Студенттердің, оқытушылардың белсенділігі, ынталығы және өнерпаздығын дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Студенттердің, оқытушылардың белсенділігі, ынталығы және өнерпаздығын дамыту
2. Студенттердің, оқытушылардың белсенділігі ынталығы және өнерпаздығын дамыту тәжірибелері, оның психологиялық сипаттары
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Қазақстанның қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне енудің күрделі мәселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру үрдісі үстінде. Осыған орай білім берудің қолдаушы немесе ағартушы парадигмасының орнына өмір бойы білім алу немесе үздіксіз білім беру идеясы маңызды орын алатын білім берудің жаңа парадигмасы келді.
Үздіксіз білім беру идеяларын жүзеге асыру бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі қарама-қайшылығына - дәл қазіргі уақыттағы дүниежүзілік білімнің қарқынды өсуі мен білімдену кезеңіндегі оларды меңгерудегі шектеулі мүмкіншіліктер арасындағы негізгі қарама-қайшылықты жоюға бағытталған. Мұндай қарама-қайшылық білім беру мекемелеріне өзіндік білім алу, өздігінен ақпараттарды қарастырып, одан қажеттісін табу біліктілігін қалыптастыруды жүктейді.
Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орыны түлектерінің әрбіреуінен ақыл-ой еңбегінің тиімді әдістерін білу талап етіледі. Атап айтқанда: қысқа мерзім ішінде ақпаратты тауып, оны меңгеруді үйрену; теорияларды, тұжырымдамаларды, айғақтарды жүйелеуді және жіктеуді үйрену; талқыға түсетін күрделі мәселелерді талдауды үйрену; өз көзқарасына нақты анықтама беріп, оған негіз болатын айғақтарды көрсету; ғылыми келіспеушіліктегі ақиқатты іздестіру; өндірістегі жағдайды талдай біліп, өздігінен меңгерген білімдерге сүйене отырып, пайда болған мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу.


