Оқушылардың бос уақытының құрамдас бөліктері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің құзырына берілген уақыт екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігінде оқу үдерісіне байланысты мәселелер шешім табады. Оның ішінде дәріс барысындағы конспект, практикалық тапсырмаларды орындау, семинарға дайындық, кітапханада отыру т.б. бар. Ал екінші бөлігіне бірінші бөліктен қалатын минуттарды, яғни, бос уақытты жатқызуға болады.
Дәстүр бойынша, артық уақыт көп болмайды, сондықтан, әрбір минутты пайдалы етіп өткізген жөн. Уақыттың қадірін білмегенге бәрібір. Заманауи студент бұл уақытты достарымен қыдырып, тамақ ішіп, кино көріп, тауға шығып, компьютер немесе теледидар алдында отырумен өткізе алады. Бір жағынан бұл да дұрыс, екінші жағынан спорт, өнер, тіл үйрену секілді пайдалы істерді де ұмытпаған жөн.

Сіздің ғылымға, зерттеуге деген талабыңыз бар ма? Дарыныңызды мәпелеңіз және шыңдаңыз. Арнайы курстарға баруға уақытыңыз болса, күнделікті тұрмыста пайдаланатын тағамдарыңыз бен заттарыңызды іске асырыңыз. Әртүрлі сусындардың әсерін, өзгерісін бақылауға алыңыз. Ғылыми шығармалар оқуды әдетке айналдырыңыз. Ойларыңызды ашық айта біліңіз.

Мектеп қабырғасында спорттық жетістіктерге жетіп, биіктерден көрініп жүрген болсаңыз, оны университет қабырғасында да қалдыруға болмайды. Футболға, баскетболға, биге, жүзуге, күреске қатысыңыз.

Әрбір университет жанынан түрлі ұйым құрылады. Өзіңіздің қабілетіңіз жетеді-ау деген ұйымды таңдап, белсенділік танытыңыз. Сіз ол ұйымда жүріп тәжірибе жинақтайсыз, адамдармен танысасыз, өзіңізді ұстауды үйренесіз. Түрлі шараға баратын еріктілер қатарына жазылыңыз. Бұл да жеке өмір сүруді үйрену үшін таптырмас көмекші бола алады.

Мәдени ошақтарды да ұмытпағайсыз, театрға, балетке, операға барыңыз, қызықты кітап оқуға, үлкен адамдар жиналатын ортаға баруды әдетке айналдырыңыз. Арнайы жоспар құрып, сонымен жүретін болсаңыз, мұның бәріне уақыт табуға болады. Студенттің ізденуші екенін ұмытпаңыз, жақсы маман болу үшін көп оқу, көп іздену керек.

Өмірдің ең қызықты, ең тәтті шағы - студенттік кез. Махаббаттың да, аштықтың да, жоқтықтың да, ұйқысыздықтың да дәмін татасыз. Білімді, еңбекор, мақсаткер студент болған жақсы, бірақ жаныңызға жақын дүниелермен айналысуды да ұмытпаңыз. Яғни, сізге қуаныш сыйлайтын, шаршағаныңызды басатын қызығушылықтарды тастамаңыз.

