхтардан перибронхиальді ұлпаға өтеді, бронхит және перибронхит ауруларын тудырады. Үрдістің басында бронхтардың айналасына лимфоидті торшалар жиналады және ұлпа серозды - фибринозды эксудатпен қанығады. Перибронхиальді ұлпадан лимфалық саңылау және тамыр арқылы қоздырушы аралық дәнекер ұлпасы мен альвеола аралық бағанаға енеді. Алғашында қабыну бір немесе бірнеше бөліктерді қамтиды, кейін барлық ұлпаны және соңында екі өкпедегі барлық өкпенің жеке бөліктерін қамтиды, яғни пневмония лобулярлыдан лобарлыға өтеді.

Перипневмония кезінде үрдістің анық сатылығымен типтік фибринозды қабыну дамиды. Алғашында зақымдалған бөлікте белсенді гиперемия сатысы байқалады. Кейін кеңейген тамырлардан альвеолалар мен бөлік аралық дәнекер ұлпаларына құрамында көп мөлшерде эритроциттері бар серозды - фибринозды экссудат ағады. Ол альвеолалардан ауаны ығыстырады, нәтежиесінде қабынған бөлік тығыздалады, қызыл түске айналады (қызыл гепатизация сатысы) . Тамырлар ақырындап сығылады, тамырдан шыққан эритроциттер бұзылады. Нәтежиесінде лейкоциттердің мөлшері ұлғаяды, зақымдалған бөлік сұр немесе сары түске айналады (сұр гепатизация сатысы) .

Перипневмония кезінде қабыну үрдісі ақырын таралады, кейін барлық бөліктерін бірінен соң бірін қамтиды. Сондықтан, бір бөлігі қызыл гепатизация, ал басқа біреу сұр гепатизация сатысында болуы мүмкін. Олай болса, өкпелердің түсі біркелкі болмайды. Өкпенің алалығы күшейеді, бұл ұлпаның қабыну кезінде аралық ұлпа лимфа және қан тамырларын жиі тромблайды, ол өкпе ұлпаларының қанмен қанығуын және қоректенуін бұзады. Лимфа және қан айналымы бұзылуының нәтежиесінде өкпе бөліктері өледі. Олардың айналасында гистоциттер мен фибробласттар көбейеді, олардан дәнекер ұлпалық капсулалар түзіледі. Капсулаға жанасқан некроздалған ұлпа еріп, секвестр түзеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиясы
Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар жайлы мәлімет
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну аурылары
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы
Тірек-қимыл жүйесі. баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Әсем мүсінді қалыптастыруға арналған дене жаттығулары
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz