Спиртті ашыту: процесс, ашытқылар және зертханалық тәжірибе


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Спиртті ашыту бойынша тәжірибе жүргізу.

Жоспар

1 . Спирттік ашу процесі

2. Спирттік ашу ашытқылары

3. Спиртті ашыту үшін тәжірбие жүргізу

Спирттік ашу процесі. Спирттік ашу дегеніміз - микроорганизмдер көмегімен анаэробты жағдайда көмірсулардың этил спирт пен көмір қышқыл газына дейін ыдырауын айтады. Ашудың аралық өнімдері фосфоглицерин, пирожүзім қышқылдары және сірке альдегиді, ал қосымша заттар ретінде глицерин, янтарь қышқылы және сивуш майлары түзіледі. Бұл заттарда амил, бутил және басқа да спирттер, сірке, май т. б. қышқылдар және эфир бар.

Спирттік ашу процесін ашытқылар мен бактериялардың кейбір түрлері (Sarcina Ventriculi) және мукор саңырауқұлақтарының өкілдері қоздырады. Дегенмен бұл процесте ашытқылардың маңызы ерекше.

Спирттік ашытқыш саңырауқұлақтар ішінде мәдени (Saccharomyces elipsoideus, Sacchar, Cerevisial) және табиғи жабайы ашытқыш саңырауқұлақтар (Torula, Micoderma) сонымен бірге кейбір зең саңырауқұлақтары (Mucor) және бактериялар да бар.

Мәдени ашытқылар таза, жабайы ашытқыш саңырауқұлақтарынан бөлініп алынған, өндірістік қасиеті жоғары болады. Мәселен, сыра қайнатуда қолданылатындары сыраны мөлдірлендіреді, оған ұнамды иіс, дәм берсе, шарап ашытқылары - спирт мөлшерін арттырады, ал жүзім ашытқылары ерекше сапа түзеді, нан ашытқылары шапшаң көбейіп, көп мөлшерде СО 2 бөліп, қамырдың қопсуын арттырып, тағамның дәмін жақсартады. Табиғи ашытқылар мен зең саңырауқұлақтарының ашытушылық қасиеті төмен, көптеген қажетсіз өнімдер түзеді. Saccharomyces сerevisiae - спирт ашуын қуатты жүргізетін қоздырғыш. Сопақша және жұмыртқа тәрізді бір клеткалы микроорганизм. Бүршіктену мен қарапайым жынысты жолмен көбейеді Жынысты жолмен көбейгенде клетка ішінде шар тәрізді спора пайда болады. (Sacch. Pombe) - клеткасы таяқша тәрізді. Олар екі-екіден өзара ұрықтанады да, одан зигота пайда болады. Өсе келе зиготадан ішінде төрт спорасы бар қалта түзіледі. Спора эллипс тәрізді, сыртқы қабаты тегіс келеді. Спирт ашу процесіне қатысады.

Спирттік ашу ашытқыларының өзі беттік және түптік делініп екіге ажыратылады. Беттік ашытқылар жоғары температурада (25-28°С) оттегі бар жерде өсіп-өнеді. Ашу кезінде, көп газ түзіп орта көпіріп лайланады. Ыдыс түбінде мақта сияқты ұлпа тұнба түседі. Ал түптік ашытқылар көмірсуларды төменгі температурада (10-15 0 С) ашытады. Газ түзілуі өте баяу. Ашу процесі біткеннен соң ашытқы тұнбаға түседі де, сұйық мөлдірленеді.

Көпшілік ашытқылар моносахаридтерді жақсы ашытады. Ал дисахаридтер тек моносахаридтерге ыдырағанда барып тіршілік ете бастайды. Ал полисахаридтерді (крахмал) және декстринді ашытудан бұрын солодтың (өсірілген арпадан алынады) көмегімен гидролиздейді. Древесинамен клечатканы алдын ала арнаулы әдістермен гидролиздеп алу қажет. Спирт ашу процесі қышқыл (рН 4, 0-4, 5) ортада бір-шама жақсы жүреді.

Тәжірибе жүргізу. Сыйымдылығы 250 млы колбаға 50 мл 20%-ті қант ерітіндісін және 1 г нан ашытқысын 10 мл сахароза ерітіндісіне (20%) езіп салады. Ашытқыларды сабақ басталардан бір сағат бұрын даярлап, жылы жерге қою керек. Сонда оның белсенділігін артады. Колбаға имек шыны түтік орнатады да, оның шетін бариті бар пробиркаға кигізіп қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нан өндірісінде қолданылатын ашытқылар және олардың өндіру технологиясы
Шарап жасаудың микробиологиясы: ашытқылар, бактериялар, көгерген саңырауқұлақтар және сірке өндіру
Ашытқы өндірісіндегі таза дақылдар, ашыту процестері және зиянды микроағзалар
Азық-түлік биотехнологиясы: ашыту, микроорганизмдер және өндірістік технологиялар
Киберқауіпсіздікке кіріспе: зертханалық тәжірибе есебі
Микробиологиялық синтез арқылы алынған азықтық ашытқылар: өндірісі, құрамы және мал шаруашылығындағы қолданылуы
Ашыту өндірісі: сыра, шарап, спирт және коньяқ өндірісінің технологиясы
Тәжірибе жұмысын даярлау және зертханалық-табиғи эксперименттердің әдістемелік негіздері
Нан квасының өндіріс технологиясы, шикізаттары және ашыту процестері
Жануарлар патологиясы: зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz