Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
  2. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын (жағдайын) белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномальды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленді. Киев Русінің негізгі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «Жүз тарауында» («Стоглавасында») аномальды балалардың қоғамдағы орны ерекше бұйрықтармен шектелді.

Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды.

Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.

А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамуының кейбір заңдылықтарын анықтайды. Неміс философтары Кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерекшеліктері жөнінде жазды.

Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы XIX ғасырдың II жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын.

XX ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедияялық көмек көрсетілді. XIX ғасырдың соңында ғана Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді.

Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемасы 1896 жылы кәсіби-техникалық білімді басқарудың №2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе - Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы - Ресейдегі дефектологтардың I съезді болатын. Съезге қатысушылар аномальды балаларға деген қамқорлық - ол қоғамның міндеті екендігін дәлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің тәжірибесі ескерілді.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі

Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.

Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.

Органикалық - түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.

Функциональдық - мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.

Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.

Енді сөйлеу тілі мүкістеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін сипаттайық.

Дислалаия - сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.

Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.

Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы.

Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;

прогения - төменгі жақтың алға шығуы;

тістердің дұрыс орналаспауы;

еріннің түрлі кемістіктері;

таңдай параличі;

Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:

сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.

Дұрыс тістеу - бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады.

Органикалық дислалияға жататын кемістік бұл ринолалия.

Ринолалия - ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.

Ринолалияның түрлері:

Ашық ринолалия - сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.

Жабық ринолалия - ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м, н» әріптерін атағанда білінеді.

Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.

Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.

Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады.

Мысалы, «хейлопластика» - бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция.

«Уранопластика» - жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық.

Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса - оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса - оны күрделі дислалия деп атайды.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері

Сигматизм - ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;

Ротацизм - «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

Ламбдацизм - «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;

Каппацизм - «к» дыбысы;

Гаммацизм - «г» дыбысы;

Хитизм - «х» дыбысы;

Йотацизм - «й» дыбысы;

Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.

Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланың психофизикалық жағдайының әлсіздігінен оның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді және болдырып тез шаршайды. Сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т. б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды. Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.

Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.

Тұтығу - нң ауыр кесел. Оның себептері:

Қорқу;

Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;

Ата-анасының тұтығуы;

Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы - баланың тұтығуына әкеп соғады.

Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді.

Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.

Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді.

Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек.

Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері
Дислалия және оның себептері
Табиғи кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым – дефектология
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері
Дислалия және оны түзету жолдары
«Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері»
Аномальды балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz