Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ғылым - алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер - ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Зерттеу әдісі - зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. "Әдіс" грек тілінен аударғанда ("методос" - таным амалы, тәсілі) деген мағынаны білдіреді. Зерттеу әдістері объективті шындықтың жалпы және жекелеген заңдылықтарына сүйене отырып мақсатқа жету жолдарын, зерттеудің теориялық және практикалық амал-тәсілдерін анықтайды. Ғылым әдістері заңдылықтарды ашады, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрленіп отырады.
Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым, ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:
1. Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді болатын, әртүрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.
2. Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу оған енбейді.
3. Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне теңелмейтінін байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын - қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
4. Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар психологиялық зерттеудің арнайы әдісі болып табылады. Генетикалық принцип біздің әдістемеміздің негізгі принципі болады.
Зерттеудің мақсаты:
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1.Әдіс-тәсілдердің негізгі заңдылықтарына тоқтала отырып, психологияның зерттеу әдістерінің ерекшелігін қарастыру.
2. Ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптарды ашып көрсету.
Зерттеудің теориялық маңызы:
Әдіс - жалпы ғылыми танымдық ұстанымдардан келіп шығады және жұмыс тәсілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Тәсіл - берілген мәселемен шұғылданатын зерттеушінің нақты іс-әрекеті, танымның тәжірибелік кезеңдерінде қандай да бір мақсатқа жету түрі.
Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы - әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі - таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді. Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді. Психология - жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: психологияның зерттеу әдістерінің мән-мағынасын, тиімділігін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі зерттеу әдістері туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Зерттеу пәні: психология
Зерттеу объектісі: Зерттеу әдістері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;
1. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1.1. Зерттеу әдістері туралы жалпы түсінік
Әрбір ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Сондықтан да психология ғылымының да өзіне лайықты адамдардың психикалық әрекеттерінің өсіп-даму заңдарын зерттейтін жолдары, зерттеу тәртібі, ережелері, яғни зерттеу әдістері болуы қажет. Психология ғылымының әдістері, барлық ғылымдардың әдістері сияқты диалектикалық материализмнің әдістеріне сүйеніп және негізделіп отыруы керек. Диалектикалық материализм-марксизмнің дүниетану теориясы және методологиялық әдісі. Сондықтан ол барлық ғылымдарға негіз болып, олардың мазмұндарын, әдістерін белгілеп отырады. Психология ғылымының да мазмұны, әдістері диалектикалық материализмнің әдістеріне негізделген. Әдіс - зерттеуде қолданылатын жай ғана техникалық ереже емес. Әрбір ғылымның әдістері сол ғылымның мазмұнымен тығыз байланысып отыруы тиіс. Ғылымның әдісін, оның мағынасын еш уақытта бөлуге болмайды. Әрбір әдіс ғылымды дамытып, алға алып баруға себепші болады. Психология ғылымының тарихында әрбір психологиялық ағымдардың өздерінің көзқарастарына лайықты зерттеу әдістері болды. Метафизикалық психология мен рационалистік психологияның зерттейтін пәні жан болғандықтан, олардың бірден-бір әдісі құрғақ ойлану әдісі болды. Эмпирикалық психология жан, яғни сана құбылыстарымен шұғылданғандықтан өзін-өзі байқау әдісін, яғни өзіндік қана психикалық толғауларды байқау, сипаттау әдісін негізгі әдіс деп білді. Кейінгі кезде психологияның бұл ағымы эксперименттік әдісті қолданғанмен оны қосымша әдіс қана деп тапты. Қылық психологиясы - психология ғылымын табиғи ғылым деп санап, табиғи ғылымдарда қолданатын сыртқы байқау әдісін психологияға көшірді. Психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективтік түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпынша өзгертілмей алынып зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі, қарым-қатынаста байланысып немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта, жеке психикалық функцияны өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей, барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірінің қандай себептік байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеп отырған жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өсіп-дамып отырады - ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты. Сондықтан адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде, олардың қалайша пайда болып, дамып, бір сападан екінші сапаға өтетіндігін, психикалық дамудың ішкі қайшылықтарының болатындығын олардың қарама-қарсы күштердің күресуінің нәтижесі екендігін, дамудың біркелкі және кездейсоқ болмай, секірмелі және заңды түрде болуын зерттеп отыру керек. Осы айтылған негізгі жағдайлар психология ғылымының барлық жеке-жеке конкрентті әдістерінің негізі болу тиіс. Психологияда қолданатын әдістер, басқа ғылымдарда да қолданылады, бірақ оларды психологияда қолданудың кейбір өзгешіліктері бар.
