Спорт командалары көшбасшыларының әлеуметтік белсенділігі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Спортшы студенттер арасында күнделікті спорттық әрекеттер барысында өзара ортақтасуларының нәтижесінде ғана жеңіске жететін спорт түрлерімен және спорттық ойындармен айналысатындар қоғамдық жұмыстарда ең көп белсенділік танытатындығы анықталған.
Спорт командаларының көшбасшылары студенттер ұжымының қоғамдық өмірінде елеулі орын алады. Көшбасшы - қиын және тәуекелді сын сағаттарындағы жағдайларда топтың міндетін өз жауапкершілігіне алатын, көпшілікке танылған жетекші тұлғалық сипаттағы спортшылар
болатындығы туралы Т.Т.Джамгаров [1], В.И.Румянцева [2], В.А.Щеголев [3], Ю.Н.Щедрин [4] т.б. еңбектерінде келтірілген. Бұл даралық қасиеті бар адамдар, сеніп жүктелген қызметті одан ары ұйымдастырып, өзгелерге үлгі болатын ынталандырушы күш болып табылады.
Спорттық бірлікте топтық адамгершілік нормасы, ережесі, талабы болғандықтан спорттық ұжымның мүшелері өздеріне ұнайтын студент-спортшылардың тәртібін анықтап, сенімнен шығатын адал жетекшілерін қолдайды. Ал, өз ретінде көшбасшы іріктелген ұжымын әлеуметтік
белсенділікке бағыттайды. Сондықтан, спорт ұжымы өз мүшелерінің топтық нормасы мен оқу ұжымындағы моральды және адамгершілік қағидаларын ескергені абзал. Спорт командалары көшбасшыларының әлеуметтік белсенділігін анықтау үшін команда мүшелерінің әр түрлі деңгейдегі ұйымшылдығына зерттеу жүргіздік. Алынған мәліметтер моральды-психологиялық ахуалды сипаттайтын, адамгершілігі жоғары спорт ұжымы көшбасшылары қоғамдық белсенділікте жоғары дәрежені игергенін дәлелдейді. Дегенмен, спорт пен дене шынықтыру сабақтары студенттің адамгершілік санасының дамуына автоматты түрде әсер етеді деп есептеу
қателік болар еді. Сондықтан да спорт пен дене шынықтыру сабақтарында тәрбиелеу үрдісінің босаңсуы жайсыз күйлерге әкелуі мүмкін. Спорт пен дене шынықтыру қызметтері тұлғаның адамгершілік, еңбекқорлық және кәсіби қасиеттерін жетілдіру арқылы студенттің әлеуметтік белсенділігінің дамуына әсерін тигізеді, ондай тұжырымға келесі бір топ ғалымдар келгендігі
мәлім В.В.Кузин [5], А.М.Кузьмин [6], Л.И.Лубышева [7].
Бір жағынан, спорт пен дене шынықтыру саласында дұрыс жүргізілген тәрбие жұмысы студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастырса, еінші қырынан алғанда, спорт қызметінің өзі студент ұжымының моральдық-адамгершілік принциптеріне сай келіп топтық моральдық норманың қалыптасуына мүмкіндік туғызып, оның мүшелерінің әлеуметтенуіне әсер етеді.
Алға шыққан сұрақтарды шешуде біз екінші, үшінші курстардың студенттері (жігіттер мен қыздар) қатысқан арнайы зерттеу жүргіздік. Осының нәтижесінде белгілі болғандай, жігіттердің 24%, қыздардың 18% дене шынықтыруда үлкен жетістікке жету мақсатында спортпен айналысамыз
деген жауап берді. Сұралғандардың 38% спортпен айналысу себебін денсаулықтарының жақсы болғанын қалайтынымен байланыстырады. Студенттердің 28%-нан көбі спортпен және дене шынықтырумен шұғылдану, біріншіден, эмоциялық-жүйкелік шаршағанды басуға, көңіл көтеруге, демалуға көмектеседі, екіншіден, дене шынықтыру мен спорттық дайындықтың деңгейін жоғарлатады деп есептейді.
Зерттеуге алынған студенттердің өзара дербес қарым-қатынасын талдауда, олар көбіне бірігіп қызметтесуге серіктес таңдағанда өзара тұлғалық қасиеттерін әлеуметтік тұрғыдан бағалаудан өткізу арқылы, қызметтерінің алға жылжып, қажеттіліктерін қанағаттандыра алатыны есептеледі.
Студенттердің 47 %-на жуығы бірігіп жұмыс істеуде жаттығу жұмыстарына өз еркімен қатысатын, лайықты қарсылас та, спортшы да бола алатын серіктесті таңдайды. Спортпен үнемі айналысатын студенттердің 57 % тұлға аралық қарым-қатынас мотиві достыққа, бір-бірін ұнатуға, оқу мен
оқудан тыс саладағы қызығушылықтарының тұтастығына негізделеді. Спорт қызметіне бұлай қараған студенттердің жоғары нәтижелі жетістікке жете алмайтыны белгілі, сондықтан да олар жаттығу жұмыстарына серіктес таңдағанда спорттық шеберлігін шыңдау үшін емес, қарым-қатынастағы қажеттілікке көңілі толушылықты басты назарға алған.
Жүргізілген зерттеу спортпен айналысу мотивінен тұлға аралық қатынастағы студенттер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011
мінезіндегі қызық тәуелділікті анықтауға мүмкіндік туғызды. Орныққан қатынас спортпен айналысатын жерден бөлек, яғни бейресми қарым-қатынас аясында да қолданысқа ие болады.
Серіктестер көбіне жаттығу жұмыстарының арқасында жолдастар, жақын достар болып, оқу тапсырмаларын сәтті орындайды. Студент жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту үшін белгіленген жағдайды тәрбиелеу жұмысын басқарудағы тәжірибеде ескеріп, спорттық-ұжым қызметтері тәсілінде кеңірек қолданған жөн. Біздің зерттеуіміздің қорытындысы дене шынықтырумен қатар басқа да оқу-тәрбиелеу іс- шаралары студенттердің құқықтық және оқу тәртіптілігін орнату үрдісінде тура немесе жанамалай
әсер тигізетінін дәлелдейді. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық әдебиеттерде тәртіптілікті білім жүйесі, жеке пікір, тәртіптілік бет алысының дағдылары мен әдеттері сияқты жинақтардан тұратын психолгиялық білім берудің қиын түрі ретінде қарастырады. Әлі де, А.С.Макаренконың жасаған тезисінің өзектілігі өз күшінде сақталады: Тәртіп бір ғана сананың қиын нәтижесі емес, сонымен қатар білімі, дағдының күші, жүріс-тұрысы, қабілеттілігі, батылдығы, деннің саулығы, ең бастысы әлеуметтік тәжірибесі.
Аталған жинақтардың әрқайсысы өз алдына түрлі көрсеткіштері бар қиын білім екендігін кейбір авторлар әділ белгілейді. Саналы студенттің тәртіптілігі тәртіпке негізделген заңды орындауда өзінің жеке көзқарасы келген жағдайда өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Футболдағы жарыс әрекетінің техникалық - тактикалық көрсеткіштері
Спорттың және сайыс дайындықтарындағы жылдамдық - күш орны
Зырян ауданында атқарылыған жұмыстар
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресі
Тұжырымдаманың бағыттары
Баскетбол ойыны дамуының қысқаша тарихы
Қазақстанда жүзеге асырылған ұлттық маңызды жобалар
Физикалық белсенділікті сыныпқа біріктіру
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
Пәндер