Сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ
Тақырып: Сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктері
Орындаған: Жумадуллаева Арайлым

Ауызекі сөйлеу - адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың және бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау негізінің басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты тіл білімінде тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктерін арнайы зерттеу негізгі мәселелердің бірі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірсыпыра еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процестерінің психикалық астарын ашу мақсат етілген.
Қазақ тіл білімі о бастан ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтық көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі - белгілі ғалым Н.И. Ильминский де осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз ауызынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И. Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол; Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе; олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етіледі
Қазіргі кезде қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке - қазақ халқының жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілінің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі - қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Бәсекеге қабілетті тұлғаның білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің ролін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті, білік дағдыларын қалыптастыру жағдайларындағы бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау негізі болды. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау, осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін, сол грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі нақты бәсекеге қабілеттікке жетудегі білім жүйесінің негізгі міндеттері және мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Сөйлеу тілі дегеніміз әдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты (спонтанды) сөз
Қарым-қатынастың бейресмилігі, ситуацияға тәуелділігі, машықтылығы сөйлеушілердің әлеуметтік рөлі, психологиясы, эмоциялық күйі сөйлеу тілінің құралымдық сипатының күрделі екенін танытады.
Сөйлеу тілінің эмоционалды-экспресивті бояуы қанық болады және осымен байланысты интонациясы бай, ым, ишара тәрізді бейвербалды таңбалар тілдік таңбалармен жарыса жүреді.
Сөзде редукция, эллипсистердің болуы сөйлеу тілінің табиғатына тән. Осылар арқылы нақты тілдік ситуацияда сөз құрылымы басы артық сөздерден арылып отырады. Мысалы: - Мынаны алсам ба? Жоқ, мынау тәуір сияқты. Бұл жерде тілдік емес ситуация - кітап дүкені, әңгіме кітап жайында. Алайда нақты ситуациядан тыс сөздің не жайында болып жатқанын түсіну қиын.
Тілдің лексикалық, грамматикалық тәсілдерді, сөз тудыру, сөз құбылту, сөйлем құрау ережелерін қамтитыны белгілі. Бірақ тіл қамтитын амал-тәсілдерді әр стиль өзінше жұмсайды, сөйтіп өзінше сөз тіркестіру, синтаксистік форма құрау ерешеліктерін тудырады. Стильдің өзгешелігіне себеп болатын нәрсе - коммуникативтік сипаты. Пікір алысудың ретіне қарай (диалог, монолог, ауызша, жазбаша түрде пікірлесу), мазмұнына қарай (ғылыми еңбек, көркем шығарма, газет очеркі т.б.) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды.
Ауызекі сөйлеу тілін дара стильдік сала деп танимыз. Мұның солай екендігі, арнайы сөз болмаса да лексикографиялық, лексикологиялық, грамматикалық еңбектерде айтылып тұр. Бұл еңбектерде жеке сөздер, грамматикалық формалар ауызекі сөйлеу тіліне тән фактілер екендігі ара-тұра ескертіліп отырады. Көпшілік жұрт көркем шығармадан, радио, телевидение хабарларынан ауызекі сөйлеу тілі дара стильдік сала ретінде объективтік факт екенін дәлелдейді.
Ауызекі сойлеу тілінің стильдік мәнерін қалыптастыратын нәрсе оның өзіндік коммуникативтік сипаты болса, бұл ауызекі сөйлеу стиліне коммуникативтік жағдай барлық тілдерде бірдей көрінеді.
Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыратын жағдайлардың бастылары ретінде мыналар аталады:
1. Пікір айту ауызша әрі сөйлеуші мен тындаушының жүзбе-жүз отырып қатысуы үстінде болады.
2. Пікір айту диалог түрінде, яғни екі немесе бірнеше адамның қатысуы арқылы жүреді.
3. Пікір айту ешқандай дайындықсыз, емін-еркін әңгіме үстінде құралады [1, 78].
Осы үш шарт ауызекі сөзге бірдей тән болғанымен,оның лексикалық ерекшеліктерін қалыптастыруда соңғы екеуінің мәні ерекше. Тындаушы мен сөйлеушінің жүзбе-жүз отырып ауызекі пікір алысуы, информация беруі лекция, баяндама жасау, әңгіме айту кезінде де болатын жағдай. Бұл шарт тек ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, ауызекі түрі де жүзеге асатын бірнеше стильдерге де тән. Ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі оның синтаксистік құрылысына, лексикасына көп әсер етеді. Біріншіден, сөз айтуға, түсінуге ыңғайлы құралуға тиіс. Осы талап ауызекі сөзде сөйлемдердің, сөз тіркестерінің үнемді болып құралатын варианттарының күрделі ойды білдіретін сөйлемдердің мағыналық бунақтарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері
Әдеби тілдің нормалары
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Сөйлеу тілі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Интонацияның компоненттері
Аффект
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Пәндер