СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЕСМУРЗАЕВ НУРЖАН СӘКЕНҰЛЫ
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6М010300-ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Магистр академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
педагогика ғылымының
докторы, профессор м. а
Мұсабекова Г. Т
Түркістан - 2014
МАЗМҰНЫ
Нормативті сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Атаулар мен қысқартулар . . .
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны
Кіріспе . . . 5-8 Студент жастарды отбасылық өмірге даярлаудың теориялық және әдіснамалық негіздері . . . 9
1. 1. Отбасылық некелік өмірге даярлаудағы отбасы әлеуметтік дамуының
теориялары . . . 9-22
1. 2. Студент жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық
және психологиялық ерекшеліктері . . . 23-33
1. 3. Қазақтардағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері . . .
ІІ. Студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудағы тәрбиенің мазмұны және оны іске асыру әдістемесі . . .
2. 1 Студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудағы тәрбиенің
кезеңдері . . .
2. 2 Студенттерді болашақ отбасылық өмірге дайындауда халықтық
әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің рөлі . . .
2. 3 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне
талдау . . .
Қорытынды . . .
Пайданылған әдебиеттер . . .
Нормативті сілтемелер:
- Қазақстан Республикасының «Білім беру заңы»
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- «Қазақстан-2050» Стратегиясы
Анықтамалар:
Отбасы дегеніміз - әртүрлі жыныстағы адамдардың өзара көзқарастары мен іс - әрекеттері үйлескен, тығыз қарым -қатынаста болатын әлеуметтік топ .
Неке дегеніміз - еркек пен әйел арасындағы табиғи қажеттіліктен туындаған, ерікті негізде құрылатын, өзара құқықтары мен міндеттері белгіленген, адамның табиғи, әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және рухани өмірінің қажеттілігі.
Отбасы- некелік өмірге даярлау дегеніміз - жастардың отбасы- некелік білімдерін жетілдіріп, олардың отбасы-некелік өмір туралы дұрыс көзқарастарын және жағымды іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.
Отбасы- некелік өмір - философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, жыныстық мәселелерді қамтитын құбылыс .
Репродуктивтік қызмет - оның мәні өмірді ұдайы өндіру, яғни бала туу, адамзаттың жалғасуы болып табылады.
Эгалитарлық отбасы - мұндай отбасы өз мүшелерінің өзара құрметі мен өзара жауапкершілігіне негізделген, үлкендер бала алдында беделді.
Сәтті отбасы - отбасында тұрақтылық, отбасы мүшелері мүддесінің ортақтығы, апатты жағдайдың аз саны, барлық отбасын топтастыратын дәстүрлер мен салттарды сақтау немесе жасау тән.
Әлеуметтік сәтсіз отбасы - мұнда ата-ананың балаларға әлеуметтік қарым-қатынасы нашар, мұндай отбасында мәдени деңгейі төмен, материалдық жетіспеушілік көп. Балалар мұндай отбасында нашар отбасы іс - әрекеттерін бойына сіңіреді және оны өзінің болашақ отбасына алып барады.
Ұстаздығы әлсіз отбасы - мұндай отбасында ата-ана балаларының тәрбиесіне енжар қарайды.
Әлеуметтік- гомогендік отбасы - мұнда жұбайлардың ұқсас білімдік деңгейі және ұқсас кәсіби әрекеті болады.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Біз XXI ғасырда, қарқынды өзгеріп отыратын қоғамда өмір сүріп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдер жаңа қоғамға, ақпаратты қоғамға енуде. Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Сондықтан да қоғамымыздың стратегиялық негізгі даму бағытын анықтау, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік беретін приоритет жүйесін құру өте маңызды.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табуымыз керек. Неке және отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз, » - деп атап көрсетті [1] .
Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы Республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады.
Білім жүйесінің қоғамдық өмірінің барлық саласына, сондай-ақ отбасына да тигізетін ықпалы мол. Мысалы, жұбайлардың білім дәрежесі көп жағдайда отбасының орнықтылығына әсер етеді. Көбінесе отбасы-некелік қарым-қатынастың нұсқаулары білім деңгейіне байланысты болады. Мысалы, студенттердің отбасы өмірінің құндылықтары ішінде отбасының психологиялық және репродуктивтік қызметтері жетекші орын алады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, ұстанымы, құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді. Бұдан басқа білім жүйесі жоғары оқу орны деңгейінде белгілі пәндерді ұйымдастырып, отбасы және некенің бірлігін сақтауға мақсатты түрде көмектесуі қажет.