Студенттердің, оқытушылардың белсенділігі, ынталығы және өнерпаздығын дамыту
Студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың және жоғары оқу орнында білім алу барысында оларда дербестікті қалыптастырудың неғұрлым тиімді амалдарына, өзіндік қалыптасуы мен даму тарихы бар, болашақ мамандарды оқыту мен даярлаудың сапасын көтерудегі негізгі резервтердің бірі - өзіндік жұмыс болып табылады.
Педагогикалық ғылыми әдебиеттерде өзіндік жұмыс мәселесі жайлы көптеген көзқарастар кездеседі. Бұдан осы ұғымның көпқырлығын түсінуге болады, сондықтан бұл ұғымның анықтамасы ғылыми педагогикалық тұрғыдан нақтылауды қажет етеді. Студенттердің өзіндігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі аспектілері зерттелген еңбектерде бүгінгі қоғамның сұранысы мен талабына байланысты белгілі бір уақыт ішіндегі орындалған жұмыстардың жиынтығы көрініс береді.
Мәселен, зерттеулердің мақсаттары мен міндеттеріне тәуелділігі ескерілген авторлардың ұсынған өзіндігінен орындалатын жұмыс жайлы тиянақты талданған әртүрлі анықтамалар: М.Г.Гаруновтың, О.А.Нильсонның және П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінен орын алған. Сонымен қатар кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының кейбір мәселелері Қазақстандық ғалымдардыңда назарынан тыс қалмаған: Ж.А. Қараев, С. К. Касенов, Н.А.Асанов, Г.Х. Мямешева, Г.К. Ахметова.
Біздің пікіріміз бойынша, П.И.Пидкасистый ұсынған анықтамасында өзіндігінен орындайтын жұмыстың мәніне деген көзқарастың көпаспектілігі айқындалған. Себебі, автор өзіндігінен орындайтын жұмысты оқытудың негізгі амалдары ретінде қарастырады. Олар: әрбір нақтылы білімнің меңгерілу кезіндегі белгілі бір дидактикалық мақсат пен мәселеге сәйкес болуы; студенттердің білместіктен білімге дейінгі қозғалысының әрбір кезеңінде белгілі бір танымдық мәселелерді шешу үшін және ойлау әрекетінің төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қарай қозғалуы үшін қажетті білімнің көлемі мен деңгейінің қалыптасуы; өз білімін өздігінен жүйелі түрде толықтырып отыруға деген психологиялық мақсаты және оқу, ғылым, өндіріс мәселелерін шешу барысындағы ғылыми және саяси ақпараттар ағынында дұрыс бағыт таңдай білу іскерлігінің қалыптасуы; студенттердің кәсіби іс-әрекетінің, таным мен мінез-құлық әдістерін меңгерудегі өзін-өзі көрсетуінің және өзіндік тәртібінің маңызды шарты болып табылуы; педагогикалық басқару және студенттің кәсіби тұрғыдан анықталуы мен оқу үрдісі барысындағы ғылыми-өндірістік және танымдық өзіндік іс-әрекетіне басшылық етудің негізгі құралы болып табылуы.
Сонымен қатар, өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын төмендегілердей етіп ашып көрсету әрекеттері кездеседі:
oo оқыту әдісі ретінде (Ю.К.Бабанский;
oo оқу іс-әрекетінің түрі ретінде (Т.А.Ильина);
oo оқыту түрі ретінде (М.К.Гарунов);
oo дербес танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқарудың құралы ретінде (Н.В. Кузьмина).
Қазіргі уақытта көзқарастың соңғысы кең таралаған. Оқытудың кез-келген түрінің танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың құралы болуы оның мағынасын ашып көрсетеді. Сонымен, педагогикалық әдебиеттердегі өзіндік жұмыс ұғымы анықтамаларының әр түрлі нұсқаларын ескере келіп біз педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік тәжірбиесіне сүйене отырып төмендегідей анықтаманы ұстанамыз: өзіндігінен орындайтын жұмыс - оқытушы тікелей қатыспайтын, бірақ оның әдістемелік басшылығымен және тапсырмасы бойынша орындалатын студенттің жобадағы жұмысы.
Демек, жоғары оқу орындарында өзіндігінен орындайтын жұмыстардың бірқатар түрлері орын алған - лекцияларға, семинарларға, зертханалық сынақтарға, емтихандарға дайындық, рефераттарды, курстық жұмыс пен жоба тапсырмаларын орындау, сонымен қатар бизнес жоспарларын жасау, ал соңғы қорытындылау кезеңінде - дипломдық жобаны орындау негізінде жүзеге асырылады. Егер өзіндік жұмыс екі немесе үш адамға арналса ол неғұрлым нәтижелі болады. Топтасып жұмыс істеу мотивациясы мен өзара интеллектуалдық белсенділіктің факторын күшейтіп, студенттердің бірін-бірі қадағалауы арқылы танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігі көтеріледі. Серіктестің болуы студент психологиясын біршама өзгертеді.

Студенттердің, оқытушылардың белсенділігі ынталығы және өнерпаздығын дамыту тәжірибелері, оның психологиялық сипаттары

Студенттің оқу немесе ғылыми танымын ұйымдастырудың құралы ретіндегі өзіндік жұмысы өзінің біркелкі немесе екіжақтылық қалпында көрінеді. Бір жағынан, ол оқу тапсырмасын білдіреді, яғни оқытушы ұсынған немесе бағдарламадағы оқулықта көрсетілген студент іс-әрекетінің объектісі, екінші жағынан - сәйкес оқу тапсырмасының орындалуына қатысты жасалатын белгілі бір іс-әрекет амалының орындалу түрі.
Сондықтан өзіндік жұмыс мазмұнын құрастыру үрдісі кезінде, әсіресе, олардың түрлері мен типтерін қалыптастыру барысында, мәселе оқу материалын логикалық және психологиялық тұрғыдан ұйымдастырудың құралы болады.
Ғылыми әдебиеттерде берілген анықтамаларды саралай келе, және өз тәжірибемізге сүйене отырып СӨОЖ-ның мазмұнына, орындау әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыру ерекшеліктеріне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
«Жоғары мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Жоғары мектептегі білім мен тәрбиеге қатысты мемлекеттік құжаттарды танып, білу
Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау
Психология пәні бойынша дәрістер
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың қолданатын оқу методикасының тиімділігі
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі
Біртұтас педагогикалық процестің теориялық мәні
Пәндер