Бос уақыт - адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, рухани және материалдық қызығушылықтарын өз қалауына сәйкес жүзеге асыруға қолданылатын, оқу және еңбек әрекеттерін орындаудан тыс қалған жалпы уақыт көлемінің бөлігі. Әлеуметтанушы Г.П.Орлов: Бос уақыт бұл- адамның еркін әрекет аймағы мен дамуы болып табылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі. Ол әр адамның рухани даму деңгейі мен барлық әлеуметтік қатынастар жиынтығымен қамтамасыз етілген. Орлов педагогикаға қатысты мынадай пікір білдірген: ... бос уақыт-бұл ең алдымен өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мектептегі, одан тыс отбасындағы тәрбиелеу мәселесі[1, 30-31 бет].
Қазіргі таңда жоғарғы сынып студентінің психологиялық мәселелері педагогтарды ерекше алаңдатуда. Зерттеушілердің пікірі бойынша оқушылардың тұлғалық деңгейінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 1) танымдық қызығушылықтарымен қабілеттерінің дамуы; дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы (В.Б.Бондаревский, В.С.Шевченко және т.б ); 2) кәсіби бағдар, дербес еңбек етуге даярлық (А.А.Давыденко, Е.М.Бабосов және т.б ); 3) шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру, қабілеттерді өзіндік жүзеге асыру (Н.Ф.Маслова, Б.С.Кобзарь және т.б ); 4) әлеуметтік адамгершілік ұстанымдары және құндылық бағдарларын қалыптастыру (Е.В.Бондаревская, Л.Ю.Иванова, С.А.Конюх-Синида және т.б); 5. өмірлік жолды таңдау ( К.В.Бербова, Л.М.Николаева, В.Г.Гурова және т.б );
Бос уақытты тиімді пайдалану мәдениеті оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастырудан ғана емес, күнделікті осы әрекеттің мазмұнын, формаларын дұрыс таңдаудан, танып, білуге деген қатынасынан тұрады.
Жоғарғы сынып студентінің бос уақытын тиімді пайдалану мәдениетінің төмендегідей деңгейлерін атап өтуге болады:
1. Пайдалы әрекеттік . Оқушы өзінің оқудан тыс әрекеттерін жоспарлау дағдысын меңгергендігін көрсетеді; қандайда бір әрекет түрін жүзеге асыруды бастамас бұрын алдына мақсат қояды. Олар үшін оқудан тыс ұжымның жұмыстарға қатысу ғана емес, меңгерген рухани құндылықтарын тәжірибеде жүзеге асырып көруге талпыныс болып табылады. Бұл типтегі қатысушылар мәдени қажеттіліктерді дамытудың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ оқудан тыс және жалпы мектептік іс-шаралардың ұйымдастырушылары немесе жетекшілері бола алады.
2.Танымдық қажеттілік. Бос уақытты пайдаланудың бұл деңгейі көп жағдайда оқушылардың жекелік қызығушылықтары және қабілеттіліктері негізінде анықталады. Оқудан тыс ұжымдық жұмыстарға қатысу олар үшін қажеттілік болып табылмайды. Мұндай оқушылар ұйымдастырушылық қабілетке ие емес, көбіне уақытша тікелей берілген тапсырмаларды ғана орындайды. Олардың әртүрлі сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысуға ынталандыру, педагогтардың оларды қажетті және қызықты жұмыстарға қызықтыруы мен қандайда бір әрекеттерді орындауға талпындыруға байланысты.
3. Енжар-пайымдаушы. Бос уақытты пайдалану мәдениетінің бұл деңгейіндегі оқушылар өз тынығу уақытын тиімді ұйымдастыру жайлы еш ойланбайды, оны жоспарлаудың қарапайым дағдыларында меңгермеген. Олар телебағдарламалар көру, қыдыру, көңіл-көтеру, би кешіне бару сияқты ойын-сауықтық сипаттағы әрекет түрлеріне баруды жөн санайды. Оларда мәдени игіліктерді пайдалану өте төмен, мұндай оқушылар сыныптық ұжымда енжарлық танытады. Оқудан тыс және жалпы мектеп ішілік іс-шараларға аз қатысады.
4. Тиімсіз. Мұндай деңгейде студенттерде рекреациалық қызмет тіпті деструктивті мінез басым болады, әлеуметтік маңызы бар бағыттағы бос уақытты тиімді пайдаланудың барлық формаларына жағымсыз қатынас білдіреді. Өзіндік талпынысы ұйымдастырылмаған, жоспарланбаған қарым-қатынас немесе ауладағы топтарды іздеуінен байқалады. Бос уақыттық жұмыстары ретсіз, қауіпті және әлеуметтенуге қарама-қарсы сипатта болады. Студенттің бос уақытын ұйымдастырудың мұндай мәселелерін шешу үшін оқушылардың бос уақыт қызметтерін, құрылымын және мазмұнын анықтап алу қажет.
Бос уақыт мәселесіне зерттеушілер үнемі ерекше назар аударады. ХХ ғасырдың 70-жылдары М.Г.Бушканец педагогтың оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыруын қарастыра отырып, бос уақыттың бірнеше қызметтерін бөліп көрсетті:
1) Тұлғаның рухани және физикалық күштерін толықтыру және қалпына келтіру (демалу қызметі).
2. Кәсіби және рухани-адамгершілік бағытталу, салауатты өмір жайлы көзқарас қалыптастыру (бағыттау қызметі).
3. Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін өзіндік жүзеге асыру, қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4. Танымдық, тәжірибелі-қолданбалы және көркемдік-шығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДББЖ функционалдық мүмкіндіктері
МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІ
Бос уақыттың құрамдас бөліктері
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық
Деректер базасының негізгі ұғымдары
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Спорт құрылыстарын жіктеу сызбасы
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау жайлы
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
Пәндер