Отбасы қоғамда - ең маңызды орта. Ол қылықты әрқашан азшылық, кішкене топ, жеке адам істейді. Тарихтың шұғыл ұлы өзгерістерінде жеке адам белсенділігінің рөлі артатыны кездейсоқ емес. Бұл жағдайда жастардың сана деңгейімен, неке және отбасы өміріне дайындық дәрежесімен байланыстырылған субъективтік фактордың отбасы орнықтылығына әсері сөз болып отыр. Осыдан жоғары оқу орнының, білім беру жүйесінің атқаратын рөлдерін бүтіндей қайта бағалау өте қиын. Қазіргі уақытта жоғары оқу орны бірінші кезекте студенттің парасатты өсуіне бағыт алып, жеке бастың жан-жақты қалыптасып, өнегелі дамуына көңіл бөліп, бірақ студенттерді отбасы өміріне даярлау аспектісін ұмыт қалдыруда.
Көп жылдар бойы жоғары оқу орындары жоспарларында тиісті пән тіпті қарастырылмаған.
Отбасы - некелік қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеу көп факторлардың әсерімен болады. Қазіргі ғылымның міндеті олардың сырын ашып қана қоймай, ғылыми басқарудың жолдары мен әдістерін көрсету болып табылады.
Бұл проблемалар, қандай білім болса, сондай отбасы қалыптасады дегендей, отбасы мәселесі көп зерттеушілердің нысанына айналды.
Педагогтар, философтар, тарихшылар, демографтар, әлеуметтанушылар, психологтар және басқа да мамандардың зерттеулерінде олар өз аспектілері тұрғысынан қарайды, бірақ педагогикада «оқу», «тәрбие» ұғымдары әрқашан да өзекті проблема болып қала береді. Білім жүйесі іс жүзінде отбасы мәселесіне бармайды, ал отбасы қажетті шамада білім жүйесімен жалғаспайды. Нәтижесінде бейтарап алаң пайда болады, дәл осындай алаңда жеке бастың әлеуметтену проблемасының бірі, атап айтқанда, білімнің әлеуметтік қызметі ретінде жастарды отбасы өміріне даярлау болып табылады. Мұның бәрі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға және оның талдануына пәнаралық зерттеу тұрғысынан келуге себепші болды.
Жоғары оқу орны студенттерін отбасы-некелік өмірге даярлаудың мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау, студент жастарды отбасы-некелік өмірге даярлау мәселесінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығы көрінеді. Демек, студент жастарды отбасы-некелік өмірге жүйелі түрде даярлау арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда, еліміздің жастарын отбасылық өмірге дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің тәрбие теориясы мен практикасында нақты тиімділігін таппағандығы арасындағы қайшылық алып тұрғандығымен ерекшеленеді. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында зерттеу тақырыбын «Қазіргі студент жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселелері» деп алуға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Зерттеу міндеттері:
1. Студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау.
2. «Отбасылық өмірге дайындық» ұғымына ғылыми - педагогикалық түсініктеме беру.
3. Студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлау үшін тәрбие жұмысының маңыздылығын айқындау.
4. Студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық шарттарын жасау.
5. Студентерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңалығы:
1. Студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздері анықталды.
2. «Отбасылық өмірге дайындық» ұғымына ғылыми - педагогикалық түсініктеме берілді.
3. Студенттерді отбасылық өмірге даярлауда тәрбие жұмысының маңыздылығы айқындалды.
4. Студенттердің отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық шарттары жасалып, мүмкіндіктері көрсетілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
1. Студенттерді отбасылық өмірге даярлаудың қазіргі сипатын айқындайтын қағидалар берілді.
2. «Отбасы-некелік өмірге дайындық» элективті курсының бағдарламасы құрастырылды.
3. Студенттердің отбасылық өмірге даярлаудың әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуiмiзге философиялық, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер негiз етiп алынды.
Отбасындағы қарым-қатынастың дамуына бағытталған теориялар мен тұжырымдар адам психикасының онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қарым-қатынас туралы Л. С. Выготскийдің[2], А. Н. Леонтьевтің[3], С. Л. Рубинштейннің[4], А. Н. Ананьевтің[5], Д. Б. Элькониннің[6] т. б. ғалымдардың еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар К. Ж. Қожахметованың[7], Қ. Б. Жарықбаевтың[8], С. Қ. Бердібаеваның[9], А. Ж. Аяғанованың[10], А. А. Жұмаділлаеваның[11] этнопедагогикалық, этнопсихологиялық зерттеулерінде көрініс тапқан.
А. Байтұрсынов[12], Ы. Алтынсарин[13], М. Жұмабаев[14], Ж. Аймауытов[15], М. Әуезов[16], К. Д. Ушинский[17], А. С. Макаренко[18], В. А. Сухомлинский[19] отбасылық тәрбиенің жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп үлес қосқан ғалымдар.
К. Кенжахметов [20], С. Қалиев[21], С. А. Ұзақбаева[22], С. Ғаббасов[23], З. Әбілова[24] және т. б. ғалымдар өз еңбектерінде халықтық педагогиканың жан-жақты мәселелерін зерттеген, отбасының педагогика, психология, өнер және әлеуметтану ғылымдарымен байланысының нығайуына үлкен еңбек сіңірген.
Қазақ отбасы туралы мәселелер А. Биекенова [25], Е. Мұқанғалиев[26], М. Баймұқанова[27], А. Бекжігіт, Ә. Ыстыбай[28], Б. Айтмамбетова[29] еңбектерінде қарастырылған. Қазақ халқының отбасылық ерекшеліктері туралы бұл ғалымдардың еңбектері жоғары оқу орны студенттерін отбасы-некелік өмірге даярлауда бізге маңызды теориялық, этнографиялық, этносоциологиялық материалдар болып табылады.
Отбасылық өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынастардың сырлары туралы білімдер мен көзқарастар Х. А. Арғынбаев[30], Б. Қожабекова[31], Т. Төлендиев, Иманбаев Қ. [32] еңбектерінде ерекше аталып көрсетілген.
Отбасына байланысты ресейлік және шет елдік ғылымда қойылған негізгі проблемаларды талдаудың белгілі тәжірибесі бар. Отбасы мен неке мәселелері М. С. Мацковский, А. Г. Харчев[33], В. А. Сысенко[34] және басқа да ресейлік ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Шет елдік мамандардың ішінде Э. А. Тийт[35], Ф. Я. Варга[36], Д. В. Винникотт[37] және т. б. зертеулерінде ашылып көрсетілген.
Жастарды отбасын құруға және болашақ ерлі-зайыптылардың міндетін орындауға дайындау мақсатына бағытталған тәрбие жұмысын жүргізу керек. Бұл тұрғыда педагогика және отбасы әлеуметтануында көп жұмыстар жасалынды. Болашақ отбасы иесін даярлау проблемасының педагогикалық аспектілері И. В. Гребенников[38], Л. М. Панкова[39], Б. Шапиро[40], С. Д. Лаптенюк[41], Б. Круглов[42], В. А. Бальцевич, С. Н. Бурова, Ф. Н. Воднева[43] және басқалардың еңбектерінде берілген. Бұдан басқа жыныстық тәрбие пролемалары И. С. Кон[44], В. Е. Какан[45] зерттеулерінде бейнеленген.
Зерттеу көздері: ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, Қазақстан халқына жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдаулары, оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу мәселесі бойынша психологтардың, педагогтардың, мәдениеттанушылардың, философтардың, демографтардың ғылыми еңбектерi.
Зерттеуде қолданылған әдістер : тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды талдау, бақылау, әңгіме, интервью, анкета т. б.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы .
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2013; ОҚПУ, 2013), сонымен қатар, Қ. А. Ясауи «Хабаршысы», «Қазақстан ғылымы мен өмірі» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал беттерінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері .
Бірінші кезеңде (2013 ж. ) отбасы мәселесіне байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының өзектілігі, нысаны, пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.
Екінші кезеңде (2014 ж. ) студенттерді болашақ отбасылық өмірге дайындау эксперименттік тұрғыда зерттеліп, нәтижелері талданды.
Зерттеу базасы. Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ң тарих-педагогика факультеті.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Студент жастарды отбасылық өмірге даярлаудың теориялық және әдіснамалық негіздері
1. 1 Отбасылық некелік өмірге даярлаудағы отбасы әлеуметтік дамуының теориялары
Адамзат отбасы- неке қарым - қатынасына ежелден - ақ назар аударып келеді. Өткен заманның ойшылдары өз дәуірінің мүмкіндігіне қарай отбасын зерттеуге ұмтылды. Олар отбасының пайда болу, даму үрдісін түсіндіруге; қызметін, даму заңдылықтарын, қоғамдағы орны мен өрістеуін анықтауға тырысты.
Көптеген философтар мен ойшылдардың шығармашылығы олардың жұбайлық проблемасына көп көңіл бөлгенін дәлелдейді. Алайда, көбінесе қоғамдық қарым -қатынасты отбасылық қарым - қатынастан бөліп, отбасы мен мемлекеттің арақатынасына назар аударған; отбасын жеке әлеуметтік институт ретінде аз қарастырған. Мысалы, француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо отбасы туралы былай деген: “Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы - ол отбасы . . . Сонымен, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға”.
Жоғарыда келтірілген француз ағартушысының пікірінен отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметі ұқсас және отбасы қоғамды қайталайды деген қорытынды шығады. Руссо, сөйтіп, отбасын халықты ұдайы өндіру, жас буынды әлеуметтендіру сияқты проблемаларды шешетін құрал ретінде ғана қарап, отбасы институтын жеңілдетіп жіберді.
Немістің классикалық өкілдері отбасы-неке қарым - қатынасының мәнін өздерінше түсіндіруге әрекеттенді. И. Кант “Әдет-ғұрып метафизикасында” жұбайлықты заңдылық, өнегелік қарым - қатынас ретінде түсіндірді: “Еркек әйелді зат ретінде, яғни онымен таза хайуандық қатынаста болудан тікелей рахаттану үшін пайдалануды қаламайды. Бұл жағдайда әйел де өзара тәндік жақындасуда адамдық бейнесін жоғалтпау үшін күні бұрын некеге тұруды қалайды ”.
И. Кант отбасы- неке қарым - қатынасын еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты реттеу және заңдастыру тәсілі ретінде ғана қарастырды. Ол жыныстық қарым-қатынасты адамгершілік ережелермен шектеу керек, сондықтан отбасы мен неке қажет деп есептеді.
Гегель отбасын үш жақтың: неке, отбасы меншігі және балалар тәрбиесі мен отбасының ыдырауы бірлігі ретінде қарастырды. Бұл жерде неке тікелей адамгершілік қарым-қатынас ретінде анықталады: «Неке дегеніміз - адамгершілік қарым- қатынас». Бұрын, әсіресе, табиғаттық құқық туралы шығармалардың көпшілігінде неке табиғи күйінде қаралған . Оны тек жыныстық қатынас ретінде қарастырды, ал некеге басқа анықтама беру мүмкін болмады. Алайда, некені таза азаматтық шарт ретінде қарастыратын дөрекі түсінік Канттың өзінде де кездеседі. Шартта адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы белгіленеді және неке шартқа сай өзара пайдалану формасына дейін төмендетіледі. Тағы бір айыпталатын түсінік
- неке тек сүйіспеншілікте деп есептеу. Сүйіспеншілік сезім болғандықтан, әртүрлі кездейсоқтыққа жол береді. Сондықтан, некеге дәлірек мынадай анықтама беру керек:
Неке дегеніміз - заңды, өнегелі сүйіспеншілік. Сондықтан, көңіл-күйге байланысты барлық өткінші нәрсеге жол берілмейді .
Адамзат тарихының көптеген ғасырлары бойында жұбайлық туралы философтар жеткілікті, әрі көп жазды. Бірақ, олардың көзқарасы негізінен өзіндік және ойша сипат алды. Тек әлеуметтану мен басқа ғылымдардың дамуымен отбасы институтын зерттеу ғылыми сипат ала бастады.
М. Меад таза оймен зерттеуге сүйенбей, этнографиялық материалды кеңінен қолдана отырып, отбасының өмірі мен эволюциясын зерттеуде бірінші болып әрекеттенді .
Тарихта көне отбасының сипаты туралы мол, әрі дұрыс мәліметтер бар. Мысалы, еврей отбасы бір некелі болды, дегенмен, көп әйел алу, тамырлық ( некесіз жыныстық қатынас) та кездесті. Әке отбасында басшы болды . Отбасы көп санды болған. Күйеу некеге тұрарда қалыңдықтың ата-анасына белгілі мөлшерде ақша төлеуге міндетті еді. Иудаизм некесіздікті қасиетті нәрсені қорлаушылық деп есептеді .
ХІХ ғасырда, әсіресе, ХХ ғасырда дамыған капиталистік елдерде жұбайлық отбасы өмірінде жаңа белгілер пайда болды. Некеге тұрарда материалдық, заттық себептердің әсері елеулі болғанмен, романтикалық сүйіспеншілік, серікті таңдау еркіндігі көп жағдайда шешуші факторға айналды. Қалыңдықты немесе күйеуді таңдарда бұрынғы заманға тән әкенің өктем шешімі өзінің бұрынғы мәнін жоғалта бастады. Ата- аналар балаларына демократиялық ұстаныммен қарап, әйелдер бірте-бірте азат болды .
1- кесте. Қазіргі және дәстүрлі отбасының типтік мөлшері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz