Студенттерді спорттық жарыстарға дайындаудың педагогикалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Студенттерді спорттық жарыстарға дайындаудың педагогикалық негіздері
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Нұрмаханова Ғ.Қ.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы
Шымкент қ.

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады.
Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.
Еліміздегі жоғары білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Қазақстан - 2030 жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.
Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі - кәсіби мамандарды дайындаудағы фундаментальды ғылымның орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осыған байланысты дайындықты меңгеріп шыққан жоғары мектеп түлегі заманауи ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.
Жоғары мектептің негізгі бағыттарының маңыздысы арнайы жоғары кәсіби білім беру, сондықтан кәсіби білім беру болашақ дене мәдениеті мамандарын даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың, технологиялардың өркендеп дамуы болашақ мамандарда кәсіби технологиялық білім мен іскерліктердің дамуына баса назар аударады. Болашақ мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау, қызмет орнында, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.
Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудыңнегізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Жоғары кәсіби білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі - дене мәдениеті студенттердің жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жоғары мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Жалпы психологиялық дайындық
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
Жоғары мектептегі білім мен тәрбиеге қатысты мемлекеттік құжаттарды танып, білу
Жас шамалық топтар
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Дене тәрбиесі жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың маңыздылығы
Пәндер