1.2. Психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуеділік көптеген әдіснамалық құралдарымен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріністердің бірлігінде зерттеледі. Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары бойынша кез келген психикалық құбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың бірлігінде қарастырылады. Психологияның негізгі қағидаларының бірі - детерминизм қағидасын (психикалық құбылыстардың себептік тәуелділігі) іске асыру психологиялық зерттеулерді объективтік принципке сәйкес құру болып табылады. Объективтік қағида адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға болады. Объективтік қағида зерттеулерде қолданылатын әдістер және зерттеушінің көзқарасын алынған нәтижелерге әсер етуін талап етеді.
Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады. Объективтік дүние әр уақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін. Егер де психикалық құбылыстар үздіксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға бағытталған кез келген зерттеулерді құру міндетті түрде қарастырылуы қажет. Психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анықтау жеткіліксіз, сонымен қатар психикасының қалыптасқан және ерекшелігін талап етеді.
Жеке тұлғаны талдау-жинақтау түрінде зерттеу әрбір адамның психологиялық келбетінде барлық адамдарға тән жалпылық, даралық қасиеттермен сипатталады. Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық, ерекшілік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды талдау-жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасиетін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке тұлғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адамды талдау тұрғысынан зерттеу жеке тұлғаны әртүрлі өмір жағдайлары мен іс-әрекетте психиканың элементтерін тануға көмектеседі, ал жинақтау - барлық жекелеген құбылыстардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады. Психиканы объективтік тұрғыдан зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің физиологиялық заңдарын білуді ұсынады. Психологияның әдістері психикалық құбылыстарды зерттеуге объективтік тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес, тұлғаның психикалық үрдістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады, дамиды және өзгерістерге ұшырайды?
Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланыста болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мәселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерттеудің негізінде мектеп пен отбасындағы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу.
2. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Негізгі, қосалқы әдістер
Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі. Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологияны нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми психологияның ең негізгі принципі. Кейбір психологтар: "Адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзі берген мәліметтер шешуші орын алады, сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің деректеріне ерекше көңіл бөлу қажет" дейді. Бұл шындыққа жанасымсыз пікір. Мұндай жолмен адамның ішкі жан дүниесін білу қиын. Өйткені адам өзі туралы көп жағдайларда қателеседі, оның шынын айтқысы келмеуі де ықтимал, сондай-ақ адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін жете білмеуі, не оны басқа біреуге дұрыс жеткізіп бере алмауы мүмкін. Өзін-өзі байқау -- адам психикасын зерттеудің әдісі болып табылмайды, ол әркімнің өз басындағы рухани ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бір факт. Мұндай жолмен адам психологиясының мәнін, оның қалыптасу жолын түсіндіруге болмайтындықтан, психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы принциптен ешбір ауытқымауымыз қажет. Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.
Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1.Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2.Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз -- оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3.Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу -- осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар:
Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады;
Екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады"-деп тегін айтпаған.
Тәжірибе (эксперимент). Эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдай жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-әрекеттеріне белсенді араласуы. Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іштей психологиялық үрдістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдай жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу. Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Лабораториялық тәжірибе. XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832 -- 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 11000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858 -- 1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857 -- 1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І-ші дүниежүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов (1862 -- 1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, профессор А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.
Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын айттық. Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін -- хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін -- эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау ушін -- тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін -- аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін -- эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету);
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;
4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады. Тәжірибенің екінші бір түрі -- табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874 -- 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.
2.2. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz